Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 113
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды», - деп жазады.
Жазушы Мұқадес Есләмғалиевтың "Әйтеке би» тарихи-философиялық диалогиясы 2003 жылы жарық көрді. Ол осы туындыны жазуды ертеректен ойластырған болатын. Көп ойланып, талмай іздену нәтижесінде көрнекті тұлға туралы көлемді дүние өмірге келді. Қадыр ақын айтқандай, бізде сын самарқау ғой. Осынау роман әділ бағасын әлі ала алмай келеді. Ақын Айтқали Нәріковтың «Оралымды ой. Қарымды қалам» атты мақаласы. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланып, «Ақ Жайық әдебиетшілерінің кітапханасы» сериясымен шыққан «Мен - майдангер ұлымын» деп аталған кітабына енді.
Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы 2004 жылы өмірден өтті. «Әйтеке би» романын кеудесіне қойып жатып көз жұмыпты.
Ақын Айтқали Нәріков өз еңбегінде: «Адамда мінез болуға тиіс. Белгілі бір мінез-құлқы айқындалмаған адам, бет-әлпеті беймәлім фотосуреттей болмақ. Мұқадес қызба, тез айтатын, тез қайтатын жан еді. Біреуге қиянат жасады дегенді естіген емеспіз. Оның Қазақстан Жазушылар одағы аппаратындағы беделі жоғары болды. Жас қаламгерлер қаумалап жүретін... Мұқадес десем, жастық шақтың ең нұрлы шағы нәзік шуақ төгеді. Жас жігіт ең ғажайып жаратылыстану-география факультетін өз еркімен тастап, әдебиетке ауысқан. Арман көкжиегіне жеткендей шексіз өмір тұңғиығына ынтыға қарайды. Бірде ертегіге бергісіз аққу сазын төкті… Адамзат жаратылысынан романтик. Өз ортасына риза болмай, алыс, болжалсыз асқарлардан махаббат мекенін іздейді. Махаббат тапса болды - онда баянды Бақыт ақордасы тігілген. Ал бұл арпалыс жолында асу бермес Азап шың-құзы, түпсіз-жағасыз Қасірет мұхиты бар. Оған жету үшін аштықпен арпалысқан жас ұлан аққудың сыңарын атып алған. Сол мезетте ғашықтық өлген, бақыт қашқан… Бұл сұлу саздан біз -Айтқали, Сүндетқали, Серікқали аңтарылып қалдық. Бір қарағанға аңғал, ақжелең Мұқадес сол сәтте қазақ прозасының 1001 сөз мұнарасынан тіл қатқан қаламгер биігіне көтерілді. Іле тұңғыш әңгімесі «Лениншіл жас» газетіне 1966 жылы жарияланды да, 1977 жылы "Аққу сазы» әңгімелер жинағы болып баспадан шықты. Мұқадес әуелі әдеби жаттығуды шағын әңгімеден бастады. Ұлылық бас шағында ширақ әңгімеден бастала ма деймін. Қай дәуір адамын алмасын, Мұқадес кейіпкері ақжарма, белгілі әлеуметтік топ ақиығы махаббат саңлағы не ділмәр ел қорғаны.
Мұқадес Есләмғалиев 1967 жылы Орал педагогика институтын бітірді де, туған жері Жымпиты ауданына өзі сұранып кетті. Жұрт аң-таң. Болашақ жазушыға ең әуелі үш әріп мекемесі «құда» түсті. Көзі жарамай, жүрек қарамай, одан қалды. Жаңа ғана еңсесін көтерген теледидар, радио қалап еді, өзі ырық бермеді. Бірнеше жерде ұстаздық етті. Өзіне сүйіспеншілік, рахмет лебізін төккен шәкірттер хатын рахаттана оқып, "осы мұғалім де болып кетуім мүмкін" деп өрекпитін.
