Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 117

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

77. Орта тіс жегінің клиникасы, нақтамасы және емі.

Орта тісжегі.


3-сурет. Орта тісжегі. сайт-http://www.colgate.ru/
Т ісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды. Орта тісжегі кезінде науқас ешқандай шағым айтпауы мүмкін. Себебі біртіндеп пайда болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин қабаттары ұлпаның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауабын төмендетеді. Ал қарқынды дамыған түрінде ауыру сезімі көбінесе механикалық,температуралық тітіркендіргіштерден тез пайда болып, тез басылады. Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталады. Тісжегі қарқынды дамыған кезде қуыстың кірер ауызы тар (көбінесе І – кластық тісжегі қуыстары кезінде), іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына толған, қабырғасында ақшыл-сұр түсті оңай аршылатын жұмсарған дентин қабаты бар. Сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі бар. Тісжегі баяу дамыған кезде қуыстың аузы үлкендеу болады, ішінде ыдыраған дентин аз мөлшерде кездеседі, көбіне қабырғаларында сары, сары-қоңыр түсті жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады және оңайлықпен аршыла қоймайды (3-cурет). Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында, табанында ауыру сезімі болмайды. Ауыру сезімі кіреуке-дентин шекарасында қуысты егеп-тазалап жатқанда немесе тазалағаннан кейін сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін. Тазаланған қуыстың табаны пигменттелген, өте қатты және жылтыр.

Ас қалдықтарынан, ыдыраған және жұмсарған дентиннен тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін терең тісжегі қуысына айналады және жұмсарған қалың детин қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді.

Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Тістің электр қозғыштығы 2-6 мкА тең.

Орта тісжегіні сынаға ұқсас ақаудан, кіреуке эрозиясынан, терең тісжегіден және периодонттың созылмалы қабынуынан ажыратады (сауыт қуысы ашыылмаған жағдайда). Сынаға ұқсас ақау мен кіреуке эрозиясы кезінде жарақат ошақтары олардың тек өздеріне тән аймақтарында дамиды және қабырғалары қатты, тісжегімен асқынбаса жұмсарған дентин болмайды.


Терең тісжегіден науқастың шағымы және объективтік белгілері бойынша ажыратады.

Орта тісжегінің периодонттың созылмалы қабынуымен ұқсастығы – тісжегі қуыстары бола тұрса да ауыру сезімінің болмауы. Периодонттың созылмалы қабынуы кезінде сауыт қуысы кейде жабық болғанымен, егеп-тазалаған кезде оңай ашылады және тазалау кезінде, сауыт қуысы ашылған кезде де ауыру сезімі болмайды. Перидонттың қабынуы кезінде ешқандай тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатпайды және тіс ұлпасының электрқозғыштығы 100 мка жоғары.

28. Терең тіс жегінің жедел түрінің клиникасы, нақтамасы және емі.

Терең тісжегі.


4сурет. Терең тісжегі. сайт-http://www.ichilov.net/
О рта тісжегі ауыру сезімі аса мазаламағандықтан немесе қуыстың тістердің жанасу бетінде орналасуынан көп жағдайда байқаусыз қала беруі мүмкін. Сондықтан тісжегі қуысы тереңдеп ұлпа маңындағы дентин бұзылады және қуыс табанында жұмсарған жұқа дентин қабаты ғана сақталады(тісжегі қарқынды дамыған кезде) немесе пигменттелген жылтыр дентин қабаты (баяу дамыған кезде) пайда болады. Бұл кезде қуыстың табаны тіс мойыны деңгейінен аз ғана жоғары орналасады. Кейде қуыстың тереңдегені соншалық, біріншілік дентин қабаттары жойылып, екіншілік дентин қабаты бұзыла бастайды. Терең тісжегі кезінде болатын негізгі шағымдар- бұзылған тісте механикалық, температуралық және химиялық әсерлерден пайда болатын ауыру сезімі және оның әсер етуші ықпал жойылған кезде тез басылуы. Тісжегінің басқа сатыларына қарағанда мұнда ауыру сезімі күштірек және тіс көбінесе суықтан қақсап ауырады.

