Файл: араанды мемлекеттік медицина академиясы а. Т. Медешова фармацевтік гомеопатиялы препараттар технологиясы (Оу дістемелік рал).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 66

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Егер дәрілік зат бір рецепт түбіршекте жазылса және нөмірленбеген болса, оларды қоспа ретінде бір дәрілік түрде және бір орауышта босатады (1. Мысалы)

Егер жазылым ингредиенты нөмірленген болса, оларды белгілі дәрілік түрде бөлек препарат ретінде, бірақ әртүрлі орауыштарда босатады. Рецепттің реттік нөмірі препараттың кезекті қабылдауын білдіреді. (2. Мысалы)


1. Мысалы:

Ung. Rhus 50, 0

Ung. Ledum 50,0

Ung. Calendula 50,0

Ung. Hypericum 50,0

Ung. Arnica 50,0

Ung. Brionia 50,0

Misce. Da. Signa. Теріні сүртуге

Cuprum C6

Ephedra D3

Dulcamara D3

Aconitum C3

Tartarus emeticus C3

Dil. 50,0

Da. Signa. Күніне 8 тамшы шай қасықпен 4 рет


2. Мысалы:

  1. Ung. Argentum nitricum 50, 0

  2. Ung. Aesculus 50,0

  3. Ung. Peonia 50,0

  4. Ung. Fleminga 50,0

Da. Signa. Бөртпеге күніне кезектестіріп

жағу


  1. Acidum benzoicum C6

  2. Opium C6

  3. Ambra grisea C6 ana 20,0

Gran.

Da. Signa. 3 түйіршіктен

№ 1 – кешке

№ 2 – түнге

№ 3 таңертең


Гомеопатиялық препараттар терапевтикалық қолдану кезінде толықтырғыш заттар ретінде қолдануы мүмкін. Кей жағдайда дәрілік заттың кезекті қолданылуы қатаң анықталынған. Мысалы: күкірт барий карбонатынан кейін, өз кезегінде калий бихромын және азотты қышқылдан соң жазылмауы керек.

Барлық дәрілік заттар мен дәрілік түрлер рецепте жазылады, сондайақ дайындалады және массасы бойынша бақылайды.

Рецепте тамшылар сулы – этанол ерітінділер түрде ұсынылса бір атау массасы 50,0 жоғары болған жағдайда, «курстық емдеу» немесе «ұзақ қолдану үшін» деген қосымша жазылымдар жасалынады. Жазылым дәрігердің қолы және мөрімен бекітіледі. Рецепте ереже бойынша негізгі заттар сұйылтудың өсу реті бойынша орналасады.

Аллопатиялық препараттар рецептеріндегідей бірнеше дәрілік заттарды қосу кезінде өзара әсерлесуі және фармакологиялық сыйымсыздық пайда болуы мүмкін. Сыйымсыз дәрілік заттар Apis, Rhus toxicodendron: қышқыл және жылан уы белгілі. Бір уақытта бір ботаникалық топтарға жататын өсімдіктерден заттар белгілеу ұсынылмайды. Carbo vegetabilis Carbo animalisбір –бірімен сыйымсыз.

Бір –бірімен сыйымсыз заттар:

  • Calcium carbonicum и Barium carbonicum;

  • Calcium carbonicum и Acidum nitricum;

  • Dulcamara, Belladonna, Lachesis;

  • Nux vomica, Ignatia и Zincum;

  • Phosphorus и Causticum;

  • Hamomilla и Zincum;

  • Podofillum и Mercurius;

  • Silicea и Mercurius;

  • Licopodium, Calcium carbonicum и Coffea.

Гомеопатияда басқа заттар арқылы пайда болған нашарлауды төмендететін қабілеті бар дәрілік заттар бар. Оларды антидоттар деп атау қабылданған. Мысалы, аконит антидоты лимон сөлі болып табылады (қант бөлшегіне 3 тамшы): белладонна антидоты кофе дәнінен қайнатпа (1 шай қасық қантсыз және сүтсіз). Барлық гомеопатиялық дәрілердің универсалдық антидоты – камфора (қант бөлшегіне 1 тамшы қаныққан ерітіндісі).


Гомеопатиялық препараттарды қолдану кезінде белгілі диета ұсталыну қажет. Тамақты асықпай, мұқият шайнап, қарын қатты ашқан кезде тамақтану керек. Тамақтанған кезде емес, тамақтану алдында 15-20 минут бұрын сұйықтықты ішу керек. Тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат бойы су ішпеу керек. Тамақпен бірге бір уақытта ақуыз крахмалды көмірсулармен, сондай-ақ крахмалды көмірсу қышқылды өнімдерімен рұқсат етілмейді. АІТ ас қорту функциясының күшеюіне әкеп соғады.

Денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлер төмендегі тамақтану құрамына рұқсат етпейді:

  • майлы тамақ;

  • ащы дәмдегішпен дайындалған тамақтар;

  • қақталынған және тұздалған балық;

  • майлы кондитерлік өнімдер, жаңғақтар;

  • кофе, көк шәй, сыра, спиртті сусындар, минералды су, лимонад;

  • саңырауқұлақтар;

  • жалбыз, құрамында ментол бар өнімдер.

Ботқаны суда пісіру керек, сүтті басқа тағамдармен араластырмау керек және оны сусын емес тамақ ретінде қолдану керек.
4 БӨЛІМ. ӘРТҮРЛІ ДӘРІЛІК ТҮРДЕ ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР ДАЙЫНДАУ

4.1. Сұйылту. Потенцирлеу. Доза туралы түсінік

Гомеопатияда сұйылту деп - барлық кезекті ретімен сұйылту кезінде потенцирлеуді міндетті жағдайда, дайындалған ерітіндідегі заттар толық болмауына дейін 10,100,1000,....., еселеп концентрацияларын кезекті ретімен төмендету. Мұндай сұйылтуларды потенция деп атайды.

Гомеопатияда негізінен дәрілік затты сұйылтудың 2 шкаласы пайдаланады: ондық және жүздік.

Ондық шкала (децимальдық) бойынша (10- п), бастапқы сұйылту 1:10 , кезекті ретті әрбір сұйылту алдыңғыдан 10 есе жоғары болады.

Жүздік (центисимальдық) шкала бойынша (100 –п немесе 10-2 ), кезекті әрбір сұйылту алдыңғыдан 100 есе жоғары болады (1 кесте).

Корсаков тәсілі бойынша алынған потенция СК деп белгілейді, Ганеман тәсілі бойынша СН .

Кесте

Гомеопатиялық сұйылтуларды белгілеу

Отандық

Шет елдік

математикалық

ондық

жүздік

ондық

жүздік

ондық

жүздік
















-

1

-

2

-

3



D1

D2

D3

D4

D5

D6



-

C1

-

C2

-

C3



1/10

1/100

1/1000

1/10 000

1/100 000

1/1 000 000

-

1/100

-

1/10 000

-

1/1 000 000




Дәрілік препараттар дайындау кезінде кезекті сұйылту массасын алу үшін формуламен есептейді:

А = Б: 10 (ондық шкала бойынша)

А = Б: 100 (жүздік шкала бойынша)

В= Б-А,

мұнда: А – алдыңғы сұйылтудың массасы;

Б- дайындалатын препараттың массасы;

В – қосымша заттардың массасы

Гомеопатиялық тәжірибеде төмен сұйылту деп бастапқы сұйылтудан немесе тинктурдан С6 сұйылтуға дейін саналуы мүмкін; С6 -дан С30- ға дейін – орташа, С30- дан сұйылту – жоғары сұйылтулар болып саналады.

Гомеопатиялық әдебиеттерде қажетті потенция таңдаудың 4 принципі (критерий) бойынша ақпараттар бар.

  1. Мүшелер ауырған кезде (морфологиялық бұзылыстар кезінде) төмен сұйылту қолданады. Функциональдық өзгерісі кезінде – орташа сұйылту; психикалық симптом кезінде – адамның конституциональды ерекшелігін ескере отырып жоғары сұйылту қолданылады.

  2. Өңделмеген дәрілік заттар аз шамада терапевтикалық активті әсер көрсетеді. Төмен сұйылтуда (Д8) ережедегідей қолданады. Токсикалық дәрілік заттар D12 және одан жоғары потенцияда емдік қасиет алынады.

  3. Төмен потенциялар вегетативті реакциялар түзу кезінде қолданады, орташа потенция тонусты теңестіру кезінде, жоғары потенция – гиперергиялық, аллергиялық реакциялар және вегетативті дисфункция кезінде қолданады.

  4. Жоғары потенциямен - ағзаның өмірге тұрақты және ұқсас принципі бойынша препараттарды дұрыс таңдау кезінде емдеу мүмкін. Егер дәрілік диагноз жеткілікті түрде нақты болмаса, төмен және орташа потенция пайдаланған дұрыс.

Гомеопаттардың тәжірибе зерттеулері көрсеткенідей ағзаның реактивтілігі аурудың соңғы сатысында төмендейді. Өте жоғары потенция С200 –ден жоғары, ағзаның күшімен сәйкес келмейді.

