ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 113
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А.Байтұрсынұлы әуел бастан-ақ, жас өскіннің ойлау тілін, сөйлеу тілін дамытуды, жалпы ана тіліміздің бүлінбей сақталуын тереңнен ойлаған. Бұл орайда: «Сондай кемшілік болмас үшін, әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз», - деп, бүгінгі күні де құнын жоймаған бағалы пікір айтқан.
Педагог ғалымдар пікірінше, тіл дамыту негізі-ойды дамыту. Тілді меңгеру, сөз байлығын арттыру және грамматикалық формаларды игеру-ой дамуының алғы шарты. Балаларды ойлауға үйрету, ойын дамыту-қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірегейі.
Кезінде бұл мәселеге қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарыұлы да үлкен көңіл бөлген. Ол «Қазақ хрестоматиясы» арқылы тек тәрбиелік – дидактикалық мәселелерге ғана емес, ана тілінің тазалығы мен сөздердің дұрыс қолданылуына да айрықша мән қойған.
Ресей жерінде оқушылардың тілін дамыту әдістемесінің негізін салуда, шәкірт ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйрету турасында әдістемелік нұсқаулар беруде, К.Д.Ушинский, Ф.И.Буслаев, Н.А.Корфтардың еңбегі зор.
Қазақ бастауыш мектебінде ана тілі грамматикасын оқытудың алғашқы тұсында-ақ А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Т.Шонанұлы, С.Амаманжолвтар балаларға сөз мағыналарын ұқтырмайынша, дұрыс сөйлеу дағдыларына үйретудің қиындығын айтқан, тіл дамыту жаттығуларының үлгілерін ұсынған.
Тіл дамыту жұмыстарының жігін ашып (ауызша, жазбаша), атқарылар жұмыс түріндегі ой жүйесі мен сөз қолданудың мәнін көрсетуші әдіскер С.Жиенбаев болса, бастауыш сыныптағы «Ана тілі», «Тіл дамыту», «Қазақ тілі» сабақтарында шәкірттердің тілін дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін ұсынушы-әдіскер ғалым Ғ.Бегалиев.
Тіл дамыту әдісі шәкірттерге ана тілінің сөздік қорын, сөз құрамын орфоэпиялық, орфографиялық ерекшеліктерін меңгертуді мақсат етеді. Сондай-ақ баланы дұрыс сөйлеуге, жазуға, өз ойын айтып беруге үйрету жолына бағыттайды. Ғалым С.Рахметова «Тіл дамыту деп балалардың сөздігін байытуға, мағынасын түсіндіріп, сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауыззша,жазбаша дұрыс білдіруге, яғни, нәрсенің жай-күйін, түрін, ісін, сөзбен келістіріп айтып беруге үйрету жұмысын айтамыз» ,- деп баға бердеі. А.Байтұрсынұлы әліппе, Тіл жұмсарларында» оқушыларды сөздің мағыналарын аңғарып, дұрыс қолдана білуге баулитын, тіл дамыту мақстаын көздейтін жаттығу үлгілері молынан берілген. Әдіскер ғалым үш кітаптан тұратын «Тіл құрал» оқулығында қазақ тілінің грамматикалық жүйесін мектепте ғылыми тұрғыда оқытуды, оқушылардың сөздік қорын байытып, сөйлеу дағдысын дамытуды, сөйтіп ана тілінің шұрайлы байлығын танытуды, сөз үйрету, сөз мағыналарының алуан қырларын аңғартуды әркез есте ұстайды. Мысалы, «Тілл жұмсар» кітабында сөздің құрамындағы дыбыстардың өзгеруінен сөз мағыналарының да өзгеретінін жуан,жіңішке дыббысты ұқсас сөздерді байқатады. Мәселен:
а) қозы-көзі
қосыл-көсіл
қазыр-кәзір
қорық-көрік
құрақ-күрек
ә) торы-тері
сұр-сүр
тұр-түр
ал-ел
сан-сән
ары-әрі
бұр-бүр
«Бұл сөздерде буыншылар жазылуы бірдей.Айтылуы қандай? Қатар-қатарымен оқып қараңдар. Айтылуы өзгере ме? Жоқ па? Айтылуы өзгергенде,солардың мағынасы өзгере ме? Жоқ па?» деген сияқты тапсырма ереді.
Ал ғалым «Тіл құралында» ұсынылған тілдік теориялық ұғымдарына оқушыларды дағдыландыру және білімдерін сынақтан өткізу үшін, көпшілік жағдайда, қазақтың мақал-мәтелдерін, құнарлы сөз орамдарын жаттығу ретінде алған. Сондай-ақ әдіскер ғалым қазақ тіліндегі сөздерді толық жіктей отырып, атауыш сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік) түсіндіру барысында сөз мағыналарына шәкірт назарын аударады. Мәселен, «Сын есім» түсіндіру және оқушыларды дағдыландыру мақстаында ұсынылған жаттығулардың барлығы да қарама-қарсы мәнд алынуы ғалымның қазақ тіліндегі антоним мағынасындағы сөздерді оқыту мақсатына тиімді пайдалануға ұмтылысын аңғартады. Мысалы: қатты, жұмсақ, қою,сұйық,бай, жарлы, жақын, алыс, аш, тоқ, арзан, қымбат, қалың , жұқа, зерек,кеще, топас, семіз, арық, қараңғы, жарық, тұнық, лай, кәрі, жас, қиын,оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды ақымақ, есті , есалаң, ескі, жаңа, ұсақ, ірі, таза , лас, сұм, аңқау, қу, меңіреу, жуан, жіңішке, тентек, жуас, сараң, жомарт, мырза, жылы ,суық, тар,кең, бұдыр, тегіс.
Сынау үшін: Аш бала тоқ баладай ойнамайды. Бай кісі балпаң келер, жарлы кісі қалтаң келер.Аз асқа жасауыл болма, көп асқа бөкеуіл болма! т.б.
Ғалымдардың тұжырымдауынша, жалпы грамматикалық ұғымдарды, әсіресе, тілдің дыбыстық жүйесін оқушыларға ұғындыру ісі сөз мағыналарына сүйене отырып атқарылатын жұмыс көрінеді. Тіл оқушыға сөз мағыналары арқылы түсінікті болады. Бұл орайда ғалым С.Рахметова: «Балалардың тілін жетілдіру жұмысы граммтика сабағында да негізгі арқау болып табылады. Оқушы білетін сөздерін тек ауызша ғана сқйлеп қоймай, грамматикалық формаларды орынды қолдана отырып, дұрыс жаза да біоуге тиіс. Ауызша дұрыс қолданған сөздерінен ережеге сай, жазбаша сөйлем құруға, өз ойын тәртіппен жүйелі түрде жазып үйрету арқылы баланың жазбаша сауатын ашуға болады»- деп жазды. Ендеше, А.Байтұрсынұлы да «Тіл құралында» осы үрдістен шығуға бағыт ұстаған. Сол себептен де, әдіскер ғалым: «Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің наху,сарфы да үйретілерге керек»,- деп жазады.
Сондай-ақ, тіл дамыту жұмысы А.Байтұрсынұлы әліппелерде барлық дыбыстарды өтуде, оған жаттығуда, игерген білімді бекітуде жүйелі де үздіксіз жүргізілген. Мәселен, әліппе де (1928) ермек-еңбек түрінде келтірілген «Қисындау «тапсырмалары осыған дәлел.
«Ы», «р», «з» әріптерін өткеннен кейін балаларға ар,ара,араз,аз,аза,азар сөздері(6 сөз) жазылған топшама ұсынып: «Осы алты сөзді бөлек-бөлек кескеннен кейін екеу-екеуден қосып, қисынмен келтіріп балалар сөйлем жасаулары керек. Жасаған сөйлемдерін жазып отырады. Екі-екіден артын-алдын алмастырып, қосып, осы сөздерден оннан аса сөйлеммен лепес жасауға болады»- деген. Бұндай тіл дамыту жұмыстарының үлгісі әліппеде молынан беріледі. Мысалы, «н» дыбысын өткеннен кейін қисындау үшін 9 сөз (он,нан,онан,арзан, Назар, аз, зор, Ораз) берілген. Жұмыс түрі: 1) Сөйлеммен лепес жасату (Сөздерден сөйлем құрастыру) ; 2) Жаңылтпаш жасату.
