Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сіздерге Жердің қаншалықты үлкен ғаламшар екенін түсіндіру үшін, мынадай бір-ақ мысал келтірейін: Жер жүзінде электр қуатын ойлап шығармас бұрын, барлық алты құрылықта шамдарлардан жалпы саны - төрт жүз алпыс екі мың бес жүз он бір адам тура бір әскер ұстауға қажет болды.

Сырттан қараса, бұл бір керемет көрініс болды. Бұл әскердің барлық қозғалыстары балеттегідей нақты қимылға бағынышты болды.

Бірінші болып Жаңа Зеландия мен Австралияның шамдарлары өз шамдарын жарықтандырып, ұйықтауға жөнелетін.

Содан соң кезек Қытай шамдарларына келетін. Өз билерін орындап, олар да сахна сыртында тығылатын болды.

Олардан кейін кезек Ресей мен Үндістан шамдарларына келетін.

Сосын – Африка мен Еуропа шамдарларына, олардан соң - Оңтүстікамерикалық, солтүстікамерикалықтардың кезектері келетін.

Және олар ешқашанда сахнаға қателесіп, әлде кешігіп шықпайтын.

Ия, бұл шынымен де тамаша көрініс болатын!

Олардың ішінде тек Солтүстік полюсіндегі шамдар мен оның серіктесі – Оңтүстік полюстің шамдарына өмір жеңіл де қызықты болып көрінетін. Себебі олар бұл әрекетпен жылына екі-ақ рет айналысуға мәжбүр болатын.

Әңгіменің сөлін келістіргің келсе, кей - кездерде ойламаған жерден сөз қосып жіберуге мәжбүр боласың.

Шамдарлар жайлы әңгімелеп отырғанда мен азғана шындықтан тайып кеттім. Сондықтан Жер ғаламшарымен таныс болмаған адамдардың ол жайлы жалған пікірі орнайды деп қорқамын.

Адамдар Жер бетінде айтарлықтай көп орын алмайды.

Егер оның екі миллиард тұрғындарын бір жерге жинап, митингідегідей үлкен тобыр құрып тұрып алса, олардың бәрі ешбір қиындықсыз ұзындығы жиырма миль, кеңдігі жиырма миль көлемді кеңістікке ғана түгелімен сыйып кетер еді.

Бүкіл адамзатты Тынық мұхитының ортасында орналасқан ең кішкентай аралына иықтарына иықтарын тіркестіріп қоюға да болады.

Ересектер, әрине, сендерге сенбейді.

Олар өздерін өте көп орын алады деп ойлайды. Олар өз - өздеріне тура баобабтардай айбарлы болып көрінеді.

Сіз ше оларға нақты есеп жасау қажеттігі жайлы кеңес беріңіз. Оларға ол кеңесіңіз ұнайды, өйткені, олар сандарды өте жақсы көреді.

Сендер болса, осы арифметикаға уақытыңызды шығармаңдар. Сендер онсыз да маған сенесіз ғой?!

Сонымен, Кішкентай ханзада, Жерге келген бойы тірі жан кездестірмегеніне қайран қалды.

Ол қателесіп басқа бір ғаламшарға тоқтаған екенмін деп ойлап қалды. Бірақ тура сол кезде құм арасында ай нұрының түсіне ұқсас кішкентай дөңгелек қимылдай бастады.


Маленький принц



Антуан де Сент-Экзюпери

- Қайырлы кеш, - жүрексіне айтты Кішкентай ханзада.

- Қайырлы кеш, - жауап қатты жылан.

- Мен қай ғаламшарға түскен екем?

- Жерге, - деді жылан. – Африкаға.

- Солай ма. Сонда Жерде адамдар мүлдем жоқ па?

- Бұл шөл. Ал шөлдерде ешкім тұрмайды. Бірақ Жер үлкен.

Кішкентай ханзада тас үстіне отырды да, көзін аспанға қарай көтерді.

- Жұлдыздар неге жарық шашатынын білгім келер еді, - ойлана айтты ол. – Сірә, әр адам өз ғаламшарын ерте ме, кеш пе, тауып ала алсын деп.

