Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 117

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
( «Өмірдің басы – бала, ортасы – адам», «Анық байлық – бойға біткен өнерің», «Бет сұлулығы – тән сыйы емес пе, дауыс пен сөз сұлулығы – жан сыйы ғой.Әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екенінде дау жоқ.Бірақ бет сұлулығын әркім-ақ таниды, ал сөз бен ән сұлулығын танушы аз»), Ғабит Мүсірепов ( «Соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз», «Есті сөзді естігісі келмеген адам – саңырауға тең», «Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен қыздың белгісі»), Бауыржан Момышұлы («Қайрат етер кезінде – жүк көтерер нардай бол, ақыл айтар кезінде - жүз жасаған шалдай бол», «Әдіссіздік -әлсіздік», Мұзафар Әлімбаев ( «Ескерткіш тозса да, естелік тозбайды», «Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады», «Әркім өз ескерткішін өзінің көзі тірісінде өз қолымен қалайды», «Ұста сөз - ұстаз», «Ұстаз ұқтыра алмағанды өмір ұқтырады», «Естілер еңкейген сайын, еңселене түседі», «Ұлтын білгің келсе, ғұрпын біл»), Қадыр Мырза Әлі ( «Мақсаты кішіден үлкендік шықпайды», «Адамдарды тоқтықпен де жазалауға болады», «Қайғының кішкентайы болмайды», «Мықты қарт мықты жастан шығады», «Әкені ұлы жеңгенде немересімен жеңеді»), Әбіш Кекілбаев («Қандай заманда да өз бақыты жолында күресе білмейтін адамның өз өмірін мазмұнды, мағыналы ете алуы еш мүмкін емес», «Дүниедегі ең қатерлі кесапат – үйреншікті дағдының дегенінен аса алмау», «Жаманның құтын қашырудың жалғыз жолы – жақсының нұрын тасыту», «Кісілік деген – өнер емес, ғылым») афоризмдерінен де тұңғиық тереңдік пен тектілік айқын аңғарылады. Бүгінде афористиканың жанрлық жіктелуі ұғымдық және терминдік тұрғыдан әлі жан-жақты терең зерттеліп, ғылыми қалыпта жүйелене қойған жоқ. Бұл оның негізгі жанры афоризмге де қатысты. Қолданбалық мәніне молырақ назар аударылатын өсиетнамалық афористикалық шығармалар өсиет, кеңес, нақыл түрінде айдарлануда. Сондай-ақ афористиканың қанатты сөз, гнома, апофтегма, хрия, максима секілді жанрлары да бар. Мәселен, «гнома» ( грекше gnote – пікір, түйін) – ықшамды түрде ұйқастырып айтылған екі немесе төрт тармақты өлеңмен келетін нақышты сөз. Араб, парсы, үнді әдебиеттерінде жиі кездеседі. Ежелгі грек, Рим поэзиясында да қолданылған. Кейін Еуропа әдебиетінде де өткір философиялық ой-тұжырымды қысқа қайырып айту үшін де қолданылған. Біздіңше, афористиканың өміршеңдігі оның танымдық ерекшеліктеріне байланысты. Афористика – өткен ұрпақтардың өмір тәжірибесін, мәдени және өркениеттік ой қазынасын жоғалтып алмай, жаңғырта отырып, келер ұрпақ кәдесіне жаратуға мүмкіндік беретін бірегей тиімді тәсіл, ақыл-ой диалектикасының алтын көпірлерінің озығы. Афоризмдерді кәсіби маманның қысқа да нұсқа шешен сөйлеуінің озық үлгісі дедік. Көркем шығармада бұл кейіпкер сөзінде көбірек көрінбек. Бұл ретте нақыл сөздер – тиімді ғылыми тезистер іспетті. Ғылым сенің керегіңді қайдан іздеп, қайдан табатыныңды көрсетіп береді. Басқасы талпыныс, ойлау, жітілік, табандылық, зейін арқылы табылады. Халықтың асыл қасиеттері, мемлекеттік шаралардың аса мәнділігі, жиналаған топтың құлшыныс-зауқы шешеннің сөзіне ерекше екпін, әрлілік үстейді. Ғалым алдында тіліңді, ұста алдында қолыңды тый дейтініміз содан. Ал, шешен топты өрнекті ойларымен иландырады, оның ұлылығы асқан шабытпен, құлшыныспен, пафоспен өлшенеді. Демек, сөзінің оттылығымен, жарқылымен, күшімен, көріктілімен баурап алады. Асылы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы:
«Бұлбұлдан шешен бір құс жоқ, бармақтай-ақ қарасы, Оқтан жылдам ажал жоқ, тырнақтай-ақ жарасы», - деп тегін айтпаса керек-ті. Бұл ретте де Шәкәрімнен «Шешеннің нақылы ортақ, көсемнің ақылы ортақ» деген тұжырым қалған. Нақыл – ой тұнбасы. Тұңғиық ойлар – өзін ештеңемен суырып ала алмайтындай тұрғыда ақылға сіңірілген мық шеге. Құстың қапелімде жерге түсіріп алған жалғыз дәнінен кейде уақыт өте келе тұтас бір орман, жаңа бір туынды өсіп шығады.Кемеңгерлердің нұрлы ойларымен танысу таңғажайып ой жаттығуы іспетті. Ақылды құнарландырып, ойды сындарлы етеді. Жасқа да, жасамысқа да қажетсіз ой болуы мүмкін емес. Мақалдар – мол өнеге көзі, басқаша айтқанда, нақыл сөздер ой толғауға баулымақ. Л.Н.Толстойдың бірде: «Менің өзгенің ақылымен өмір сүргім келмейді, қажет болса, өзім ойлап аламын» дегенді жастар тарапынан жиі естиміз. Ойлап қойылғанды ойлап жатудың қажеті қанша? Барды ал да, ілгері жылжы. Адамзаттың күші осында» дегені бар-ды. Ендеше, аталы сөз – тоғыз қабат қорғаның. Қасиетті сөздер өздерін қайталаттырып оқыттырады. «Әйтеке би» романына бас көтерместен қадала қаларымыз да сондықтан. Нақыл сөздер –афоризмге негіз болар түйін көзі. Афоризм – өнер иіріміндегі философия не философия иіріміндегі өнер. Афоризм – философия поэзиясы. Егер де жақсы кітап – ұлттың антологиясы десек, әрбір ойлы афоризм – жеке бір жақсы кітап іспетті. Афоризм - тілсіз тәлімгер. Жақсы сөз - жанның тынысы. Демек, жақсы сөз айта білгенге не жетсін! Дәйексөзді өзгенің сөзін орынсыз қайталау деу де бар. Асылы, жаман сөз қанша болса да, жақсы сөз де сонша. Ұлы іске ұлағатты сөз керектігі де даусыз. Монша тәнді сауықтырады, жақсы сөз жанды сауықтырады деп босқа айтылмаса керек. Қысқасы, білімдінің сөзі – оң, білімсіздің сөзі – тоң екенін ескергенге не жетсін. Ал, нақылдап сөйлеу шешендікке әкелмек. «Шешендіктен не пайда, артында сөз қалмаса?Батырлықтан не пайда, халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, шариғатты өзгертіп, нашарларды алдаса?» демей ме атақты Төле би. Нақылдап сөйлеу ұрпағымыздың тұлпар, сұңқар сынды жетілуіне жетелемек. Бұл ретте Майқы би бабамыз айтпай ма: «Тұлпардан тұлпар туады, сұңқардан сұңқар туады.Асылдан асыл туады, жалқаудан масыл туады. Масылдан малбақпас туады, тілазардан қылжақпас туады. Сараңнан бермес туады, соқырдан көрмес туады. Мылжыңнан езбе туады, қыдырмадан кезбе туады » деп. Демек, біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.Өзің білмесең, білгендердерден үйрен, үйренгенннен ештеңең кетпейді деген сол. Жинақтай айтсақ,

