Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- Түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы [3, 353].

- Әйтекенің сөзін өз құлағымен естіменген адам – өмірде аузы тұщып ас ішпей, жарым көңіл, жарты құрсақ өткен ғаріппен бірдей [3, 353].

- Құдай сәтін салып көз жетті. Көңіл тойды [3, 353].

- Аталы сөз сүйек балқытады. Сүйегіміз балқыды, мерейіміз шалқыды. Иіні түскен ауырар, үмітті жан сауығар [3, 353].

- Ағада ілтипат жүрмеген жерде, ініде ізет жүрмейді [3, 353].

- Ағаның назары жығылған жерде, інінің базары тасымайды [3, 353].

- Асыл сөзіңіз арнап берген сыйдан артық. Бұдан өзге қара тырнақтай қалауымыз жоқ [3, 353].

- Ағаңның онсыз да бұл-бұл ұшпақшы жанын сұрағалы келмеген шығарсың[3, 353].

- Қалған ғұмырымда бұ дүниеде Әй-ағамнан өткен жомарт жан өткен жоқ деп баршаға да, ұрпағыма да айта жүрейін. Батаңызды беріңіз, шын ризалығыңыздың белгісі етіп [3, 353].

- Оқыра мінез батырдың талайын көріп жүрміз. Тіл-аузымыз тасқа, болайын деп тұрған өскін екен!... – Мұңсыз бол, балам! – деп бастаған ұлы би толғап кетті. –Е-е, асылдың тұяғы өзінен де асып туса қайтіп марқаймассың! Ер-азаматқа батадан басқаның бәрі артық деп отырушы ет Мәті би. Терең өзен алабұртпай ағады, текті адам кішілікпен жағады деп осындайдан кейін айтқан шығар бұрынғының әулие көмейлері. Келгелі ауыздарыңнан шыққан там-тұм сөздеріңнен тектілік таныдым [3, 354].

- Болпекеме де, екеуіңе де рахым жаусын!..Біреу күн сәулесіне малынса, біреу ай сәулесіне зәру шақта екеуің бірдей бір шаңырақтан атқа мініпсіңдер[3, 354].

- Атқа мінген азаматтың ажалынан басқасының бәрі өзгенікі. Атқа мінгенің – сонымен бірге азапқа мінгенің. Азапсыз ердің аты шықпас. Азап дегенің – тынымсыз еңбек [3, 354].

- Сен жетем, сен алам деген асылдың бәрі алыста, таңсықтың бәрі екінің бірі ала бермес тасада тұрады. Ең дәмді деп татқаның – өз еңбегіңмен тапқаның. Сонда ғана еңбегің – дәулетіңе, беделіңе – сәулетіңе айналады. Сонда ғана жарқыраған шыраққа айналарсың. Жанған шырақ жан-жағыңдағыларға жарық берер. Жарық берген шырақты халық көрер. Тек лап етіп жанып, жалп етіп сөнуден сақтасын өздеріңді [3, 354].

- Еңбексіз өткен өмір де бір, ерте келген өлім де бір. Еңбегің жанса қуанарсың, бірақ қуаныш келсе таспа, қасірет келсе саспа! Сондықтан жетпей жатып болдым деме, болмай жатып толдым деме. Жетпей жатып болдым деген төменде күйбеңдейді, төменде күйбеңдеген төбенің басын көрмейді. Тау болмаса да төбенің басын көрмегеннің ғұмыры зая. Қолдан келсе, асқақ ұш. Асқақ ұшсаң, абайлап қон. Өйткені, төбеге ұшсаң күндейтін, төменде қалсаң, жүндейтін жамағайынсымақтар толып жатыр бұл өмірде [3, 354].


- Төбесі көкке жеткеннің бәрібір аяғы жерде тұрғанын ұмытпағаны лазым. Жоғарыға ұшқан даңққа бөленер. Бірақ ауру батпандап кіріп, мысқылдап шықса, даңқ мысқылдап кіріп, батпандап шығатынын ұмытпа! Даңқ жүрген жерде әзәзіл боп нәпсі қоса өреді [3, 354].

- Адам түгіл періштені де еліктейтін, адастыратын нәпсі. Адам пақырдың ойы қай саққа жүгірмейді. Сондайда бір көксейтіні – даңқ. Даңқ өзі келмесе, артынан шырақ алып түспе! Шырақ алып іздегенің – нәпсіге бой алдырғаның. Нәпсі – бөрі, иман – тоқтық. Шикі тері илесең, ұлтан болады, нәпсісін тежей білген сұлтан болады. Нәпсі – араны ашылған құлқын. Құлқыны ашылғаннан аш қасқыр артық. Аспандағы құсты да ұятқа қалдыратын жердегі жем. Ер-азаматты да күндердің күнінде жерге қарататын нәпсі. Жетең жаман болмаса, жете жебір болмағайсың! Қадыр Тәңір бермесе, ер байыр ма!? Тәңірдің бергеніне қанағат ете білген ер иманды [3, 354].

