Файл: ылымны тарихы мен философиясыны пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 366

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Номиналистер құдайдың алдында алдын-ала берілген жалпы ұғымдар болған жоқ деді. Олар құдайдың еркімен істелген дүниені жарату ісінен соң пайда болады. Осыдан бұл ағым өкілдерінің тəжірибеге, табиғатты тануға көп көңіл бөлуі шығады. 

41. Батыс және Шығыс өркениеттік дихотомиясының әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы

Мəдениет пен ғылым арасындағы қатынастың механизмі рельефтік түрде техногендік (батыс) жəне дəстүрлі (шығыс) өркениеттерді салыстырғанда айқын.

Батыс өркениеті - бірінші түрде, техногенді өркениет, өзінің бастамасын ежелгі антика кезеніңде тауып ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Еуропада толық қалыптасып, содан Солтүстік Америкаға, Австралия мен Японияға көшті. Осы өркениет үшін табиғаттын байлығы мен күшін меңгеру сипатты: сыртқы əлем адамның ғылыми-техникалық қызметінің кеңістігі, табиғатты жаулау мен өзгертуі, құбылыстарды тануда дискурсивтік, логикалық-математикалық жолға негізгі акцент жасау.Батыс мəдениетінің профессионалдық жəне басқа аумақтарына «жетістік» этикасы сипат, «Мен» жəне «Мен еместі» нақты ажырату, тұлғаның дербестігіне, қайталанбайтындығына назар аудару. Адам биоəлеуметтік жан, экономикалық жəне техникалық прогресс арқылы хайуандықтан қазіргі постиндустриалдық деңгейге дейін бірізгілік қозғалыс жасады. Осының бəрі батыс ғылымының принциптарына, оның бағыттары мен ұстанымдарына əсер еткен: ақиқатқа жету түрінде жаңалық пен біртуманың құндылығы, техника мен технологияның ғылыми идеяның материализациясы ретінде даму, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары мəңгі өзгерісті деген идея, жойылмайтын жаңа фактілер мен ескі заңдылықтар арасындағы қайшылықтар, сол себепті жаңа теориялардың қажеттілігі - осылардың бəрі батыс ғылымның қазіргі негізгі нормалары.Жалпы ғылым адамдары үшін, тек техногендік қоғамның адамдары ғана үшін емес шығармашылық пен дербестіктің мұраты, иілмелі динамикалық ойлауда сипатты, өзінің ғылыми жəне қарапайым сананың рефлексиялығы мен бағытында ашық. Батыстың ғылыми ойлауының классикалық түрі бірізгілік, бірсызықты, бинарлық логикамен негізделген, яғни қайшылықты жəне оның шешімінің бар екенін мойындамау деген. Түбінде, батыс ғылымының даму тенденциялары оны постклассикалық деңгейіне əкелді; яғни, дүниенің ізгіліксіз бейнесіне. Мысалы, плазмадағы ізгіліксіз толқындар, сұйықтық пен газдағы турбуленттік, үлкен ұжымдардың мінез-құлықтары т.б. Сөйтіп, батыс мəдениетінің ғылымының дамуы қоғамдық сананың келесі типтерінің бір-бірін ауыстыруы, кезеңдерге бөлінеді: магиялық, этникалық, полистік, діндік, ғылыми, қалыптаса келе жатқан, постғылыми. Жаһандау мəселелерге қарамастан техногендік мəдениеттің болашағы ғылыми- техникалық жаналықтармен байланысты. Шығыс мəдениетінің дамуы - ол үнді-буддалық (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.), араб- исламдық (б.д. VІІ ғ.), қытай-конфуцийшылдық (б.д.д. VІ ғ.) дүниеге көзқарастар. Келесіде осы мəдениеттерге тəрізді қоғамдар дəстүрлі қоғамдар деп аталады.Ежелгі шығыс көзқарастары бойынша əлем түсінігіне келсек, табиғаты біртұтас, тірі, бір-бірімен байланысты, өзі арқылы жетілген ағза, адам соның бір бөлігі деген түсінікке негізделген; будда көзқарасында дүние бір түрлі, бəрі бір деңгейде, əр зат, құбылыс басқа зат пен құбылысқа тəуелді, өзінің жағдайымен байланысты. Сөйтіп, табиғатты өзгертпей сақтау қажет; мысалы Қытайда жетілген Дао (табиғат синонимы), алғашқыда болған, енді жетілмеген келешегі мен қазіргі жағдайында бар.Батыстан тыс, өзгеше ғылымның идеалы қалыптасқан. Шығыс көзқарасында əлем - ғарыш, ал адам соның бөлігі. Шығыс мəдениетінде де табиғат пен мінез-құлықтарды меңгеру мақсат қойылады. Шығыста адамның бостандыққа жолы - жаңа жолды іздеу емес, ол бар болмыстан бет бұру. Өмір қағидасының бірі - əрекетсіздік, дегеніміз іс-əрекетті жоққа келтіру емес, табиғи жолды бұзбау, адамның органдарының арасындағы жəне табиғатпен үйлесім ырғағы. Табиғи процестердің жағдайын адам өзінің дұрыс емес істерімен бұзады. Сөйтіп, Қытай философиясының бағыттарымен мектептері жалпы жəне ортақ рухани негізден - Дао мəдениетін тамыр қылып алады, өзі ол ғарыштың гармониялық құрылысы мен өмір мəні, инь жəне ян ырғағымен сақталады. Олардың ырғағы мен байланысы табиғат пен Ғарыштың, Əлемнің қозғалыс себебінің өзгерісі. Сөйтіп, шығыс ойлауында дəстүр мен нақты қалыптасқан үлгілерге мəн беріп, жаңа білімге ешқандай құңдылық бермейді. Шығыс ғылымы нақтылықтан абстракциялануға тырыспайды, құбылыс пен, фактілермен жалпы заңдылық арасында шекара жасамайды. Батыс ғылымында ақиқатты тану ол жалпылықты білу, ал Шығыста нақты мен жалпының арасындағы тендік пен үйлесімділікті қажет етеді. Солай, танымның субъектісі мен объектісін қарама- қарсы


