Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 183

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3.Стандарт: Ортопедиялық және ортодонтиялық науқасты тексеру әдістері.

Мақсаты: тәжірибеде ортопедиялық және ортодонтиялық науқасты тексеру әдістерін қолдану.

Ресурстары: кітап, кестелер, лекциялар, слайдтар, шпатель, стоматологиялық айна, стоматологиялық зонд (тіке және иілген)

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Әдістерді қолдана отырып, ортодонтиялық науқасты тексеру

Сұрау:

А) ауырсыну сезімі ұлғаюының сипаты мен қарқындылығының себебін анықтау

Б) қандай факторлардың әсерінен жойылады

В) тілде ауырсыну мен күйдіру сезімі байқалады ма

Г) шайнау мен сөйлеу қызметі бұзылыстарының бар немесе жоқ болуы

Д) тағамды шайнау сипатын анықтау

Қарап тексеру: сыртқы тексеру кезінде бет әлпетінің ассиметриясының бар немесе жоқтығын анықтау (ерін, ұрт, ауыз бұрыштары, төменгі және жоғарғы ерін қатынасы, олардың линиясы, тістесуі, беттің төменгі үшітен бір бөлігінің өлшемі, төменгі жақ бұрышы) басқа да деформациялар, бет түсінің өзгеруі, мимикалық бұзылыстар. Мұрын ерін қатпарының тегістелуі, парездер, ісіктер, қабыну жағдайлары, тыртықтар, жарақаттар немесе басқа патологиялық процесстерден кейін пайда болған дефекттер.

  1. Тістер мен тістесу жағдайын зерттеу.

Тістесу анықтамасы, тістер жағдайы (тістер саны, олардың орналасуы, түсі, тіс жегі зақымдануларының болуы мен орналасуы, тіс қақтарының орналасуы, жылжымалылық деңгейі, патологиялық қалтаның болуы мен оның сипаты) ауыз қуысы шырышты қабаты, альвеолярлы өсінді, тіл мен тіл асты аымағының жағдайы.

  1. Баланың тіс формуласын толтыру

  2. Калвелис тіс – жақ жүйесі аномалиясының жіктелуі бойынша диагноз қоя білу.

Калвелис жіктелуі бойынша тіс – жақ аномалиялары үш топқа бөлінген: жеке тістер аномалиясы, тіс қатарлары мен тістесу аномалиясы. Диагнозды келесі ретпен қою қажет: тістесу түрі, тістесу аномалиясы, тіс қатарының аномалиясы, жеке тістер, жұмсақ тіндер аномалиясы, тіс қатарының дефекттері, қызметінің бұзылыстары.

Ескерту:

  1. Калвелис жіктелуінің кемшілігі тіс – жақ жүйесі функциональды бұзылыстарының ескермегендігі. Бұл жіктелу ортодонтияда кеңінен қолдануға ие болмады, өйткені, көптеген түрлерінің диагностикасы, телерентгенографиялық зерттеуді талап етеді, терминологиясы келісілмеген, нозологиялық бірліктердің көптеген түрлері жоқ және т.б.

  2. Жіктелудің көптігіне қарамастан, ортодонтияда диагноз қою әлі де қиын, өйткені, ауру тарихында морфологиялық, функциональды және косметикалық бұзылыстарды, олардың пайда болу себебі мен ағымының ерекшелігін анықтау мен көрсетуді талап етеді.


4.Стандарт: Ортодонтиялық аппараттар жіктелуі. Ортодонтиялық аппараттардың әсер ету механизмі.

Мақсаты: Ортодонтиялық аппараттар жіктелуімен танысу. Ортодонтиялық аппараттар әсер ету механизмін оқып білу.

Ресурстары: кітаптар, кестелер, лекциялар, слайдтар, ортодонтиялық аппараттар құралдар

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Жеке тістердің орналасуын түзету, тіс қатары жағдайын қалпына келтіру, тіс доғасын кеңейту, тіс доғасын тарылту мен кішірейтуге арналған аппараттармен танысу.

1.Әрбір ортодонтиялық аппарат тіске немесе тіс қатарына бекітіледі, оларға көмекші құралдар дәнекерленеді, бірақ соңғыларын реттеуші аппараттарға қояды. Реттеуші бөліктерін тікелей аппараттың тірек бөлігіне біріктіруге болады.

2.Ортодонтиялық аппараттардың тірек бөліктеріне жатады: дәнекерленген сақиналар, металлды сауыттар, сымды доға, тірек базисі.

