ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 338
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі — жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді
14.Антика ғылымын үш ғылыми-зерттеу бағдарлама тұрғысынан қарастыру: платондық, пифагорлық, атомистік аристотельдік
Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд. VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша
Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
-
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. -
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді. -
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған.
Сандардың қасиеттерін зерттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.
Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.
Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.
Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:
-
Сезім арқылы танып-білу, -
Ақылмен танып-білу.
Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.
Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен философияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай дамытты.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.
Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.
15.Ежелгі Грекия-ғылымның отаны
Ежелгі Грекия немес Эллада
— б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым
Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Олада көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты "гимнасия" деп аталды.
Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.
Грек ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.
16.Пифагор және оның мектебі қызметі
Ертедегі Грецияда ең бір маңыздысы – Пифагор (б.д.д. 580-500 жж.)мектебі. Ол сұлулықты сандық пропорцияға теңестірді (90-60-90).Пифагор бойынша қоршаған ортаның бастамасы – сан.
Пифагор ғылым саласы ретінде математиканың негізін қалаған оның философиялық көзқарасы көп жағдайда математикалық түсініктермен байланыстырылады. Ол «бәрі де сан болады», «барлық заттың сандық мәні бар» деп, әлем түсінігінің тек бір жағын ашты,
яғни мөлшерлік, сандық өлшемділігін айтты.Пифагордың ойынша, сезімдік танымның объектілерінен гөрі, ой объектілері шын өмір сүреді, өйткені санның уақыттан тыс табиғаты
бар, демек мәңгі. Олар – заттардың «табиғаты», нақты заттардан жоғары тұратын белгісіз шынайылық.
Осы аталған пікірлер Пифагордың рационалистік діннің негізін қалаушы екенін көрсетеді. Оның ойынша, сезім арқылы емес, парасат көмегімен ғана түсінуге болатын, мәңгі өмір сүретін әлем бар.Пифагор – ғарышты, ондағы барлық затты санмен орнатылған тәртіп есебінде белгілеген бірінші адам. Бұл тәртіпке ақыл, оймен қол жеткізуге, ұғынуға, жете түсінуге, әлемді бүтіндей жаңаша көруге болады.Әлемді тану үдерісі – Пифагордың ойынша, оларды басқаратын
сандық мөлшерді тану. Бірлік сандар жүйесінің негізі, математикалық білім таза ой негізінен алынады. Ойды сезімнен жоғары қойған ойшыл сезімдік әлемді математикалық идеалға еріксіз енгізді.