ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 362
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
биологтар, Австралияда қара түстілер кездескенше дейін аққулар тек ақ түсті
деп саналған.
Осыларға назарын аударып, Карл Поппер верификацияның келешегі деп
теорияны принципиалды түрде жоққа шығаруды, оның фальсификациясын
ұсынады. Осы жағдайда, ғылыми деп соңғы ақиқат деп жарияланған емес,
жоққа келтірілгенді санаймыз. Ғылыми емес құрылыстар (қосымша
метафизикада) фальсифицияландырылатын ғылыми теориялар қарағанда жоққа
келтірілмейді, себебі, жоққа келтіру эмпириялық, тəжірибеге негізделген
білімді дəлелдейді, яғни, оның ғылымдылығын, фактілермен байланысын.
Ғылымдылықтың идеалынан алшақ ғылыми емес концепциялар мəнінде жоққа
келтірілмейді. Оны ешқандай факт жоққа келтірмейді, себебі, ол фактілермен
жұмыс жасамайды. Поппер өзі осыны түсініп, жазған: «Менің білім теориясына
деген қатысым революционды болған соң, сол себепте, мен ойламағандай,
қабылдауда қиындық тудырды».
Оның пікірінше, ғылым мен рационалдылық тоталитарлы иррационалдылықтың рухына қарсы болатын негіз. Демаркация мен
фальсифицияландыру идеясы - оған əлемде атақ əкелген жетістіктер.
Фальсифицияландыру қағидасы верификация принципіне альтернативаны
құрастырады жəне бірінші позитивистермен қорғалатын индуктивизм
принципіне сынау ретіне тудырады. Индуктивизмге қарсы Поппер эмпириялық
бағдарламалардың рационалды құрастырылған схемалар үстемді ғылыми
зерттеудің гипотетикалық-дедуктивтік моделін ұсынады. Эмпириялық
бағдарламалар өздері конвенционалды түрде қабылданған эмпириялық негізге
арқа сүйейді. Сөйтіп Поппер Вена ұжымының қисан эмпиризмінен бет бұрады.
Ол зерттеудің теориялық пен эмпириялық деңгейлерінің теңдігі мен
байланысын қөрсетуге тырысты.
Фальсифицияландырылу теориясы 1965 ж. Лондон коллоквиумінде
жарияланды, келесі бірнеше жылдар Еуропа мен оның шеңберінен тыс ғылым
философиясының пікірталасының орталық тақырыбы болды. Күмəнсіз,
фаллибилизм туралы тұңғыш рет айтқан Ч. Пирс (1839-1914 жж.), бірақ
артикуляциаландырылған доктринаға К. Поппер өзінің «Ғылыми білімнің өсуі
мен логикасы» атты шығармасында (1934 ж.) айналдырды. Фаллибилизмді тек
60-шы ж. қолдана бастады. Попперниандік қозғалысқа кіргендер: Дж. Агасси,
Дж. Уоткинс, Дж. Фрезер.
Поппер өзінің фальсифицияландыру концепциясын келесі тұжырымнан
бастайды - теориялық білім шамамен болжамды, ол қателікке ұрынады.
Ғылыми білімнің өсуі ғылыми гипотезалардың ұсынуы мен жоққа келтіруді
негіздейтін процесс. Соңғысы фаллибилизм принципінде бейнеленеді. Поппер
сенеді, қанша тексерістен өтсе де ғылыми теориялар қателесуі мүмкін, олардың
мүмкіндігі нөлге жақын. Басқаша айтқанда, теориялардың бəрі қате деп
қателесуге болмайды. Сонымен бірге ол өзінің жағымды қағидасын ғылым
философиясының идеялық ағымдарының контекстіне қоюға тырысты.
Конвенциялық
пікір бойынша табиғат заңдарын бақылаумен фальсифицияландыруға болмайды жəне жүйелерді фальсифицияландырылған
немесе фальсификацияға жатпайтын деп бөлуге болмайды, бұндай бөлініс анық
емес деп тұжырымдайды. Сөйтіп, осы принциптін түсіндіруінде кейбір
қозғалыс бар. «Фальсификация» термині теорияға қарсы келетін эмпириялық
фактілер арқылы теорияны жоққа келтіру деген мағынаны білдіреді.
