Файл: азастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 94

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бүйректің гиалин-тамшылы дистрофиясы



Бауырдың майлы дистрофиясы



Қантты диабет кезіндегі бүйректегі гликоген



Асқазанныі шырыты рагы



Макропрепараттар





Бауырдың майлы дистрофиясы (майлы

Жүректің семіздігі: эпикардтағы май тінінің

гепатоз, бауырдың майлы дистрофиясы, "қаз" көлемінің едәуір жоғарылауымен жүректің бауыры): бауырдың мөлшері ұлғайған мөлшері мен массасы ұлғаяды, бұл

бауырдың массасы - 8500 г, тығыздалуы өзгерістер жүректің оң жағында көбірек мүмкін, беті тегіс, алдыңғы шеті көрінеді. дөңгелектелген, біркелкі саз тәрізді, сары немесе сары-қоңыр түсті.

Бастапқы деңгейді анықтауға арналған тесттер:

  1. Қандай патологиялық процесстерді дистрофия деп атаймыз:

а) жасушаларды оттегімен қамтамасыздандырудың бұзылуы;

б) жергілікті өлім;

в) зақымдалған тіннің қалпына келуі;

г) құрылымдық бұзылыстармен жүретін заталмасу бұзылысы;

д) арнайы функцияларды атқару барысындағы затмалмасу процесстерінің артуы.

  1. Дистрофия дамуындағы негізгі патогенетикалық механизм:

а) жасушаға оттегінің түсуінің азаюы;

б) жасушаның функционалды белсенділігінің артуы;

в) жасушадағы энергия жеткіліксіздігі;

г) жасушадағы синтездік процесстердің төмендеуі;

д) гликолиздік процесстердің артуы;

  1. Дистрофия дамуындағы морфогенетикалық механизмдерді атаңыз

а) пиноцитоз, цитопемзис;

б) инфильтрация, декомпозиция;

в) дегрануляция, гипоксия;


г) деструкция, некробиоз;

д) генетикалық негізделген заталмасу бұзылыстары.

  1. Паренхималық белокты дистрофияны атаңыз:

а) мукоидты ісіну;

б) түйіршікті дистрофия;

в) гликогеноз;

г) липоидоз;

д) гиалиноз.

  1. қай паренхималық белокты дистрофияны бұлыңғыр ісіну деп атайды: а) гиалин-тамшылы;

б) гидропиялық;

в) мүйізді;

г) түйіршікті;

д) баллонды.

  1. бүйректің паренхималық дистрофиясында қай морфогенетикалық механизм жиі орын алады: а) трансформация;

б) инфильтрация;

в) бейтабиға синтез;

г) декомпозиция;

д) фанероз.

  1. миокрдта майлы дистрофия дамыған кезде оның қызметі қалай өзгереді?

а) жиырылу қабілеті артады;

б) декомпенсация;

в) өзгермейді;

г) жұрек ритмінің реттілігі жақсарады;

д) қарыншалар фибрилляциясы.

  1. жалбарыс жүрегі кезінде миокардта паренхималық дистрофияныі қай түрі орын алады а) түйіршікті;

б) гиалин-тамшылы;

в) гидропиялық;

г) майлы;

д) көмірсулы.

  1. түйіршікті дистрофияның қолайлы нәтижесі:

а) трансформация;

б) кері даму;

в) гиалин тамшылы дистрофияға трансформациялану;

г) гидропиялық дистрофияға трансформациялану;

д) некроз дамуы.

  1. түтікшелер эпителийінде түйіршікті дистрофия дамығанда бүйректің қай қызметі бұзылады: а) оксалурия;

б) протеинурия;

в) липидурия;

д) фенилкетонурия.

Соңғы деңгейді анықтауға арналған тесттер:

    1. Дистрофияға сипаттама беріңіз: а) дистрофия анықтамасы; б) патологиялық процесстің орналасу орнына байланысты түрлері: 1)..., 2)..., 3)...; в) заталмасу бұзылысына байланысты дистрофия түрлері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)...; г) дистрофия дамуының стереотипті морфогенетикалық механизмдері: 1)..., 2)...,

3)..., 4)....