Қарашы, әне менің ғаламшарым – тура біздің басымыздың үстінде...

Бірақ, шіркін, оған қалай алыс!

- Сұлу ғаламшар, - деді жылан. Сен Жерде не істеймін, дейсің?

- Мен өз гүліммен араздасып қалып ем, - мойындады Кішкентай ханзада.

- А, солай ма...

Екеуі де үн қатпай қалды.

- Адамдар қайда? –тағы сөйлей бастады Кішкентай ханзада. – Шөлде, дегенмен, жалғыздық басады екен...

- Адамдар арасында да жалғыздықты сезінуге болады, - сөз тапты жылан.

Кішкентай ханзада жыланға мұқият қарады.

- Сен өзі қызық жәндік екенсің, - деді ол. – Саусақтан жіңішке...

- Бірақ менің қуатым тіпті король саусағынан да арта түседі, - келіспеді жылан.

Кішкентай ханзада сәл жымиды:

- Соншалықты қуаттысың ба? Сенің тіпті аяқтарың да жоқ. Сен саяхат та жасай алмайсың.

- Мен сені кез-келген кемеден алыс алып кете аламын, - деді жылан.

Сосын, алтын білезік сияқты, Кішкентай ханзаданың аяғының басына басына иіріліп, орала кетті.

- Мен сенің қасыңа жолаған әрбір адамды оның шыққан жеріне қайта қайтарып жібере аламын, - деді ол. Сен ше – тап – таза жансың және де басқа жұлдыздан келген екенсің...

Кішкентай ханзада жауап бермеді.

- Мен сені аяп тұрмын, - сөзін жалғастырды жылан. – Сен бұл тастай қатты Жерде өте осалсың. Артыңда қалдырып кеткен ғаламшарың жайлы өкінген шағыңда мен саған көмектесуге тырысамын, деп шештім. Мен ...

- Мен сені жақсы түсіндім. Бірақ неге сен жұмбақтап сөйлейсің?

- Мен барлық жұмбақтарды шеше аламын, - деді жылан.

Сосын екеуі тағы да ұзақ үн қатпай қалды.

XVIII


Кішкентай ханзада шөлді көлденеңнен кезіп өтті, бірақ ешкімді кездестірмеді.

Жол бойы кездестіргені - бір-ақ гүл болды – оның өзі кішкентай ғана, түрсіз, көріксіз үш жапырақты гүл еді...

- Сәлеметсің – деді Кішкентай ханзада.

- Сәлеметсің, - жауап берді гүл.

- Адамдар қай жақта, білмейсіз бе? – биязы сұрады одан Кішкентай ханзада.

Гүл бір кездерде жолай сауда керуенін көріп еді.

- Адамдар? А, ия, есімде, олар... Олардың саны шамамен алты-жеті білем. Мен оларды көп жыл бұрын көріп едім. Бірақ қайда оларды іздеу қажет екендігі мен үшін белгісіз.

Оларды жел қуып жүреді.

Олардың түбірлері жоқ, ал бұл өте ыңғайсыз.

- Сау бол, - деді Кішкентай ханзада.

- Сау бол, - жауап берді гүл.

Кішкентай ханзада биік тау шың басына көтерілді.

Ол бұрын өз еліндегі тізесіне дейін әзер жететін үш жанартаудан басқа тау көрмеген еді.

Сөнген жанартауды ол орындық ретінде қолданатын.

Сондықтан енді ойлады:

«Мұндай биік тау үстінен мен бұл ғаламшарды да толығымен көре аламын, барлық адамдарды да көремін», бірақ тау үстінен ол тек басқа биік таулардың инедей өткір ұштарын ғана көре алды.

- Қайырлы күн, - күдіктене дауыстады ол.

- Қайырлы күн... күн... күн... – жауап қайтарды жаңғырық.

- Кімсіз? – сұрады одан Кішкентай ханзада.

- Кімсіз... кімсіз... кімсіз... – естілді жаңғырық.

- Дос болайық, мен мүлдем жалғызбын, - деді ол.

