Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 358

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқыту үдерісін жетілдіру жолдарын іздестіру. Дидакттар психологтармен бірге оқытудағы жадыға күш түсіретін жаттанды әдістің орына, шығармашылық танымдық әрекетті дамыту жолында ізденістер жүргізуде. Оқушыларға қойылатын міндеттерді шешу үшін оларға дайын жауаптар берілмейді: бұл жағдайда оқушылар жауап табу үшін ізденіп, өздері ойлануға тиіс. Соңғы жылдары И.Я.Лернер, М.И.Махмутов білімді өзбетінше іздеу, шығармашылық ойлауды дамыту үшін танымдық іс-әрекетті белсендіретін проблемалық оқытуға ерекше назар аударып зерттеуде.

Бұрынғы кезеңдегі дидактикада мұғалім бағдарламада көрсетілген материалдың бәрін жүйелі түрде түсіндіретін. Осындай түсіндірілген материалдан кейін, оқушыларға өзіндік тапсырма орындататын, ондағы мақсат түсіндірген материалды бекіту және дағдыны жаттықтыру. Енді мұның бәрі өзгеріске ұшырады: дидактика бағдарламадағы барлық сұрақты түсіндірмейді және барлық білімді жүйелі және дайын күйінде баяндамайды, оның бір бөлігін оқушының өзбетінше ізденуіне қалдырады; дайын білім берудің орнына, оқушылар алдына проблемалық мәселелер қояды.

Біртұтас оқыту жүйесінде проблемалық оқытудың нақты орны мен көлемі әлі анықталған жоқ. Ол үшін барлық пәндер бойынша зерттеу жүргізіп, курстың арнайы мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек.

Сонымен қатар оқушылардың түрлі анықтамалық кітаптарды қолдану дағдыларын қалыптастыру қажет.

Педагогика ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Ю.В.Шаров: «Бірнеше ондаған жылдар бойы қоғамдық-саяси және педагогикалық басылымдарда мектеп жұмысының нәтижесін бағалау сынға алынып келе жатқаны белгілі. Мектептегі оқу үлгерімін пайызға шағу маңызды көрсеткіш болғанымен, ол жұмыстың тек бір қырын ғана сипаттайды. Білім бойынша мектеп бірінші орынға шыққанымен де, оқушылардың еңбек және эстетикалық тәрбие сапасы төмен. Бірақта оған көңіл бөлінбей келеді. Мектептегі оқу үлгерімінің көрсеткіштерінде оқушылардың адамгершілік, эстетикалық дамуы, еңбекке дайындықтары, кәсіби қызығушылықтары да ескерілуі керек» (Учительская газета, 1976, 19 август).

Мектепте бағдарламалық оқытуды қолдану мәселесін талдау қажет. Бірнеше жылдар бұрын біз бағдарламалық оқытуды мектепке ендіру туралы пікр айтқан едік. Бағдарламалық оқытуға түрлі пікірлер айтылып, қазір оған қызығушылық төмендеді. Солай болғанымен де, бағдарламалық оқытудың құнды дидактикалық мүмкіндіктері бар, оларды ескеру керек..


Бағдарламалық оқыту оқушының шешетін оқу міндеттерін нақты анықтап, тақырыптың мазмұнын игеруге мүмкіндік береді.

Бағдарламалық оқыту сынып оқушыларының өзбетінше белсенді жұмыс жасауын ұйымдастыруға және жеке оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларды саралайды, олардың кебіреулері негізгі тапсырманы орындамаса да, қосымша тапсырмаларды орындауына мүмкіндіктері болады.

Бағдарламалық оқыту оқушылардың өз қадамының дұрыстығын бақылап, оны түзетуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім оқушы қызметінің тек соңғы нәтижесін бақылап қоймайды, оның материалды толық игермеген тұстарын анықтайды. Мұндай мүмкіндіктер сынып оқушылары ның оқуын тұтастай бақылап, дер кезінде түзетеді және жеке оқушыларға қажетті көмек көрсетіледі.