Фальсифицияландыру дегеніміз əр ғылыми теорияның фальсификацияға
ашықтығы. Фальсифицияландыру дегеніміз теория оны дəлелдейтін, яғни,
дедукция арқылы тұжырымдалынатын тек эмпириялық фактілермен бірге емес,
сонымен қатар, теорияға қарсы, əлі белгісіз эмпириялық куəландырылмаған
потенциалды фальсификаторлар тобы. «Теория «эмпирикалық» немесе
«фальсифицияландырылатын» деп аталады, ол екі топ мүмкіндігін, негізгі
пікірлерді екі қуыссыз топ астына бөлсе: бірінші, өзімен сəйкес емес, өзіне
лайық емес негізгі пікірлер тобы; екінші, өзіне қарсы емес, өзі «жіберетін»
негізгі пікірлердің тобы». Осы анықтаманы нақты айтсақ, теория
фальсифицияландырылады, оның нақты фальсификаторлардың тобы қуысты
(бос) болмаса. Алғашқы «қияли фальсификационизмнен» (тəжірибемен жоққа
келтірілген гипотезалар түсіп қалады) фальсификационизмді жетілдіруге
қозғалыс (теориялар ұқсастық арқылы тексеріледі жəне жақсы дəлелделген
теориялар түсіп қалмай басқа жемісті фактілермен түсіндірілген теорияларға).
Бұл жерде жаңа ұғымға сұраныс бетке шығады - корроборация, яғни,
теорияның мүмкіндігін көтермейтін, оның фальсифициаландыруын бұзбайтын
дəлел. Теория корроборияландырылған деп саналады, одан эмпириялық
куəліктер жиналса. Басқа тең жағдайларда теория корроборияландырылған деп
саналады: 1. потенциалды фальсификаторлар тобы кең болса; 2. қатал
тексерістен, яғни, қиын, күтпеген эмпириялық куəлікпен - қабылданған
теорияларды фальсифицияландыратын гипотезаларды қабылдау».
Поппер ғылыми білімнің өсуін жалпы əлемдік эволюциялық үрдістің
нақты оқиғасы дейді. Өзінің эволюциялық эпистемологиясын индуктивистік
дəстүрмен пікір таласта дамытқан. Ғылыми теориялар индуктивтік процестер
арқылы құрылмайды. Біздің ақылымыз tabula rasa емес. Поппер болжамсыз
жəне идеялардың «иррационалды» инъекциясын қабылдайды. Оған қатысты
тағы бір пікір - методология эволюцияға қарсы қасиеттердің иесі, себебі,
ғылыми методология ғылыми білімнің унификациясына (бірлігіне) əкеледі, ал
эволюциялық процесс көптүрлілікке əкеледі
57 Г.Гегель және тарих философиясы
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф.Гегель (1770 – 1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, 17-18 ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттң жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланады.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан- қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – «Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым– нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық – ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан- ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, обьективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процедурасы абстрактылықтан басталып, нақтылықта қарай өрлейді. Бұл-таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципте К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді. Атақты философ Э.В.Ильенков К.Маркс «Капиталындағы» нақтылықпен абстрактылықтың диалектикасы деген кітабында Гегель айқындап берген, К.Маркс пайдаланған осы әдістің мәнін жан-жақты талдап алады.
Гегельдің пікірінше, тарих - бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Адам тарихы өзіндік даму нәтижесінің барысында белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Гегельдің түсінігінше тарих - рефлексия үдерісі сияқты. Бұл рефлексия дамудың диалектиқалық заңдарына бағынады
Гегель философиясы оның "философия тарихымен" аяқталады. Философия тарихын, Гегельдің пікірінше абсолюттік рухтың өзін-өзі тануы ретінде, ақиқаттық тарихи дамуы ретінде қарастыру керек. Өзінің идеалистік көзқарасына сәйкес, Гегель философия тарихында бұрмаланды. Сонымен бірге оның көптеген диалектикалық идеялары осы кезге дейін маңызын сақтап келеді. Өзінен бұрынғы философтардың рухани мұрасын мүлдем жалған деп есептейтін оқымыстыларды Гегель өткір сынға алды. Кейінгі философиялық ілімдердің қайсыбірін алып қарасақ та, — деп көрсетеді Гегель, — ол өзінен бұрынғы ілімдерді тұтастай жоққа шығара алмайды, өйткені кейінгі философияның өзіне де тірек керек, ол осы аталған нәрселерді өзінен бұрынғы ілімдерден ғана таба алады. Гегельдің пікірінше философиялық системаны теріске шығару деген оны лақтырып тастау емес, қайта оны әрі дамыту болып табылады. Философиялық системалар, әрине, біріне-бірі ұқсамайды, біріне-бірі қайшы келеді, бірін-бірі теріске шығарып отырады. Бірақта іс жүзінде олар бірімен-бірі диалектикалық байланыста болады. Философия тарихын Гегель, біріншіден, система ретінде қарастырады, екіншіден, — дамып отыратын, абстрактыдан нақтыға қарай өрлеп отыратын система ретінде қарастырады. Сондықтан ең соңғы философия өзінен бұрынғы системалардың жиынтығы ( синтезі болады); сондықтан ол ең бай система, ең ақиқат система.
