Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 119
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ауыз қуысының кіреберісін қарап тексеру
Айна, зонд, пинцет көмегімен жүргізіледі.
Ауыз қуысының кіреберісін, еріннің қызыл жиегін және еріннің кілегей қабығын қарап тексеру.
Ұрттің кілегей қабығын қарап тексеру.
Тіс қатарларының ара қатысын анықтау (тістесуін).
Қызыл иекті қарап тексеру.
Тіс шөгінділердің бар болуын анықтау (тас, қақ).
Шұқып тексеру - зондирование:
Зонд көмегімен жұргізіледі.
Анықтауға болады:
Тісжегі қуыс бар ма және тереңдігін;
Тісжегі қуысының ауру сезімі бар жерлерін;
Тісжегі қуыстың тіс қуысымен байланысын (ұлпаның ашылған мүйізшесін);
Пародонтальды қалталарды және олардың тереңдігін;
Тіс шөгінділерін (қызыл иек үсті- және қызыл иек асты).
Қағып тексеру – перкуссия Айнаның, зондтың, пинцеттің сабымен жүргізіледі
1) Вертикальды перкуссия.
2) Горизонтальды перкуссия.
Сау тістен бастайды (салыстырмалы перкуссия)
22 Терапиялық стоматологиядығы жансыздандыруды жүргізу тәсілдері.
Жергілікті жансыздандыру - Науқастың есін сақтай отырып,нерв талшықтарына анестетик жібере отырып белгілі бір аймақтың уақытша сезімталдығын тоқтату.
Жансыздандыру жүйесі:
Стоматологиядағы жансыздандыру әдісі болады:
Медикаментозды емес
медикаментозды.
Медикаментозды емес жансыздандыру тұрады :
психотерапия (гипноз),
Электрлі жансыздандыру(электроанальгезия),
аудиоанальгезия және басқалар.
Медикаментозды жансыздандыру әдісі тұрады:
Жергілікті жансыздандыру
инелі
инесіз(аппликационды)
Жалпы жансыздандыру.
Жансыздандырудың түрлері:
Жалпы (наркоз)
Жергілікті
Аралас
Жалпы+жергілікті жансыздандыру
Жалпы жансыздандыру+нейролептоанальгезия
Жергілікті жансыздандыру+нейролептоанальгезия
Туберальды жансыздандыру
Нысана көзі:жоғарғы жақ сүйегінің төмпешігі
Ине шаншитын жер:6-7 тістің ортасындағы өтпелі қатпардан 0,5см төмен
Иненің жылжу бағыты:жоғары,ішке,артқа
2,5см енгіземіз,себебі қан тамырлары өтіп тұрған майда тесіктерді зақымдап алмас үшін.
Анестетик мөлшері:4мл
Жолда:1,5мл,жеткенде -2,0мл.0,5мл-ді қосымша жансыздандыруға алып қаламыз.
Жансыздану уақыты:10-12мин
Жансыздану аумағы:6-7-8тістер,шырышты қабат,сүйек қабы,сүйек,өрім,гаймор қуысының артқы бүйір қабырғасы
Қай нервті жансыздандырамыз:жоғарғы артқы ұяшықты нерв
Мандибулярлы жансыздандыру
Мандибулярлы ішкі саусақты жансыздандыру
Нысана көзі:төменгі жақ тесігі
Ине шаншитын жер: Сұқ саусақпен алдыңғы қырын-ретромолярлы ойысты - ретромолярлы үшбұрыш табамыз Саусақты осы ойысқа орналастырамыз,саусақ ұшы самай қырына тиіп тұруы керек.Осы саусақ үсті ине шаншитын жер.Шприцті қарама-қарсы жақтағыкіші азу тістер аймағында орналастырып,иненісаусақтың ұшы жағындағы шырышты қабатқа,төменгі үлкен азу тістердің шайнау беттерінен 0,75-1см жоғары шаншимыз.
Иненің жылжу бағыты.4-5 премоляр арасынан сүйекке тірелгенше,сүйек бойымен 2,0-2,5см жүреміз.
Анестетик мөлшері:4мл,нервке 2,0-2,5мл,1мл алып қаламыз,1см артқа қайтып жаңағы 1мл жібереміз тіл нервісін жансыздандыру үшін.
Жансыздану уақыты:10-15минут
Жансыздану аймағы:Жансыздандыру жасалған жақтың барлық тістері,альвеолды өсіндісі,жартылай төменгі жақ сүйегінің денесі,төменгі ерін,тері, иек,өрімдер.Тіл нервісін жансыздандыру салдарынан альвеолды өсіндінің ішкі беті,ауыз түбі,тілдің алдыңғы1/3бөлігі жансызданады.