42. Теориялық танымның методтары: формалдау, аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивтік, абстрактылықтан нақтылыққа өту, диалектика, жүйелік әдіс және жүйелі талдау.

Сананың негізінде білім жатыр. Философияда сол сананың пайда болуына байланысты объективті шындықты білуге болады. 

Жалпы айтар болсақ таным адамға практикалық күнделікті іс үшін қажет. Білу арқылы адам дүниеде өзін жоғары санай отырып, өмірге өз білімімен әсер етіп, белгілі мақсатқа жетеді. Философияда таным барысында екі көзқарас қалыптасты: гностицизм және агностицизм. 

Гностицизм – танымның бүгін мен ертеңіне оптимистік түрде қарайды. Олардың пікірінше әлемді тануға болады. Адамның дүниені танудағы мүмкіндігі өте зор. 

Агностицизм – танымның нақты екендігіне күмән келтіреді, тану мүмкіндігін жоққа шығарады. Танымға қарсы алғашқы ілімнің бірі – антика заманының скептицизмі. Олар көрінген пікірге қарсы пікір табуға боладыдеп ақиқат білімді мойындамайды. 

Таным теориясы – философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс құрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. 


Абстрактылықтан нақтылыққа көшу әдісі. Әрбір теорияның негізгні тұжырымдары, яғни оның постулаттары, принциаптері мен акциомалары осылардан туындайтын бүкіл білімнің іргетасын құрайды. Сондықтан да бұл тұжырымдарға енген абстракцияларды фундаменталды (іргелі) деп атайды. Тарих тура жолдармен емес, бұралаң жолдармен жүреді, кей жағдайларда көптеген тарихи үдерістер тұмшаланып,бұрмаланып жатады. Мұндай жағдайларда логикалық талдау жасап, оның фундаменталды абстракциялармен қоса теориясын жасауға болады. Ол ғасырлар бойы тұмшаланып жатқан ақиқаттарға жарық беріп, олардың жалғастығын анықтайтын заңдылықтарын бекітеді. Бұл абстракциялаудан нақтылыққа көшу деп аталынады.

гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

 

 

43. Коперниктің әлемнің геоцентрлік жүйесі

Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезде,яғни XVI ғасырда, Птоломейдің барлығымызға да мәлім геоцентрлік жүйесін ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады. 

Планеталарадың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды деп айта аламыз. Өйткені, Птоломейдің геоцентрлік жүйесі әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрнекілік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік береді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын. Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына қосып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айлана отырып, барлық планеталармен кеңістікке Күнді айнала қозғалады деп көрсетті, Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деген тұжырымдама жасады. 


Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық еңгізді. Сонымен қатар, көптеген ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбектері 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік (гр. Гелиос – Күн) жүйе деп аталды.

Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса жоғары да маңызды рөл атқарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылығы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И.Кеплер мен И.Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.

 

44. Т.Кунның парадигмасы .

