Файл: ылымны тарихы мен философиясыны пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 342

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


бақыланатын нәтижелер жиынтығының жиынтығы қарастырылған математикалық модель шеңберінде математикалық модель шеңберінде сипатталған қатаң анықталған бастапқы бастапқы деректермен анықталуы керек;

тұрақты енгізу деректерімен экспериментті кездейсоқ нәтижемен жүргізуге негіз қалау мүмкіндігі болуы керек;

талап дәлелденуі керек немесе математикалық модель шеңберінде анықталған кез-келген бақыланатын нәтиже үшін салыстырмалы жиіліктің стохастикалық тұрақтылық гипотезасы қабылданған априори болуы керек.

25. Антика философтарының ғылыми көзқарастары

«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы. «Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді.

Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.

Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Пифагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1,2,3,4 сандары алды. Осы сандардың қосындысы /1+2+3+4=10/ текрактис деп аталды. Аңыз бойынша, пифагоршылардың анты: «Текрактистің атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гілденіп тұратын табиғаттың қайнар көзі мен тамыры сонда жатыр. Тетрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең. Сондықтан он саны идеалды сан болып табылдаы және әлемді бейнелеп көрсетеді.

Аристотельдің ілімі бойынша-дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі-заттық нәрсе. Табиғат мәңгі қозғалыстағы, өзгерістегі материалдық заттардың жиынтығынан тұрады. Дүниені тану деген-еі әуелі табиғи құбылыстарды білу деген сөз. Зат туралы түйсік, елес, ұғым болу үшін ең әуелі сол бізден тыс тұрған заттың болуы қажет.


Эвклид-математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары бойынша бірнеше еңбектер жазған оқымысты. Олардың ішіндегі еі атақтысы – «Негіздер».
26. Ортағасырлық Батыстағы ғылыми таным

Егерде Шығыста өндірістік, практикалық сұраныстарға байланысты өлшеу техникасы дами бастаса, ал батыста, яғни Грекияда дәлелдеу ғылымы қанат жая бастады. Көне гректер әлемді және оны құрайтын заттар мен құбылыстардың қалыптасуын, дамуын баяндап, түсіндіруге тырысты. Бұл көзқарастарды натурфилософия деп атаймыз. Натурфилософия дегеніміз – табиғатты кейбір жаратылыстану ұғымына сүйеніп, біртұтастықта философиялық тұрғыдан түсіндіру. Басқаша айтсақ, натурфилософия – табиғат философиясы.

Орта ғасырларда батыс мәдениетінде пайымдаушылық, абстрактілі ойлау, тәжірибеге сүйенген білімнен бас тарту, универсализмнің ерекшеліктен басым болуы сияқты антикалық дәстүрлер одан әрі дамыды, тереңдетілді, сонымен қатар, алхимия, астрология дамыды. Осындай ерекше сипаттар батыс мәдениетінің ішкі бірлігінің жоқтығын, амбиваленттілігін көрсетеді.

Орта ғасырлық Батыста философия, арифметика, логика, грамматика, риторика, латын тілі өте жақсы дамыды, ал жаратылыстану ғылымдарына мән берілмеді, өйткені, батыс мәдениеті обьективті заңдармен түсіндірілетін табиғат идеясын білмеді, табиғат бұл уақытта жаратушының еркімен басқарылатын жасалған нысан.
27. Ортағасырлық Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстағы ғылым. Әл Фараби, әл Бируни, ибн Сина, ибн Рушдтың ғылыми көқарастары

Ал орта ғасырлық Шығыста математикалық, физикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами бастады. ІХ ғасырда Птоломейдің «Астрономияның ұлы математикалық жүйесі» кітабы араб тіліне аударылды. Европада «Альмагест» деп аталатын бұл кітаптың аудармасы мен оған берілетін түсініктемелер аспан денелерінің орнын есептеуге арналған әртүрлі таблицилар мен кестелерді жасауға мүмкіндік береді. Әл-Бируни (973-1048) – орташа салмақ туралы ілімнің авторы, астрономиядан, математикадан, философиядан, филологиядан, географиядан, тарихтан, яғни, ғылымның барлық бөлімін қамтитын 150-ден астам еңбек жазған. Натурфилософ А.Р.Бируни ғылым мен практиканың өнердің пайда болуы туралы прогрессивті идеялар айтқан. «Геодезияда» ғылымды адам өмірінің қажеттілігі тудырғаны, сонан соң олар өзіндік даму барысында жеке-жеке салаларға бөлінгендігі туралы айтылады. Бируни тек білім мен еңбек адамды ізгілендіреді, еңбек жоғары адамгершілік қасиеттерді дамытады деп атап көрсетті.



Абу Али ибн Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, дәрігер. «Медицина канонын» жазды. Ибн Сина «Сауығу кітабы» мен «Білім кітабында» табиғатты зерттеуге көп көңіл бөлді, логикалық ойлау мен тәжірибенің, ақыл мен эксперименттің бірлігі принципін жақтады. Таным процесінде сезімдер мен ақыл-ойдың өзара байланысын көрсете отырып, Ибн Сина танымның жоғары сатысы абстракция деп есептеген; қабылдауға негізделген баяндау мен жинақтаудан туындайтын анықтамаларды бөліп қарастырған. Теория мен практиканың өзара тығыз байланысына ерекше мән берген.

28. Әл-Хорезмидің еңбектері және олардың маңызы

Мұхамед ибн-Мұса әл-Хорезми (780-850) математикадан бірнеше көрнекті еңбектер жазған, олар латын тіліне аударылып, европада оқулық ретінде қолданылған. Хорезмидің «Әл-Жабр уа әл-Муқабала» атты еңбегі математика тарихындағы алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап. Сондықтан да кейде Хорезмиді алгебраның атасы деп те атайды. Ал оның «Жер түрлері жайындағы кітап» араб тілінде жазылған бірінші географиялық шығарма болды. Хорезми астрология, күн сағаты туралы еңбектер жазған, астрономиялық, тригонометриялық таблицалар жасаған.

Әл-Хорезми Көне Үнді, Орталық Азия мен Грекияның ойшылдарының еңбектерін жан-жақты зерттеп, олардың негізінде құнды топшыламалар жасаған. Солардың мәліметтеріне және өзінің жеке байқауларына сүйене отырып, орта ғасрлардағы математика мен жаратылыстанудың маңызды бағыттарына бастау болатын еңбектер жазған. Әл-Хорезмидің 10-нан астам жұмыстары сақталған. Олардың арасында алгебралық трактат, арифметикалық трактат, астрономиялық кестелер, географиядан, тарихтан және күн сағаттары мен күнтізбек туралы кітаптары бар. Әл-Хорезми алғашқылардың бірі болып карта сызды.
29. Қайта Өркендеу дәуірінде ғылымның дамуы

Қайта өрлеу  дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған. Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. 

Қайта өрлеу дәуірі діни сенімдердің шынайылығына сенбеушіліктен басталды. Ежелгі Грецияда Сократ жақтаушыларының қарсы күресуші мектептері құқылықтылық негізіне қатысты келісімге келе алған жоқ, со себепті скептицизм пайда болды, сөйтіп орта ғасыр соңында діни сенім әлсіреп, скептицизм қайта пайда болды. Ол жаңа сенімге жер дайындады – адам санасына, оның күші мен қабілеттілігіне. Қайта өрлеу дәуірінде дүние жүзілік саяхаттар және географиялық ашулар әсерінен горизонттар кеңейе түсті. Әлем әлеуметтік бірлестікке айнала бастады, адамзат жер шарының бірлескен жаны ретінде қалыптаса бастады.

30. Ғылыми ойдың философияға ықпалы: Декарт, Лейбниц, Кант еңбектері

Р.Декарт қазіргі еуропалық ғылымның бастамасында тұрған ұлы
ойшылдардың бірі. Оның
шығармашылығында онтологиялық
мәселелерге деген қызығушылық
пен математика, физика, космогония, физиология аймағындағы терең
зерттеулер, негізгі әдістер үйлесім тапқан болатын. Оның зерттеулері
философиялық ұсыныстармен үздіксіз байланысты және олар
дүниенің механикалық суретінің негізіне салынды.
1637 жылы «Әдіс туралы ойлар...» деген өзінің бірінші
жұмысын және оған қосымша «Геометрия», «Диоптрика», «Метеоры»
атты трактаттарын жария етті.
Декарт дайындаған философия мәселелерінде маңызды орынға таным
әдісі алынған болатын. Декарт, бүкіл білім үшін шынайы және толық
сипатты әдіс іздеуде болды, ол осы негізде бүкіл ғылымның шынайы
ғимаратын құрғысы келген. Схоластикада мұндай әдісте негіз де жоқ.
Сондықтан, Декарттың философиялық ойларының негізі – ол
жалпыға танымал шындықтың күмәнділігі.

Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.
31. И.Ньютонның «натурфилософияның математикалық бастаулары» еңбегі-жаңа жаратылыстану парадигмасы: қозғалыстың үш заңы және әмбебап тартылу

Классикалық жаратылыстану саласындағы екінші ғылыми революцияның теориялық мұрасының пайда болуы И.Ньютонның (1643-1727) өте бай және алуан түрлі еңбектерінің арқасында мүмкін болды. Ньютон өзінің ғылыми жұмысының жемістігі туралы ишара жасай отырып: «Мен алыптардың иығында тұрмын» деп жазды. Ньютонның негізгі жұмысы - «Табиғи философияның математикалық негіздері» (1684) кітабы. Джон Берналидің бейнесін көрсету үшін бұл кітап «жаңа ғылымның Інжілі», «Інжілде баяндалған әдістердің кейінгі даму көзі» деп аталды. Ньютон осы кітапта және басқа еңбектерінде классикалық механика тұжырымдамасы мен заңдарын тұжырымдады, бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласын ашты; Кеплер заңдарының теориялық жағына сүйене отырып, ол аспан механикасын құрды және бір көзқарас тұрғысынан көптеген мөлшерде практикалық фактілерді түсіндірді (Жердің, Айдың, планеталардың біркелкі емес қозғалысы; теңіз толқындары және т.б.) Сонымен қатар, Ньютон, неміс ғалымы Лейбницке тәуелсіз, дифференциалды және интегралды есептеулер жасады. физикалық шындықты математикалық сипаттау үшін барабар тіл ретінде. Ол сонымен қатар көптеген физикалық ұғымдарды сипаттаудың авторы болды, соның ішінде жарық табиғаты, материяның атомдық құрылымы, механикалық себептілік принципі және т.б. Эйнштейн атап өткендей, Ньютонның еңбектерінде физиканың және басқа ғылымдардың теориялық негіздерін жасауға әрекет жасалды. Эйнштейннің айтуынша, Ньютон салған іргетас өте жемісті болды және оны 19 ғасырдың соңына дейін сақтай алды.