Файл: араанды мемлекеттік медицина академиясы а. Т. Медешова фармацевтік гомеопатиялы препараттар технологиясы (Оу дістемелік рал).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 65

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тұнба мен қайнатпалар жататын дәрілік түрдің жалпы және жеке фармакопеялық мақалаларда, дәрілік өсімдік шикізатының аты, экстракция режимі мен сұйылту (потенция) дәрежесі көрсетілу керек.

Тұнба мен қайнатпаларды дайындау үшін гомеопатияда рұқсат етілген және НҚ талаптарына сай келетін, жас және кептірілген дәрілік өсімдік шикізатын қолданады. Шикізатты тұндыру алдында НҚ бойынша бөлшектің өлшемі көрсетілмеген жағдайда оны ұсақтайды:

  • жапырақтары, гүлдері, шөптері – 4 мм – ден көп емес;

  • бүршіктері, қабықтары, тамырлары, тамырсабақтары, пиязшықтары – 3 мм – ден көп емес;

  • жемістері мен тұқымдары- 2 мм – ден көп емес.

Тұндыру үшін инфундирлі аппараттар, фарфорлы (инфундирка), шыны, эмальденген, таттанбайтын болаттан жасалған стакандар қолданылады. Фарфорлы инфундирлі аппаратқа шикізатты салар алдында 15 минут 90 0 С температурада аппаратты қыздырады. Экстракциялау процесі кезінде сулы сығындыларды жиі араластырады.

Ереже бойынша гомеопатиялық сулы сығындылармен оның сұйылтуларына консерванттар қосылмайды.

Әртүрлі дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сулы сығындыларды дайындаудың ерекше жағдайында жеке НҚ-да көрсетіледі.

4.5. Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылтулар

Гомеопатиялық ерітінділер мен сұйылтулар (потенция) – гомеопатиялық тритурациялар, түйіршіктер және т.б. дәрілік түрлерді дайындау үшін, ішке және сыртқа қолданатын дәрілік препарат ретінде пайдалануға болатын сұйық дәрілік түрлер.

Сұйылтуларды алады:

  • гомеопатиялық ерітінділерді сұйылту және потенцирлеу арқылы;

  • тритурациядан сәйкес келетін еріткіштермен потенцирлеп;

  • бастапқы тұндырмадан сұйылту және потенцирлеу арқылы.

Гомеопатиялық ерітінді мен сұйылтулар сәйкес келетін еріткіште сұйық біркелкі жүйе болып табылады. Еріткіш ретінде пайдаланылады: тазартылған және инъекцияға арналған су, әртүрлі концентрациядағы этанол, глицирин.

Егер жеке мақалада көрсетімесе ерітінділерді қыздырмау қажет.

Ерітінділердің концентрациясы (1:10) ондық (D1) – жүздік (С1) қатынаста, яғни дәрілік заттың 1 бөлігі 10 немесе 100 мас. бөлікте ерітінді көрсетіледі. Гомеопатиялық сұйылтулар дайындау кезінде санитарлық режим бойынша ереже сақтау керек.

Сұйылтуды дайындау процесінің мәні - негізгі субстанция мен сулы – этанолды ерітіндінің кезекті ретімен ондық немесе жүздік сұйылту қатынасын әр сұйылту соңында шайқап- сілкуінде. Сұйылту барлық негізгі (бастапқа ) заттар ортадан бөлінген дәрежеге дейін жалғасады, бірақ бұл кезде дәрілік белсенділік жақсы байқалады. Сұйылтудың 2 тәсілі пайдаланады.


1. С.Ганеман тәсілі (көп сыйымдылықта дайындау) .Кезекті пробиркалармен қажеттіеріткіш (ең басты 43 % этанол) 9 г (ондық) немесе 99 г (жүздік) мөлшерін дайындайды. Міндетті түрде пробиркалар тығынына сұйылтуларды көрсетеді. Бірінші пробиркаға 1 г дәрілік зат салынады. D2 (С2) белгісі көрсетілген құтыға D1 (С1) ерітіндісінен 1 г сұйылтуы немесе бастапқы тұндырма құйылады. Сосын таза пипеткамен 1 г алдынғы сұйылтудан алып келесі пробиркаға құяды, әр флакондағы тамшыны келесі флаконға ауыстыру алдында көп рет (10-30 рет, 1 минут бойы) сілкиді.

Ганеман тәсілі бойынша сұйылту үшін ара қашықтық потенция көбінесе қолданбаса да, әр потенцияға жеке ыдыс қажет.

2. С.Н. Корсаков тәсілі (бір сыйымдылықта дайындай). Дала жағдайында жасалатын сұйылтуларды бір флаконда дайындау тәсілін өңдеп, ұсынған. Бұл тәсілде дәрілік зат ерітіндісін флоконнан жылдам құйып алады. Флаконда 1 тамшы қалады деп жорамалдаған. Сосын қажетті еріткіш көлемі қосылады (9 немесе 99 тамшы). Егер шынының адгезивті қасиетіне және сұйықтың беттік керілуіне жөндеу жасаса, бұл тәсілдің дәлдігі төмен.

Корсаков тәсілі бойынша сұйылту кезінде флакон «К» әріпімен белгіленуі керек. Ганеман әдісі бойынша сұйылту кезінде 43 % этанол қолданылады; Корсаков әдісі бойынша – 62 % этанол қолданылады. Массасы 3 г -нан төмен сұйық сұйылту дайындау кезінде тамшылармен жұмыс істелінеді. Улы және күшті әсер ететін заттары бар сұйылтулар мен ерітінділерді тамшымен дозалау үшін тек стандартты каплемер қолдану қажет. Флакон көлемі 1/3 – 1/2 есе сұйылтатын сұйықтықтан көп болуы керек.

Препарат пен сұйылтудың аты тығында және құтыда (С немесе D) көрсетіледі.

Флакон – тамшылатқыштың престелінген шыны тығынында стандартты өлшемде этикетка жапсырылады:

Ерітілген заттың атауы

х г – 1 тамшы

1,0 г – у тамшы

Сұйылтуларды күн сәулесінен қорғалған бөлмелерде дайындайды. Әрбір сұйылтуды 10 – реттен кем емес үстіден астыға қарай сілкиді.

Сулы ерітінді дайындау үшін ФМ сәйкес 1 масса бөлігінде дәрілік зат алады, 9 немесе 99 массалық бөлікте тазаланған сумен потенцирлей отырып ерітеді және ерітіндіні сүзеді. Осындай жолмен дайындалған ерітінділер келесі потенциялар алуға пайдаланатын С1 немесе D1 сұйылтуларға сәйкес келеді.
4.6. Шаншуға арналған гомеопатиялық дәрілік ерітінділер. Көз тамшылары. Мұрынға арналған тамшылар

Бұл дәрілік түрлер шаншуға арналған суды пайдалана отырып екінші тәсілмен алынған, жаңа дайындалған сұйылтулардан дайындалады.


Еріткіштер ретінде натрий хлоридінің изотонды ерітінділері немесе жеке НҚ көрсетілген буферлі еріткіштер.

Аз мөлшерде (3 г –нан төмен) сұйылту дайындау кезінде бастапқы заттар мен препараттар тамшымен дозаланады. Бұл үшін стандартты каплемер пайдаланады. Престелінген шыны тығыны бар пайдананған жағдайда оның толтыру дәрежесін ескеру қажет. Флаконда тамшы массасы бірдей болып қалатындай белгі болуы керек. Флаконда еріген дәрілік заттың атауы, оның потенциясы, 1,0 г ерітіндіге сәйкес 1 тамшы құрамындағы зат және тамшы саны көрсетілуі қажет.

D1,D2,D3 сұйылтуларындағы құрамында улы және күшті әсер ететін заттары бар ерітінділер жеке мақалада көрсетілгендей ерекше сақтау жағдайларды талап етеді. Түстің өзгеруі және лайлануы, ыдыста қақтың немесе ерітіндіде жүзгін пайда болуы жарамсыз деп табылады.

НҚ талаптарына сай қарастырылып жатқан дәрілік түр асептикалық жағдайда дайындалуы және стерилді болуы керек. Ерітінділерді стерилдеу МФ XI басылымындағы мақала талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы керек. Гомеопатиялық көз тамшылары - бұл көзге арналған сұйық дәрілік түр. Олар көз сұйықтығымен изотонды болуы керек.

Гомеопатиялық сұйылтулар (ерітінділер, тритурациялар, тұндырмалар, жануар немесе өсімдік шикізаттарынан сығындылар) бір немесе бірнеше компоненттерден тұрады.

Потенцирлеуді жалпы ФМ – мен ГДТ-ге сәйкес өткізеді.

Дәрілік зат сұйылтуды немесе олардың қоспасын гомеопатиялық көз тамшысына қосу алдында, тазартылған жаңа алынған суды қолдана отырып, соңғы екі ондық немесе соңғы жүздік сұйылтуды потенцирлейді.

Бұл үшін натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі немесе құрамында натрий карбонаты 0,2 бөлік, натрий хлоридтің 8,8 бөлігі және жаңа алынған тазартылған судың 91 бөлігі немесе қолдануға рұқсат етілген еріткіштер (этанолдан басқа ) пайдалануды ұсынуға болады.

Құрамында этанолы бар сұйылтуларды потенцирлеу кезінде көз тамшысында этанолдың қалдық концентрациясы 0,5 мас % - тен аспауы керектігін ескеру қажет.

Потенцирлеу соңында гомеопатиялық көз тамшысына қосымша заттарды қосады.