58. О.Шпенглердің теориялық мұралары
Шпенглер Освальд (1880-1936) (spengier) - немісфилософы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі.
Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы "Еуропаның іңірі" атты кітабында тұжырымдалды (1920). Циклдік тұжырымға:
1. тарихтың үздіксіздігі ретінде қоғамдық прогресті жоққа шығару;
2. мәдениет пен өркениеттің қарсы тұруы;
өркениеттік прогресті қалыпқа сай түсінуден бас тарту және Батыстың кері кетіп, азғындағанын мойындау. Шпенглер бойынша, мәдениет деп ағзаға ұқсас (онда да сол өмірлік кезеңдерді өткереді: балалық, жастық, ақыл тоқтату, қарттық) тарихи-мәдени тұтастық түсініледі. Мәдениеттердің әрқайсысының әр нәрседен - тілден, өнерден, мемлекеттен, ғылымнан және т.б. көрініс табатын өз жаны болады. Шпенглер 8 дамыған, гүлденудің шегіне жеткен мәдениетті анықтады: антикалық (аполлондық), арабтық (сиқырлы), египеттік, вавилондық, үнді, қытай, мексикалық және еуропалық (фаусттық). Мәдениеттен өркениетке өту ежелгі дәуірде б.д.д. IV ғ. болды, ал оның құлдырап, жойылуы Рим дәуіріне сәйкес келеді. Еуропаөркениет сатысына XIX ғ. өтті, Шпенглердің пікірінше, оның құлдырауы 2000 ж. шамасына сай келеді. Шпенглердің идеялары қазіргі жаһандану процестерін зерттеуде ерекше өзекті болып отыр.
Бұл теориялардың ішіндегі ең белгілісінің бірі Освальд Шпенглердің (1880-1936) «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегіндегі тарихи-морфологиялық концепциясы еді. Ол дүниежүзілік тарихты эволюциялық процесс ретінде қарастырып, (Ежелгі дүние, Орта ғасыр, Жаңа уақыт) оны, белгілі-бір ландшафтта айқын көрінетін өзіне тән меншікті түрі, ойы бар, сонымен қатар, өзіндік өлімі бар көптеген қуатты мәдениеттердің спектаклі — деп есептеді.
Әрбір мәдениет өзіндік жанға ие болады, олардың негізі әйтеуір бір материалды емес және мәдениеттің прасимволы болып табылады, бірақ, ондағы кескіндеме, музыка, сәулет, поэзия, ғылыми ойлау ерекшеліктері арқылы көршетш жан — символ. Осыған байланысты әрбір мәдениеттің табиғат, сандар, уақыт туралы өзіне тән меншікті түсініктері бар болады. Шпенглер айтқандай олардың әрбірінің «өзіне тән меншікті психологиясы, адамдар білімінің өзіндік стильі, тіршілік тәжірибесі болады». (О.Шпенглер Закат Европы. Очерки морфологии мировой истории В 2 т. Т. 1. М, 1993. С. 483.)
Оларды талдап әрбір мәдениетті түсінудің кілті осы символ болып табылады, ол оның мәнін және басқа мәдениеттен айырмашылығын тануға мүмкіндік береді. Символдар ретінде әртүрлі артефактілер алынады мысалы, ортағасырда пайда болған механикалық сағаттар, алысқа ататын қүрал-саймандар, қытай әкімшілік жүйесі, египеттік пирамида, және т.б. Символдардың жиынтығы заман бейнесін тудырады, және де, мәдениеттің бейнесі түсінілсе, онда оның түпкі мәні түсініледі.