Тиімді ұйымдастырылған бағдарламалық оқыту, мұғалімнің қолында оқушылардың танымдық белсенділігін басқаратын құралға айналады.

Оқыту формасын жетілдіру және оны ұйымдастыру қажет. Сыныптық-сабақ жүйесін сынға алушылар қатары жиі кездеседі. Оған тағылатын сын оқушылардың жеке танымдық жұмыстарын ұйымдастырып, ұжымдық жұмыс жасауға келмейтінін айтады. Сабақтағы фронтальды жұмыс ұжымдық жұмысты тым аз мөлшерде жүзеге асырады: оқушылар қатар отырғанымен де, жұмысты жеке орындайды. Ортақ мақсат болғанымен, ұжымдық жұмыс жүрмейді.

Шетелдерде тіпті сыныптық-сабақ жүйесінен бас тартып, оның орнына мектепте немесе үйде индивидуальды бағдарламалық оқытуды ұсынады.

Оқытуды ұйымдастыру формаларын іріктеуде және оның барлық түрлерін қолдануда бір жақтылықты ұстануға болмайды. Әр форманың мүмкіндігі мен жетістіктерін анықтап қолдану керек.
Леонид Владимирович Занков ( 1901-1977)
Л. В. Занков дидактика мәселелерін зерттеуші ғалым. Ол кеңес мектебінің негізгі міндеттерін мектептің тәжірибесін талдаумен тығыз байланысты зерттеді. Ол «Дидактика және өмір» атты еңбегінде мектептің оқушыны дамытуына баса назар аударып, эксперименттік оқыту принциптерін, осы бағыттағы мектеп тәжірибесінің нәтижелерін ашып көрсетті.
Кіріспе
Бұл кітапта кеңестік дидактикада бұрын соңды зерттелмеген немесе жалпылама қаралған бірқатар мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар дидактикалық принциптер мен әдістердің жаңа аспектілері көрсетіледі. Әсіресе оқушыны оқыту мен дамытудың ара қатынастарына ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл еңбекте эксперименттік дидактика зертханасының, кейінірек – 1952 жылдан Педагогика ғылымдар академиясының Теория және педагогика тарихы институтының тәрбиелеу және дамыту зертханасының жүргізген зерттеулері ұсынылады.



Зертханалық зерттеулермен бірге, қазіргі заман сұраныстары мен кеңестік мектептің даму болашағына қызмет ететін, басқа да дидактикалық материалдар зерттеледі.

Оқыту мен дамыту (эксперименттік-педагогикалық зерттеулер). М.Н.Скаткин дидактиканың теориялық мәселелері қатарында, оқыту мен дамытуды қарастырады. Ол былай дейді: «Оқыту мазмұны мен әдістерін зерттеуде, оқыту мен дамытудың байланысы ауқымды өзектілікке ие болады».

Бастауыш оқытудағы эксперименттік жұмыс оқушылардың жалпы дамуына бағытталады.

Дидактикалық және психологиялық еңбектерде (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, М.А.Данилов, Г.С.Костюк және т.б.) мынадай терминдер қолданылады: «даму», «жалпы даму», «ақыл-ой дамуы», «жалпы ақыл-ой дамуы». Бірінші аталған термин көп мағыналы және мәтіннің астарлы мағынасына байланысты жалпы дамуды немесе дамудың бір түрін білдіреді.

«Ақыл-ой дамуы» терминінің мағынасына, көптеген авторлар ең бастысы ойлау үдерістерінің дамуын, ақыл-ой әрекеттері мен тәсілдерін жатқызады. Мәселен, Д.Н.Богоявленский мен Н.А.Менчинская былай дейді: «Ақыл-ойдың дамуы үшін тек білім қорын жинақтап қоймай, өзіндік ақыл-ой тәсілдерінің операцияларын, «іріктелген» және мықты бекітілген қорын интеллектуалдық дағдыларға жатқызуға болады».