Парадигма дегеніміз ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, əдістерінің тұрақты жүйесі. əдеттегі қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, əрі қарай даму барысында логикалық қатал тəртіпке бағынады. Бірақ бір кезде осы парадигмаға сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болып, олар жаңа парадигманы туғызуға душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп, адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы жаңа білімді іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен, логиканың орнына психология келді. Томас Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды. Кунның анықтауынша, əлем картинасында оның мынадай маңызды компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы жəнеəне ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша парадигма бұл – тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту Кунның сипаттамасы бойынша секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі жекелеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады жəне бір парадигмадан екіншісіне өтуге қатысы болмайды. Кунның айтуынша, əрбір парадигманың өз ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе бірнеше парадигмаларды саластырғанда олар бір-біріне сəйкес келмейді.

 

45. И.Кеплер планеталар қозғалысының үш математикалық заңының ашылуы.Планеталар қозғалысының заңдарын ашуда еңбек сіңірген көрнекті неміс ғалымы Иоганн Кеплер. ХVІІ ғасырдың бас кезінде бас кезінде Кеплер Марстың Күнді айналуын зерттеу үстінде планеталар қозғалысының үш заңын ашты. I.Кеплердің бірінші заңы — планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады. II. Кеплердің  екінші заңы- аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Планеталар ең үлкен жылдамдықпен перигелийде, ал ең кіші жылдамдықпен афелий де қозғалады.III. Кеплердің үшінші заңы- планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жартыосьтерінің  қатынасына тең болады.


46. Т. Кунның «нормалы» жəне «экстраординарлық» ғылымдары.

Ғылымды зерттеу тәсілінің күрт бұрылысын американдық физик Томас Кун 1962 жылы пайда болған «Ғылыми революцияның құрылымы» атты еңбегінде жасады. Ғылым немесе дәлірек айтсақ, «нормалы» ғылым, Кунның пікірінше, Кун парадигма деп атайтын және оның көзқарасы бойынша әр ғалымның әрекетін толығымен анықтайтын қатаң бағдарламамен біріктірілген ғалымдар қауымдастығы. Бұл Кунның назарында болатын тұлғааралық формацияның парадигмасы. Парадигмалардың өзгеруімен ол ғылымның дамуындағы түбегейлі өзгерістер - ғылыми төңкерістерді байланыстырады. 

Нормалы ғылым - ғылым философиясын ғылымның ерекшеліктерін анықтау мәселесіне байланысты Т.Кун енгізген термин: интеллектуалды қызметтің басқа салаларынан айырмашылығы, ғылым эксперименттік шешімдерді тексеру процедураларын қабылдады, олардың рационалдылығы белгілі бір кезеңдерде күмән туғызбайды. Мұндай рәсімдердің жиынтығы қызметтің жалпы моделін - парадигманы құрайды. Нормалы ғылым дегеніміз - ғалымдар тек осы модель бойынша әрекет ететін, концептуалды, инструменталды және математикалық есептерді қоятын және шешетін ғылым күйі.

Нормалы ғылымның мақсаты ешқандай жаңа құбылыстарды болжауды қажет етпейді.

Нормалы ғылым: кез-келген жаңа жаңалық басым (сол кездегі) теория тұрғысынан түсіндіруге мүмкіндік береді.

Экстраординалық ғылым: ғылымдағы дағдарыс. Аномалиялардың пайда болуы - түсініксіз фактілер. Аномалиялардың көбеюі балама теориялардың пайда болуына әкеледі. Ғылымда көптеген қарама-қарсы ғылыми мектептер қатар өмір сүреді.

Экстраординалық ғылым қазіргі парадигмаға жеткілікті елеулі ауытқулар пайда болған кезде, ғылыми тәртіп дағдарыс жағдайына ұшырайды. Дағдарысты шешу үшін ғалымдар Кун өзінің зерттеушілік сипатымен сипатталатын «кезектен тыс зерттеулер» деп аталатын қалыпты ғылымның шекараларын ашады. Доминантты парадигманың құрылымдарына тәуелді болмай, кезектен тыс зерттеулермен айналысатын ғалымдар ауытқушылықтарды түсіндіру үшін жаңа теориялар, ой эксперименттері мен тәжірибелер жасауы керек. Кун осы кезеңнің тәжірибесін - «бәсекелес артикуляциялардың көбеюі, кез-келген нәрсені көруге дайын болу, айқын наразылықты білдіру, философияға жүгіну және негіздер туралы пікірталас» ғылым үшін парадигманың ауысуынан гөрі маңызды деп санайды.

47.Галилейдің астрономиялық жаңалықтары