ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 364
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
81. Космизм және антикосмизм: қазіргі заманғы пікірталастар
Космизм (грекше κόσμος - «тәртіптелген әлем») - бұл ХХ ғасырдың басындағы бірқатар адам-адамзат, адамзат туралы идеялардың болуына негізделген бір қауымдастыққа біріктірілген діни-философиялық, мистикалық, көркемдік, эстетикалық және ғылыми-футурологиялық бағыттар. ғарышпен біртұтас бүтін және онымен бірге кейбір жалпы заңдарға сәйкес дамып келе жатқан. Ғылым тұрғысынан космизм космогонияны - Әлемнің тууы мен эволюциясы туралы теорияларды қолдануды білдіреді: Кант-Лаплас тұжырымдамасы (ХҮІІІ ғ.) Шаңды массаның конденсациясы арқылы күн жүйесінің пайда болуы туралы, Фридманның кеңейіп жатқан Әлем туралы теориясы, Хаббл галактикаларының шашырауы (ХХ ғасыр), Эйнштейннің салыстырмалық теориясы және басқалары. Космизм – адамды космотық, яғни ғарыштық жан ретінде қарастаратын орыс философиясының ағымы. Космизм моделі өз үйіне яғни әлемге орналасуы, әлем мен адамның өзара сәйкестігінің моделін ұстанатын философия. Космизмнің өкілдері: Н.Ф. Федоров, К.Э. Циолковский, В.И. Вернардский.
Кейбір батыс философтары ғылымның дамуы бір жаңа нақты проблемадан соң басқа жаңа проблемаларды шешумен ғана байланысты деп санайды. Шынында да жаңа проблемаларды шешусіз ғылымның өсуі мен дамуы мүмкін емес. Бірақ объективтік ақиқатты ашу мақсатын қоймай, проблемаларды шындап шешу мүмкін емес. Тіпті проблеманы дұрыс тұжырымдаудың өзі де объективтік ақиқаттың бар екендігіне сенуді талап етпей ме?
Ғылым негіздерінің екінші бір аса маңызды бөлігі — дүниенің ғылыми бейнесі қоршаған сыртқы дүниенің құрылысы және адамның ондағы орны туралы жалпы түсінік береді. К.Поппер философияның біз үшін керектігі сол ғана, өйткені біз өзіміз "өмір сүретін дүниенің қыр-сыры туралы және ол дүние туралы адам білімдерінің сыры туралы бірдеңе" білгіміз келеді дейді.
Ақырында, ең жалпы дүниеге көзқарастық идеялар ғылымның философиялық негіздерінде бейнеленеді. Дүниенің ғылыми бейнелерінің принциптеріне қарағанда, дүниеге көзқарастық идеялар әлдеқайда жалпы универсальдық сипатта болады. Сондықтан олар саналы түрде не санасыз түрде болса да кез келген маңызды ғылыми зерттеудің мазмұнында болады.
82. Биология және дүниенің қазіргі заманғы эволюциялы бейнесінің қалыптасуы
Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор. Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Эмпедокл, т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындығын, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды. Қайта өркендеу дәуірінде (15 – 16 ғасыр) жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты түрлі тұжырымдар қалыптасты. Мысалы, креационистік тұжырым – тіршілікті жаратушы құдіретті күш бар деп есептесе, трансфоризмдік тұжырым – тірі организмдердің өзгеретіндігін мойындағанымен, олардың тарихи дамуын дұрыс түсіндіре алмады. Мұндай көзқарасты жақтаушылар: Д.Дидро, И.В. Гете,Р.Гук т.б. болды. Эволюциялық ілімнің пайда болуына үлкен әсер еткен К.Линнейдің тірі организмдерді жеке жүйелік топтарға жіктеуі болды. 19 ғасырдың алғашқы жартысында Эволюциялық ілімнің дамуына жаратылыстану ғылымдарының дамуы мен қоғамның әлеуметтік-экономика жағдайларының өркендеуі де әсер етті. Бұл кезде микроскоптың шығуы мен жасуша теориясының ашылуы тірі организмдердің шыққан тегінің бір екендігін дәлелдеп берді. Эволюциялық ілімнің дамуына биогенетикалық заңның ашылуы зор әсер етті. 20 ғасырдың басында Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары ашылғаннан кейін Дарвиннің Эволюциялық ілімне сын айтулар көбейді. Дарвиннен кейін молекула биология мен генетиканың жетістіктеріне байланысты жаңа деректер Эволюциялық ілімге ұштасып, барлық органика дүние туыстас деген пікір айқындала түсіп, жаңаша талдаулар жасала бастады. эволюцияның қозғаушы күші – табиғи сұрыпталу; жүйелік топтардың эволюциясы биология прогресс және биология регресс жолдарымен жүруі мүмкін; биология прогресс арогенез, идиоадаптация арқылы өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады; эволюция ұзақ уақыт арқылы бағытталмаған әрі алдын ала ойламаған сипатта болады.