Ақыл-ой дамуын Л.С. Выготский өзгеше түсінген. Ол оқыту мәселесі мен ақыл-ой дамуын зерттеуде ғылыми және өмірлік түсініктерді салыстырмалы қолданған (психологияда бұл мәселе ойлау саласына жатады), ақыл-ой дамуын тек кең ауқымда ғана емес, сапалы жаңа мағынада қолданған. Осы айтылғандарды Л.С.Выготский талдай отырып, былай деп жазған: «оқушының ақыл-ой тәрбиесіндегі орталық мәселе – саналылық пен ырықтылықтың даму мәселесі».

«Жалпы даму» термині кең ауқымдағы мағынада физикалық және психикалық дамуды қамтиды. Адамның біртұтас дамуын шешетін маңызды жолдардың бірі, дамудың осы екі қырының байланыстарын анықтау. Өкінішке орай, кіші жастағы оқушыларды оқытудағы физикалық пен психикалық дамудың ара қатысын анықтайтын арнайы эксперименттік-педагогикалық зерттеу жүргізілмеген. Сондықтанда, бізге баланың физикалық және психикалық дамуының ара қатысын шектеуге тура келеді.

Қорыта келе, бұл кітапта жалпы дамуды психикалық әрекеттің жан-жақты дамуы деп қарастырады. Бұл жағдайда жалпы даму ақыл-ой дамуынан ерекшеленеді, ол тек қана танымдық үдерістерді ғана емес, ерік пен сезімді де қамтиды. Белгілі болғандай, психология ғылымында қазірге дейін ерік пен сезім (немесе эмоция) психиканың ерекше қыры болып саналады, ол сезіну, қабылдау, ес-жады, ойлау және басқа да танымдық үдерістерден өзгеше.


Педагогикалық зерттеу үшін жалпы даму мен арнайы дамуды ажыратудың маңызы зор. Психология ғылымында нақты теорияға негізделген ажырату болмағанықтан, жанама жолдарды қолдануға тура келеді.

Біз түрлі жас мөлшеріндегі психологиялық зерттеулердегі қабылдау, ес-жады, ойлау және басқа да психикалық үдерістерді ескердік. Бұл зерттеулер оқыту жағдайында жүргізілмесе де, психика дамуының кейбір қырларынан түсінік береді.

Дарындылық пен қабілеттілік мәселесіне арналған зерттеулер дамудың түрлерінен түсінік береді. Біз Б.М.Тепловтың музыкалық қабілеттілік психологиясын және В.А.Крутецкийдің математикалық қабілеттілік психологиясын тірек етеміз. Осы аталған еңбектер жалпы және арнайы дамудың айрмашылықтарын көрсетеді.

Осы міндеттерді, яғни дарындылық пен арнайы қабілеттіліктерді шешу үшін кейбір еңбектерге тоқталуға болады. Б.Т.Ананьев «дарынды лық пен арнайы қабілеттіліктің ара қатысында – жалпы және арнайы дамудың іргелі ара қатысы тұр, оның педагогикалық және бала писхологиясы үшін маңызы зор» - дейді.

Аталған еңбектердегі теориялық тұжырымдар мен фактыларды ескерсек, онда тұлғаның сапасы, әрекет тәсілдері тәрізді, өзінің негізін жалпы дамуға негіздесе, онда ол кез келген материалдар мен түрлі жағдаяттарда көрінеді. Арнайы даму белгілі бір салада (мысалы, өнерде немесе ғылымда, оның бөлімдерінде) білінеді.

Әрине, жалпы даму мен арнайы даму адам бойында ажырамайды. Керісінше, жалпы даму арнайы дамуға негіз болады және оның бойынан көрінеді, сөйтіп, жалпы дамуға түрткі тудырады. Кез келген саладығы іс-әрекет тек жалпы даму негізінде ғана жүзеге аспайды. Белгілі психикалық әрекет тәсілдерін (мысалы музыкалық қабілеттілік, сезіну) қалыптастырға соған сәйкес білім мен дағдыларды меңгертуге болады.

Қорыта келе, оқушылардың жалпы дамуын оқумен байланысты зерттеудің әдіснамалық және практикалық қажеттігі бар.