афористика – даналық тұнбасы. Ұшқыр ойды көркем образға айналдыру өнері. Даналықтың тылсым құпиясы осы өнерде. Даналық тұнбасының мөп-мөлдір бұлағынан нәр алу, астарлы да ажарлы ой құнарынан нұр алу қашан да жан байытар, жігер жандырар, өміри көзқарасыңды қалыптастырар, күрмеуі көп тіршілік құпияларын танытар қастерлі дәстүр. Ата-бабамыздың, адамзат баласының жер бетінде өмір сүру тәжірибесінің қыр-сырларын көңіл көзінен өткізгенге не жетсін! Тарих төріндегі талай марқасқа бабалардың ғана емес, заманы бір толымды заңғарлардың ойына ортақтасудың өзі қандай! Демек, бүгінгі жастарды – ертеңгі кәсіби ұлт тұлғаларын, Абай ғұлама айтқандай, «табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам» ретінде баулуда осынау ұлы мұраның, даналық ойлардың орны орасан. Ендеше, афоризм – шынайы шипагер емші. Аталы сөздің атан түйеге татитындығы да осында. Олай болса, күллі әлемге белігілі қоғам қайраткерлерінің, нар тұлғалы азаматтардың өмірдің ащы-тұщысын көргендігі, тәжірибесінің молдығы, көңілге түйгенінің тереңдегі, одан алған тағылым – тәжірибесінің ұланғайырлығы алдыңғы ата-бабалардың даналық қазынасына құлақ қоюынан, әлемдік өркениет-мәдениет тұңғиығына зер салуынан, замандас әріптестерінің елең еткізер ойларына сыни көзқараспен қарай алуынан деп білеміз. Ел үшін тер төгуде, тіпті күнделікті тірлікте сәтті ой өруде, онсыз да жетпей жататын уақыт шіркінді үнемдеуде, тұйықтан шығарар жол көрсетуде мол жәрдем етер осыншама асыл рухани мұра үзіктерін, алтынның жарқылдарын ерінбей-жалықпай топтастыру, арнайы зерттеу нысаны ету, келешек жастарға үлгі ете ұсыну қолдарлық іс. Осы үрдістен туындата ой өрсек, жазушы Мұқадес Есләмғалиұлының «Әйтеке би» дилогиясында қаламгер тарапынан қолданыс тапқан афоризм – қанатты сөздер тізбесі бір шоғыр . Мәселен, жазушы тарапынан қолданылған қанатты сөздер топтамасы төмендегіше:

- Би болсаң, арқаң салқын,құшағың жылы болсын [3,6].

- Сенің шешен болғаның –

Шер халқыңның арқасы.

Сенің көсем болғаның –

Ер халқыңның арқасы [3,6].

- Сына түскен жерге құрт үйір [3,9].

- Киелі бұлақ киелі мақұлығын аш қалдырушы ма еді [3,9].

- Балық екеш балыққа да бірлік керек екен [3,10].

- Бірлікті айтып отырып мәмлесікенде, тірлікті айта отырып, тәлімі кенде қала беретіні несі көп жағдайда? Бірлігі жараспағанның Алла жаратқан ырыздығы маңдайларына сыюшы ма еді! [3,10].


- Ақылды құс қанатын, ақылды адам сөзін аяйды. Тіл қатпай тыңдағаныңыздың соңында тастан ауыр ой, судан терең шешім жатыр деп аттанбақпын [3,13].

- Дәтке - қуат, тіршілікке – тәубе, көкесі! [3,13].

- «Ымыңды түсіндік, ебіңді түсінбедік » дегендей естілген мына сөзге Әйтеке оқшырая қарап, іштегі сыр мен сынды, сыз бен әмірді енді созбақтай бергісі келмей лақ еткізе салды [3,18].

- Тоқ кісінің еңсесі езілгені ауыр соғады екен: екеуі де иықтарынан дем алып, ентігісіп қалды. [3,18].

- Қарын тойса – ой шабан: аяғына қан ұйыған жылқыша кібіртіктеп, алысты меңзетер, болжатар емес жуық маңда [3,18].

- - Ал, меймандар қонамын десеңдер – төр сендердікі, жүремін десеңдер – жол сендердікі. Жауыңды көп ұстама – сырыңды алады, досыңды көп ұстама – жолынан қалады [3,18].

- Алла разы – біз разы.

- Бағың мен барыңа кие қонсын! [3,18].

- Ит аузына түскен соқта жаншылмай шықпайды [3,21].

- ... Айтсам, оның азулылығын айттым. Айтсам, оның шар болатты да сындырмай иетін шешендігі мен билігін айттым. Айтсам, жеті атасына әруақ қонып, Алла қолдаған адам екенін айттым [3, 22].

- Қазы мен қарта қанша тәтті десеңдер де, айналып келгенде бар болғаны боқ қарынның қабы ғана. Әйтеке сырттарың жылтыраған, тілдерің тәтті болса да, іштерің толған боқ екен депті сендерге! Әне, ұрмай-соқпай жазалау деп соны айтады [3,23].

- Сөзің – ашутас, тілің – тотияйын –ау, усойқы! [3,23].Ер мұраты – орнын басар тай барын көріп өту [3,346].

- Балықтың күні көлімен, бидің күні елімен демекші,кемді-кім сол елдің арқасында қамшы ұстап, билікке араласқан көптің біріміз-дағы,шырақтарым! [3,246].

- Көптің шуы, дүрмектің дуы арта қалды. Ауру еттен өтіп, сүйекке жетті. Бірақ мешкей асқа тоймас, жаман жасқа тоймас дегендей, өмірден өтемін екен деп өгейлеп отырған ағаларың жоқ [3,346].

