Файл: Рабочая учебная программа по дисциплине Экономика нег іздері пні бойынша Мамандыспециальность 1517000 Ттенше жадайларда орау.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 112
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақша – айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың иесі оны сатып,ал сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаны өзінде ұстай тұруына болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Яғни, бұл қызметтің орындалуына байланысты ұдайы өндіріс дағдарысының формальді мүмкіндігі туындайды.
Айналыс құралы ретіндегі ақша монета және қағаз ақша формасында болады.
Монета – бұл ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі. Монета деген сөздің пайда болуы б.э.б ІV ғасырдағы Ежелгі Римнің ақша белгілері басылып шығарылған Юнона-Монета деген храмның атымен байланысты.
Қағаз ақшаның өзінің құны болмайды, сондықтан құн өлшемі қызметін атқармайды, тек алтынның баламасы болып табылады.
Қағаз ақша ең бірінші ХІІ ғасырларда Қытайда, Ресейде Екатерина ІІ-ң кезінде 1769 жылы пайда болды. Қалыпты тауар айналысын қамтамасыз ету үшін айналыстағы қағаз ақшаның саны айналысқа қажетті алтын ақшаның санына сәйкес келуі керек. Егер айналыстағы қағаз ақшаның саны алтыннан көп болса, онда ол құнсызданады, оның сатып алу қабілеті төмендейді, ал тауарларға баға көтеріледі.
Тауарларға бағаның көтерілуіне себепкер ақшаның құнсыздануы инфляция деп аталады.
Жалпы түрде айналысқа қажетті ақшаның саны тауарлардың бағаларының қосындысын біртекті ақша бірлігінің айналысының санына бөлу арқылы анықталады. Егер бір тауарды сатқаннан кейін уақытша айналыс тоқтаса, алтын-ақша айналыс сферасын біртіндеп тастап шығады және қазынаның құрылуы артады. Алтын қазына қызметін алтын кесек, монеталар, алтын немесе күмістен жасалған әшекей – бұйымдар формасында атқарады.
Мемлекеттік және жеке адамдардың алтын қорлары жалпы байлықты құрайды. Қағаз ақшалар қазына бола алмайды. Себебі, өзінің құны жоқ, бірақ қорлану құралы қызметінде көрінеді.
Тауарлы өндірістің дамуына байланысты тауарларды кредитке сатудың қажеттілігі туындайды. әр түрлі мерзімде тауарды дайындау мен өткізу құбылысы бұған себепші болады. «Кредитті ақша» - ақша төлем құралы ретінде өмір сүрудің жаңа формасына ие болуда. Оларға вексельдер, банкноттар, чектер жатады.
Вексель – ақша сомасының шамасы мен оны борышкердің төлейтін уақыты көрсетілетін жазбаша қарыздық міндеттеме. Ол айналыста болады және ақшаның ролін атқарады.
Банкнот – бұл банктің векселі. Банкноттың қағаз ақшадан айырмашылықтары:
-
банкнот екі жақты қамтамассыздыққа ие: кредиттік (коммерциялық вексель) және металдық (банктің алтын қоры); -
қағаз ақшаны мемлекет шығарады, ал банкнотты орталық эмиссиондық банк шығарады; -
қағаз ақша айналыс құралы қызметін, банкнот – төлем құралы қызметін атқарады.
Чек – бұл банк арқылы ақша суммасын төлеуі және оның басқа есепшотқа аудару жөніндегі ағымдағы есепшоты бар тұлғаның жазбаша жарлығы.
Чектің негізгі үш түрі бар:
-
атаулы; -
ордерлі; -
ұсынылатын.
Ақшаның елдер арасындағы айналыста барлық қызметін атқаруы - әлемдік ақша деп аталады. әлемдік ақша ролін салмағы бойынша алынатын алтын атқарады. Бір елден екінше елгі қозғала отырып,әлемдік ақша қоғамдық байлықтың жалпы іске асуына қызмет етеді.
Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украина, Беларус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресурстары ортақ жүйеде қолдана берілді. өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін шығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, оыс бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады.
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета – теңгелер жасалды: алтын теңге, күміс теңге құндарына сәйкес балама ролін атқарған. Сауда – саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
Ақша жүйесі дегеніміз не? Тауар айналысын қамтамасыз ететін шаруашылық тұлғалары мен банктер арасындағы ақша айналысы жүйесі.
Ақша жүйесі – бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Ақша айналысы – бұл төлем құралы мен айналыс құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша жүйесінің элементтері болып мыналар табылады:
-
ақша бірлігі, яғни бірлік ретінде елде қабылданған ақша өлшемі (доллар, рубль, т.б.) -
баға масштабы, яғни ақша бірлігі және оның құрама бөлшегі ретінде елде қабылданған ақша металының сандық салмақтық мөшлері (мысалы, теңге 100 тиыннан тұрады) -
эмиссиондық жүйе, яғни ақша және бағалы қағаздарды шығаратын мекеме (мысалы, орталық банк, т.б.) -
ақша белгілерінің түрлері, яғни айналыста заңды төлем құралы болып табылатын несиелі қағаз ақша және ұсақ монеталар жүйесі; -
ақша жүйесінің институттары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
Тарихи металл ақшаның айналыс жүйесі биметализм мен монометализм арқылы өтті.
