Файл: ылымны тарихы мен философиясыны пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 344

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

17.Ежелгі дүние ғылымының ерекшеліктері. Теориялық ғылымның алғашқы формаларының пайда болуы

Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дəл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дəл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақырсоңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1. Орыс зерттеушісі В.И.Ильин "Ғылым бастамасы" ұғымының айқынсыздығы мен релятивистігі бұл проблеманың шешімін аса қиынға соқтыратынын атап көрсетеді. Осы қиындықтардың нəтижесі ғылымның бастамасын сыртқы жəне ішкі деп бөлуге мəжбүр етеді. Сыртқы бастама — ғылымға дейінгі санадан ғылымның белгілі бір түрде құралуының шегі болса, ішкі бастамасы — ғылым тарихының алғашқы ағымын анықтау, содан бастап есептеу. Ғылымның сыртқы бастамасын қарастыру деген сөз, оның алғашқы ғылыми танымдық формалардан қалай шыққанын, қалыптасу динамикасын айқындау болып табылады. Ал ішкі бастамада — тарихи кеңістікте дамыған ғылым белгілерін көрсету. Ғылымның ішкі жəне сыртқы бастамаларын қарастыра отырып, біз ғылым қашан, қалай жəне қайда пайда болды деген сұрақтарға жауап бере аламыз. Ғылымның бастауын анықтау үшін көп мəнді "ғылым" ұғымның қазіргі заманғы мазмұнын ашып көрсету міндетті. Жоғарыда атап көрсеткендсй, ғылым, ең алдымен, білім жəне ол білімді алуға бағытталған іс-əрекет, қоғамдық сананың айрықша формасы, əлеуметтік институт (XIX ғ.ғ. екінші жартысында пайда болған арнайы ұйымдар мен мекемелер жүйесі), XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамның тікелей өндіргіш күші т.б. Бұл сұрақтың елдің бəрі мойыңдайтын жалпы жауабы болмағанымен, бірақ Г.Спенсердің ғылымның бастауы "есейген "жабайы адамның" ақыл-ойы..." деген пікірімен келісуге болмайды жəне оның бұл пікірін қолдаушы О.Конттың жəне басқалардың ғылымды мəдениет пен тарихтан тəуелсіз түсіндіретін пікірін де қолдауға болмайды, өйткені ғылым дегеніміз білім "өндіруге" арнайы бағытталған қоғамдық қызметтің нəтижесі болып табылады.

18.Антикалық математика, астрономияның дамуы

Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Грекия болып табылады. Ғылымның іргетасы - математиканы
астрономиянымеханиканыоптиканыбиологиянымедицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған. Математиканың теориялық білімінің салыстырмалы түрде дамыған үлгілері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Бір пікірдің екіншісінің алдындағы артықшылығы дәлеледемелер арқылы анықталды. Негізделген білімнің пікірден артықшылығы антикалық философияда өзінің дамуын одан әрі жалғастырды. Антикалық ғылымда әдістерге, ақиқаттың дамуына ерекше көңіл бөлінді. Тұңғыш рет диалектиканың әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделген және дәлелденген білімнің идеалын қолдану білімді баяндаудың жаңа принциптерін бекітті. Грек математикасында білімді теория түрінде баяндау үстем болды: «берілді -дәлелдеу керек - дәлелі». Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды. Алғашқы кезде гректер математикамен шұғылданды. Олардың алдында бір ғана мақста тұрды. Әлемдегі адамның орны қандай? Математика Хаостан тәртіп табуға, идеяларды логикалық бір ізге келтіруге, негізгі принциптерді табцуға ұмтылды. Математика бүкіл ғылымдардың ішінде телоиялық түде болды. Фалестің геометрия саласындағы білімі жан-жақты болды. Оған геометриялық құрылымның мынандай негізгі қасиеттері белгілі болды: «диаметр шеңберді тең екіге бөледі». Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге бөлінді. Солардың бірі Пифагордың мектебі болып табылды. Пифагор Самосский /б,з,д, 580-500жж./ - ежелгі грек математигі. Милетке жақын Самос аралында дүниеге келген.

19.Александриялық мусейон мен александриялық кітапхана ғылымның институциалдануының алғашқы формалары

Алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болыпты. Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған, тарихтан біз білетін ең ежелгі кітапхананың бірі - Египеттегі атақты Александрия кітапханасы. Әлем руханиятының тарихына академия, музей, кітапхана деген ұғымды қалыптастырып, адамзат өркениетінің аңсары мен нысанасына айналған Александрия қаласының негізі Ескендір Зұлқарнайынның – Александр Македонскийдің әмірімен 332-331 жылдары қыс айында қаланды. Бас сәулетшісі родостық Дейнекрат, құрылысты жүргізген навкратистік Клеоменс тағайындалды. Алғашқы Бас кітапханашы – Аристотельдің шәкірті, Афинаның бұрынғы билеушісі фалестік Деметрий. Әлемнің сегізінші ғаламаты – Александрия (Ескендір) кітапханасында қызмет көрсетуге ғұламалар ғана қабілетті еді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда Александрия кітапханасында қызмет атқарған айтулы тұлға – Клавдий Птолемей. Кітапханашы әрі ғалым аспан денелері қозғалысын зерттеген. ХII-ғасырда атақты «Александрия кітапханасы Халиф Әмір бастаған мұсылмандардың 642 жылғы жорығы кезінде өртенген» деген ақпаратқа кезінде Мұстафа Шоқай: «Бұл екінші крест жорығында жеңіліс тапқан христиандар мұсылмандарға қарсы өшпенділік тудыру үшін ойлап табылған жала. Себебі, Александрия кітапханасы 642 жылғы Әмір Халифтің жорығынан 250 жыл бұрын 391 жылы христиандардың қолымен өртеніп, жойылып кеткен» деп дәлелдейді



