Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 182

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ІІ – сатысы – фасетканың вестибулярлы бөлігін балауыздан пішіндеу

  1. Балқытылған балауыздың бірінші порциясы ілмектер деңгейіне толық жабылғанша жағады

  2. Содан кейін балқытылған балауызды фасетканың вестибулярлы бөлігін толық толтырылғанша құяды

  3. Толық қатқаннан кейін тістің анатомиялық пішіні жасалады.



  1. Стандарт: Металлокерамикалық көпір тәрізді протезді жасаудың клинико – зертханалық кезеңдері

Мақсаты: Металлокерамикалық көпір тәрізді протезді жасаудың клинико – зертханалық кезеңдерінің ретін меңгеру

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

Клиникалық сатылары

Зертханалық кезеңдері

ІІІ. Клиникалық

1. қарау

2. диагноз қою

3. емдеу жоспарын құру және конструкция таңдау

4. тісті егеу

5. екі жақтан екі қабатты көшірме алу

6. түсін анықтау

7. құжаттарды толтыру


І. Зертханалық

1. екі қабатты көшірменің сапасын бағалау

2. модель жасау (аралас, жиналмалы жұмысшы және көмекші)

3. тірек тістердің модельін дайындау

Лакпен көмкеру

  1. модельді окклюдаторға немесе артикуляторға ғаныштау

  2. металлокерамикалық протез каркасын пішіндеу

  3. каркасты құю

  4. каркасты өңдеу

IV. Клиникалық

  1. көпір тәрізді протездің құйылған каркасын припасовкалау

  2. түсін анықтау

ІІ. Зертханалық

  1. майсыздандыру және оксидті пленканы алу

  2. керамикалық көмкерудің грунтты қабатын жағу және оны күйдіру

  3. тірек сауыттар пішінін модельдеу, дентинді массадан аралық бөлікті, екнші күйдіру, өлшемін түзету, протез бетін керамикалық көмкерілуінің пішінін модельдеу

  4. керамиканың кіреукелік қабатын жағу және күйдіру

ІІІ. Клиникалық

  1. глазурлеуден алдын металлокерамикалық көпір тәрізді протезді припасовкалау

  2. көпір тәрізді металлокерамикалық протездің түсі мен түсін түзету

V. Зертханалық

1. қажеттілігі болса, керамикалық облицовкамен түсіне түзету жасайды

2. глазурьлеу

3. керамикалық металлды бөлікпен көмкерілмеген бөлігін механикалық тәсілмен көмкеру

4. бекітуге клиникаға беру

І V. Клинический

  1. көпір тәрізді металлокерамикалық протезді тапсыру, бекіту

  2. нұсқаулықтар беру







  1. Стандарт: Көшірмені бағалау

Мақсаты: көшірме сапасын бағалау

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық материалдар: көшірме үлгі

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Көшірме үлгі протезді орнының рельефін нақты көрсетуі тиіс: жиекті пародонт, тіс тазалығы, тіс аралық бөліктер мен тістер мойнын

  2. Көшірме жиектері тегіс, үздіксіз және ауа қуыстары болмауы тиіс

  3. Көшірме қалыңдығы 3-4 мм

  4. Антогонистер тістердің кесу қырлары мен шайнау беттерін нақты көрсетуі тиіс

Ескерту:

Көшірме үлгі алу массасы көшірме қасығында мықты ұсталуы тиіс, протез орнының барлық бөліктері нақты көріністе болуы тиіс: тіс мойындарын, тіс аралық бөліктер, жанасу тістері мен альвеолярлы өсінділер.

  1. Стандарт: Аралас жиналмалы модельді құю. Тірек тістер модельін дайындау. Лакпен көмкеру.

Мақсаты: аралас жиналмалы модель құю әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: штифтті орналастыру үшін паралеллометр, бормашина, вибрациялық үстел

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық және электрошпатель, резеңке колба, көшірме қасықтары, қысқыш, семсер тәрізді штифтер, пинцет, скальпель, моделяр, дисктер, лобзик, егеу, ғанышты пышақ

Стоматологиялық материалдар: көшірме, супер ғаныш, медициналық ғаныш, су, горелка, пішіндеуге арналған жиынтық, балауыз, вазелин, компенсаторлы лактар.