Қай нервті жансыздандырамыз.төменгі ұяшықты нерв,тіл нервісін
Мандибулярлы саусақсыз жансыздандыру
Нысана көзі:төменгі жақ тесігі
Ине шаншитын жер.қанатшажақ қатпарының сыртқы бөлігіне төменгі және жоғарғы үлкен азу тістердің шайнау беттерінің ара қашықтығының дәл ортасына.Ол қанатша өсіндісінің ілгегі мен төменгі жақ сүйегінің самайлық қырының артқы жиегіне бекіген тығыз фасциальды сіңірдің бетін жауып тұрған шырышты қабық.Егер де қанатша жақ қатпарының көлемі үлкен болса,инені қатпардың орта бөлігіне шаншимыз,ал жіңішке ұртқа жақын орналасса инені қатпаршаның медиальді қырына шаншимыз.
Иненің жылжу бағыты:2,0-2,5см сүйекке жеткенше
Анестетик мөлшері,жансыздану уақыты,жансыздану аймағы саусақты әдіспен бірдей.
Иекті жансыздандыру. Нысана - иек тесігі. Тесік жақ денесінің орта тұсында 1-2-ші кіші азу тіс түбірлерінің астында орналасады (балаларда сәл алға қарай орналасқан). Тістер жоқ болса тесікті анықтау жолы мынадай: жақтың орта сызығы мен шайнау етінің алдыңғы жағына дейінгі аралықты тік сызықпен дәл екіге бөледі. Көлденең сызық жақтың төменгі қырынан 12 мм жоғары алынады. Сызықтардың қиылысқан жерінде тесік орналасады. Оның аузы артқа, сыртқа, жоғары қараған.
Ішкі әдісі. Ауыз жабық, төменгі ерін мен ұртты кере тартып инені өтпелі қатпарға 1-ші азу тұсынан шаншиды. Одан әрі инені алға, төмен, ішке қарай 0,75-1,0 см-дей енгізіп иек тесігіне тақайды. Ине ұшымен сүйекті сезіп тұрған жөн. 0,5-2,0 мл ерітінді жіберіп көреді. Ине ұшының тесікке түскендігі еріннің аздап ауырғаны арқылы білінеді.
Сыртқы әдісі. Иек тесігін анықтаған соң, жұмсақ тіндерді сол қол саусақтарымен сүйекке баса ұстайды. Инеге ішкі тәсілдегідей бағыт беріп, оны сәл жоғары және артқа таман шаншиды. Сүйекке жеткен соң аздап анестетик жіберіп ине ұшымен тесікті тауып, инені аздап енгізіп жансыздандыратын дәріні жібереміз. Жансыздандыру 3-5 мин соң білінеді.
Жансыздандыру аймағы. Иек пен еріннің жұмсақ тіндері, күрек, сүйір, кіші азу тістер, тіс ұяшық өсіндісі мен еріннің кілегей қабығы 2-ші кіші азудан орталық күрек тіске дейінгі аралық.
Торусалды жансыздандыру (М. М. Вейсбрем бойынша). Нысана — төменгі жақ үстірті. Ол тәж және буын өсінділеріне жалғасқан қыраттардың қосылуынан пайда болып, төменгі жақ тармағының ішкі жағында төменгі жақ тесігінің аздап жоғары, алдыңғы тұсында орналасқан. Төменгі жақ үстірті тұсында сезу жүйкесінің үшеуі де қатар өтеді. Олар; төменгі тіс ұяшығы-альвеола, тіл және ұрт жүйкелері. Үстірттегі борпыддақ тінге енгізілген жансыздандыратын дәрі үш жүйкені түгел жансыздандырады.
Нысана көзі ретінде қанат-жақ қатпарының сыртқы бөлігі мен ұрттың кілегей қабығы арасында орналасқан ұрт сызаты есептеледі.