- Жалғызбын... жалғызбын... жалғызбын... – қайтарды жаңғырық.

«Қандай қызық ғаламшар! – ойланды Кішкентай ханзада. – Өзі тым құрғақ, мүлдем ине мен тұз. Адамдарының ше ойлау қабілеттері соншалықты нашар дамыған, тіпті сөзіңді қайталаудан басқа ештеңе білмейді... Үйде менің сұлуым мен қуанышым, менімен бірінші болып сөйлесе бастайтын тым болды гүлім болып еді».

Кішкентай ханзада шөлмен, таулар мен қарлар арасынан ұзақ жүріп, бір уақытта, әйтеуір, жолға шықты-ау.

Ал барлық жолдар заңды түрде адамдарға әкеледі.

Оның алдында раушан гүлдеріне толы саябақ тұрды.

- Қайырлы күн, - деді ол.

- Қайырлы күн, - үн қатты раушан гүлдер.

Сол мезетте Кішкентай ханзада олардың бәрі оның Раушан гүліне ұқсас екенідігіне көзі жетті.


- Сендер кімсіндер? – таң қалған бойы сұрады ол.

- Біз – раушан гүлдерміз, - жауап берді гүлдер.

- Солай ма... – Кішкентай ханзада қобалжып қалды.

Дәл осы мезетте ол өзін сондай керемет бақытсыз болып сезініп тұрды. Өйткені, оның сұлуы өзіне «ұқсас гүл бүкіл Әлемде кездеспейді» деп, талай рет айтып жүретін.

Ал енді, міне, алдында кемінде бес мың тура сондай гүлдер бір-ақ бақ ішінде өсіп жатыр!

«Бұларды мына жерден көріп қалса, гүлім қатты ызаланар еді, - ойлады Кішкентай ханзада. – Ол қатты жөтеле бастап, тек күлкілі көрінбес үшін өлгелі жатқан кейпін көрсетер еді. Маған ғой, оның соңынан ауруға сияқты жүру керек болар еді, әйтпесе, ол мені кемсіту үшін шынымен де өлуге барар еді...».

Сосын оған тағы мынадай ой келді:

«Мен ғой Әлемнің жалғыз Гүлін иеленемін», деп қиялданатынмын, ал ол ше - жай ғана қарапайым раушан гүл екен.

Сонда менде бар болғаны бір қарапайым раушан гүл мен бойлары менің тіземе дейін әзер жететін үш жанартау, соның өзінде, біреуі – сөніп қалған жанартау және де мүмкін мәңгілікке...

Бұдан соң мен қандай ханзадамын?...»

Ол шөп арасына құлады да, ағыл – тегіл жылады.

Міне, дәл осы арада қасына Лис жақындады.

- Сәлеметсің, - деді ол.

- Сәлеметсің, - Кішкентай ханзада сыпайы жауап қайтара жатып, жағалауына көз тастады, бірақ ешкімді көре алмады.

- Мен мұндамын, - естілді дауыс. – Алма ағашының астында...

- Сен кімсің? – көргеніне қуана, сұрады Кішкентай ханзада. – Сен қандай сұлусың!

- Мен – кішкентай түлкінің балапанымын есімім – Лис болады, - деді Лис.

- Ойнайықшы, - сұрады Кішкентай ханзада. – Маған сондай көңілсіз...

- Мен сенімен ойнай алмаймын, - деді Лис. Мен оған үйретілмеген.

- Ах, кешір, - деді Кішкентай ханзада.

Сосын ойланып, сұрады:

- Ол қалай - үйретілмеген?

- Сен жергілікті емессің ғой, - қосты Лис. – Мұнда не іздеп келдің?

- Адамдарды іздеп жүрмін, - деді Кішкентай ханзада. – Айтпақшы, «үйрету» деген - ол қалай?

- Адамдарда мылтықтар бар, және олар аңға шығады. Бұл өте ыңғайсыз. Оған қоса олар тауық өсіреді. Олардың осыдан басқа жақсылығы жоқ. Сен тауық іздеп жатырсың ба?


- Жоқ, - деді Кішкентай ханзада. – Мен дос іздеп жүрмін. Сонда да, айтшы, «қолға үйрету» деген не?

- Бұл баяғыда ұмытылған ұғым, - түсіндіре бастады Лис. Ол «байланыс жасау» дегенді білдіреді.

- Байланыс?

- Соның өзі, - деді Лис. Мысалы, дәл осы қазір сен, мен үшін, әлі өзге жүз мың жай, қарапайым кішкентай ұл балалардың бірісің. Оған қоса - сенің маған керегің шамалы. Дәл солай, менің де саған керегім жоқ. Себебі, мен де сен үшін өзге де жүз мың түлкілердің бірімін. Ал егер сен мені қолға үйретсең, біз бір-бірімізге керек боламыз. Сен мен үшін бүкіл Әлемдегі жалғыз дос боласың. Мен де, дәл солай, сен үшін жалғыз ғана қолға үйретілген түлкі, сенің досың Лис болам...


- Енді түсіне бастадым, - деді Кішкентай ханзада. – Бір Раушан гүл болып еді... сірә, сонда ол да мені қолға үйреткен ғой...

- Мүмкін, - келісті Лис. – Жерде не ғана болмайды.

- Жоқ, ол бұл Жерде емес, - деді Кішкентай ханзада. Лис қатты таң қалды.

- Басқа ғаламшарда?

- Ия.

- Ол ғаламшарда аңшылар бар ма?

- Жоқ.

- Қызық екен. Ал тауықтар бар ма?

- Жоқ.

- Ғаламда төрт құбыла тең болып жатпайды екен, - бір күрсінді Лис.

Сосын қайтадан бұрынғы екпінмен жалғастырды:

- Менің өмірім мүлдем қызықсыз. Мен тауықтарды аулаймын, ал адамдар мені аулауға тырысады.

Барлық тауықтар бір-біріне ұқсас, барлық адамдар да бір-біріне ұқсас. Сондықтан мен қызықсыз өмір сүріп келемін.

Бірақ егер сен мені қолға үйретесің, менің өміріме күннің сәулесі шашылғандай болады. Сенің жүрісіңді мен мыңдаған басқа қадамдардың арасынан танитын боламын. Адамдардың жүрісін естіген бойы мен қашып тығыла бастаймын. Бірақ сенің жүрісің мені өзіне шақырады да, мен қорғаныс жерімнен шығамын.

Ал сосын – қара. Көресің бе, ана жерде, егістік жерде бидай өсіп жатыр? Мен нан жемеймін. Сондықтан бидай маған керек емес, егістік жерлер маған ештеңе айтпайды. Бұл өте өкінішті. Бірақ сенің шашың алтын түрлі. Сондықтан сенің мені қолға үйреткенің керемет болады!

Алтын бидай маған үнемі сені есіме түсіріп отырады, деймін. Мен егіннің желде жайқалған үніне дейін сүйетін боламын...

Лис Кішкентай ханзадаға үнсіз ұзақ қарады. Сосын айтты:

- Өтінемін... мені қолға үйретші!

- Қуана-қуана үйретер едім, - жауап берді Кішкентай ханзада, - бірақ менің уақытым өлшеулі аз ғой. Ал маған әлі дос тауып, түрлі заттар жайлы ақпарат алу керек.

- Қолға үйретілген заттар туралы біле аласың, - деді Лис. – ал адамдардың қайсы бірін біле беруге уақытың жетпейді. Олар заттарды дайын түрде дүкеннен сатып алады. Бірақ достар сатылатын дүкендер жоқ қой, сондықтан адамдардың достары болмайды. Досың болғанын қаласаң, мені қолға үйрет!

- Ол үшін не керек? – сұрады Кішкентай ханзада.

- Үлкен шыдамдылық керек, - жауап берді Лис. – Алдымен ана жерге, алыстау, шөп үстіне отыр – міне, тура осылай. Мен саған оғаш көз тастаймын, сен болса, үндемейсің. Сөз бір – бірін түсінуге бөгет жасайды. Бірақ күн сайын жақынырақ отыратын бол...