- Даңққа тұлпар дүлділдігімен жетеді, ер-азамат білгірлігімен жетеді. Кейде сен жетпеген биікке өзге бұрын жетеді. Ондай жағдайда өзіңнен биіктегені күндей көрме, өзіңнен төмендегіні жүндей көрме! Жарлылық пен байлықтың қандайы да, жазылмаған ешкімнің мәңгілік маңдайына. Сұрғылт тұман торламаған аспан жоқ, сор мен шерге шырмалмаған данаң жоқ. Даңқтың жолы даңғыл емес, абыройдың жолы арналы емес. Дана мен кемеңгерді күндеуші көп. Жақсыға әрдайым сөз ереді, жаманға шөп ереді. Өйткені, көлеңке де күн шыққанда түседі. Құнарсыз жеміске құрт та жуымайды. Үнемі жақсыларды жанай жүргейсіздер. Өзен теңізге қарай ағады, жақсы жұрт жақтаған, ел мақтағанға қарай барады. Жақсының дәрісі – опа, жаманның дәрісі – оппа. Жақсының нәрін ал, тәлімін ал, сосын бақиға кеткенше сыйлап өт. Нәрін ішкен бұлаққа тас лақтырма, құм атпа. Ұлыңның жеткен биігіне ұмтыл, бірақ «Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл!» дегенді қаперіңнен шығарма! Өрең жетпейтінге ентелеме де, жетпегенге өкпелеме де. Әйтпесе, қаз боп алшаңдағысы келген қарға аяғын үсіртедінің керін құшасың. Не босқа үрген төбетті бөрі әкетедінің кебін құшасың. Тірлікте досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген масқара ұғым сондайдан шыққан [3, 354

- Жібек тозса, есекке жабуға да жарамайды. Уақытымның озған, сөзімнің тозған кезіне тап келдіңіздер. Көне сөзден әрі аспады деп, лапылдап, лаулап жанбады деп сөге кетпегейсіздер, тастүлектерім! Құяр судан бөлінсе, көл тұнады, қайнаған өмірден бөлінсе, көңіл тұнады. Мансап биігі бір күндік, мақсат биігі мың күндік. Таудай талап пен мың күндік мақсат биіктерінде кесе тұрар кедергі кезікпегей! Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болғай! Ар мен абырой ғұмырларыңызға азық болғай! Бірің – Ту ұстаған қолбасшы, бірің – сөз ұстаған би басшы болыңдар, қанаттарым! Өздеріңді Қырық шілтен азанғы тілден, қызыл көздің сұғынан сақтағай! Бердім батамды! Аллауакбар! [3, 355].



- Атасы басқасы арасынан дау шықпасын деп, ауылы басқаның арасынан жау шықпасын деп, ағайын арасынан әділет қашпасын деп, айналасын әбілет баспасын деп, жетімім ешқашан жыламасын деп, жерімді жау жағаламасын деп сарыла да, сабыла да сынға түсер сүреңді шақтың әлі қаншасы күтіп тұрғаны Жасағанға ғана аян! [5, 198]

- Қазақтың қызы – көктегі жұлдызы. Қол жетпес асылы. Ол ешбір асылмен бағаланбайды. [5, 193]

- Ерінің ары – иесінің ары, қызының ары – елінің ары... [5, 193]

- Бұл жолғы дау – ысқырса желдікі, қуса жаудікі қылқұйрықтың, не маймақ түйе, маубас қой, сасық тұмсық сиырдың құны емес. [5, 193]

- Ел – назасы, ел – наласы. [5, 193]

- Қазақ малға жарлы, намысқа бай. [5, 193]

- Кесапатқа – кек, егеске – қысас жасай берсек, иына жер бетінде күндердің күнінде өзімізді өзіміз қырып тауыспаймыз ба! [5, 177]

- Елі иесіз, әруағы киесіз ебелек жұрт біз емес! [5, 177]

- Екі бауырға жат төреші бола алмайды. [5, 176]

- Екі қыран таласса, қарға мен құзғынның жемі. [5, 177]


Қорытынды
Тарих ғылымындағы уақыт межесі бойынша орта ғасыр V ғасырдан басталып, XVII ғасырмен аяқталады. Одан кейін, XVIII ғасырдан бері қарай жаңа заман басталады. Бұл меженің кейбір елдердегі саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты шарттылығы да жоқ емес. Ал Қазақстан үшін жаңа заман межесі Ресей империясының отаршылдық үстемдігін құрған уақытына сай келеді. Әрине, отаршылдықтың аты – отаршылдық. Оны патшалық Ресей кезіндегі отаршылдық, социалистік Ресей кезіндегі отаршылдық деп бөліп қарастырмаса да болады. Өйткені, Ресей империясында мемлекеттік, саяси және идеологиялық төңкерістер мен өзгерістердің болғанына қарамастан, қарауындағы отар елдерге қатысты толық өктемдіктің еш өзгеріссіз қалып отырғаны күмән тудыруға болмайтын тарихи ақиқат. Сондықтан Қазақстан тарихындағы жаңа заман туралы сөз өзінен-өзі отаршылдықта болған кез-кезең туралы сөз болып шығады.

