Файл: Рабочая учебная программа по дисциплине Экономика нег іздері пні бойынша Мамандыспециальность 1517000 Ттенше жадайларда орау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 113

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.7.тақырып. НАРЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДАРЫ. БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ

Жоспар:

1. Жеке нарықты микроэкономикалық талдауының ерекшеліктері. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.

2. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Бәсеке, Картель, Конгломерат, Концерн, Монополия, Монопсония, Олигополия, Синдикат

Дәріс мәнмәтіні.

Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

  • экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

  • рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық)– бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:


  • өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

  • кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

  • экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

  • экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

  • өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

  • маржиналық (шекті) талдау

  • балама таңдау шығындарына

  • экономикалық рационалдыққа


Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  1. Ақпараттық қызмет;

  2. Делдалдық қызмет;

  3. 3.Баға белгілеу қызметі ;

  4. Реттеушілік қызметі.

  5. Санациялық қызмет.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындарбаға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.



Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

  1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

  2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

  3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.

Монополияға қарсы заңдылықтар-бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.
Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.

Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:
1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.
2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.
3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап еңгізу;
4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.
5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.
6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы т.б.

1.8.тақырып. АҚША ЖӘНЕ БАНК ЖҮЙЕСІ.

Жоспар:

  1. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні. Ақша теориялары.

  2. Ақшаның қызметтері.

  3. Ақша айналысының жүйесі: мазмұны мен белгіленуі. Ақша айналысы мен ақшаның эволюциясы.

  4. Банк жүйесі мен құрылымы


Негізгі түсініктер мен терминдер

Ақша, Активтер,Пассивтер, Акция, Дивиденд, Облигация, Табыс, чек, Банкнот, Электронды ақша,

Дәріс мәнмәтіні.

АҚША – БҰЛ МӘМІЛЕНІ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН, ЯҒНИ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ.

Ақшаның ролі әрқашан да оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.Гладсонның айтуы бойынша адамзатты «қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та соншалықты аздырған жоқ».

Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.

Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.

Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша – бұл жалпы эквивалент ролі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.

Ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.

Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.

Бірнеше жүзжылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

  • сапалық біртектілік;

  • сандық (еркін) бөлінуі;

  • қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді);

  • сақталуы.

Алтын – еңбек сыйымды және сирек металл. әлемдегі ерте заманна қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.

Әдеттегі тауар ретіндегі алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.

Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына ие болуынан көлінеді.


Ақшаның осы заманғы концепциялары XVII-XVIII ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.

Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың нарықтық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зертте саласына көңіл бөледі.

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Т.Норс және т.б. олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің сонетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж.Стюарт олар ақшаның басқа қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. «Номиналистер» ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.

Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж.Локк (XVII ғ.соңы), Ш.Монтескье, д.Юм, Д.Рикардо (XVIIІ ғ.соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның модернизациясына И.Фишер (ХХ ғ.басы), А.С.Пигу (ХХ ғ.ортасы) және т.б.елеулі үлес қосты. Олардың көзқарастары келесі сұрақтарда қарастырылады.

Ақша бірқатар қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономия бес қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану құралы, әлемдік ақша.

Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабілетінен тұрады.

Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті жоқ, яғни, құн өлшемі қызметін санадағы ойлы ақшалар да атқара алады. Басында ақшаның бұл қызметті атқаруы үшін өзінің құны болу керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді.

Алтынның құнында көрсетілген тауардың құны баға деп аталады. Тауардың құны неғұрлым көп болса, соғұрлым ол алтынның көп мөлшеріне теңестіріледі. Яғни, тауардың бағасы тауардың құнына тура тәуелді болады. Тауардың бағасына тауардың құны ғана емес, алтынның құны да әсер етеді: егер ол көтерілсе, тауардың бағасы түсуі керек және керісінше. Еңбек құн теориясының бастапқы жағдайлары осындай шиленіскен көптеген факторлардың көрсетілген катерориялармен тікелей байланыста қарастырылады.