3.Реттеуші бөліктерге жатады: лигатура (металлды немесе жібектен жасалған) резеңке сақиналар, кеңейткіш винт, ортодонтиялық доға, иілген жазықтық

4.Көмекші бөліктерге жатады: түтіктер ілмектер, шар тәрізді тіректер, иін тіректер, жанама кламмерлер

2. Аралас әсер ететін аппараттармен танысу

А) аралас әсер ететін аппараттар төменгі жақты сагитальды ығыстыру мен жоғарғы жақ фронтальды тістерін дистальды орналастыруға арналған

Б) Гуляева аппараты жоғарғы жақ фронтальды тістердің ретракциясына және төменгі жақтың дистальды ығысуына арналған

В) Курлядский аппараты жоғарғы жақ фронтальды тістерінің ретракциясы мен төменгі жақ тістерінің сагитальды ығысуына арналған

3. Ортодонтиялық аппараттың әсер ету механизмімен танысу

1. Бекітуші аппараттар ЖБА зақымдануларын консервативті емдеудің негізгі құралы болып саналады. Олардың көпшілігі жақ сынықтарын емдеу кезінде қолданылады.

2. Жаттықтыру аппараттарының әсер ету механизмі ығысқан бөліктерге қысым көрсетуге негізделген.

3. Қалыптастырушы аппараттар беттің қалпын уақытша ұстап тұруға арналған, қатты тірек жасау, жұмсақ тіндер тыртықтарының алдын алу мен оның салдарын алдын алуға арналған.



4. Орын алмастыруша аппараттарды тіс альвеолалық, жақтық, беттік, аралас түрлерге бөлуге болады. Жақ резекциясы кезінде пострезекциялық протездерді қолданады.

Орын алмастырушы аппараттарға таңдай дефекттері кезінде қолданылатын ортодонтиялық құралдар да жатады.

5.Репозияға, бекітуге, қалыптастыру мен орын алмастыруға арналған аралас аппараттар.

Ескерту:

  1. ЖБА зақымдануларын ортопедиялық емдеу нәтижесі аппаратты бекіту әдісіе байланысты

  2. Ортодонтиялық аппаратты қолдану кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

  • Блокка жинай отырып, сақталған табиғи тістерді тірек ретінде максимальды қолдану.

  • Альвеолярлы өсінді, сүйек сынықтары, жұмсақ тіндер, тері, шеміршектің ретенциялық қасиеттерін максимальды қолдану;

  • Протездің беріктігін арттырудың консервативті әдістері тиімсіз болған жағдайда, оперативті тәсілдерін қолдану

  • Ортодонтиялық аппаратта тірек ретінде бас немесе адам денесінің жоғарғы бөлігін қолдану

  • Сыртқы тіректі қолдану

  1. Осы құралдарды дұрыс таңдау мен қолдану

5.Стандарт: Ортодонтиялық аппараттарды дайындау тәсілдері

Мақсаты: Ортодонтиялық аппаратты дайындау техникасын игеру

Ресурстары: стандартты штампталған сауыт, крампон қысқыштары, сақиналар, қалыңдығы 2 мм хром никель сымы, каппа дайындауға арналған эластикалық пластмасса

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Сауыттар, сақиналар, каппа дайындай алу

Сауыттар, сақиналар мен каппалар фибрин гильзасынан немесе қалыңдығы 0,15-0,2 мм жапырақты болаттан жасалады

Сауытты дайындау

  1. Көшірме үлгі арқылы гипсті үлгі алып, техник химиялық карандашпен болашак сауыт шекарасын белгілейді, ол сауыт дайындалатын, еріннің қызыл иегінің шекарасымен сәйкес келеді.

  2. Шекарасын белгілегеннен кейін модельден тіс сауыты бар ғанышты баған кеседі, оның негізін, диаметрі сауыт бөлігі экваторының диаметріне сәйкес етіп кеседі.

  3. Карандашпен белгіленген сызық бойымен ғанышта шпательмен ойықтар жасайды: ғаныш бағанды сол қолдың 4 саусағымен бекітеді, ғанышты бағанды өз осьімен айналдыра отырып, шпательдің өткір бөлігін карандаш сызығымен жылжытып отырады. Осылай пайда болған жолақ, сауыттың шекарасы болып табылады.

  4. Содан кейін металлды штамп алуға және сауытты штамптауға кіріседі.


Сақина дайындау

  1. Ортодонтиялық сақинаны дайындау үшін сауытты штапмтайды

  2. Сақина дайындауда көрші тістері тығыз орналасқанына қарамастан, апроксимальды бөлігінен қызыл иек сызығы бойымен өтуі тиіс.

  3. Содан кейін бұл сауыттарды карборунд тастарымен шайнау бетін кесіп тастайды.

Металлды каппаларды дайындау

  1. Ғанышты үлгіден, қажетті каппаны дайындайтын, альвеолярлы өсінді бөлігімен тістер топтарын кесіп алады. Бұл ғанышты блоктың негізін, ретенциялық бөліктер пайда болмайтындай етіп кеседі. Ойықтар болған жағдайда балауызбен толтырады

  2. Овальды пішінді кюветада контр штамп алады.

  3. Кюветаның ішкі бөлігі одан металлды алу жеңіл болу үшін корпусты болып келеді. Табанында кішігірім тесік бар. сауытты штамптағандай, ММСИ әдісі бойынша контрштамп алып, штамповкаға кіріседі.