Жаңылтпаш жасату үшін ұмынылған сөйлемдерді (Назар,нараз, Нар арзан, Назар нараз нар арзан. Назар нараз нан арзан. Он нан онан арзан. Назар нанар. Нанар Назар Назар азар, нар азар) үш қатара шапшаң айту кеңес береді. Әрине, әдіскер әліппеде осы іспеттес тіл дамыту жұмыстарының үлгілерін ұсына отырып, К.Д.Ушинский секілді ілгері дамытуды,жалғастыруды мұғалімге міндеттегені айтпаса да түсінікті. Бір кезде К.Д.Ушинский оқушыларға ұсынылатын жаттығулар жөнінде айтып келіп: «Писменные занятия при этих упажнениях ясны сами собою. Ученик пишет и окончивает неоконченную фразу, или отвечает писменно на выставленный в учебнике вопрос. Упражнений этих немного. Но я надеялся, что каждый учитель неудовольствуется теми, которые найдет в моей книге, а по образцу их составит и напишет классной доске много новых, для того, чтобы ученики дополнили их сначало словесно потом писменно»-деп жазды. К.Д.Ушинскийдің ағартушылық бағытындағы еңбектерімен жете таныс болған. А.Байтұрсынұлы оның «Родное слово», «Детский мир» секілді оқулықтарындағы үлгілерге әркез сүйінгені сөзсіз. М.Жұмабайұлы да мұғалімдерге «Әліпбидегі» үлгілерді тлықтыруды , дамытуды айтқан.
Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы әліппелеріне енген материалдардың қызықты болу арқылы да бала тілін дамытуды да есте ұстаған. Мәселен, әліппеге енгізген өлеңдердің айтуға қызықты, оқуға, жаттауға жеңіл,ықшам болып келуі осының бір айғағы. Мәселен, «Аш шал» өлеңінде төмендегідей жолдар бар:
Мынау сорлы шал,
Бойына назар сал,
Сақал-шашы ақ,
Қайраты қайтқан шақ,
Баладан ада,
Қарадан таза,
Ауқаты шабақ,
Сусыны шалап,
Аяқта шарық,
Қатқан аш,арық,
Шабақтан,шалаптан
Болсын ба қарық?
Ал ағартушы тұсында жас ерекшеліктерін ескере педагогикалық тұрғыда жазылған өлеңдер жоққа тән еді. Ендеше, А.Байтұрсынұлының бұл салада да аз еңбектенбегенін көреміз.
Кезінде бұндай қиындықты орыс педагогы К.Д.Ушинский де басынан кешірген. Ол туралы: «Детскими стихотворениями до крайности бедна наша литература. Ни один из наших замечательных поэтов не потрудился для педогогических целей, и если произведениях мы встречаем что-нибудь пригодное и для детской книжки, т это редкая случайность... Наши разбойничьи, преудалые песни, наши задумчивые , иногда пропитанные горечьью мотивы, наши песни любви, конечно, не годятся для детей. И если можно отыскать в наших народных песнях что-нибудь педогогическое, то приходится брать только отрывок песни или выпускать , а иногда и заменять слова и стихи. Я так и сделал, оправдываясь в этих переменах педогогическую целью»,- деп жазды. [18,50]
А.Байтұрсынұлы әліппелерінен ауыз әдебиетінің ерекше бір түрлері мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаштарды шоғырымен жолықтырамыз. Әдіскер бұл іспеттес материалдарды белгілі бір жүйемен, орынды кірістірген. Балғындардың жас мөлшеріне сәйкес тіл дамытуда таптырмас құрал әрі қажетті тәсіл екенін жоғары бағалай білген. Сол себептен де бқндай материалдардың кез-келегндерін жүрдім-бардым деп алмаған., қалай-солай әліппеге енгізе салмаған.
Сөз мәйегі мақал-мәтел – сан тарау ғасыр шежіресі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Әдіскер Т.Әбдікәрімова : « Бастауыш класс оқушылары жас ерекшеліктерін ескерсек, мақал-мәтелдердің айтылу оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ұшқырллығы оларды қызықтырады. Олай блса, мақал-мәтелдерді үйрету арқылы мұғаоім белгілі көздеген мақсаттты іске асыра алады»- деген пікірде. Сөзсіз қолдайтын түйін.