Осы реттегі ізгі істің бірі – Ел Тәуелсіздігін жақындатуға себепші болған Елтұтқаларын тану ісі. Қазақ елінің мерейін асқақтата асырған тұлғалардың бірегейі – Әйтеке би. Байбекұлы Әйтеке би (1644 – 1700) – қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодекісін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Алшын тайпасының Әлім руынан. Ол қазіргі Өзбекстан жеріндегі Нұрата тауының Бұқара жеріне қарай созылып жатқан Қыз-Бибі тауының етегінде өмірге келген. Тобықты Әнет бидей баталы бол, Кіші жүз Әйтекедей аталы бол» деп атақты Сегіз серінің батасында айтылғандай, Әйтеке би аталы тұқымнан.

Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан орыс-казак жерін құрсаулай торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді, қорғауға белсене араласады. Мәртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан сол үшеудің біреуі – орақ ауыз, от тілді Әйтеке би ел басына терістік шығыстан қара бұлт үйіріліп келе жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, ата жұрты Нұрата тауына оралады. Ол дерт Алланың жіберген ауруы емес, «Тура би туғанына жақпайды» деп, ел тағдырына қатысты мәселеде бет пен беделге қарамай турасын тіліп айтқан бидің сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді. Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сәлем ретінде жолдаған ұзақ толғанысында
Әйтеке би: «Елінен айырылған ер бақытсыз , жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!» деген екен. Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен қош айтысқан. Осы айтылған кезең туралы, осы тұстағы ел тәуелсіздігін жақындатуға сом үлес қосқан Әйтеке би тұлғасы туралы көркем туынды жазу жерлесіміз жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы еншісіне тиюі оқырманын ойлантпай қоймайды. Көркем дүниені ерекше ризашылықпен оқып, талдау нысанына іліктіргеннен кейін «Әйтеке би» дилогиясын Мұқадес ағамыздай классик қаламгердің қолға алғаны қандай жақсы болған дер едік.

«Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясындағы шешендікке қатысты қанатты сөздер қолданысы» тақырыбындағы дипломдық жұмысымызда төмендегідей бірер тұжырымдар жасай алдық қой деп ойлаймыз:

Мұқадес Есләмғалиұлы 1946 жылы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, «Ақырап» ұжымшарында дүниеге келген. 1967 жылы Орал педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиет факультетін бітірген. 1976 жылы Орал облыстық радио-телевидение комитетінде аға редактор, 1979 жылдан бастап республикалық «Жалын» баспасында аға редактор, 1983-1984 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 1984-1990 жылдары республикалық телеарнада «Тамаша» ойын-сауық хабарының Бас редакторы, 1990-1993 жылдары «Денсаулық» журналында Бас редактордың орынбасары, 1993-1995 жылдары «Жазушы» баспасында жетекші редактор, 1998 жылдан Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеген.

Шығармашылығы туралы айтар болсақ, тұңғыш әңгімесі «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде 1966 жылы жариялайды. «Аққу сазы» (1977), «Екінші тыныс» (1982), «Қайырлы таң» (1984), «Екі басқа дүние» (1986), «Пробный камень» (1990, орыс тілінде) атты повестері мен әңгімелері, «Толқын мен ағын» романы (1992), «Өз жүрегіңе үңіл» (1996) атты роман, повесть және әңгімелер кітабы, «Тұман ішіндегі көш» (2000) романы, пьесасы мен әңгімелер жинағы; 2003 жылы «Әйтеке би» атты тарихи-философиялық дилогиясы, тарихи зерттеулері топтастырылған «Сан қилы сауал» (1995), «Әйтеке би» (ғұмырнама, 1998); «Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар» (2000) атты кітаптары жарық көрген. «Төле би», «Партизан Қасым Қайсенов», «Ақ бата», «Тамаша», «Жаһанша Досмұхамедов» атты жинақтарды құрастырды. В.Распутин, В.Шушкин, т.б. шетел жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған. «Жазықсыз тамған жас» атты пьесесы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында және және облыстық театрларда қойылған. 2001 жылы «Тұман ішіндегі көш» романы үшін қаламгерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілген.