Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 111

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мазмұны

КІРІСПЕ____________________________________________________3

1. Ел тәуелсіздігін жақындатқан Елтұтқалар кезеңі және жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы шығармашылығы._________________________

    1. Әйтеке би және жаңа заман кезеңіне сипаттама.___________________5

    2. Мұқадес Есләмғалиұлы – оралымды ой, қарымды қалам иесі________7

1.3. Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» романының тілдік ерекшеліктерінің бірер қыры._______________________________________16

2. Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы шешендікке қатысты сөздер қолданысы___________________________32

2.1. Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы көркем сөз әсерлілігін арттырар шешендік құралдардың қолданысы______32

2.2. Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы шешендікке қатысты қанатты сөздердің (афоризмдердің) қолданысы_____41

ҚОРЫТЫНДЫ___________________________________________57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_________________________60

Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Зерттеу нысанына алынған шебер прозаик, сыншы, публицист, аудармашы Мұқадес Есләмғалиұлының тіл құралдарының байлығы мен оны қолдану шеберлігі күні бүгінге дейін арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Жазушы тілінің лексикалық ерекшеліктері, оның ішінде шешендік қолданыстары әлі жете зерттелмей келеді. Бұған туындыгер өз шығармаларында ерекше қолданатын, ұлттық мәдени үрдістен мол хабар беретін лингвокультуремалар мен теңеулерді қосуға болады. Теңеулердің қолданылу ерекшеліктерін айқындауды жазушы тілінің басты сиқырын ашу тұрғысында есептеген жөн. Мәселенің тағы бір жағы, жазушы тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталу, сондықтан грамматикалық ерекшелік тілдік ерекшелік ретінде алдыңғы кезекте тұратыны анық. Осы тектес қордаланып қалған мәселелердің түйінін шешіп, біраз белгісіз жайттардың басын айқындау зерттеудің өзектілігін көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы шешендікке қатысты қанатты сөздер қолданысын саралау, шығармадағы шешендік тіркестерді сүзу, шешендік афоризмдерді екшеу. Осы аталған мақсат үдесінен шығу үшін зерделеу жұмысындағы төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:


  • Әйтеке би тұлғасына, мұрасына, жаңа заман кезеңіне сипаттама жасау;

  • жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының оралымды ой, қарымды қалам иесі екенін айқындау;

  • жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» романының тілдік ерекшеліктерінің бірер аспектісіне бойлау;

  • жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы көркем сөз әсерлілігін арттырар шешендік құралдар қолданысын таразылау;

  • жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы шешендікке қатысты сөздердің (афоризмдердің) қолданысын екшелеу.


Зерттеу нысаны. Мұқадес Есләмғалиұлының шығармашылығы, оның «Әйтеке би» тарихи дилогиялық романы.

Зерттеу пәні. Қазақ шешендіктануы, қазақ лексикологиясы, фразеология, стилистика пәндер.

Зерттеу әдістері. Салыстыру әдісі, салғастырмалы әдіс, қорыту әдісі, дистрибутивті әдіс,ипаттамалы әдіс, дефинициялық талдау әдісі, сөз мағынасын компонентті талдау әдісі.

Зерттеу дереккөздері. Жазушы М.Есләмғалиұлының «Әйтеке би» романы

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының тақырыбы негізіндегі талдамалардан туындаған тұжырымдар мен түйіндердің шешендіктану, әдебиеттану, тіл білімі ілімдеріне қатысты теориялық әрі практикалық құндылығы басым. Талдау нысанына іліккен көркем туындыдағы шешендік афоризмдердің тәжірибелік салмағы ерекше. Бұл орайдағы қорытындыларды қоғам қайраткерлері мен ел жастарының сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда пайдалану аса өзекті.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.