Биметализм ақша ретінде екі металдың – алтын мен күмістің қолдануына негізделді.
Монометализм ақша ретінде тек алтында пайдаланды, ал қағаз және несие ақшалар оған еркін айырбасталды. Монометализмнің үш түрі бар:
-
алтын монеталық стандарт (1821 жылдан бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін). Ол алтын монеталардың айналысымен және қағаз және кредит ақшаларды алтынға еркін айыбасталуымен сипатталады; -
алтын – құйма стандарт (Англия және Франция – бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары ). Ол құн белгілерін алтынға айырбастауды қарастырады, егер олар алтынның стандарт құймасының бағасына сәйкес болса (мысалы, егер сурет бағасы бойынша 1 кг.алтынның құнына сәйес келсе, ол оған айырбасталды); -
алтын девиздік стандарт -
(ХХ ғасырдың 20-30 ж.). ол алтынға ұсақталатын банкноттардың шетелдік валютаға (девиздер) айырбасталуын қарастырады.
1929-33 жж.дағдарыстан кейін банкноттардың алтынға еркін айырбасы тоқтатылды, яғни монометализм дәуірі аяқталды.
30 ж.бастап біріңғай кредит ақша жүйесі бекітілді. Оның белгілері: айналыстан алтынның кетуі (алтынның демонетизациялануы), банкнотты алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық мәнінің жойылуы, кредит ақшалардың жағдайын күшейту, қолма-қол ақшасыз айналысты кеңейту; ақша эмиссиясын жасауы.
Ақшаның өзі мен ақша айналысының эволюциясы – бұл тауар өндірісінің дамуындағы объективті тарихи процесс.
Ақша роліндегі алтынды несие – қағаз ақшамен алмастыру мынадай себептерге байланысты мүмкін болады: тауарды айырбастауда қажеттіліктен пайда болуындағы тауардың қандай құны бекітілгенін анықтау емес, айырбасқа ұсынылған тауардың қанша көп немесе аз құн бекітілгенін айқындауда. Құндарды өлшеу үшін зат формасындағы нақты тауардың құнын пайдалану міндетті емес. Маңызды басқасы – айналыстағы ақшалардың айырбасталатын тауарлардың эквивалентті құны болуы керек, ал олардың өз құны болуы міндетті емес.
Дәл осы алтынды жай қағаз белгілерімен ауыстыруға мүмкіндік туғызды.
Алтынды кредит ақшамен ығыстыру ары қарай дамуын ақша қызметтерін (банкнот, вексельдер, чектер) атқарушы тұлғалардан кредиттік карточкаларға айыбастау қарқыны күшейе түседі.
Кредиттік карточка ақшаның төлем құралы қызметін атқарады.
Кредиттік карточкалардың түрлері:
-
Жаңартылатын карточкалар. Магазин, ресторандарда қолданылады. Карточкалардың қарыздары жабылғаннан кейін қайтадан жаңартылады. -
Бір айлық карточкалар. Туристік фирмалармен есеп айырысу үшін қолданылады. Қарыздар айдың соңында жабылуы керек. -
Фирмалық карточкалар. Әр түрлі фирамалар әр түрлі қызмет жөніндегі шығындарды төлеу үшін шығарылады. -
Сыйлықтық немесе алтын кредиттік карточкалар. Олар тек жоғары жылдық табысы бар клиенттерге беріледі.
Кредиттік карточкалар 1915 жылдан бастап пайдаланылды, ол кезде олар ең бірінші рет АҚШ-та қарызды жазу түрінде пайда болған.
Ақша эволюциясына осы заманғы кезеңінде электронды ақшалар жүйесі сай келеді. Олардың көмегімен ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен ақша алу, салымдарды қабылдау, төлемдер, чектік кітапшалар беру, дебет – карточкалары және т.б. Электронды чектік кітапша болып табылатын смарт-карточкалары пайда болды.
Қазақстанда электронды ақшалар жүйесі қалыптасу сатысында.
Бірінші пластикалық «ақшалар» шектелген көлемде 1989 жылы Сыртқы Экономбанктан шығарылды. Қазіргі кезде оларды елдің ірі банктері шығара бастады.
1.9.тақырып. ЗАМАНАУИ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БИРЖАЛАР.
Жоспар
-
Биржа мәні және даму кезеңі -
биржа түрлері және оның функциялары
Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.
Биржалар –сұраныс пен ұсыныс негізінде тауарды,бағалы қағаздарды,жұмыс күшін сатуды ұйымдастыру түрі..
Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасыосы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Қазақстанда Биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор Биржалары шапшаң дамыды.Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.
Биржа түрлері:
Тауар биржасы:
Тауар Биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар Биржаларына: Лондон халықаралық Биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар Биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металл Биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар Биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар Биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.
Қор Биржасы
Қор Биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор Биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.
Валюта Биржасы
Валюта Биржа — валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Дүниежүзілік валюта Биржасы Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.
Еңбек Биржасы
Еңбек Биржасы — жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме. Мемлекет еңбек Биржалары арқылы еңбек пиасасына ықпал етеді. Еңбек Биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б. Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді: