Файл: азастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 111

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. Мезенхималық дистрофия анықтамасы:

а) органдардың паренхималық элементтеріндегі заталмасу бұзылыстары,

б) органдардың стромасы мен қантамырларындағы заталмасу бұзылыстары;

в) органдардың паренхимасы мен стромасындағы заталмасу бұзылыстары;

г) органдардағы қанайналым бұхылыстары;

д) органдардың өмір сүруінің тоқтауы.

  1. Мезенхималық дистрофиялардың түрлерңн атаңыз:

а) бұлыңғыр ісіну, түйіршікті дистрофия;

б)цистиноз, гидропиялық дистрофия;

в)мукоидты ісіну, гиалиноз;

г) амилоидоз, гиалин-тамшылы дистрофия;

д)гликогеноз, майлы дистрофия.

  1. Мезенхималық дистрофиялар дмуындағы морфогенетикалық механизмдерді атаңыз:

а)декомпозиция, инфильтрация;

б)резорбция, дегрануляция;

в)инфильтрация, гипоксия;

г)плазморрагия, гиалиноз;

д)секреция мен синтездің жоғарылауы.

  1. Мукодты ісінудің сипаттамасы:

а) дәнекер тінінің эасушаларында дамиды;

б) дәнекер тінінің негізгі затында дамиды;

в) липидтер шоғырлануымен сипатталады

г) гликоген шоғырлануымен сипатталады;

д) қайтымсыз процесс.

  1. Амилоидтың биохимиялық табиғаты:

а) жануар крахмалы;

б)белок;

в)белокты-полисахаридті комплекс;

г)мукопротеид;

д)хромопротеид.

  1. Амилоидогенез теорияларын атаңыз:

а) полиэтилогиялық, инфекционды;

б) мутациялық, энергия жетіспеушілігі;

в) физико-химиялық, токсикалық;

г) жергілікті жасушалық синтез, мутациялық;

д) вирусты, ісікті.

  1. қандай процесстер нәтижесінде гиалиноз дамуы мүмкін:

а) бұлыңғыр ісіну;

б) липоидоз;

в) амилоидоз;

г) плазморрагия;

д) гликогеноз.

  1. Амилоидоз кезіндегі ағзалардың макроскопиялық көрінісі:

а) кішірейген, көкшіл

б) ұлғайған, тығыз;

в) болбыр консистенциялы, үлкейген;

г) тығыз, кішірейген;

д) кескінде шұбарлы.

  1. қай ауру түрі амилоидозбен асқынуы мүмкін:


а) гипертония;

б) атеросклероз;

в) созылмалы пиелонефрит;

г) созылмалы өкпе абсцессы;

д) созылмалы жүрек ишемиялық ауруы.

  1. мукоидты ісінуді қай бояу әдісімен көруге болады?

а) конго қызыл;

б)Судан 3;

в)пикрофуксин;

г)толуидинді;

д)ШИК-реакция.

Соңғы деңгейді анықтауға арналған тесттер:

    1. Мезенхималық дистрофияларға сипаттама беріңіз: а)мезенхималық дистрофия анықтамасы; б)заталмасу бүзылысына байланысты мезенхималық дистрофия түрлері: 1)..., 2)..., 3)...; в)патологиялық үрдістің орналасу орнына байланысты мезенхималық дистрофия түрлері: 1)..., 2)...; г) мезенхималық дистрофия дамуындағы морфогенетикалық механизмдер: 1)..., 2)..., 3)..., 4)....

    2. мезенхималық диспротеиноздарға сипаттама беріңіз: а) мезенхималық диспротеиноз анықтамасы; б) мезенхималық диспротеиноздар түрлері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)...: в) олардың қайсысы дәнекер тінінің дезорганизациясы дамуының кезеңдері болуы мүмкін:1)..., 2)..., 3) ....

    3. Мукоидты әсәнуге сипаттама беріңіз: а) дәнекер тінінің қандай құрылымдары мукоидты ісіну кезінде зақымдаланыд: 1)..., 2)...; б)процесстың биохимиялық мәні: в) қантамыр-тіндік өткізгіштік жағдайы; г) мукоидты ісіну дамуының морфогенетикалық механизмі; д) қай бояу әдісімен анықталады; е) бояу нәтижесі; ж) процесс нәтижесі: 1)..., 2)...; з) қай аурулар тобына мукоидты ісіну тән.

    4. Көкбауыр амилоидозына сипаттама беріңіз: а)көкбауыр амилоидозының сатылары: 1)..., 2)...; б)бірінші сатыныі сипаттамасы: 1) көкбауыр өлшемі, 2) консистенциясы, 3) кесіндідегі көрінісі, 4) амилоидоз қайда шоғырланады; в) екінші сатысының сипаттамасы: 1)тіннің өлшемі, 2) консистенциясы, 3)кескіндегі көрінісі, 4)улы зат шоғырланған жерлер қайда орналасқан: г) көкбауырда қандай талшықтар бойымен амилоид шоғырланады

    5. Семіздікке сипаттама беріңіз: а) семіздік немесе артық салмақ деп нені айтады; б) даму механизміне байланысты семіздіктің түрлері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)...; в) артық май тінінің жиналған орнына қарай семіздіктің типтері: 1)..., 2)...,

3)..., 4)....



Ситуациялық есептер


Есеп №1. Науқаста митральды қақпақшаның ревматоидты ақауы болған. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінен науқас қайтыс болды. Аутопсияда митральды қақпақшаның жармалары қалыңдаған, ұлғайған, тығыз, ақ түсті.

  1. Қай дистрофияның нәтижесінде жармаларды осындай өзгеріс орын алды?