  1. Ел тәуелсіздігін жақындатқан Елтұтқалар кезеңі және жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы шығармашылығы

    1. Әйтеке би және жаңа заман кезеңіне сипаттама


Екі ғасырға созылған қазақ-жоңғар арасындағы қанқасап соғыс Жоңғар хандығының жер бетінен жойылып кетуімен аяқталады. Ал Қазақ хандығы болса жаралы арыстандай қансырап, әбден титықтаған. Жоңғар хандығы жойылғанымен, одан басқа да айналадан анталап, сұғын қадаған елдер аз емес еді. Шығыста азуы алты қарыс Қытай, оңтүстікте Бұхар, Хиуа, Қоқан, батысында Еділ қалмақтары мен башқұрттарды айдап салып отырған Ресей – бәрі де қазақ хандығының әдсірегенін жақсы білетін және мұндай ұрымтал шақта қарпып та, қармап та қалуға дайын болатын.



Осындай алмағайып кезеңде Әскен (Әжі) сұлтанның баласы Әбілхайыр Кіші жүзге хан (1731 – 1748) болып, Ресей патшалығының қол астына қарау жөнінде ант қабылданды. Бұл оқиғаны қазақ даласын Ресейдің отарлай бастауының сылтауы десе де болады. Өйткені Ресей империясы бұл кезеңде өзінің отаршылдық саясатын, әсіресе, шығыс-оңтүстік бағытта қарқынды жүргізіп үлгерген. Алдымен Жайық бойына қаздай тізілген бекіністер салынады. Одан әрі кешікпей-ақ Орск, Орынбор, Гурьев, Звериноголовск бекіністері бой көтеріп, олардың қашықтық орамы 2500 шақырымға жетеді. Бұл аралықта XVIII ғасырдың алғашқы жартысының өзінде-ақ жүзден астам елді мекен орнығып үлгереді. Олардың бәріне Орынбордың қазақ әскерлері мен тұрақты әскер бөлімшелері орналастырылады. Бара-бара Ресей экспансиясы Қазақстанның саяси-әлеуметтік өмірінде бел алып, казактар сұғына қоныстанып, әскери бекіністердің қатары қалыңдай түседі. Мұнан әрі Ресей империясы ерекше әккіленген әдістермен Қазақ даласына әкімшілік-аумақтық ықпалын жүргізе бастайды. Сөйтіп, одақтастық ниетпен басталған қазақ-орыс қатынасы, ғасырға жетер-жетпес уақыт аясында Қазақстанның мойнына отарлық қамытын кигізіп үлгереді. Ресей империясы өзінің Қазақстандағы отаршылдық саясатын әскери тұрғыда – бекіністер салып, казактарды орналастыру арқылы, саяси тұрғыда – әкімшілік- аумақтық басқару жүйелері арқылы және экономикалық тұрғыда – қазақтың шұрайлы жерлерін басып алып, арзан шикізат өнімін құныға сорып, халыққа салық салу арқылы жүргізді. Ресей тарапынан бұл ұстаным отаршылдық кезеңінің ұзына бойына өзгеріссіз қалып отырды.

Әрине, мұндай ахуал қазақ халқының тарапынан ұдайы қарсылық тудырып, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың туындауына себепші болып отырған. Ондай қозғалыстардың көбі Сырым Датұлы, Қаратай сұлтан, Қайыпқали Есімұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленішұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа батыр, Есет батыр сияқты ел үшін еңіреп туған ерлердің қимыл-әрекеті арқылы халық қолдауымен қаһарлы көтеріліске ұласып отырған. Мәселен, тарихшы ғалымдардың есептеуінде қазақ халқы Ресей отаршылдығына қарсы 300-ге жуық ірілі-ұсақты азаттық қозғалыстарына шыққан. Соның бәрін дүлей күш аяусыз басып-жаншып, қанға тұншықтырып отырған.