- «Көрген жарық, татқан дәмге қанағат. Адам өмірі- өзгенікі, ажалы ғана өзінікі» деген аталы сөз бар халықта. Мен де өмірімді өзгеге жарата алдым ба – жұмырықтай жүректі тырналайтын сол ғана. Өздеріңдей өрімдерді көргенде ғана ортам толып, ойымдағы болғандай өсіп қалам....[3,346].

- Халқымыздың қайта тумас үш дарағы – Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөйлер {3,3}

- Тілі сайын сахараның саумал самалындай есетін Гиперид [3,3].

- Сілтеген тұсын түп-тамырымен қиып түсетін Дикург [3,3].

- Афиннің небір асыл сөзін суша сапырған Фемистокль [3,3].

- Сайысқанның төбесінен күн күркіретіп, найзағай ойнатқан Перикль [3,3].

- Даналықтың шетсіз-шексіз дариясы саналған Платон мен Аристотель»[3,3].


- Шешендіктің қыран қанаты жетпес шырқау биігінде самғаған, сөздеріне бір ауыз сөз қосуға да, бір ауыз сөз алуға да болмайтын Демосфен мене Цицерон [3,3].

- Астарлы ойының қатпарын ақылдының өзі абайлап барып ұғар, мысқылынан талайдың мысы басылған Эзоп»[3,3].

- Орыс заң тілінің суырып салма саңлағы, анасы қазақ Плевако [3,3].

- Әділдік әлеуетімен қысқа күнде ханның өзін қырық тұрғызып, қырық отырғызған Жиренше [3,3].

- Түгел сөздің түп атасы атанған Майқы [3,3].

- Өмірі халқына жер жәннатын іздеумен өткен Асанқайғы [3,3].

- Жақын деген кім? Жат деген кім? Туыспен қандай қарым-қатынас болғанын мақұлдар едіңіз? Досты қалай таңдауға болады? Атадан балаға қандай мұра лайық? Асыл мен таңсық не? Жаман мінез – оның кешірілмейтіні қандай? Асыл ақық сөзді қалай тануға болады? Байлық деген не? Кедейлік деген не? Қанағат пен разымды бойға қалай сіңірген ақұл? Сыр мен сымбат жайында не айтар еңіз?.... [3, 346].

- Ер намысы мен ел намысы деп нені айтасыз? Сабыр мен төзім, серт пен ақиқатқа қандай сыйпат берер еңіз? Сосын кек пен намыс, ашу жайында тоқтамыңыз қандай? [3, 346].

- Үй күшік кемеңгерден, ел кезген есер артық [3, 346].

- Аурудың өсиеті шала. Шала піскен астың асқазанға залалы көп, шала айтылған сөздің дос-жаранға залалы көп [3, 346].

- Сараман шақтың бізден өткен сәтінде кеп қалдыңдар-ау, қанаттарым [3, 346].

- Өмірдің басы бар, соңы бар: басы – үміт, соңы – өкініш. Өкінбесем де өмірдің қоналқысын күтіп жатқан жайым бар, қарақтарым. Арқа қоздырып, әруақ шақыртар көптің сыйы, дүрмектің дуы артта қалды бүгінде [3, 346].

- Бірақ ақылды тақта отырған патшадан сұрама, тақтан түскеннен сұра деген бар. Патша болмасам да шаршы төрімнен қалған менен сұрағандарыңның да ағаттығы болмас [3, 346].

- Сырқат жанмен сырласу қиын. Аузынан сырдан гөрі саруайым көбірек шығады. Саруайым – жұқпалы құрт. Ондайды қазақ түйе қотырын ботасына жұқтырады дейді. Жаны ауырған Құдайын қарғайды дегенді ескеріп, сөзімнің кесірін өзіме қалдырып, кесімін ғана аларсыздар [3, 347].

- Білгенін бүккен данадан білгенін айтқан бала артық [3, 347].

- Ай түнде керек, ақыл күнде керек [3, 347].

- Ер қартайса да, ой қартаймайды [3, 347].

- Жас ұлғайса – ақыл жасарады [3, 347].

- Жас – әдемі, жасамыс – ақылды [3, 347].

- Тасты қырна, жасты шыңда, кәріні тыңда, атаның ақылы-балаға азық, жолы жазық[3, 347].

- Пәлі! Жөн-ақ делік. Ендеше, мен атадан балаға қалатын мұрадан бастайын сөзімді. Бата – құранның анасы, айтадыердің данасы. Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын. Ботаның құны – бір-ақ жұт, батаның құны - мәңгі құт. Жаңбыр мен жер, батамен ел көгереді. Сосын атадан бұл қалмасын, елін, жерін ойлар ұл қалсын [3, 347].