Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 114

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- Адамға тәттінің жақыны – туыс. Туысыңмен әуелде туыспау керек, туыстың екен, сөз қуыспау керек. Туысыңмен кетіссең, басың азаяр, құрмет тұтып сыйлассаң, қасың азаяр. Көп жағдайда сорлайтындар – ағайын ащщы, мал тәттіге бой алдырғандар. Ағайынмен той тойлас – саудаласпа, жауыңменен саудалас – той тойласпа! [3, 347].

-Көп сөзден кейін айтсақ та, оясызды тезге келтіріп, оялыны жалпақ елге танытатын – ақыл. Ақылдының ажары – жарқыраған көлге тең. Ақылсыздың ажары бұлт пенен буға тең. Ақылсызға айтқан сөз құмға сіңген суға тең. Ақылдыға айтқан сөз Алаш ұстар Туға тең [3, 347].

- Сұлу сұқтануға жақсы, ақыл жұптануға жақсы. Ақыл тыңдау айып па, парасатпен көңіл қой, данышпансып халыққа ақыл айту өлім ғой [3, 347].

- Ақыл нұрлы кезінде суымайды сезім де. Тұман түбі – жұт, ақыл түбі – құт. Ақылды ажырамас, айнымас серік қыл, тек көпке ақылсымси көрме. Ақыл – ажарың. Ақылсымсысаң, ажарыңа дақ түсіргенің. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен жарасар бақытты өмір...Әттеген-ай!.... Кейде солай дей тұрсақ та, нәубәттің бәрі жайсаңға, мәулеттің бәрі найсапқа бұйыратынын қайтерсің! [3, 347].

- Ақымақ жұбатқанша, ақылды жылатсын, жаманнан сөз естігенше, жақсыдан таяқ же [3, 347].

- Ақылындай сыппастың, ауыр жүкті таппассың [3, 347].

- Жақсы адамның жанына жаттың ауырғаны да батады. Тауда арқардың мүйізі кетілсе, үйдегі ешкінің тұяғы сырқырайды [3, 347].

- Тана сүтімен емес, ана сүтімен ақыл дарыған асыл. Ақыл менен мінез – бірге туған егіз. Мінездің жақсысы мен жаманы – ақылдың жемісі. Ақыл – тамыр, мінез –жапырақ. Жаман мінез – ақылсызға берген Алланың жазасы [3, 347].

- Дән піскенде сабағы төмен иілер, жаман адамға жал бітсе, тұмсығын көкке үйірер[3, 347].

- Жақсының серігі – әманда ақыл, қанағат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, татулық, бірлік. Ер жігітке төзім – тірек, сабыр – қамал, ақыл – әл-қуат, ар-абырой – қазына, қанағат – асыл тас, бата – мұра, әдеп – сән, жалған сөз – дерт, ақиқат – ем, үміт – көңіл азығы, сезім – бұлақ, қиял – шырын, тілі – жүрегінің елшісі [3, 347, 348].

- Көңіл әрдайым обыр, кіршең.

- Жүгенсіз кісіден жетекке ерген хайуан артық. Есерді жөндеген – өлікті емдегенмен бірдей.

- Жақсы адам қашанда өзгеге шарапат тигізуге ұмтылар. Қолыңнан келсе, зағип көретін, керең еститін іс тындыр. Жақсылық жасасаң - жасыр, жақсылық көрсең – асыр.


- Қадым заманнан келе жатқан бір нақыл бар: шыққан күннің шырқын бұлт бұзады, адам сұрқын орынсыз кек бұзады.

- Сайқалданып кек бүкпесең ішіңе, сыйлар сені үлкені де, кіші де. Тексізде жүйе жоқ, кексізде кие жоқ жадыламай болмайды. Кек – Армен серіктес болғанда ғана киелі.

- Өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге қылаудай жамандық тілей көрме.

- Жадыма құрт түсетін шаққа ертелеу секілді еді, аурудың аяқтан шалғаны – миыңа зақым салғаны.

- Шындық пен жалған сөз жайында айтыңыз. Ата-бабадан қалған киелі ұлағат қисапсыз. Бір-екеуін жадылайын. Жіп түйінсіз байланбайды, сөз шындықсыз байланбайды. Мәті.