Қарап тексергенде терең және кең тісжегі қуысы анықталады, ішінде ас қалдықтары, ыдыраған дентин сақталған, қабырғасында пигменттелген кейде пигменттелмеген ақшыл-сары түсті жұмсақ дентин қабаттары анықталады (4-cурет).

Қуыстың табаны бірде өте жұмсақ, байқап сүңгілемесе ұлпа мүйізшесі ашылып кетуі мүмкін, әлсіз сүңгілегеннің өзінде табанында ауыру сезімі байқалады (қарқынды дамыған тісжегі кезінде). Кейде қуыстың табаны пигменттелген, қаттылау, қаттырақ сүңгілеп байқағанда ғана ауыру сезімі туындайды (баяу дамыған тісжегі кезінде). Терең тісжегі кезінде ұлпаның электр қозғыштығы 6-8 мка тең, кейде аздап төмендеуі де мүмкін (10-15 мка шамасында). Ескере кететін жағдай, терең тісжегі қуысы тістердің жанасу беттерінде орналасқан кезде әртүрлі тітіркендіргіштерден ауыру сезімі мазалай бермейді. Тісжегі қуысы кеңейіп, қуыстың шайнау беті немесе еріндер жақ беттері қабырғаларындағы дентин толығымен минералсызданып, жабынды кіреуке шайнау күштері әсерінен бұзылған кезде ғана сырқат тіс мазалай бастайды және тісжегі қуысы анықталады. Бұндай жағдай көбінесе жоғарғы жақ тістерінде жиі орын алады.



Терең тісжегіні орта тісжегіден, ұлпаның жартылай жедел қабынуынан (острый частичный пульпит), созылмалы жай (фиброзды) қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек. Ұлпаның жартылай жедел қабынуына өз бетімен пайда болатын қстамалы, бірақ ұзаққа созылмайтын, сырқат тіспен ғана шектелетін ауыру сезімі тән. Әртүрлі тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатады немесе күшейте түседі. Тістің электрқозғыштығы 20-25 мка, кейде бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде ауыру сезімі әртүрлі тітіркендіргіштер әсерін туындайды, қарқындылығы аса күшті емес (сыздап ауырады) және ұзаққа созылып барып басылады. Сауыт қуысы көбіне тісжегі қуысымен байланысып жатады кейде сауыт қуысы жабық болуы мүмкін. Тістің электрқозыштығы 30-40 мкА. Баяу дамыған терең тісжегіні кейде периодонттың созылмалы қабынуынан (сауыт қуысы ашылмаған кезде) ажыратуға тура келеді.

Кейде тісжегі қуысының ауызы тар болған жағдайда астың қалдығы мен ыдыраған дентин ұзақ сақталып, тісте түн кезінде өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі пайда болады және күндіз мазаламайды. Ауыру сезімі бірнеше түн қатарынан қайталануы мүмкін. Ауыру сезімі түнге қарай көбінесе тәтті тағамдар жеген кезде жиірек қайталанады. Мұндай жағдайдағы ауыру сезімі көбіне көмірсулы ас қалдықтарының ыдырап, қышқылдар құрылуы нәтижесінде және жұмсарған дентиннің ыдырауынан пайда болған уытты заттар мен микроорганизмдердің уыттарының ұлпаны тітіркендіруі әсерінен дамиды. Көптеген авторлар мұны ұлпа гиперемиясы (гиперемия пульпы) cимптомы деп түсіндіреді (Урбанович Л. И., Яворская Е. С.,1964). Бұл кездегі ұлпаның жағдайын анықтау үшін тісжегі қуысын егеп-тазалап, жылы ертінділермен жуып-кептіріп, 7-10 күнге уақытша пломбымен жабады. Белгіленген уақыт ішінде өз бетімен ауыру сезімі туындамаса – терең тісжегі деген диагноздың дәлелдегені.