Ресей империясы үстемдік құрған кезде Қазақстанда бой көтерген қалалар, жұмыс істей бастаған өндіріс ошақтары, ауқымы кеңейген ауыл шаруашылығы, тартылған жолдар, ашылған оқу орындары, мәдени рухани жаңғырулар – мұның бәрі де бүтіндей тек қана отаршылдық мүддесіне қызмет еткен. Бұл тұрғыда империя үшін қазақ халқы ұдайы қарсыласушы субъект ретінде репрессиялық өктемдік көріп, қазақ даласы байлық көзі ретінде бірыңғай таза пайда табу объектісіне айналған.


Қазақ халқының тарихындағы үш ғасырға созылған бодандықты өз ішіндегі саяси-әлеуметтік үрдістердің жүзеге асуына орай үш кезеңге бөліп қарастыруға болар еді. Бірінші кезең – 1731-1822 жылдар аралығы. Яғни, 1731 жылы Әбілқайыр хан Ресейге бодан болу жөнінде ант берсе, 1822 жылы М.Сперанскийдің «Сібір қазақтары туралы Устав» деп аталатын жарлығы шығып, осы жарлықтан кейін қазақ даласында хандық билік жойылды. Халық бас иесіз, орталық өкіметсіз, панасыз, қасіретке толы ғұмырын бастады. Яғни, империялық Ресей қазақ даласын сырттай орап иемденгенімен, ішкі саяси-әлеуметтік институттарға, ішкі басқару құрылымдарына, әсіресе, көшпелі өмір салтына айтарлықтай өзгеріс енгізіп үлгере қойған жоқ. Протекторат саясатын бейнелеп айтар болсақ, бесігін улы жылан орап алған нәресте – қазақтың қаннен-қаперсіз жатқан қалпын елестетуге болар еді. Екінші кезең – 1822-1868 жылдар аралығы. Бұл кезеңде аға сұлтандық билік орнап, елдің саяси-әлеуметтік құрылымына патшалық Ресей толық бақылау жасау мүмкіндігіне ие болды. Ат үстінде қомпиып жүрген аға сұлтандардың тізгіні Ресейдің шөпжелке әкімдерінің қолында болды. Үшінші кезең – 1868 жылдан 1991 жылға дейін, яғни, Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін созылды. Көшпелі қазақ халқының ғасырлар бойы этникалық тұтастығына кепіл болып келген, өмір салтын төлтума даралықта қалыптастырған және шаруашылық-мәдени типіне ұйытқы болған руаралық құрылымын 1868 жылғы «Жаңа заң» біржола күйретіп, оның орнына иерархиялық сатылы бағыныштылықты орнатты. Нәтижесінде ел іші бір-бірімен бәсеке-бақас ұсақ-ұсақ әкімшілік-аумақтық жікке бөлініп, тағдыр тізігінін қолға ұстап отырған орыс ұлықтарына жағынып, қазақтың бұрынғы қарға тамырлы бірлік-бәтуәсінің шырқы бұзылды. Сөйтіп, көшпелілер үшін өмір сүрудің үлгісі болып келген қандастық демократия тарихтың еншісіне айналып, оның орнын түпкі тегі Еуропа топырағында басталған өзімшіл өмір салты басты. Бұдан былай жеке әкімшілік-шаруашылық ұжымдар ғана емес, әрбір жеке адам бірін-бірі жатсынып, бірімен-бірі бәсекелесіп, жоғарыдағы ұлықтарға жағыну арқылы пендешіл мақсатқа жетуді өмір сүрудің тәсіліне айналдыратын болды. Қазақ қоғамында бұл сияқты саяси-әлеуметтік құрылым социалистік жүйе кезінде де еш өзгеріссіз сақталып қалды. Ресей империясындағы отаршылдық эволюциясы тоталитарлы социалистік жүйе кезінде бұратана атанған халықтарды толық ассимиляциялау кезеңіне жетіп, біртұтас «совет халқын» қалыптастыру мақсаты мемлекеттік идеологияның негізгі тұғырына айналды. Бұл жолда идеологиялық фанатизм өмірдің барлық саласын шарпып, коммунистік партия адамзат баласын бақытқа кенелтетін «жалғыз құдірет» ретінде мистикалық сипат алды, ал коммунистік партияның көсемдері пайғамбарлар рангісіне көтерілді.


