Файл: азастанресей нуо казахстанско медициналы российский медицинский университеті меббм университет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 100

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Макропрепараттар






Өкпенің қоңыр индурациясы: өкпе мөлшері ұлғайған, тығыз консистенциясы

бар, олардың тіндеріндегі тіліктерде қоңыр түсті бірнеше ұсақ дақтар, диффузды тор түріндегі дәнекер тінінің қабаттары.

Асқазанның шырышты қабығының өткір эрозиялары мен жараларының түбіндегі тұз қышқылы гематині: асқазанның

шырышты қабатындағы бірнеше ұсақ беткі

ақаулар, дөңгелектелген немесе ұзартылған,

тегіс, тегіс жұмсақ жиектері бар және төменгі

жағында тұз қышқылы гематин пигментінің тұндырылуына байланысты қара-қоңыр

түсті.



Бастапқы деңгейді анықтауға арналған тесттер:

  1. Аралас дистрофия анықтамасы:

а) ағза паренхимасында заталмасу бұзылысының көрінісі;

б)ағза стромасында заталмасу бұзылысының көрінісі;

в) күрделі белоктар мен минералдар алмасуының бұзылысының ағза стромасы мен паренхимасындағы көрінісі;

г) көмірсу алмасуының бұзылысы;

д)липидтер алмасуының тұқым қуалайтын бұзылыстары.

  1. Гемоглобиногенді пигменттерді атаңыз:

а) меланин, липохром;

б) адренохром, цероид;

в) липофусцин, гемофусцин;

г) гемосидерин, билирубин;

д) ферритин, энтерохромаффинді пигмент.

  1. жалпы гемосидероз дамуына қай процесс алып келеді:

а) қантамырдан тыс гемолиз;

б) қантамыр қабырғасының некрозы;

в) қантамырішілік гемолиз;

г) гематома түзілуі;

д) диапедезді қан кету.

  1. Темір алмасуында маңызы бар гемоглобиногенді пигментті атаңыз: а) гемомеланин;

б) липофусцин;

в) гематин;

г) билирубин;

д) ферритин.

  1. сарғаю түрлерін атаңыз:

а) бауырастылық, бауырлық;

б) жергілікті, жалпы;

в) сепсистік;


г) іркілістік, токсикалық;

д) вирусты.

  1. Қандай жасушаларда меланиннің жетілген түйіршіктері анықталады:

а) ксантомды жасушалар;

б) меланоциттер;

в) меланобласттар;

г) энтерохромаффинді жасушалар;

д) жүйке жасушалары

  1. Қай гормондар меланогенозді реттейді:

а) инсулин, глюкагон;

б) паратгормон, тироксин;

в) адреналин, норадреналин;

г) мелатонин. АКТГ;

д) соматотропты гормон.

  1. Жалпы меланоз дамитын ауруларды атаңыз:

а) альбинизм:

б) аддисонов ауруы;

в) меланома;

г) невус;

д) гемосидероз.

  1. Липидогенді пигментті атаңыз:

а) билирубин:

б) липофусцин;

в) гемомеланин;

г) порфирин;

д) ферритин

  1. Липофусцин заталмасудың қандай реакцияларында қатысады: а) белок синтезі;

б) нуклеинді ұышұылдар синтезі;

в) белоктардың гидролиздің ылырауы;

г) қышқылдық қалыптатыру реакциялары;

д) полисахаридтер синтезі.

Соңғы деңгейді анықтауға арналған тесттер:

  1. Гемоглобиногенді пигменттерді атаңыз: а) қалыпты жағдайдағы: 1)…, 2)..., 3)...; б) асқазан эрозиясы түбіндегі; в) малярия кезіндегі; г) гематома ортасындағы.

  2. Гемосидерин алмасуның бұзылысына сипаттама беріңіз: а) алмасу бұзылысының түрлері: 1) .... 2) ...; б) олардың даму механизмдері: 1) …, 2)…; в) өкпенің қоңыр индурациясы кезінде гемосидероздың қай түрі орын алады; г) гемолитикалық анемия кезінде гемосидероздың қай түрі жүзеге асады; д) қай реакция арқылы гемосидеринді анықтайды.

  3. меланин алмасуының бұзылысына сипаттама беріңіз: а) меланин қай пигмент тобына жатады; б) жүре пайда болған меланин алмасуының бұзылысының түрлері:1)..., 2)..., 3)...; в) туа бәткен меланин алмасуы бұзылысының түрлері: 1)..., 2)..., 3)...; г) процесстің таралуына байланысты меланоз түрлері: 1)..., 2)…; д) Аддисон ауру кезінде қай жасушаларда меланинді анықтай аламыз: 1)..., 2)...;

е) меланин синтезі жүретін жасушалық құрылымды атаңыз.

  1. липидогенді пигменттер алмасуы бұзылысына сипаттама беріңіз: а) бұл топқа қандай пигменттер жатады: 1) ..., 2)…; б) осы пигменттердің қайсысы қышқыл тұрақтандыру процесстеріне қатысады; в) осы пигменттің даму сатыларын сипаттайтын түрін атаңыз: 1) ..., 2) ...; г) патологиялық жағдайда бұл пигмент көптеп қай органдар мен тіндерде жиналады: 1) ..., 2) ..., 3) ...; д) бұл пигменттің органдарда жиналуы қандай бұзылыстармен бірге жүреді


(патологиялық бұзылыстың атын атаңыз).