Жалпы ереже: Ауызды кере ашып инені ұрт сызатының кілегей қабығына тік жоғарғы 3-ші азудың шайнау бетінен 0,5 см-дей төменірек шаншиды. Шприц пен инені көлденең бір деңгейде ұстап, сүйекке дейін енгізіп төменгі жақ үстіртіне жетіп, 1,25-1,5 мл жансыздандыратын дәріні жібереді. Ине шамамен 0,25-тен 1,5-2,0 см бойлайды, бұл әркімнің жеке анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Жансыздандыру аймағы: Мандибулярлы жансыздандыру мен ұрт жансыздандыруының қосындысындай. Барлық тістер, тіс ұяшығы-альвеола өсіндісі, жақ денесі, тіс ұяшығы-альвеола өсіндісін жапқан кілегей қабық, төменгі ерін, иек, ауыз түбінің кілегей қабығы мен тіддің алдыңғы 2/3 бөлігі.
Жоғарғы жақты өткізгішті жансыздандыру.
Төмпешік-тубералды жансыздандыру.
Төмпешік-тубералды жансыздандыру.
Нысана жоғарғы жақтың төмпешігі. Онда жоғарғы тістер өрімінін, артқы бөлігіне кіретін көптеген тесіктер бар. Нысана белгілері: 8
7 6 / 6 7 8 тістер, өтпелі қатпар мен шықшыт-тіс ұяшығы-альвеола қыры. Ақыл тіс ұясының шетінен тесіктеріне дейін 2,0-2,5 см-дей.
Ішкі әдіс — Ауызды сәл ашылған қалпында езу мен ұртты стоматологиялық айнамен сыртқа тартады. Инені шықшыт- тіс ұяшығы -альвеола қырының артын ала 2 азудың немесе 2-3 азудың арасына шамалап өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине жоғарғы жақ төмпешігін айналып өтеді. Ине жылжыған сайын аздап жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберіп отырады, бұл қан тамырларын инемен жарақаттанудан сақтайды. Шаншу тереңдігі 2,0-2,5 см 10-12 мин соң жоғарғы артқы тіс ұяларының жүйкесі жансызданады (6-сурет).
Жансыддандыру аймағы. Үш азу мен оның тұсындағы тіс ұяшығы өсінді, кіреберістегі кілегей қабық, жоғарғы жақ дөңесі, гаймор қуысының артқы қабырғасының кілегей қабығы.
Сыртқы әдіс — Науқастың басын қарсы жаққа бұрып сол қолмен шықшыт- тіс ұяшығы қырын белгілейміз. Оң жақтан ине шаншығанда сол қолдың сұқ саусағы мен бас бармақты жоғарыдан төмен қарай ұстаймыз. Мұнда сұқ саусақ қырдың иілген жеріне тіреледі. Бет сүйегі мен шықшыт- тіс ұяшығы қыры арасында үлкен бұрыш пайда болады. Жұмсақ тіндер саусақпен сүйекке қарай сығылады. Инені аталған бұрышқа шаншып, ерітінді жібере отырып жоғары, ішке, артқа қарай 2,0-2,5-дей тереңдікке бойлатады.
Көзасты-инфраорбиталды жансыздандыру. Нысана- көзасты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см-дей төмен жүргізілген сызық пен 2-ші жоғарғы кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік
сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Іс кезінде көз шарасының төменгі қырындағы жоғарғы жақ пен бет сүйегінің бірігуінен пайда болған бұдырдан 0,5-0,75 см төмен алады. Өзек алға, ішке төмен қарай бағытталған. Олардың жалғасы орта күрек тістердің арасындағы қызыл иектен сәл жоғарылау жерде қиылысқан болар еді.
Ішкі тәсіл — көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары, сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Көзасты тесігіне бағытталған инені сүйекке тигенге дейін бойлатып, біраз анестетик жібереді. Енді инені әрі қарай жылжытқанда ауырмайтын болады. Ине суқ саусақ тұсына жеткен кезде, оны жайлап жылжытып көзасты тесігін табады. Инені өзекке кіргізбей-ақ тесіктің алдында 0,5-0,75 мл-дей анестетик жібереді. Инені өзекке кіргізіп әрі қарай жылжытып жансыздандырғыш дәрі жіберу көзасты нервісінің жарақаттануына әкеліп соғады.
Орта, алдыңғы тіс өрімдерінің анестезиясы 5-7 минуттан кейін пайда болады.
Сыртқы әдіс— Жоғарғы күрек тістердің тұсындағы тіс ұяшық-альвеола өсіндісінде қабыну кезеңі-процессі болса, сыртқы тәсілді қолдануға болады. Сұқ саусақпен көзасты тесігін белгілеп ұстап жіңішке инені сол жерден 0,5 см-дей төмен және ішке таман теріге шаншиды. Ине жоғары, арт, сырт бағытта болып, көзасты тесігіне барып кіреді.
Жансыздандыру аймағы