50 балл

2Дәрігер стоматолог науқас қабылдау кезінде медициналық картаны толтыру кезінде картадағы реттілік , яғни диагноз деген жерге алдын ала диагнозды толығымен жазудан бастады.

1-Дәрігер тура жазды ма?

3- Стоматологиялық науқастың амбулаториялық картасын толтыру реттілігін жазыңыз.

Жауап:

  1. Жоқ, нақты диагноз белгілі болған кезде ғана жазылуы керек.

2 Стоматологиялық науқастың амбулатория картасы- №043/е нысанды толтырылады. Алғашында аты-жөні толық жазылады. Туылған күні, жынысы, мекен-жайы, кәсібі толық науқас туралы жазылады. Кейінгі қатарында диагнозы, шағымы, бұрын ауырған басқада сырқаттары, обьективті зерттеу кезіндегі ақаулықтары жазылады. Ауыз қуысын ашып қарағандағы тістердің жағдайлары туралы, кейнгі қатарға белгілі өзінің белгілерімен аурудың түрін жазамыз. Мысалы кариес болса-С, пульпит- Р, пломба салынған болса- П және тағы сол сияқты. Пародонтоз- А, жасанды сауыт- К, жасанды тіс- Ж деңгейлерін белгілейсін. Тістем түрін ажыратасын. Кейінгі қатарда қызыл иек, таңдай жағдайлары белгілейсін. Рентгендік зертханалық зерттеулерін жазып көрсетеміз, емдеу нәтижиесі, ұсыныстар, емдеуші дәрігер аты жөні, бөлімше меңгерушісі қолы қойылады.


3. Стоматологиялық поликлиниканың терапевт дәрігер стоматологы айлық есеп тапсыру кезінде қандай құжаттармен жұмыс жасайды?

1. Құжаттары толтыру реттілігін жазыңыз.

Жауап:

1. Науқас емханаға келгенде тіркеу бөлімінде тіркеуге алынады. Мұнда «Тіркеу дәптері № 001e» нысанды толтырылады. Дәптер жыл басында жаңадан басталып жазылады. Науқас картасының реттік номері тіркеу дәптерінен алып қойылады. Сонымен бірге бұл жерде ең маңыздысы «Стоматологиялық науқастың амбулатория картасы» - №043/е нысанды толтырылады. Алғашында аты-жөні толық жазылады. Туылған күні, жынысы, мекен-жайы, кәсібі толық науқас туралы жазылады. Кейінгі қатарында диагнозы, шағымы, бұрын ауырған басқада сырқаттары, обьективті зерттеу кезіндегі ақаулықтары жазылады. Ауыз қуысын ашып қарағандағы тістердің жағдайлары туралы, кейнгі қатарға белгілі өзінің белгілерімен аурудың түрін жазамыз. Мысалы кариес болса-С, пульпит- Р, пломба салынған болса- П және тағы сол сияқты. Пародонтоз- А, жасанды сауыт- К, жасанды тіс- Ж деңгейлерін белгілейсін. Тістем түрін ажыратасын. Кейінгі қатарда қызыл иек, таңдай жағдайлары белгілейсін. Рентгендік зертханалық зерттеулерін жазып көрсетеміз, емдеу нәтижиесі, ұсыныстар, емдеуші дәрігер аты жөні, бөлімше меңгерушісі қолы қойылады. Құжатты паспорт бөлімінің меңгерушісі немесе медбике, ал қалған бөлімдерін дәрігер толтырады. Құжаттар тіркеу бөлімінен соңғы келгеннен кейін 5 жыл сақталады, кейін 75 жылға мұрағатқа тапсырылады. «Науқастың диспансерлік бақылаудағы картас» - № 279e нысанды бұл диспансерлік бақылауға алынған, тіс жегінің декомпенсирленген формасына шалынған, пародонт ауруының ауыр түрімен ауырған, т.б науқастар тіркеледі. «Дәрігердің күнделікті қабылдау парағы» № 037 e нысанды. Дәрігер күнде келген науқастарды осы күнделікке жазып барады. Ағым соңында барлық қабылданған науқастар санын «Дәрігердің біріктірілген ведомасына» № 039 e нысанды көшіріп қояды айдың соңында реестр толтырылып, статистке тапсырылады.