Ситуациялық есептер


Есеп №1. Лейкозбен зардап шегетін науқаста қайта қан құюдан кейін анемия, терінің сарғаюы пайда болды. Миына қан құйылудан науқас қайтыс болды. Аутопсияда бауыр мен көкбауыр көлемі ұлғайған, сүйек кемігі қоңыр түсте.

  1. түсті өзгерістің пайда болуы қай пигменттің түзілуіне байланысты?

  2. анықталған өзгерстің негізінде қандай патологиялық үрдіс жатыр?

  3. патологиялық процесстің даму механизмі қандай?

  4. науқаста сарғаюдың қай түрі дамыды?

Есеп №2. Өкпе рагымен ауыратын науқаста көптеген метастаз ошақтары (оның ішінде бүйрекүсті безінде де) бар. Науқастың денесінде қоңыр түсті дақтар пайда болды, айқын әлсіздік, адинамия, гипотония байқалады.

  1. Терідегі пайда болған өзгерістер қалай аталады?

  2. Трінің қоңыр түске енуі қай пигментке байланысты?

  3. Ол пигментті қандай жасушаларда анықтауға болады?

  4. Меланин синтезі жүретін жасушалық құрылымды қалай атаймыз?

  5. Осы пигменттің шамадан тыс өндірілуінің механизмі қандай?

Есеп №3. Өңеш рагымен ауыратын науқас кахескиядан қайтыс болды.

Аутопсияда: жүрек көлемі кішірейген, миокард қоңыр түсті.

  1. Жүректе байқалған өзгерісті қалай атаймыз?

  2. Осы сияқты өзгерістерді тағы қай органдар мен тіндерде байқай аламыз?

  3. Ағзалардың қоңыр түске енуң қай пигментке байланысты?

  4. Ол пигмент қай топқа жатады?


Сабақ хронометражы


Сабақ ұзақтығы 150 минут, 10 минуттық үзілісімен



Этаптар

Уақыты (мин)

1

Кіріспе. Студенттерді тізі бойынша түгендеу

10

2

Тесттік тапсырма арқылы бастапқы білімді анықтау

20

3

Тақырып бойынша теориялық материалдарды ауызша сұрау арқылы білімді қалыптастыру

50

4




Мұғалімнің макро және микропрепараттарды көрсете отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіруі




30

5

Тақырып бойынша чек парақтарды толтыра отырып, практикалық дағдыларды қалыптастыру

30

6

Сабақты қорытындылау (альбомдарды тексеру, келесі сабақ туралы ақпарат)

10




4 сабақ Тақырыбы: Минералды дистрофиялар. Некроз. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Организмнің метаболикалық процестеріндегі минералдардың рөлі. 2. Кальциноз түрлері, олардың даму механизмдері, морфологиялық сипаттамасы, ағза үшін маңызы.

  1. Мыс алмасуының бұзылуы.

  2. Калий алмасуының бұзылуы.

  3. Тас түзілу механизмдері, тастардың түрлері, тас түзілуінің ағза үшін маңызы.

  4. Некроз ұғымының анықтамасы.

  5. Некроздың морфологиялық белгілері (ультрақұрылымдық, микроскопиялық, макроскопиялық).

  6. Этиологиялық факторларға және даму механизмдеріне байланысты некроздың түрлері.

  7. Некроздың клиникалық-морфологиялық формалары, морфологиясы, нәтижелері, ағза үшін маңызы.

  8. Инфарктты анықтау, даму механизмі мен кезеңдері. Әртүрлі органдардағы инфаркттың түрлерінің морфологиялық сипаттамасы, маңызы мен нәтижелері Жабдықталуы:

Макропрепараттар:

Микропрепараттар:

  1. Өкпедегі петрификаттар.

  2. Бүйрек тастары.

  3. Өт тастары.

  4. Көкбауырдың ишемиялық инфарктісі.

  5. Миокард инфарктісі.

  6. Аяқтың гангренасы.

  1. Бүйректегі кальцийлі метастаздар, №305, гематоксилинэозиннің бояуы.

  2. Бүйректің ишемиялық инфарктісі, №1а, гематоксилинэозин бояуы.

  3. Миокард инфарктісі, №166, гематоксилин-эозин бояуы.

  4. Некротикалық нефроз, №3, гематоксилин-эозин бояуы.

Атлас: Патологиялық анатомия атлас. О.В.Зайратьянц, Айтқұлов аударған ГЭОТАР-Медиа, 2019.

Пирогов үстелі (студенттерге арналған тренажер): медиафайлдар, макро-, микропрепараттар суреті, патологиялық өзгерістердің 3D визуализациясы, теориялық материалдарды оқу.





Бүйректегі кальцийлі метастаздар





Бүйрек ишемический инфаркті



Миокард инфаркті



Некротикалық нефроз