Іс- тәжірибелерде D1, D2, C3, C6, C12, C15,C30 сұйылту жиі қолданады. Бұл дозалар экспериментальды бақылаудан өтіп, тәжірибеде бекітілген. Биіктік фазалары – белсенді әсер етуші дозаларға сәйкес келеді. Сұйылту өзгерістері мен терапевтикалық белсенділік өзгерістерінің арасында тікелей тәуелділік жоқ. Әртүрлі концентрациядағы эффектілер алдымен ағзаның жеке сезімтадығымен анықталады. Қатты ауырғанда, ауру басталған кезде төмен сұйылту және жиі қабылдауды (1 сағат сайын) белгілейді. Созылмалы ауруда орташа және жоғары сұйылтуды күніне бір – екі рет қабылдауды белгілейді. Психикалық ауруда жоғары, өте жоғары сұйылтуларды және өте сирек (Мысалы: 8немесе 15 күнде бір доза) белгілейді.

Потенцирлеу кезінде ғана клиникалық белсенді сұйылту қамтамасыз етіледі.


Гомеопатялық тәжірибеде доза - аурудың жеке ерекшелігін және потенцирлеу жағдайы кезінде сұйылтуды есептеу, тритурация массасын және энергия құрамындағы белгілі сандарды (тамшы ), энергия және зат мөлшерін білдіреді.

Гомеопатияда дозалар ағзаның реакциясына байланысты үлкен және кіші болып бөлінеді. Әзірше оқытылып жатқан заттар біртекті эффект береді, дозалау үлкен болып саналады. Эффект қарама-қарсы өзгерген кезде, онда доза кіші болып айтылады.

Үлкен доза- ұқсас ауруларда патологиялық симптомдарды көрсететін төмен сұйылтулар.

Мылқау доза (немая доза) – эффекттің жоқтылығы (орташа сұйылтуларда жиі орын алады.)

Кіші доза - емдік эффектт і қамтамасыз ететін жоғары сұйылтулар.

Мысал ретінде келтіруге болады:

  • адреналин. Концентрацияда 10-6 - классикалық эффект- буындар спазмы кезінде қолданады. Келесі сұйылтуда эффект көрсететін, 10 –33 сұйылту кезінде парадоксальды эффект – буындардың кеңеюі кезінде қолданады.

  • өсудің эпидермальдық факторы. Сыртқы қабаттардың жазылуына арналған максимальды терапевтикалық концентрациясын күніне 10 мг/л ден екі рет қабылдайды. Концентрация және қабылдау жиілігінің көбеюі терапевтикалық белсенділігінің күшеюін болдырмады. 100 мг/л концентрация кезінде препаратта көрсету керек эффекті байқалмады. Жасуша жүйесін емдеу үшін 0,1 – 10 нг/мл концентрациясы эффективті.

  • нитрозометилмочевина (супермотаген). Жоғары сұйылтуларда 10 –26 биологиялық стимулятор болып табылады; 10 –26 – бұл концентрация, яғни 1 см3 – та (мл) бір молекулалы затты –табу ықтималдылығы нөлге тең.

Гомеопатияда дәрілік түрлерге байланысты әртүрлі қабылдау ұсыныстары берілу мүмкін. Мысалы: тритурацияны бірреттік қабылдауы шыны қалақша 0,2г – ға сәйкес келеді. Тритурацияны таңертең аш қарында тамақтану алдында жарты сағат бұрын қабылдайды. Екінші қабылдау сол күні кешке, ара қашықтығын сақтай отырып қабылдау қажет. Тритурация қабылдау кезінде тіл астына салып сору керек.

Гомеопатиялық түйіршіктерді бір реттік қабылдауға 8 түйірден, яғни 0,25г жуық белгілейді. Бақылауда көрсеткендегідей жиі жоғары потенциялы бір түйір нәресте және қарт адамдарға жеткілікті.

Жоғары потенциялы бір таблетка әсері бойынша 5-8 сұйық потенциялы тамшыға сәйкес келеді.

Сұйық дәрілік препараттарды бір қабылдауға 5,8,10 тамшыны бір шәй қасық суда белгілейді. 5 тамшының массасы 0,25 г жуық.


Психикалық ауруларға жоғары потенцияда жиі 1 тамшы сұйылту жеткілікті, әсіресе қозу фазасында.

Гомеопатиялық препаратты қатаң кезекті ретімен белгілі уақыт арасында қабылдайды.

Сыртқа қолдануға арналған (баспаға, шаюға, қыздыру компрес және т.б.) тинктуралар және эссенциялар ерітінділерде қолданылады (100 мл қайнатылған немесе тазаланған суға 20 тамшы).

Доза және емдеу курсын таңдау кезінде гомеопат дәрігер гомеопатия - реттейтін терапия екендігін, ағзаның реакциясын стимулдейтін, ағзаның қозуын көрсететітінін үнемі есте сақтайды. Дәріні ағза оған жауап бергенше белгілейді. Төмен ондық потенция дәрілерімен емдеуді жиі қайталауға болады. Жүздік потенция апта және айлардан кейін әсер етеді. LM потенциясындағы препаратты күнделікті беруге болады, бірақ күтуге де болады. Бірдей дәрілерді жоғарылау потенцияда өсу интервалында ұзақ уақыт бойы белгілеуге болады.