К.Д.Ушинский «Родное словоға» мақал-мәтелдерді енгізу турасында былай деп жазғаны бар: « В них отразились все стороны жизни народа: домашняя,семейная,лесная,общественная его потребности,привычки , его взгляд на природу, на людей, на значение всех явлений жизни... Если я брал иногда и такие пословицы, нравственный смысл которых два смысла – один внешний живописный, вполне доступный ребенку, другой- внутренный, недоступный, для которого внешний служит живописью одеждой... Пословица тем именно и хороша, что в ней почти всегда несмотря на то,что она «короче птичьего носа», есть нечто ,что ребенку следует понять, представляет маленькую умственную задачу, совершенно по детским силам» [18,51]
А. Байтұрсынұлы әліппесіне ұсынған мәтіндерінен кейін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініндей мақал-мәтелдер берілген. Мақал-мәтелдегі терең мағына мәтін мазмұнын, тақырып тынысын кеңейте түскен. Көп жағдайда мәтін мен мақалдың арасындағы мағыналық үйлесімділік те ескерілген. Екеуәәнде де үйретілер дыбыс, дағды бір арнадан шығып оырады, соған қызмет етеді. Бұндай іштей үйлесімділік , өзара сабақтастық, байланыстылық айналып келгенде, әдістемелік жүйелілікті де аңғарса керек. Мысалы, «Жарлы жалаңаш тойы» мәтінінен (ауыл баласының қалаға алғаш келуі, көрген,естіген жаңалығы айтылған) соң «Ылғи қойшы болсаңдар құл боларсың. Ылғи тойшы болсаңдар, қу боларсың» (қу-кедей мағынасында) деген мақал ілесіп келеді. Немесе, «Менің міндетім» мәтінінен (шәкірттің мектептегі қоғамдық жұмысқа араласуы жөнінде) кейін, «Жігіттің ерінгені-көрімнің көрінгені» мақалы орналасқан. «Күзет» мәтінінен (қойға қасқыр шабуы турасында) кейін «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Құтсыз қонақ келсе,қойға қасқыр шабады» мақалы берілген т.б. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы «Әліпбиіндегі» қолданылған мақал-мәтелдердің бірер тобы мыналар : «Қонақ қыста тоқ,аттар отта тоқ», «Нан-азыққа қазық», «Қонақ аз отырар,анық сынар», «Ит жүйрігін тұлкі сүймес», «Айбар керек,әл керек, әдсіз айбар не керек», «Әлем әлемге күлер, әлем әлдекімге күлер», «Екі дегенмен жан қалмас», «Бір көрген біліс, екі көрген таныс», «Кісі бір көргенінде бқлан,екі көргенінде құлан,үш көргенінде адам», «Білегі толық бірді жығар, білімі толық мыңды жығар», «Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ», «Денсаулық-зор байлық», «Ішің ауырса,аузыңды тый, көзің ауырса,қолыңды тый», «Бақ-бақ еткен текені қыс келгенде көрерміз, батырсынған жігітті іс келегнде көрерміз» т.б. Бқлардың қай-қайсысы да бүгінгі қолданысымыздан да, оқулықтарымыздан да қалыс қала қойған жоқ. Бұл арада қазақ әдіскерінің ел арасында шашылып жатқан мақал-мәтелддерден ағартушылық бағыттағы баланың жас ерекшелігіне сәйкестілерін іріктеп ала білуін жоғары бағалауға тиіспіз. Себебі А.Байтұрсынұлы оқулық құрастырар да К.Д.Ушинский кең көлемде пайдаланған В.И.Дальдің (1801-1872) сөздіктеріндей қазақ мақал-мәтелдерінің жинақтары жоқ еді.
Балғын жастағы баланың ой-өрісін , дүние тануын дамытуда, белгілі бір құбылыс, зат атулының ссын-сипаты, сапа-белгісін салыстыру, ұқсату арқылы танытуда, оны ауызша суреттеп жүргізуде жұмбақтардың мүмкіндігі мол. Атақты М.Әуезов: «Жалпы жұмбақ адамның дүние тану жолындағы ойының , қиялының шамасын білдіреді... Жұмбақты мектеп балалары тілге ұста болу мақсатымен оқиды жаттайды... Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де, баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар»,-дейді.