- Әркімге бір жая салатын жүрек – дастарқан емес. Сырын білмей сыр айтпа, күндердің күнінде не деспесіңді біліпсің, қайраулы пышағыңды мұқалтпа, күндердің күнінде не кеспесіңді біліпсің! Өз ішіңе сыймаған құпияң өзгенің ішіне қайтіп сыймақшы.

- Суды көп кешсең – шалшық, сөзді көп сөйлесең – тантық.

- Тойымсыз нәрсе – нақыл сөз. Би қарақұйрықтың шап терісінен жасалған шаршы сүлгімен қайтадан сөз арасын термелей жорғалады.

- Қазекем қой күзетіп отырып та небір ойды, небір сөзді кестелеп кетіпті-ау. Сөз бұлағы – ой. Ойдың бәрін қайтіп сарқасың. Ой бұлағын тауысам десең, жаңағы айтқан сөзің тантыққа айналады. Сөз – жаныңның айнасы. Әрдайым көркем сөйлегеннің бәріне ылықсаң – қателескенің. Көркем сөйлеп, кеспірсіз іске баратындар да аз ұшыраспайды. Сөз қасиеті көркемдігінде, ой қасиеті шындығында жатады. Ой мәйекті, сөз дәйекті болмаса кім ығылушы ет!

- Мәні кеткен сөз – қызуы жоқ қысыр сөз. Қысыр сөз түлеген жыланның түгіндей кез келген шөп-шаламның басында қалады. Суды үнемдеген отқа күймейді, сөзді үнемдеген дауға күймейді. Тілді біреу, құлақты екеу ғып жаратқанда, аз сөйлеп, көп тыңдасын дегенді меңзегені шығар әу баста. Даналар аз сөйлепті. Аз сөйлесе де мәз сөйлепті. Сөзің арыса, елің тозады. Бір сөзді сан сөзбен езбелеген өнер ме, сан сөзді тары қауызындай бір сөзге сыйғызғанды нағыз шебер де! Абыздардың әр сөзі шілдедегі құс жолындай сайрап жатады, әмәнда. Аз сөйлесек, біз төре сөзімізге, бөсіп кетсек, сөз төре өзімізге деп ескертеді екен бағзыдағылар. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір. Көп шайна, аз жұт – түйілмессің, көп ойла, аз сөйле – жаңылмассың дегеннің аузынан айнал. Сөз жөніндегі сөзді, асылы, бүгін ойлап, ертең айтқан озады. Кешкі ой – тақыл, таңғы ой – ақыл. Өнімсіз сөз – өлген сөз. Сөзің өлгенше өзің өл.



- Үлкеннің жолын кеспе, атаусыз қаласың. Арал батыр

- Кішінің жолын кеспе, жоқтаусыз қаласың. Сақалдының бәрі сәуегей емес, ақыл айтқанның бәрі данагөй емес. Орынды жерінде үлкеннің жолын неге кеспеске. Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса, сақа қой, жасы кіші демеңіз, ақылы асса, дана ғой. Үлкен мен кішінің арасындағы сыйластықтың тең қазығын бекіту. ...Кәрі сиыр соқпақшыл, кәрі адам тақпақшыл.

– Ел жайы – ер-азаматтың күндіз есінен, түнде түсінен шықпайтын киелі ұғым.

- Қазақ – тұлпар, сұңқар. Өткен – ереуіл, қалған – салауат. Қазақтың басынан кешпегені тозақ оты ғана.

- Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды, тұлпар ерді сақтайды, ер елін сақтайды. Елді сақтар ерлер аман жүргей.

- Сайыпқыран ерлері бар ел тыныш. Елің тыныш, халқыңның иығы бүтін болса, көрде жатсаң да аманмын де!.... [3, 350].

- Батыр жау бар да сыйлы, би дау барда сыйлы. Өсер малдың атан қумас бурасы, атын қумас айғыры болады. Өсер елдің дау жаңғыртпас биі, жау жаңғыртпас батыры болады [3, 350].

- Атқа міндің – ажалға міндің. Атқа тақым артарда ажалым ғана өзімдікі, басқаның бәрі елдікі дегенге бейіл, бақұл бол! [3, 350].

- Қасиетсізден хан қойсаң, қайырлы болмайды, үлгісізден би қойсаң, өсиеті болмайды [3, 350].

