Файл: ылымны тарихы мен философиясыны пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 372

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 

2. Ғылымды зерттеудің аспектілері: ғылым философиясы, ғылымтану, ғылым әлеуметтануы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы.

Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.Ғылым социологиясы, әлеуметтануы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым социологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам. Ғылым психологиясы ХХ-ғасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, ғылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тығыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шығармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психологиялық факторлардың ғылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы ғалымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, ғылым психологиясы индивидуальдік-шығармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың ғылым процесіне, ғалымдардың интеллектуалдық қызметіне әсері зерттеу объектісі ретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі кезеңде ғылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр. Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер сан қырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзінің жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы.


 

3. Антикалық ғылым.

 

6. Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеу бағдарлама тұрғысынан қарастыру: платондық, пифагорлық, атомисті аристотельдік.

Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.ғ. VII-VI ғасырлардан басталды делінеді.Яғни б.э. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колониялары. Жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда ақша қатынастары жылдам дами бастады, құл иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арасында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.Құл иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді. Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастады. Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған,кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы дамиды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттардың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді. Антикалық дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы болады. Ол грек философиясы ғұрыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды. Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі – атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи құбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы түсіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді. 

Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайдаболды. Ол Демокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады. Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан құралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін ұсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады. Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байланысты болды. Бұл программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи құбылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.

 


4. Өркениет ұстанымының негізгі бағыттары: сызықтық – сатылық өркениеттік парадигма және локалдық өркениеттер теориясы.  

18 - 20 ғасырларда ғылыми білімнің бөлігі ретінде құрылған және танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған көптеген тарихи теориялардан айырмашылығы өркениет туралы идеялар сәл өзгеше мәдени жағдайда пайда болды. «Өркениет» ұғымы бастапқыда қоғамдық игілік, жайлы қоғам және азаматтық идеал идеясымен байланысты. Оның бастауы ежелгі әлемге барып, Ежелгі Греция мен Қытайдан бастау алады. Әр түрлі халықтар оны әртүрлі құндылықтармен байланыстырды.Өркениеттер теориясының сызықтық-сатылық нұсқалары 18 - 19 ғасырдың ортасында В.Мирабо, Н.Б.Булангер, Ф.Гизот және басқалардың еңбектерінде дүниеге келді.Өркениет теориясының ең дамыған және өзекті сызықтық кезеңдік сұлбалары құрылды, онда бұл ұғым бастапқыда жеткілікті дәрежеде қуатты мән жүктемесіне ие болмады. Мысалы, Германияда ол «рухани ағарту» ұғымынан едәуір төмен болды. Сонымен қатар, герменевтика мәтіндерді интерпретациялау және табиғи-ғылыми түсіндіру стратегиясына қарсы адамдардың мінез-құлық мотивтерін «түсінудің» гуманитарлық стратегиясы ретінде анағұрлым күшті дамыды. Норберт Элиастың (1897-1990) «өркениет процесінің» қазіргі кездегі ең танымал теориясы құрылды. Ол өркениетті адамның жоғары бақыланатын мінез-құлқының ерекше түрі ретінде көрсетіп, оның пайда болуын ортағасырлық феодалдық фременттерден абсолютизм кезеңіндегі сарайлар мен король арасындағы күрделі қатынастарға көшумен байланыстырды. Оның сипаттамасы бойынша өркениет дегеніміз - бұл өзін-өзі бағындыру процесі, оған бұрын бағынбаған салаларға мінез-құлықты бақылауды кеңейтуге байланысты: ұйқы, нәжіс, тамақтану және т.б. процестер. Алғашында, Элиас көрсеткендей, бұл өзін-өзі бақылау тек тар шеңберге дейін созылды. Алайда, біртіндеп өзін-өзі бақылаудың мұндай формалары адамдардың массасына тарады, тіпті бұл нормалардың бұзылуы да белгілі бір шеңберге қалай енгендігі, агрессияны бақылаудан бас тартудың формасына айналды. Элиастың тәсілдері мен әдістері қазіргі әлемдік және халықаралық тарихта азаматтық және мәдениаралық қатынастарда азаматтық сияқты құбылыстардың қалыптасу процесін зерттеу үшін кеңінен қолданылады.

Локалдық өркениет идеясы көбінесе Генрих Рюкерт (1823–1875) және Николай Данилевскиймен (1822–1885) байланысты болды. Олар діндердің рөлі мен тарихына үлкен мән берді. Атақты неміс шығыстанушысының ұлы Г.Рюккерт гегелдік тарихнамалық схемаға адал болып қалды, бірақ сонымен бірге отаршылдықты басқа халықтардың өмір салтын өзгерту әрекеті ретінде қатты сынға алды.Өйткені, әр мәдениет ерекше жағдайда қалыптасты, оның өзіндік құндылықтары мен мақсаттары бар. Сондықтан оның ойынша Қытайды немесе Үндістанды тиімді отарлау мүмкін емес. Мәдениеттің бірыңғай әмбебап қайнар көзін бөліп көрсету мүмкін емес, өйткені барлық өркениеттер, бір жағынан, христиандық және шығыс, бір жағынан, «жойылуға арналған», екінші жағынан, бірдей құзыретті, белгілі бір мағынада бір-біріне тең. Өйткені, олардың барлығы мәдени және діни экспансияға ие.Демек, еуропалық өркениетті өркениет деңгейіндегі кемелдік деп санауға болмайды. Ол көпшіліктің бірі, әрине оның үстемдігі. Еуропаның басқа өркениеттің әсер ету аймағына енуі жойқын болып табылады. Сонымен, Рюккерт еуропроцентризмнің негіздерін бұзып, тарихи дамудың бір сызықты диаграммасымен қатар, көп жолдық диаграмманы да алғаш рет құрды. Рюкерт қазірдің өзінде Ресей өзінің идеялары мен құндылықтарын әлемге белсенді таратуда Еуропаның мұрагері бола алатынын болжады. Осы идеяға сүйене отырып, Николай Данилевский он жылдан кейін «Ресей және Еуропа» кітабында; Рюкертте пайда болған Батыс бейнесінің жағымсыз ерекшеліктерін күшейтті. 


 

5. Тарихи және қоғамдық үрдісті өркениеттік ұстаным тұрғысынан зерттеу.

Қазіргі ғылымда формациялық жолға балама ретінде өркениеттік теория айтылып жүр. Мағынасы бойынша «өркениет» ұғымы - «табиғи» ұғымына қарама- қарсы «азаматтық» сөзімен байланысты. Бұл дихотомия тұңғыш рет антикалық құқық теориясында пайда болып, Аристотель мен стоиктардың еңбектеріне өтті.Қайта өрлеу дәуірінде адамдардың жабайылықтан азаматтық, мәдени және мемлекеттік дәрежеге өтуін білдіретін «өркениеттендіру» деген термин п.б. 17-18ғ.басында бұл термин ағылшын және француз ағартушыларының еңбектерінде кеңінен қолдана бастады. Алайда, «өркениет» ұғымына деген қажеттілік-тарих теориясындағы маңызды нәрсе ретінде, тек 18 ғ.ортасында туды. ХХ ғ. өркениетке талдау жасаудың тарихи-қоғамдық  дәстүрін ағылшын тарихшысы және философы А.Тойнби жалғастырып, оны жекелеген нақты қоғамның ерекше түрі деп санады. Өзінің «Исследование истории» атты еңбегінде тарихи үрдістің мағынасын ашуға ұмтылды. Ауқымды фактілік материалдарды жүйелеу негізінде ол қоғам дамуын локальды өркениеттердің айналымы  ретінде санады. Алғашқыда 21, кейіннен 13 локальды өркениетті атады. Тойнбидің пікірінше өркениеттік үрдістің негізі әлемдік діндер, ал оның заңы – тарихтың «үндеуіне» дәл солай жауап бере алатын қоғамның қабілеті болады. Осыған орай, әрбір өркениеттің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл бағытты сондай – ақ П.Сорокин де дамытты. Қазіргі ғылым өзіне дейінгі теориялық ойлардың жетістіктеріне сүйене отырып, өркениетті барлық қоғамдық үрдістердің мазмұнын анықтайтын әмбебаб ұғым ретінде қарастырады. Өркениет ұғымында социо-мәдени қауымдастықты түсіндіреді. Оның негізігі критерийлері техниканың даму деңгейі, әлеуметтік – саяси институттар мен рухани мәдениет дәрежесі. Өркениеттің құрылымдық сипаты әлеуметтік блоктардан тұрады және олардың жүйелік ортақ әрекеті өркениеттік үрдістің механизмін құрады. Әр түрлі зерттеушілер мұндай блоктардың әр түрлі санын анықтады. Мысалы, Н.Я. Данилевский 4 блокты анықтайды: дін, мәдениет, мемлекет және әлеуметтік – экономикалық орта. Басқа ғалымдар өркениеттің мазмұнына егіншілік, қолөнер, таптар, жоғары дамыған рухани мәдениеттің түрлі элементтерін, философия, адамгершілік, психология, тіл т.б. кіргізеді. Алайда, өркениеттің анықтамасында тарихи үрдістегі материалдық және рухани факторлардың өзара әрекетінің ерекшеліктері мен жолдары, сипаты шешуші рөл атқарады.