Кейбіреулер қаласын не қаламасын Орал өңірі журналист-қаламгерін баптап ұшырған ақын-жазушы Жанғали Набиуллин болатын. Мұқа мен Жәкең қарым-қатынасы қызық. Бір-біріне сыртын бермейтін, ішкі түсінушіліктер иірімінен тұратын. Қандай тапсырма алғанын білмеймін, Мұқадес кіші Отанынан олжалы оралды, Жымпиты губерниясы тарихы, Батыс Алашорда шежіресі, Асау, Тайлақ батыр хикаясы, «Қыз Жібек" лиро-эпикасының тылсым жұмбағы, Мәулен-Бекей жантүршігерлік оқиғасы, Сырым төбе, Әлжан сор, Дәдем шырақшы әңгіме хиссанамаларын кұшақтай қайтты. Мұқадес жартымсыз жалақы, жаман үйде Алматыны аңсады. Пәтер бермеген, ұзақ қорлаған Орал қаласын жек көрді. Кейде кәдімгідей кіжініп «жігіті мігіт, сұлуы мекер, ақсақалдары азған, тарихы тозған, орысқа жете алмай, қазақ бола алмай қозған шын мәніндегі Теке (Орал) қаласын жазамын» деп кіжінер еді. Арманды Алматысына кетіп тынды. Бара ірі дүниелер туғызды. Әлгінде айтқан "Толқын мен ағын"романынын 2-кітабы, «Өз жүрегіңе үніл», «Тұман ішіндегі күш», «Әйтеке би», «Ғұмырнамалар мен ғибратнама» кітаптарын төксін кеп. «Төле би», «Партизан Қасым Қайсенов», «Ақ бата», «Жаһанша Досмұхамедов" жинақтарын шығарды, «Жазықсыз тамған жас» трагодрамасын жазды», - деп жазады. Одан әрі Айтқали ақын: «Жүз том жазған Лев Толстойдың, елу том жазған Мұхтар Әуезовтердің Бас кітабы бар. Олар – дүние жүзі мойындаған «Соғыс пен бейбітшілік» және «Абай жолы». Ал М.Есләмғалиевтің өмірлік кітабы, ажал кітабы «Әйтеке би» романы – жазушының емес, ғасырларға салмақ, қазіргілерге қиын жұмбақ-ұлан-ғайыр феномен. Айтыңызшы, басқарып отырған ханыңыз бар, қорғап отырған батыр баһадүріңіз бар, тәртіпшіл жасауыл-бақауылыңыз бар, ал керек жерінде қара қылды қақ жарған әділ, ісі ғаділ, өзі би, өзі батыр-би жобасы кімге қажет? Романды оқып отырсаңыз, бұл мемлекеттік заң-законды он рет хаттап отырсаңыз да, қан қақсайтын қара халыққа қажет. Аузы-мұрнын қаражатқа сықитып қайтсаңыз да, "пара-пара" деп жүзі мүләйімсіп тұратын прокурор-судьяға қарсы дүниеге сатылмайтын, жүрегі халық мүддесі деп соғатын халықтық алқа емес пе? Жазушы Мұқадес романда ұмыт қалған өмір дәстүрін қазып алып, халқына хас өнер түрінде ұсынса, жазушыға не марапат айтсаңыз да сияды. Патшаның билік мәдениеті мен халықтық билер сот мәдениетінің өзге көрінбес иірімдерін жүрек лүпілімен шешкен Мұқадес Есләмғалиевтің хас жазушылық шеберлігін ұятың болса қалай даттайсың? Мына болашақ әдебиетші жастардан аулақ, ондай міз бақпайтын қатын ауыз «сыншылар» өріп жүр. «Жұлдыз» журналының редакторы, жазушы Мұхтар Мағауиннің трайбализмнің айғыры мен өшпенділіктің көпе биесінен будандастырушы Мұқағали мүрдесін тепті, Қадырдың сақалын жұлды-айлап қазақтың атпал азаматтарын атып жатқан Алматы содырлары не бір қариясы әлгі қаныпезерге "тәйт" деп айта алмады. Жазушы қауіпті кәсіп екенін енді аңғарған боларсыздар! – деуімен де келісеміз.
Біздіңше, жазушы Мұқадес Есләмғалиұлы кітабының басты қасиеті – бұқара мұң-мүддесін ханға өз аузынан жеткізетін, сауал-жауабын ыждағатты әзірлеп апаратын халықтың принципшіл жоқшысы – Әйтеке би образын ою. Керемет образ, сындарлы көркем бейне – жазушы қолтаңбасы. Ол керек десеңіз, қаламгердің туған жерінің Жиембет, Сырым шешендік өнерінің, Кіші жүз ділмарлық философиясының көрінісі. Орыстың аузы алты қарыс сыншылары жазушының әдеби дүниесін жүндей түткенде, орыс әдеби тарихының көрнекті өкілі Н. М. Карамзин «Баспагерлерге хат» мақаласында: «Хорошая книга есть самая лучшая критика на дурные книги» деп айтқан. Әлгі дүлдүл ақын Мұқағали: «Ақынмын деп қалай ғана айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым» десе, Мұқадес романы жазушы қайта қаластырған халық романы болып шықпай ма? Бұл романды философиялық қарымы ұлан-ғайыр Әбіш Кекілбаев талдаса бір жөн. Біз сырттай сипаттаудан әрі асар түріміз жоқ. Би-шешен феноменін әлі ешкім айырып та, қайырып та берген емес. Бұл институтты алғаш зерттеген ғалым Мұхтар Мағауиннің де бидің ханнан, уәзірден, баһәдүрден айырмашылығын ашқаны да шамалы. Бергі ғалымдар бидің өзін хан мен уәзірдің арасындағы алқа топ секілді әңгімелейді. Ал, біздің түсінігімше, Мұқадес биді Абайша толғайды. Кемеңгер айтпай ма; «Уайым-ел қорғаны есі барлық» деп. Сөйтсек, өмір тұрлаулы уақытта хан қамсыз, уәзір ханға келген өтініш-арызды жасырумен жанын жалдайды. Ел қансырап жатыр, жоқ-жітік, құл-күң күңіреніп жатыр, Ханға алыс, баһәдүр аңғал, уәзір зымиян. Енді не істеу керек? Осы кезде сахнаға ел арашашысы - Би ұмтыла алға шығады. Өйткені, ол ел адамы, көрген-бергені мол, өзі ұрыса кетсе-батыр, қаржасса-тілі алдаспан. Оның бәрінен де артықшылығы – халқы-артында, қамы-алдында. Осындай Әйтекедей билер бізде қазір бар ма?