- Ханның күші – тағында, бидің күші білімі мен бағында. Би болғың келсе, білімдінің сөзін жатта, білгеннің сөзін хатта [3, 350].

- Білім пайғамбардан, байлық бақылдардан қалған мұра. Есті адам көпке тартады, ессіз адам текке тартады. Үйіңде атаңның намысын қорға, түзде Отаныңның намысын қорға дейтін де – тамыры бір түркі жұртың. Атаң қазақ атты тісіне қарап таниды, ерді ісіне қарап таниды. Ел ерікті жігітті сыйлайды. Ер еріксіз жаралса, ел көріксіз [3, 350].

- Жолдасын таппаған ер азады, басшысын таппаған ел азады [3, 350].

- Атасы бас имеген жерге тізе бүккен ер емес. Ондайды ез дейді [3, 350].

- Ер болу – өркеуде болу да емес. Дауға да, жауға да жолығатындар – сондай өркөкірек патшағырлар [3, 350].

- Бұғы мүйізін кім сындырғанын ұмытпайды, ер атасын кім қорлағанын ұмытпайды. Өз халқыңды өз ете алсаң ғана жат елге құл қылмайсың. Халқы соқыр елдің ханы қыли. Ел ағасы ақымақ болса, елін жау түгіл жолаушы тонар [3, 350].


- Құс жаманы ұясына саңғиды [3, 350].

- Ешқашан жауым көп екен деп құлдық ұра берме! Құлдық ұрған көбейсе, жұтағанның белгісі [3, 350].

- Елің үшін жеген таяқтан денеңе жара түспес. Жақсы елде туған жас мерт кетсе де құл болмас [3, 350].

- Қара жерден нәрін ал, халқыңнан тәлім ал [3, 350].

- Жалғыз ағаш орман емесі секілді, жалғыз адам елге қорған да емес. Жұртқа, елге қорған болар ер-азамат жақсы жолдас, сенімді серік іздер [3, 350].

- Турашыл дос тұрақты, туған бауырың сияқты [3, 350].

- Біреуді білгің келсе достасқалы, істес бол не жолға шық қос-қостағы [3, 350].

- Ұзақ жол, қилы асу, қиын соқпақ қана ердің кім екенін, ездің кім екенін танытады. Таныған, тапқан достың ешқашан көңілін жықпа. Досыңды өкпелеткенің – жауыңды қуантқаның. Арлы адамға ауыр сөз сүңгіден де ауыр тиеді. Араздасса адалдар – арамзалар далаңдар [3, 350].

- Досың сені өкпелетпесін десең, көзі соқырға жолдас бол, тек көңілі соқырдан іргеңді аулақ сал! Бедері жоқ торқадан, берік болса бөз артық. Ешқашан досыңның қытығына тиме. Қытығына тисең, құмырсқа да шағады. Жолдас-жорасыз өткен жұмақта да жабығады. Қалтырардай жауларың қорғасыннан ауыр бол, ал досыңа әрқашан туысынан да тәуір бол. Досыңмен бәрін бөліс. Тірлікте бөліспесің – көрпең, өлгенде бөліспесің көрің ғана. Досың сенен бір кезде сырт айналмасын десең, ешқашан саған жамандық жасауға дәті жетпестей ғып жақсылық жасап қой. Тек жақсылығың сатулы болмасын. Сатулы достық сыртқа шыққанша ғана. Достығың сатулы болса, есек есекті несиеге қасиды [3, 350].

- Адамның бәрін дос тұт, бауыр тұт. Тек жұрттың бәрін дос деу – ағаттық, жұрттың бәрін жау деу – топастық [3, 351].

- Екінің біріне бұйырмайтын дос - білімді дос. Жаратқан ием пендеге көзді де, құлақты да екеуден берген. Білімді достың құлағы да, көзі де төртеу дер ем. Жамандармен жұмақта жүргенше, білімділермен жаһаннамада жатқан артық [3, 351].

- Бір ақылдан залал жоқ, кіл ақылдан жаман жоқ [3, 351].

- Бұрынғылар еркек сертке, әйел етекке сараң болсын деген емес пе! Серт берме. Бердің екен – жұлының үзіліп кеткенше орындап бақ. Сертін орындамағанға иман бұйырмайды. Орынсыз серт – дертке, орынды мырзалық көкке жеткізеді, шырақтарым [3, 351].