  2. Қандай өзгерістер реттілігі бойынша қақпақша эндокардында осы өзгерістер жүзеге асты (патологиялық процесс сатылары)?

  3. Осы кезеңдердің ірқасысындағы өзгерістердің мәні неде?

  4. қай сатыда процесс қайтымды еді?

Есеп № 2. Науқас гипертониямен ауырған және миокард инфарктінен қайтыс болды. Микроскопиляық зерттеу барысында көптеген ағзаларда артериолалардағы өзгерңстер анықталды: артериола қабырғалары тығыздалған, қуысы тарылған, интима қабатында ашық қызыл түсті гомогенді масса.

Аутопсияда бүйрек көлемі кішірейген, беті майда түйіршікті.

  1. Қантамыр қабырғасындда қандай дистрофия дамыды?

  2. Аталған дистрофия кай процесс нәтижесінде пайда болды?

  3. Бүйрек көлемінің кішіреюі мен бетінің майда түйіршіктелуі немен басланысты?

  4. Бүйректе дамыған осы процесс қалай аталады?

Есеп №3. Науқас бірнеше жылдар бойы бронхоэктазды аурумен зардап шеккен. Соңғы жыл бойында несепте тәулігіне 10 г дейін белок анықталған, плазмадағы белок мөлшері төмендеген. Ісінулер байқалған. Соңында науқаста гиперазотемия болады, науқас бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.

  1. бүйректегі қандай процесс бронхоэктазды ауруыдң өршуіне себеп болды?

  2. Осы процесс тағы қандай органдарда дамуы мүмкін?

  3. Осы кездегі бүйректің макро және микроскопиялық сипаттамасы қандай?

Есеп №4. Науқас (кондитер) дәрігерге келесі шағымдармен келді: артық салмақ, жүргенде етігу, аяқтарының ісінуі. Емдеу курсынан кейін (диета, физикалық жаттығулар) науқастың салмағы төмендеді, ентігуі тоқтады.

  1. науқастағы ісіну дамуының механизмі қандай?

  2. Осы кедегі жүректегі өзгерістерді сипаттаңыз

  3. Жүрек жеткіліксіздігінің белгісінің (ентігу) пайда болу себебі?

Есеп №5. Миокард инфарктінен қайтыс болған науқас аутопсиясы кезінде аортаның және оның ірі тармақтарының интимасының өзгерістері анықталған. Интима тегіс емес, онда тығыз, қантамыр қуысын тарылтатын ақшыл сары табақшалар мен сары дақтар көрінеді.

  1. Аорта мен артерияларда қандай процесс дамыды?

  2. Осы патологиялық процессті анықтау үшін микроскопиялық зерттеуде қандай бояу әдісін қолдану қажет?



Сабақ хронометражы


Сабақ ұзақтығы 150 минут, 10 минуттық үзілісімен



Этаптар

Уақыты (мин)

1

Кіріспе. Студенттерді тізі бойынша түгендеу

10

2

Тесттік тапсырма арқылы бастапқы білімді анықтау

20

3

Тақырып бойынша теориялық материалдарды ауызша сұрау арқылы білімді қалыптастыру

50

4




Мұғалімнің макро және микропрепараттарды көрсете отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіруі




30

5

Тақырып бойынша чек парақтарды толтыра отырып, практикалық дағдыларды қалыптастыру

30

6

Сабақты қорытындылау (альбомдарды тексеру, келесі сабақ туралы ақпарат)

10



3 сабақ Тақырыбы: Аралас дистрофиялар. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аралас дистрофия анықтамасы және түрлері.

  2. Хромопроидтер анықтамасы, классификациясы, сипаттамасы, организмдегі ролі.

  3. Гемоглобиногенді пигменттер: түрлері, олардың алмасуының бұзылыс механизмдері.

  4. Гемосидериннің алмасуы бұзылысының макро- микроскопиялық сипаттамасы, функционалды маңызы.

  5. Билирубиннің алмасуы бұзылысының макро- микроскопиялық сипаттамасы, функционалды маңызы.

  6. Протеиногенді пигменттер: түрлері, олардың алмасуының бұзылыс механизмдері, макро- микроскопиялық сипаттамасы.

  7. Липидогенді пигменттер: түрлері, олардың алмасуының бұзылыс механизмдері, макро- микроскопиялық сипаттамасы.

  8. Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылысының түрлері мен даму механизмдері.

  9. Нуклеопротеидтердің алмасуы бұзылысының макро- микроскопиялық сипаттамасы, функционалды маңызы.

Жабдықталуы:

Макропрепараттар:

Микропрепараттар:

  1. Механикалық сарғаю кезіндегі бауыр.

  2. Өкпенің қоңыр индурациясы.

  3. Асқазан эрозиясы мен жарасы түбіндегі тұз қышқылды гематин

  4. Жүректің қоңыр атрофиясы.

  5. Бауырдың пигментті циррозы

  1. Өкпе гемосидерозы, №17, Перлс реакциясы.

  2. Бауыр гемосидерозы, №117, Перлс реакциясы.

  3. Көз меланомасы, №257, гематоксилин-эозин бояуы.

  4. Бауырдың қоңыр атрофиясы,

№5, гематоксилин-эозин бояуы.


Атлас: Патологиялық анатомия атлас. О.В.Зайратьянц, Айтқұлов аударған ГЭОТАР-Медиа, 2019.

Пирогов үстелі (студенттерге арналған тренажер): медиафайлдар, макро-, микропрепараттар суреті, патологиялық өзгерістердің 3D визуализациясы, теориялық материалдарды оқу.





Өкпе гемосидерозы



Бауыр гемосидероз





Көз меланомасы



Бауырдың қоңыр атрофиясы