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Көшірмені салқын сумен шаяды

  2. Егелген тістің орнында қатаң түрде паралелльді семсер тәрізді штифтер орналастырып, паралеллометрді қолдана отырып, бекітеді

  • Тістің көшірмесіне штифті бекітудің бірнеше тәсілі бар

  • Штифт ұстағыштар модель құю процессінде берілген орынға штифтті бекітуге мүмкіндік береді

  • Ортодонтиялық сымның кескінін, стандартты балауыз штифтті де қолдануға болады

  1. Штифт ұстағыштың ұшын көшірменің жұмысшы емес бөлігіне енгізеді

  2. Резеңке колбаға су құйып, кішігірім порциямен супер ғаныш салады сұйық қаймақ консистенциясына дейін араластырады.

  3. Жұмысшы көшірмеге супер ғанышты кішігірім порциямен құйып, вибро үстелге орнатады.


  • Ғаныштың ішінде өсінділерді оңай табу үшін, ғаныштың 2 қабатын құю алдында, әрбір штифттің соңына балауызды шар орнатады, ол модель негізін өңдеу жүргізгенде ориентир болады.

  1. Супер ғаныш қатқаннан кейін көшірмені 1-2 миинутқа салқын суға салып, қарапайым ғаныштан көшірменің негізін құяды.

  • Жаңа порциясын қарапайым ғаныштан араластырады

  • Модельдің цокольін дайындау үшін ғанышты тау тәрізді етіп салады

  • Көшірмені төңкеріп, салынған ғанышқа баса отырып, столға орналастырады

  • Ғаныштың артығын шпательмен алып тастап, жиектерін тегістейді

  1. Ғаныштың екі қабаты толығымен қатқан кезде құюдан 50-70 минуттан кейін көшірмені модельден ажыратады, алынған модельді ғанышты пышақпен немесе арнайы абразивті дискпен өңдейді

  2. Содан кейін көмекші ғанышты модель құяды.

  3. Тіс техникалық лобзикпен немесе алмазды дискпен модельден әрбір тісті аралап алады.

  • Егеуді супер ғаныш пен ғаныш шекарасына дейін жеткізу қажет

  • Негізі жағынан штифт – өсінділерінің соңдарын ашып, модельден алынған штампиктерді балғамен ұрып шығарады

  1. Әрбір штампикті тірек сауытты модельдеуге дайындау үшін сәйкесінше өңдеу қажет

  • Ол үшін шип тәрізді фрезаның көмегімен тіс техникалық бормашинамен штампик периметрі бойымен ғанышты алады.

  1. Әрбір штампикті құю кезінде металлдың отыруын компенсайиялау үшін компенсаторлы лакпен өңдейді: штампикке лакты ақ щеткамен жаққан жөн, ол ғанышты модель бетіне біркелкі жағыға мүмкіндік береді.

  • Лактың бірінші қабаты тірек тістің барлығын 2-3 мм уступтан төмен жағады

  • 1 – ші қабаты кепкенен кейін, екінші қабатын жағады уступқа 1 мм жеткізбей

  • Лактың соңғы қабатын жаққаннан 30 минуттан кейін штампик модельдеуге жарамды болады

Ескерту:

Стоматологиялық тәжірибеде жинамалы модельді жасаудың көптеген тәсілдері бар оның ішінде негізгі 3 ажыратуға болады:

  • Штифтсіз, модельдің цокольін пайдалана отырып (Модель – трэй, Ню – Лоджик, Трэй – модель, Дай - Лок)

  • Штифттерді және модельдің полимерлі цокольін пайдала отырып (Кифер жүйесі, модель және Цейкер)

  • Штифтті және модельдің ғанышты цокольін қолданудың екі нүсқасы бар:

  • Жиналмалы модельалу арқылы

  • Пиндекс жүйесін қолданумен




  1. Стандарт: Модельді окклюдаторға немесе артикуляторға ғаныштау

Мақсаты: модельді окклюдатор немесе артикуляторға ғаныштау әдісін меңгеру

Ресурстары:

Әрекет ету алгоритмі:

Алынатын протезді жасау бойынша «окклюдатор немесе артикуляторға ғаныштау» стандартын қара.

Ескерту:

  1. Кішігірім көпір тәрізді протезді дайындау кезінде алдыңғы және шеткі табиғи тістердің жанасуы жеткілікті болған кезде, екі қабатты тістесу кезінде көшірме алу жеткілікті болады

  2. Бірнеше көпір тәрізді протезді жасау кезінде табиғи тістердің көп санын егеуде табиғи үш жұп антогонистер жоқ болған жағдайда жалпыға бірдей қабылданған тәсілмен орталық окклюзияны анықтап, балауызды шаблон жасаған жөн болады.



  1. Стандарт: Металлокерамикалық протез каркасын балауыздан модельдеу

Мақсаты: Металлокерамикалық протез каркасын балауыздан мүсіндеу әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: «Воскотон» приборы, вибро үстел, муфельді пеш, құю қондырғысы, вакуумды араластырғыш, металлды опока, опока астылық конус, керамикалық тигель.

Стоматологиялық құралдар: тіс техникалық және электрошпатель, резеңке колба, мүсіндеуші балауыз, пинцет, скальпель, моделяр

Стоматологиялық материалдар: балауыз штифттер, су, жиналмалы аралас модель, горелка, мүсіндеуге арналған жиынтық, вазелин

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

І. Қалпақшасын мүсіндеу

  1. Мүсінделген тіс культясын вазелин майымен жұқа қабатымен көмкереді

  2. «Воскотоп» приборын қосады, нұсқаулыққа сәйкес белгілі температураға дейін қыздырып, балауызды балқытады

  3. Бір реттік қысқа мерзімді ғанышты штамптты лакпен өңдеп, пішіндеуші балауызға салады.

  4. Тіс культясын балқытылған балауызға салады

  5. Балауызды репродукция қалыңдығы 0,4 мм кем болмауы тиіс

  6. Балауыздың артығын уступ шекарасымен кесіп тастайды

  • Ұстағышқа бекітілген диаметрі 3 мм жұқа металлды диск түріндегі арнайы инструменттің көмегімен

  • Керамикалық жиынтықтағы мүсіндеуші құралмен калпақшаны кесіп алуға болады

  1. Балауызды қалпақшасы киіғанышты штампикті модельге орнатады


ІІ. Каркасты мүсіндеу

  1. Алдыменен тірек сауыттарды мүсіндеуге кіріседі, мүсінделген металлокерамикалық сауыттың орташа қалыңдығы 0,5 мм болуы тиіс

  2. Көпір тәрізді протездің денесін мүсіндеу

  • Осы мақсатта жасанды тістердің стандартты балауызды дайындықтарын қолдану абзал.

  1. Көпір тәрізді протездің аралық бөлімі шырышты қабаттан 1,5-2, мм кейін тұруы тиіс.

  2. Мүсіндеуді уступсыз жасаған кезде, мойын гирляндасын мүсіндеуге кіріседі.

  3. Қалпақшаның мойын бөлігінде және керамикалық жабындының каркасқа өтуінде оральды және шеткі бөліктерде кішігірім уступ мүсінделеді.

  4. Сауыттан сауытқа немесе аралық бөлімге өту тегіс болуы тиіс

  5. Аралық бөлікпен қосылу экватор мен кесу қырлары арасында орналасуы тиіс

  6. Сауыттан сауытқа немесе аралық бөлікке өту ені 2,5 мм көп болмауы тиіс.

  7. Каркас модельге еркін припасовкалануы тиіс, керамика созылу қысымын көтере алмау шытынауы мүмкін.

Ескерту:

Гирлянда – жылу беруді реттеп, керамикалық массаны күйдіруде сызаттанудың алдын алады, тамақ қалдықтарының жиналуынан қызыл иекті қорғайды.

  1. Стандарт: Металлокерамикалық протез каркасын құю