- Армансыз адам азады. Қаншама арман бізден де желқанат періштеге айналып, көзден бұл-бұл ұшпады ма! Мына қасқағым тірлікте қаншамасы уысымызға ілікпеді. Қаншамасы тар маңдайымызға сыймады!..Ол неғылған арман, тіршілікке деген ашылған тойымсыз аран ғой демеңіздер. Арманның бәрін түгендей алмаспын [3, 351].

- Арманның ең үлкені мен үшін бір-біріне тарылғанда өрісі, торыққанда тынысы бола ма деген алты Алаштың балаларын бір шаңырақ, бір Тудың астына қайтадан жамырай табысқан шағын көре алмай бара жатқаным. Анық көргенім – қазаққа айнала қадалған екі көздің бірі жау екендігі. Соны көріп-біліп жүріп, өзара алауызбыз.
Алтау алауыз болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді [3, 351].

-Бір кезде Еділде тұрып оқ атып, жебемізді Жайықта жоғалтқан қазақ едік. Орда жұрттың алшаңдаған өр заманы өтіп, кер заманы келе ме деп қорқам [3, 351].

- Соншама жерден ат соқтырып, тақым қажатып, тоқым тоздырып, текке қыдырып жүрген желбас нәсілдер бұлар емес [3, 352].

- Мына дүниеге қонақ боп келіп-кетер пенде үшін өлім – ортақ, дау – кезек. Сондай кезде біздің жақсымызды үйренер, жманымыздан жиренер... [3, 352].

- Адам боп дүние есігін ашқан осң, заманның қанасынан сырт қала алмайсың [3, 352].

- Атасының малын түгендеп, содан тышқақ лақ, тоңғақ құйрық қозы шетінемесе екен деп қана өңмеңін үзумен өтетіндерді қайтып тілдемесің! Менің де сондағы көкірегінде көзі бар дегендермен бірге заманның алдын барлап, соңын шолып, қауымның қамын ойлап айтқан бір болжамым еді. Бірақ, асып айтқанымды қалдырып, басып айтқанымның керегін алудың орнына әрқайсысы өз алапысын көксейтіндер мен арзымсыз мінез, аяр қылық, бәтуасыз шындықты перделегендер дес берді ме! [3, 352].

- Бірліктің қадырын салмақтай алмағандар көнекті сырттан салды. Мұның соңы есек семірсе, иесін тебеді, ессіз семірсе, киесін тебедінің керіне соқпаса жарар-ды түбі [3, 352].

- Әйтеуір сол бір істі шешерде бай саңырау, бек содыр, төре тарпаң, сұлтан сайқал, солардың сойылын соғуды тірлік мәні деп ұққан салбөкселер иегінің астындағыдан басқаны көрмейтін зағипқа айналды да шықты емес пе! Оларға қабағының қыбы, сөзінің бәтуасы жоқ, қысқы күнде түйежапырақтың көлеңкесінше қырық құбылатындар қосылса не шара! [3, 352].

- Қолың сынса қайта бітер, сағың сынса қайтіп бітер! [3, 352].

- Жүрекке түскен дық та бір, жаңғаққа түскен құрт та бір [3, 352].

- Күн көзі құрғата алмайтын көз жасы бар: ол – елдің көз жасы [3, 352].

- Күйе киімді жейді, күйік жаныңды жейді [3, 352].

- Тот – темірдің соры, шер – көңілдің соры [3, 352].

- Өсер елдің ақыны көп, өшер елдің әкімі көп [3, 352].

- Атқа тақымы ілінгендердің бәрі жерқұдіретке айналуды көксейді [3, 352].

- Қызына сөйлегеннен тұжыра сөйлеген артық [3, 352].

- Жалпақ жұртқа жасаған да жақпайды [3, 352].

- Жел еседі, із өшеді [3, 353].

- Жастық өтті «хош!» деген жоқ, үлкендік келді «Тос!» деген жоқ [3, 353].

- Әмәнде пендеде тірлік қысқа, тілек көп. Тілектің түбіне жеткен кім бар? Ер-азамат тірлікте жеткеніне шүкіршілік еткені лазым. Нағыз ер ажалына да күліп барады [3, 353].