Қосымша зат ретінде изотондаудан басқа, рН көрсеткішінің оптимальды мәнін сақтайтын заттар және жеке НҚ көрсетілген консерванттар пайдалануы мүмкін. Консерванттар көп дозалы көз тамшыларына қосылады. Хирургияда пайдалануға арналған гомеопатиялық көз тамшылары консервантсыз дайындалады.

4.7. Гомеопатиялық шырындар. Эликсирлер


Бұл препараттар – ерекше күрделі құрамды. Оларды гомеопатиялық дәрілік түрлерді дайындаудың барлық ережесімен дайындайды.

Эликсир құрамында В,С,Е,К,Р,РР топ витаминдері, каротиндер, флавоноидтар, антоциандар, лейкоантоциандар, катехиндер, органикалық қышқылдар және т.б. биологиялық белсенді заттар болады.

Эликсирда ақыл- ой және физикалық жұмысқа қабілеттілікті көтеру үшін, ағзаның қолайсыз факторларға қарсылығына, жүрек – қан тамырының, инфекциялық, ісікке қарсы аурулардың алдын – алу үшін, авитоминоз кезінде, қабыну ауруларында және т.б. қолданады. «ВИТА -ДАР» эликсирі құрамы: алма- шие сөлі, қызыл шетен, итмұрын жемістерінің, эхинация, шәйқурай, мыңжапырақ, тасшөп шөбі, шегіргүл жапырағы және аққайыңға СО2 қосылған жусан – лимон экстракты, шикізаттарының қоспасынан сулы – спиртті экстрактты.

Эликсирлерді С витаминінің және флаваноидтардың көзі, жалпы беріктендіргіш зат болып табылады.


4.8. Гомеопатялық тритурация


Гомеопатиялық тритурация (ұнтақты ысқылау) – дәрілік зат ұнтақ қоспаларынан, сұйық препараттардан немесе қосымша заттардың сұйылтуларынан тұратын ұнтақ тәрізді қатты дәрілік түр.

Тритурацияны дайын дәрілік түр ретінде ішке қолдануы, сондай-ақ әртүрлі белгілеудегі басқа гомеопатиялық дәрілік түр дайындау үшін қолдануы мүмкін. Әдетте тритурацияны дайындау С3 аяқталады, келесі сұйылтуларды сұйық ретінде дайындайды. Тритурациядағы дәрілік заттардың концентрациясы 1: 10 немесе 1: 100 қатынаста көрсетіледі.

Құрғақ дәрілік заттармен (соның ішінде металдар) лактоза алдын – ала ұсақ ұнтаққа дейін , егер жеке мақалада көрсетілмесе, бөлшек өлшемі 65 мкм –ге дейін ұнтақталады. Негізгі заттардың ұнтақтылығын елеуішпен талдау немесе атмосфералық қысымда ауа өткізгіштігі бойынша өлшенген, сыртқы беткейінің көлемі бағаланады. Лактозаның ұсақ ұнтақтылығының сыртқы беткейінің көлем мәні 0,50 м 2/г аз болмауы керек.

Тритурацияны қолмен дайындау кезінде фарфор келі пайдаланылады. Метал келіні қолдану рұқсат етілмейді. Гигроскопиялық дәрілік зат қыздырылған келіде ысқылануы керек.

Улы және иісті заттарды дайындау үшін әріптермен көрсетілген арнайы келілер қолданады.
Құрғақ заттардан тритурация дайындау

Массасы 1 кг – дейін тритурация дайындау кезінде келесі түрде болады:

Негізгі (бастапқа) затты сүт қантымен фарфор келіде 1 сағаттан кем емес мұқият ысқылайды. Келі қабырғаларынан мұқият жинақтайды.

1 бөлік зат және 9 бөлік сүт қанты - D1

0,1 бөлік зат және 9,9 бөлік сүт қанты - С1

Сүт қантының порциясын 3 бөлікке бөледі. Бір бөлігімен келінің саңлауын бекітеді. Негізгі затты қосады 6 минут ысқылайды, 4 минут бойы келі қабырғасынан жинақтайды. Тағы да 6 минут ысқылайды және 4 минут бойы келі қабырғасынан жинақтайды. Сүт қантының екінші бөлігін қосады және тағы да 2 рет ысқылау және жинақтау операциясын қайталайды. Сүт қантының 3-ші бөлігін қосып, сол операция қайталанады. Барлығы 1 –сағаттық жұмыс.

Келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудан алынып, дәл осылай дайындалады.

Кейбір жағдайда анағұрлым жоғары сұйылтулар алу үшін сулы немесе сулы – спиртті ерітінділерді дайындауға өтеді. Мысалы: калий карбонаты сұйылтуы D 2 ден бастап В. Швабе жетекшілігі бойынша сулы ерітінді ретінде дайындалады. Магний хлорат ерітіндісі D 3 – тен бастап В. Швабе жетекшілігі бойынша сулы- этанол ретінде дайындалады.