Қайыра-қайыра оқисың. Толғанасың. Тәубаңа келесің. Сәт сайын әсер дариясында жүзіп, шын мәніндегі адами тұлғаңа енгендей сезінесің. Сондай шақтың сәтті бір күнінде Әйтеке жайында қолға қалам алдық. Ол, ол жайында жазу тарих тұңғиығына сүңгу болып шықты. Ол туралы жазу тарихи тұлғалар туралы тынымсыз ізденіс болып шықты. Мақсатты бағытта жүзжылдықтар қойнауындағы алыптармен "тілдесуге", "сөйлесуге" тура келді. Кітаптың алғашқы бетінен-ақ Тәуке хан, Төле, Қазыбек, Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге, Мәті, Болпыш, Ақсуат, Майлы, Сұпы-Әзиз, Қожаберген, Малайсары, Шолан, Дат секілді талай билермен, батырлармен бірге "жүруге", "сырласуға" тура келді. Өйтпейінше, ұлы би туралы сыр суыртпақтау мүмкін емес екен. Әйтеке олармен тағдырлас екен. Олар бір-біріне жарығын, жылуын төгіп тұрған Шоқжұлдыздар екен. Ал, тағдырластарды бір-бірінен даралап қарай да, тани де, жаза да алмайды екенсің. Бұлардың әрқайсысының өмірі ел тарихымен, халық тағдырымен, қандастарымыздың шежіресімен бірге өріледі екен. Қолдарыңыздағы мүкәмал - тек Әйтеке бидің гана емес, ел тағдырының, теңдессіз тарихи Тұлғалар ғибратының бір парасы. Әлқиссасы деп қабылдасаңыз да ырқыңыз. Парақтап көріңіз, құрметті оқушым! Қаншалықты кәдеңізге асарын кім білсін, бірақ қайыра бір парақтарыңызға мен кепіл! -
деп жазады автор туынды алғы сөзінде.
1.3. Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» романының тілдік ерекшеліктерінің бірер қыры
Қазіргі әдебиетіміздегі тәуелсіздік кезеңінде шығармалардың өте аз жазылғаны бәрімізге белгілі. Орта буын қаламгерлер шығармашылығы әдеби тұрғыдан әңгіме арқауына ілініп жүргенімен, солардың ішінде М.Есләмғалиұлының шығармашылығы тілдік тұрғыдан терең зерделеу нысанасына іліге қойған жоқ.
Көнерген сөздер – тілдің тарихи даму үдерісінде қолданыстан шығып, не қолданысы шектеліп, қолданыс аясы тарылып кеткен сөздер. Көнерген сөздердің қолданысы уақытқа байланысты, сондықтан олардың тілдік қабаттары ала-құла болады. Көнерген сөздердің осы бір тілдік қабаттарға өтуі тоқтаусыз жүріп жатқан үдеріс болғандықтан, сөздердің сырылып қалуы бірқалыпты жүрмейді. Осы бір ерекшелік барлық сөздерге қатысты болады, яғни, бір сөздер тілдің лексикалық құрамында үнемі өз мәнін сақтап қолданылады да, кей сөздер өз мағынасын ауыстырып, не мағынасы кеңіп, не тарылып сақталады. Сөздің бұл қасиеті барлық тілдік қабаттарда орналасқан сөздерге тән болмайды. Бұл ерекшелік барлық сөздерге тән болмағандықтан, бірқатар сөздердің тарихи оқиғаға байланысты көнеріп отыруы үнемі тілдің лексикалық құрамында жүзеге асады. Сөздердің тарихи оқиғаға байланысты қолданыстан шығып қалып отыруына орай көнерген сөздер тарихизмдер және архаизмдер болып бөлінетіні белгілі.
Жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» шығармасы тарихи тақырыпқа арналғандықтан, көнерген сөздер көптеп кездеседі. Жалпы алғанда, қазақ әдебиетінде тарихи тақырыптарға арналған шығармалар көп емес. Олардың ішінде шоқтығы биік шығармалар Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясы, Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» тарихи дилогиясы, Софы Сматаевтың «Елім-ай» романы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы, Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» дилогиясы және соңғы кезде жарық көрген Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» романы.
Біздіңше, Мұқадес Есләмғалиұлының тарихи шығармасындағы көнерген сөздер қолданысындағы басты ерекшелік - олардың лексика-семантикалық топтарының саны сан салалы болып келуі. Мәселен, М.Есләмғалиұлының «Әйтеке би» романында архаизмдер өте көп қолданылады. Жазушы шығармаларында бұл тілдік қабат біршама қалың болғандықтан, оларды «жаугершілік-әскер мәндегі сөздер», «қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты сөздер» тұрғысында таразылай зерделей жіктеуге болар еді. Сондай-ақ, оларды «әскери», «тұрмыстық», «діни», «заңнамалық» секілді түрлерге бөліп те қарастыруға әбден болады.