  4. Тот баспайтын болат лентасынан қажетті өлшемдегі пластинканы кесіп алып, оны күйдіреді. Крампон қысқыштарымен шамамен штампқа жақын пішін алады.

  5. Қорғасын плитасында көшірме алып, оған болат пластинканы салып, балғамен ұру арқылы штамп жасайды. Бұл соққылардың нәтижесінде штамп бойынша пішінге ие болып, оның пішінін алады. Алдын ала штамптауды қайталағаннан кейін, штамптан шешпей отырып, қорғасын пластинкасында каппадағы пайда болған қатпарларды тегістейді.

  6. Содан кейін каппаны соңғы штамптауға кіріседі, каппаны күйдіріп, металлдың артықтарын кесіп алады, бақылау металлды штампқа кигізіп, жеңі балқитын металлдан контрштамптан дайындайды.

  7. Егер каппаның ара қашықтығы үлкен болса, және каппа ұяшығына кіретін болса, соңғы штамповканы прессте жүргізеді.

2.Тәжірибеде аппарат конструкциясын таңдау: тірек – ұстап тұрғыш құрылғылар (сауыттар, сақиналар) бекітуші аппараттар (ілмектер, түтіктер) реттегіш бөліктер

3. Балауыздан ортодонтиялық аппараттың базисін дайындау алу, пластмассаға ауыстыру, кеңейтетін винт орналастыру, әртүрлі кламмерлер ию.

Ескерту:

Алынбайтын конструкцияларға ортодонтияда қойылатын талаптар:

  1. Барлық сауыттар, сақиналар мен каппалар қызыл иек қалтасына кірмеуі тиіс

  2. Шайнау беттері мен кесу қырлары мұқият штампталған және аппараттың берілген элементі бекітілген тістің рельефін толық қайталауы тиіс

  3. Тірек элементтерін дайындаған кезде тісті модельдеу қажеттілігі болмайды.


6.Стандарт: Вестибулярлы және оральды доғаларды дайындау мен қолдану тәсілдері.

Мақсаты: вестибулярлы және оральды доғаларды дайындау мен қолдану техникасын игеру

Ресурстары: диаметрі 0,6-0,8 мм ортодонтиялық сым, крампон қысқыш, тот баспайтын болат, «Самсон» аппараты, винттер, құлыптар.

Әрекет ету алгоритмі:

Доғаны ие білу, ілмек ию, тәжірибеде ортодонтиялық доғадан вестибулярлы және оральды доға ие білу.

Вестибулярлы доғаны диаметрі 0,6-1,0 мм ортодонтиялық доғадан иеді,

  1. Ғанышты модельде карандашпен вестибулярлы доға шекарасын сызады. Ол тіс сауытының вестибулярлы жағында орталық бөлігінде тығыз орналасуы тиіс. Алдыңғы тістердің елеулі протрузиясында, тіске әсер етуін арттыру үшін, кесу қырларына жақын орналастырады. Тістердің қисаюын азайту үшін доғаның ортаңғы бөлігін мойынға жақын орналастырады.

  2. Ұзындығы 120-130 мм сым кескінінен доғаның ортаңғы бөлігін иеді.

  3. Шеткі күрек тістер сауытының дистальды бетінде карандашпен сымға белгі жасайды, үш тұмсықты қысқыш арқылы 90 градус бұрыш жасап, вертикальды бағытта иеді.

  4. Доғаның жартылай домалақ иілген жерлері сүйір тістер мойынынан 4-5 мм жоғары орналасқан. Олар альвеоляры өсіндінің шырышты қабатын зақымдамай, ерінді зақымдамау үшін 0,5-0,7 мм ары болмауы қажет. Доғаның иілгені жоғарғы жақ ойығына түсуі тиіс, төменгі жақта – валиктен төмен орналасып, альвеолярды өсінді контурына сәйкес болуы тиіс.

  5. Иілген доға ені ит тістер сауытының еніне байланысты, оған тең немесе одан үлкен болуы тиіс. Ментальды және дистальды иілу – бір – біріне паралелль орналасуы тиіс. Бұл ережелерді сақтамау ауыз қуысында аппаратты припасовкалауға кедергі жасайды.

7.Стандарт : Жағымсыз әдеттерді жоюға арналған аппаратарды жасау мен қолдану тәсілдері.

Мақсаты: Жағымсыз әдеттерді жою үшін аппараттарды дайындау мен қолдану тәсілдерін игеру.

Ресурстары: кітаптар, кестелер, лекциялар, кламерлер, пластмасса, стандартты штампталған сауыт, диаметрі 1,8 мм ортодонтиялық сым, крампон қысқыштары

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Тәжірибеде қолғап немесе қатты шынтақ таңғышын қолдана білу

Кішкентайбалаларға саусағын соруды жою үшін, қатты шынтақ таңғышы мен резеңке тікендері бар қолғаптар кигізеді.