Баланың жалпы дамуына, әрине «даму» мазмұны кіреді, ол бәрін тегіс қамтитын маңызға ие: қарапайымнен күрделіге, төменнен жоғарыға қозғалу, жоғары өрлеу, ескі қалыптан жаңа, жоғары сапалық қалыпқа жаңару үдерісі, жаңаның пайда болуы, ескінің жойылуы.

Эксперименттік оқыту. Бастауыш оқытудың эксперименттік жүйесі кезең бойынша зерттелді. Бірінші кезеңде Мәскеудің №172 мектебінде зерттеу жүргізілді.

Бұл мектепте педагогикалық зертхана және бір эксперименттік сынып құрылды. Оның мұғалімі Н.В.Кузнецова педагогикалық училище бітірген және оның педагогикалық тәжірибесінің болмауы эксперимент үшін артықшылық болып саналды.


Эксперименттік сыныптағы балалармен сол мұғалім төрт жыл жұмыс жүргізді. Балалар сыныптан сыныпқа көшті. Төрт жыл бойына зертхана жетекшісі мен қызметкерлері сабаққа үзбей қатысып, мұғалімнің педагогикалық жұмысын, оқушылардың оқуын, олардың тәртібін бақылады.

Оқу-тәрбие жұмысы эксперименттік сыныпта дәстүрлі оқытудан өзгеше негіз бен формада жүргізілді, жаңа оқыту жүйесі тұтастай сабақ барысында қалыптасты. Екі-үш аптадан кейін зертхана қызметкерлері Н.В. Кузнецовамен бірге оқыту мен тәрбиелеудің барысын талдап, алдағы уақытқа жаңа жоспар белгілеп отырды. Онда сабақ барысында жіберілген кемшіліктер және оларды қалай болдырмау жағы да қарастырылды. Зертхана қызметкерлері бастауыш мектептің бағдарламасы, оқулықтары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулардың нақты бөлімдерімен танысып, оларды сын тұрғысынан талдады: бағдарламада оқушыны дамытатын қандай тиімді нәрсе бар; несі дұрыс емес, баланы дамытып, жоғары нәтиже алуға несі жетіспейтінін анықтады. Мұндай бас қосудағы мақсат оқытудың жаңа түрін және баланы тимді дамыту жолдарын іздестіру. Зертхана қызметкерлері мен оның жетекшісі басқа сабақтарға қатар қатысып отырды. Әр сабақ протоколға немесе жазу аппараттарымен тіркелді. Эксперименттік-психологиялық әдістер арқылы баланың дамуы, меңгерілген білімдері мен дағдылары зерттелді. Осы жинақталған материалдарды талдау, бастауыш оқытудың эксперименттік оқыту жүйесін жасауға көмектесті. Мұндай жұмыстар басқа мектептің бақылау сыныптарында да жүргізілді, онда тәжірибелі мұғалімдер дәстүрлі оқыту әдістерін қолданды, зертхана қызметкерлері жаңаша оқытудың тиімділігін анықтауды дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырып көрді.

Осылайша, төрт жыл бойы эксперименттік бастауыш оқыту жүйесінің дидактикалық принциптерін анықтап, соның негізінде бағдарламалар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, оқушыларға арналған оқу материалдары (орыс тілінен тапсырмалар мен жаттығулар, математика, еңбек, жаратылыстану мен географиядан оқитын мәтіндер және т.б.) дайындалды. Сонымен бірге эксперимент сыныптарындағы оқушылардың жалпы дамуын сипаттайтын түрлі материалдарды бақылау сыныптармен салыстырып, білімді меңгеруі мен дағдылары анықталды.

Зерттеудің келесі кезеңінде оның ауқымы кеңейе бастады. 1962/63 оқу жылы эксперимент Калинин мен Тула қалаларының 30 бастауыш сыныбында, 1963/64 оқу жылы 100-ден астам сыныптарда 25 аймақ пен РСФСР обылыстарында және одақтық республикаларда жүргізілді. Жыл сайын эксперимент сыныптарының саны артып, 1966/67 оқу жылы эксперименттік сыныптар 52 аймақ пен РСФСР обылыстарында және сегіз одақтық республикада жүргізілді.