    1. Паренхималық белокты дистрофияларды сипаттаңыз: а) қай ағзаларда жиі дамиды: 1)..., 2)..., 3)...; б) паренхималық белокты дистрофиялар түрлері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)...; в) паренхималық белокты дистрофиялардың морфогенетикалық механизмдері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)....

    2. түйіршікті дистрофияға сипаттама беріңіз: а) дистрофияның қай түріне жатады: 1) патологиялық процесстің орналасу орнына байланысты түрлері, 2) заталмасу бұзылысына байланысты дистрофия түрлері; б) қай ағзаларда жиі дамиды: 1)..., 2)..., 3)...; в) түйіршікті дистрофия дамыған ағзалардың макроскопиялық сипаттамасы: 1)өлшемі, 2) консистенциясы. 3) кесіндідегі көрінісі; г) сол ағзалардың микроскопиялық сипаттамасы: 1)жасушалар өлшемі, 2) цитоплазмасы қандай; д) түйіршікті дистрофия дамуының негізгі морфогенетикалық механизмі: 1) бүйректе, 2) миокардта.

    3. Миокардтың майлы дистрофиясына сипаттама беріңіз: а) макроскопиялық сипаттама: 1) жүрек өлшемі, 2)қуыстарының жағдайы, 3) миокард консистенциясы, 4) миокарда түсі, 5) папиллярлы және рабекулярлы бұлшықеттң аймақтардағы миокард түсінің ерекшеліктері; б) микроскопиялық сипаттамасы: 1)бұлшықет талшықтарының цитоплазмасының сипаттамасы, 2) жасушалардың көлденең сызаттарының жағдайы, 3)майлы дистрофияны анықтау үшін қандай бояу әдісі қолданылады, 4) май тамшылары қандай т.ске боялады; в) миокардтың майлы дистрофиясының дамуында қнадай морфогенетикалық механизм басты орын алады; г) майлы дистрофия кезіндегі миокардтың функциональды жай күйі қандай.

    4. Паренхималық майлы дистрофияға сипаттама беріңіз: а) қай ағзаларда жиі дамиды: 1)..., 2)..., 3)...; б) ағзалардың микроскопиляқы сипаттамасы: 1)өлшемдері, 2)консистенциясы, 3)түсі; в)жасуша цитоплазмасында микроскопиялық қандай өзгерістерді байқауға болады; г) морфогенетикалық механизмдері: 1)..., 2)..., 3)..., 4)...; д) ағзалардағы майлы дистрофия дамуындағы басты механизм: 1)бүйректегі, 2) миокардтағы; е) майлы дистрофия кезінде ағзалардың функциясы қалай өзгереді.




Ситуациялық есептер


Есеп №1. Фолликулярлы ангинамен ауыратын науқаста (дене температурасы 39° С), айқын тахикардия, несеп талдауында аздаған белок анықталды. Науқас сауыққан соң жүрек қызметі мен несеп талдауы қайта қалпына келді, несеп талдауы.

  1. Миокард пен жүректе қандай патологиялық үрдіс дамыды?

  2. Бұл ағзалардағы макроскопиялық өзгерістерді сипаттаңыз.

  3. Бұл ағзалардағы микроскопиялық өзгерістерді сипаттаңыз.

  4. Бүйрек пен миокардтағы патологиялық процесстердің дамуындағы морфогенетикалық механизм қандай?

  5. Науқас сауыққан соң не себепті миокард пен бүйрек қызметі қалпына келді?

Есеп №2. Нефротикалық синдромды гломерулонефритпен ауыратын науқаста ұзақ мерзім бойында несеп талдауында тәулігіне 20 г дейін белок анықталды.

  1. Айтылған науқаста бүйрек түтікшелерінің проксимальды және дистальды бөліктерінің эпителиінде қандай белокты дистрофияларды анықтауға болады?

  2. Бұл дистрофия түрі айтымды ма?

  3. Олардың микроскопиялық және ультрақұрылымдық сипаттамасы қандай?