20.Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына батыс европа елдерінің қайқайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты "шіркеу əкейлері" мен "пұтқа табынушылар" философиясының арасындағы мəмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен дінифилософиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: юстин мученик (100-167 жж), тациан (ІІ ғ. Екінші жартысы), тертуллиан квинт септимий флоренс (160-222 жж) т.б.б олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыазамат алдында тұрған маңызды да күрделі мəселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды жəне ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнына боасатын христиандық діни-филослофия жасауға бар күштерін салды. Осындай мемлекттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі философиялық ілім "схоластика" (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) əлі бірбіірмен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой əрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсализмге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді жəне сол үстемдіктің "заңдылығын" дəлелдеуді (аристотельдің формалдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тəсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин Аврелий т.б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.) Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен филосфияның теологиядан бөлініп (Əлфараби мен ибн руштың "екі ұдай ақиқат" теориясы негізінде), философиялықтеологиялық ілімінің қалыптасып, кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері ұлы альберт, фома аквинский, дунс скотт т.б. 60


3. Құлдрау кезеңі (ХІV-ХV). Шынайы ғылыми жəне теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тəжірбиеден, өмірден алшақ, кернаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нəтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретіде қалыптасты. Негізгі өкілдері: ульям оккам, жан буридан т.б.

21. Коперниктің әлемнің геоцентрлік жүйесі

Николай Коперник  19 ақпан 1473 ж. Польша, Торунь – 24 мамыр 1543 ж.) – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе Дүниенің геоцентрлік жүйесінде Жер — Әлемнің кіндігі деген идея .) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник зерттеулерінің үлкен өмірлік мәні бар.Николай Коперник жасаған аспан денелерінің қозғалыс таблицалары Птоломей таблицаларынан әлдеқайда дәлірек болды.Ал бұл сол кездегі теңіз саяхатшылары үшін аса маңызды болатын.Себебі,ашық теңізде олар тек жұлдыздарға қарап бағыт ұстаған.Коперник бұл жаңалықтарын өзінің 1543 жылы шыққани“Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.

22. И.Кеплер: планеталар қозғаласының үш математикалық заңыңын ашылуы

Кеплер заңдары – 17 ғ-дың басында Иоганн Кеплер ашқан планеталар қозғалысының үш заңы. Кеплердің “Жаңа астрономия” (1609) атты негізгі еңбегінде алғашқы екі заң баяндалған. Үшінші заң кейінірек ашылған және ол “Әлем гармониясы” (1619) атты 5-кітабының 3-тарауында берілген.

Кеплердің 1 заңы

Кеплердің бірінші заңы негізінен планета орбитасының пішінін анықтайды: Барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.


Кеплердің екінші заңы

Кеплердің екінші заңы - аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус - векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Планеталар ең үлкен жылдамдықпен перигелийде, ал ең кіші жылдамдықпен афелий де қозғалады.

Кеплердің үшінші заңы

Кеплердің үшінші заңы - планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды: кез келген планетаның Күнді айналу периодтары жарты осьтерінің қатынасына тең болады. Екі планетаның үлкен жарты осіне а1 және а2 деп, ал айналу периодтары Т1 және Т2 деп белгілейтін болсақ, онда Кеплердің үшінші заңын жазуға болады.

23. Галилейдің астрономиялық жаңалықтары
Галилео Галилей— итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.

1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 — 1610) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты

24. Эксперименталдық методтың пайда болуы және оны табиғатты математикалық сипаттаумен байланыстырудың алғышарттары

Эксперимент (lat.experimentum - сынақ, тәжірибе) - гипотезаны немесе теорияны қолдау, жоққа шығару немесе растау үшін орындалатын процедура. Тәжірибелер мақсаты мен ауқымы жағынан әр түрлі болуы мүмкін және әдетте қайталанатын процедураларға және нәтижелерді логикалық талдауға сүйенеді. Тәжірибелер сонымен қатар табиғи зерттеулерді - қызығушылықты қанағаттандыруға бағытталған әрекеттерді қамтиды.

Эксперимент - тәжірибе мен эмпирикалық дерек көздерінің бірі

Математикалық модель келесі талаптарға сай болуы керек:

ол экспериментті адекватты және адекватты сипаттауы керек;