83. Техникалық ғылымдардың ерекшеліктері, олардың жаратылыстану ғылымдарына және қоғамдық ғылымдарға, математикаға қатынасы
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Техникалық гылымдар — жеке адамдар мен бүкіл адамзат омірдің түрлі салаларында колданатын қүрал-саймандардың жүйесі — техниканың зандарын және оларды жасаудың өдіс-тәсілдерін зертгейді. Техника табиғатга жоқ, тек адамның қолы мен, ақы л-ойы м ен ж асалаты н айры қш а қүралсаймандардың жиыны. Оның да заңдары бар. Қоғамда техникалық прогресс іске асу үшін ол заңдарды оқып үйреніп, белгілі бір техникалық мамандықты, кәсіпті меңгеру қажет. Техникалық ғылымдар - технологияның үрдісінде қолданылатын механикалық, физикалық, химиялық байланыстар мен зандылықтарды меңгеретін ғылыми пәндер.
84. Қазіргі заманғы техника философиясының негізгі мәселелері
Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады. Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің функциясын орындайды. Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет. Техника адамның кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктерін толықтырып отырса, оның өзі де техникалық жүйенің маңызды бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, транспорт пен байланыс, ғылым мен оқытудың, соғыс, медицина, мәдениеттің, күнделікті өмір сүрудің техникалары бар. Техниканың тарихы – адамның еңбек ету функцияларының бірте-бірте техникалық құрылымдарға өту тарихы. Оның дамуында үш маңызды кезең бар: қол еңбегінің құралдары, машиналар, автоматтар. Техниканың өзі ғылымға жаңа талаптар қойып отырады. Қазіргі қоғамның даму деңгейін ғылым мен техниканың дамуы анықтайды. Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс-әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс-әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау. Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді. 1) Техника тарихын және оның мәдениетпен қарым-қатынасын зерттеу; 2) Қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау; 3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу; 4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлем мен техникалық әлемнің бөлінуін қарастыру; 5) Басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзат құндылықтардың өзара қарым-қатынасын зерттеу. Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды. Техника болмысы туралы білім XІX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының “техника-болмыс” қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы деп, ал “техника-адам” қатынастарын зерттейтін бөлімі техника антропологиясы деп аталады. Техникалық білімнің негізі ерекшелігі – оның объектісі табиғи емес, жасанды сипатта болады. Техника қоғам өмірінде кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды.
85. Табиғат пен қоғам тұралы ғылымдардың ұксастығы мен айырмашылығы
Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпытұрғыдаолжүйелібілім мен ғылымитәжірибенімеңзесе, ал, арнайымағынада ғылымиәдістер арқылыжинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылымғылымибілімдердіғанаемес, солбілімдергеқолжеткізудіңбарлықжолдары мен әдістерінтүгелқамтитынбіртұтаскешенді жүйе.
Ғылымныңарғытамыры 3500-3000 жылбұрынғыежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барыптіреледі. Олар математика, астрономия, медицина секілдіғылымдардыңалғашқыкейпінжасап, 2600 жылбұрынбасталған Грек табиғатфилософиясына, антикалық классикаға арқауболды. Оларфизикалықдүниеніондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресеғылымтарихындатүрліғылымдардыңеңалғашқызерттеуобъектінбекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағынжасағанұлыойшыл Аристотель дәуірбөлгішрөлойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінінқабылдауы Еуропада ғылымныңқұлдырауынаалыпкеліп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы Түркі, Парсы, Араб жұртынаншыққанойшылғалымдар - ӘлКинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, ИБн Рушд, Омар Хаиям секілдіұлытұлғаларсолежелгіғылым мен Аристотель салғанжолдыжылғастырып, ғылымдыжаңа кезеңге шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынанкейінбұлталпынысдіниәсірешілдік пен қатып-семушілдіктіңзардабынанмүлдеәлсіреп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырғакірді.
86. Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы білімнің ғылымға дейінгі, ғылыми емес, парағылыми, жалған ғылыми және антиғылыми формалары
Ғылыми революцияларды түрліше белгілері бойынша ажыратуға болады, сондықтан оның біртұтас классификациясы жоқ. Ғылыми революциялардың, мәселен, жалпылық белгісіне қарай, зерттелетін заттар мен құбылыстардың ашып көрсетілетін мәнінің терендігіне қарай, ғылымдардың түріне қарай, олардың техникалық прогресс пен қоғамның рухани мәдениетіне тигізетін әсеріне және т.б. карап бірнеше түрін атап көрсетуге болады. Оның үстіне революцияның бір белгілерін екіншілерінен айыру кейде өте қиынға соғады. Сол себепті ол революцияларды ғылыми жалпылығына қарай және ғылыми таным тарихында атқарған рөлінің маңыздылығына қарай топтастырып көрейік.
1.Ғылыми революцияның ғылымішілік механизмі. Ғылыми революцияның ең көп тараған түрі жеке ғылым ішінде болатын революциялық өзгерістер. Мұндай революциялар жеке ғылымдардың ішкі кұрылысының құрылымдық өзгерісі мен дүниеге көзкарастық мазмүнының өзгерісіне байланысты болады.
2. Ғылымаралық, баайланыстар ғылыми революцияның факторы ретінде. Ғылымның даму барысында әртүрлі ғылымдардың арасында өзара байланыс пен қатынастар үздіксіз жүріп жатады.
3. Ғылыми білімді дамытудың глобалъдық революциясы. Мұндайреволюциялардың ең белгілі және көп зерттелген түрі жаратылыстануреволюциялары болып табылады.
87. Әлеуметтік- гуманитарлық циклдің ғылыми пәндерінің қалыптасуы: эмпирикалық мәлиметтер және тарихи- логикалық реконструкциялар
Гуманитарлық ғылымдар жалпы білім берудің маңызды бөлігі болып табылады қазіргі заманғы мамандардың дүниетанымдық дайындығы және тұлғаның ақыл-ой дамуына және шығармашылық ойлаудың дамуына ықпал етеді. Ең маңызды әлеуметтік ғылымдарға тарих кіреді.
Тарих дегеніміз - адамзат қоғамының өткені мен оның бүгінгісі туралы, нақты өмір формаларында, кеңістік-уақыттық өлшемдердегі қоғамдық өмірдің даму заңдылықтары туралы ғылым.
Тарих мазмұны жалпы тарихи процесс болып табылады, ол тарихи ескерткіштер мен дереккөздерде сақталған адам өмірінің құбылыстарында ашылады. Бұл құбылыстар өте әртүрлі, шаруашылықтың дамуына, елдің сыртқы және ішкі қоғамдық өміріне, халықаралық қатынастарға, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты.
Тиісінше, тарих - бұл әртараптандырылған ғылым, ол тарихи білімнің бірқатар тәуелсіз салаларынан тұрады, атап айтқанда:тарих экономикалық; саяси; мемлекет және құқық; дін және т.б. тарих ғылымдарына халықтардың тұрмысы мен мәдениетін зерттейтін этнография және ежелгі дүниенің заттық көздері – еңбек құралдары, үй бұйымдары, әшекейлер және т.б., сондай – ақ тұтас кешен-қоныстар, қорымдар, қоймалар бойынша тарихты зерттейтін археология жатады.
Тарих объектіні зерттеудің кеңдігі бойынша бөлінеді:
• жалпы әлем тарихы (дүниежүзілік немесе жалпы тарих); * континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы, Еуропа және Америка тарихы);
• жекелеген елдер мен халықтардың немесе халықтар тобының тарихы (Қазақстан тарихы).