Есеп №3. Науқас айқын анемиялы созылмалы миелоидты лейкозбен ауырады (6 ай бойы гемоглобин 50 г% дейін). Жүрек тондары тұйықталған, жүрек шекарасы солға ығысқан. Жүрек жеткіліксіздігінен науқас қайтыс болды.

  1. Жүрек декомпенсациясының морфологиялық субстраты ретінде миокардта қандай дистрофиялық өзгеріс дамыды?

  2. Патологиялық процесстің морфогенетикалық механизмі қандай?

  3. Аутопсия кезінде жүректе қандай өзгерістер кқруге болады?

  4. Миокард жасушаларының микроскопиялық өзгерістері қандай?

  5. Бұл өзгерістерді көру үшін қандай бояу түрін қолдану қажет?

Есеп №4. Аз қозғалысты өмір сүру салты мен дұрыс емес тамақтанудан (майлы, көмірсулы) дамыған артық салмақтан зардап шегетін науқас әйел оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, кейде жүрек айнуға, запыранға шағымданады. Пальпацияда бауыры ұлғайған.

  1. Бауырда қандай патологиялық процесс дамыды?

  2. Ол патологиялық процесстің морфогенетикалық механизмі қандай?

  3. Берілген науқастың бауыр пунктатында қандай микроскопиялық өзгерістерді көруге болады?

  4. Бұл өзгерістерді көру үшін қандай бояу түрін қолдану қажет?


Сабақ хронометражы


Сабақ ұзақтығы 150 минут, 10 минуттық үзілісімен



Этаптар




Уақыты (мин)

1

Кіріспе. Студенттерді тізі бойынша түгендеу




10

2

Тесттік тапсырма арқылы бастапқы білімді анықтау




20

3

Тақырып бойынша теориялық материалдарды ауызша сұрау арқылы білімді қалыптастыру




50

4




Мұғалімнің макро және микропрепараттарды көрсете отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіруі




30

5

Тақырып бойынша чек парақтарды толтыра отырып, практикалық дағдыларды қалыптастыру




30

6

Сабақты қорытындылау (альбомдарды тексеру, келесі сабақ туралы ақпарат)




10




2 сабақ Тақырыбы: Стромалы - қантамырлы дистрофиялар. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гистион құрылымы.

  2. Стромалы-қантамырлы дистрофия анықтамасы, классификациясы.

  3. Стромалы-қантамырлы белокты дистрофиялар, классификацияся, морфогенетикалық даму механизмдері, себептері.

  4. Белокты дистрофиялардың морфологиялық сипаттамасы. Гистохимиялық реакциялар.

  5. Майлы дистрофиялардың морфологиялық сипаттамасы, себептері, маңызы, нәтижесі. Гистохимиялық реакциялар.

  6. Көмірсулы дистрофиялардың морфологиялық сипаттамасы, себептері, маңызы, нәтижесі.

  7. Тезауроз, анықтамасы, классификациясы.

Жабдықталуы:

Макропрепараттар:

Микропрепараттар:

  1. Көкбауыр капсуласының гиалинозы

  2. Біріншілік бүріскен бүйрек

  3. Саго дәнді селезенка

  4. Майлы көкбауыр

  5. Бүйрек амилоидозы

  6. Аорта атеросклерозы

  1. Бүйрек қантамырларының фибриноидты некрозы, №5, гематоксилин-эозин бояуы.

  2. Көкбауыр капсуласының гиалинозы, №231, Ван-Гизон бойынша пикрофуксинмен бояу.

  3. Бүйрек амилоидозы, №87, конго-қызыл бояуы.

  4. Саго дәнді көкбауыр, №10, конго-қызыл бояуы.

Атлас: Патологическая анатомия атлас. Под редакцией О.В.Зайратьянца ГЭОТАР-Медиа, 2019. Атлас по патологической анатомии, Серов В.В. Пирогов үстелі (студенттерге арналған тренажер): медиафайлдар, макро-, микропрепараттар суреті, патологиялық өзгерістердің 3D визуализациясы, теориялық материалдарды оқу.



Бүйрек қантамырларының фибриноидты некрозы



Көкбауыр капсуласының гиалинозы



Бүйрек амилоидозы



Сагодәнді көкбауыр