Ал, социалистік жүйе кезіндегі Ресей империясының саяси-идеологиялық ұстанымын да үш кезеңге бөліп қарастыруға болар еді. Бірінші кезең – 1917-1930 жылдар аралығы. Бұл кезеңде кеңес үкіметі өзінің саяси-әлеуметтік негізін нығайтып алу үшін тілін көрсетіп, тісін жасырған саясат ұстанды. Жер де халықтікі, байлық та халықтікі тұрғысында келетін жалпақшешей ұраншылдық бел алды. Бұратана атанған халықтардың тілін, мәдениетін өркендетуге бағытталған шаралар қолға алынғансып, тіптен олардың дербес ел болып бөлініп шығуына дейін еркіндік берілгенсіді. Бұл кезеңде тек қана Қазақстанда 20-дан астам ұлттың төл тілінде оқытылатын мектептер жұмыс істей бастады. Қара халық өздерін қарыны аш болса да, қадірі бардай сезінді. Сөйтіп коммунистік партия бастаған социалистік жүйенің жарқын болашағына имандай сенді. Екінші кезең – 1930-1959 жылдар аралығы. Бұл кезеңде социалистік Ресей империясы өзінің экспансияшыл түпкі саясатын батыл түрде өмірге енгізе бастады. Әсіресе, оқу орындарында білім мазмұны түбегейлі өзгеріп, социалистік жүйе мен орыс халқының тарихи мессиандық-жарылқаушылық рөлі марапаттала бастады. Орыс тілін меңгеру білімнің, мәдениеттің, прогрестің кепілі ретінде міндеттелді. Отызыншы жылдардың соңына қарай тек қана Қазақстанда 20 ұлттың төл тілінде оқытылатын мектептер жабылды. Жаппай саяси репрессия басталып, ел қамын ойлай алатындар «халық жауы» ретінде жауапқа тартылды. Ешқандай ғылыми негізсіз, жалаң ұранды басшылыққа алған әлеуметтік-экономикалық реформалар халықтың миллиондап қырылуына себепші болды. Бұл ахуал, әсіресе, байтақ дала төсінде шашырап жатқан қазақ даласын селдіретіп, ұлт ретінде есеңгіретіп кетті. Ғасыр басында 6 миллионға жеткен қазақ халқы Отан соғысының сүргіні басталғанда 2 миллионға жетер-жетпес болып қалды. Қазақ халқы өзінің ұзына бойы тарихында мұндай қасіретті кезеңге тап болып көрген емес. Үшінші кезең – 1959-1991 жылдар аралығында. Бұл кезде Ресей империясы өзінің экспансиялық-ассимиляцияшыл пиғылын өмірдің барлық саласында ашық жүргізе бастады. Әсіресе, білім беру жүйесінде орыс мүддесін орнықтыру, оны білім мазмұны арқылы ұрпақ санасына сіңіру өмірдің заңына айналды. Бұл кезеңде қазақ мектептері мыңдап жабылып, нәтижесінде тек бірер ұрпақ алмасу арқылы ғана ұлттың жойылып кету қаупі туды. Әрине, тек қазақ халқы ғана емес, мұндай нәубетке Ресей империясының қол астындағы бұратана делінетін ұлттардың бәрі ұшырады. Егер 20-жылдары «бүкілодақтық староста» атанған М.И.Калинин 200-ден астам ұлттық-этникалық субъектіні тіркеуге алса, 1979 жылғы халық санағында соның 92-сі мүлде жойылған болып шықты. Мұндай жойқын ассимиляцияны адамзат тарихы бұрын-соңды көріп білген емес.