4. Науқастың жасы 20, ол тамақ ішкенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағынданады. Қарап тексергенде: 27 тістің дисталды бетінде кіре берісі үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар. Қуыс ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде тіс жегі қуысы түбінде ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға 10-15 секунтай ауру сезімі байқалды.


  1. Қандай қосымша тексеру әдістерін қолданасыз?

  2. Сіздің нақтамаңыз қандай?

  3. Қолданылатын ем реттілігі.

Жауап:

1. Электроодонтодиагностика немесе ұлпа жағдайын анықтайтын электрлік тесттер. Ұлпа жүйке рецепторларының электр тоғына реакциясын анықтау.

Ұлпаның электрлік қозуы:

Сау тісте 2,6 мкА;терең кариесте 10-12мкА;пульпит кезінде 20-90мкА;периодонтит кезінде 100МкА-дан жоғары. Жасы өсе келе электр қозғыштық тез өзгереді. Ұлпаның электрлік қозғыштығын коронка болған жағдайда анықтау мүмкін болмайды.

  1. Терең тісжегі

  2. - пациентке процедураны түсіндіріп, келісімін алды. Науқастан аллерго анамнезін сұрады

  • пломбылайтын материалдарды дайындайды (кальций гидроокисі негізіндегі емдік төсем, аралық төсемге арналған материал, өздігінен қатаятын композит). Стоматологиялық жиынтықты дайындады. Шприц, анестетик, борлар, таңу материалдарын жинады.

  • Тісті объективті тексеріп алды да жансыздандыру жасады.

  • Ұштыққа шар тәрізді бор салып, дентиннен тіреуіші жоқ кіреуке шеттерін алды, яғни тар болған қуыс кіреберісін ашты.

  • Тіс жегі қуысы кеңейтіліп, қалыптастырылды.

  • Тіс жегімен зақымданған кіреуке мен жұмсақ дентиндер толығымен қуыстан некротомия жасады.

  • Пломба жақсы жабысуы, мықты болуы үшін қуыс кіреберісіне 45 градус бұрышпен фальс салды.

  • Тісжегі қуысына медикаментозды өңдеу жүргізіп, тісжегі қуысын кептірді.

  • Кальций гидроокисі негізіндегі материалды араластырып, тегістегіш көмегімен тісжегі табанына емдік пломба салды.

  • Шыныиономерлік цементті араластырып тісжегі қуысына, табанына салып кіреуке-дентин шекарасына дейін жайды. Материалдың қатуын күтті.

  • Кондиционерді кіреукеге жағып, 30 секундтай күтті. Тісжегі қуысын дистилденген сумен шайып, залалсыздандырылған мақта анжысымен және ауа ағымымен кептірді.

  • Кіреуке адгезивін дайындап, тісжегі қуысының табанына және қабырғаларына жағып, оны қарсы ауа ағымының көмегімен біркелкі таратып жайды.

  • Композитті 40 секундта араластырып, бөлшектеп, тісжегі қуысына салды. 1-1,5 минут ішінде тегістегіш, нығыздағыш, мақта анжысы көмегімен алғашқы мүсіндеуді жүргізді. Материалдың қатуын күтті.

  • Фиништік борлармен төменгі жылдамдықтағы ұштықтар көмегімен пломбаның соңғы мүсіндеуін жүргізді.

  • Окклюзияны тексерді. Полирлер мен жылтырататын дискілерді қолдана отырып, пломбаны тегістеді.

  • Амбулатория картасын толтырды.