Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 361

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
».

Қазіргі дидактика мәселелері
Автордан
Орта білім берудің мазмұны мектеп түлектерінің білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыруына байланысты құрылған еді. Ендігі, міндетті жалпы орта білім беру, мектеп түлектерінің еңбек әрекетіне араласуын талап етеді. Осы мәселелер білім мазмұнының міндеттерінде қалай іске аспақ?

Көпшілікті мектептегі оқудың оқушыларға жүк түсіріп, шаршауға шалдықтыратыны алаңдатады. Оны қалай жеңілдету керек? Бағдарламалар мен оқулықтарға кіретін жалпы және политехникалық білім беруге қажетті мазмұнды қалай таңдауға болады?

Коммунистік құрылысқа өзіндік бастамасы және шығармашылық қабілеті бар жұмысшылар керек болғандықтан, мектеп оқушыларын шығармашылық тұрғыдан ойлауға оқыту қажет. Мектепте қалыптасқан оқыту үдерісі, оқушылардың дайын білімді қабылдауына құрылғандықтан, олар соны қайталайды. Олардың шығармашылық тұрғыдан ойлануы үшін олардың танымдық әрекеттерін қалай белсендіру керек?

Оқудың сапасы оқушының оқу қызметіне қатысуына байланысты қалыптасады. Олар неғұрлым оқу қызметін жақсы игеретін болса, соғұрлым олардың оқу еңбегі сапалы болады. Оқуға ынта-ықыласы жоқ оқушыларды оқытудың қиындығын мұғалімдер біледі. Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру үшін мұғалім қандай құралдарды қолдануы тиіс?

Бұл кітапта осындай ізденістер туралы айтылады. Автор біртұтас дидактикалық білімді баяндауды мақсат етпейді, олар педагогика курстары мен жоғары оқу орнының дидактикасы мен техникумдардың оқу құралдарында берілген. Кітапта көкейкесті дидактика мәселелері мен жалпы қауымға қызығушылық тудыратын мәселелер қарастырылады.

Жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік қызметінің өзгеруі. Міндетті орта білімнің жүзеге асуына байланысты мектеп түлектерінің көпшілігі жұмысқа орналасатын болды. Ал, білім мазмұны мен оқу бағдарламаларының көлемі бұрынғы қалпында қалды. Сондықтанда орта білім берудің педагогикалық мақсатын қайтадан анықтап, соған сәйкес бағдарламадағы білім көлемін, оқу пәндерін, оқыту әдістерін, сыныптан тыс жұмыстарды және т.б. өзгерту қажеттігі пайда болды.

Мектеп түлектерінің көпшіліктері жоғары оқу орындарына оқуға түсетін болды. Мектептің оқу жоспарындағы көптеген пәндерден жоғары оқу орнына түсу үшін емтихан тапсырылатындықтан, олар мазмұны жағынан күрделеніп, басқа пәндерге зиянын тигізді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын дене шынықтыру, музыка, сурет пәндері арқылы оқушыларды болашақ өмірге және еңбекке дайындау ескерілмеді. Осыған орай мектептің әлеуметтік қызметінің өзгеруіне байланысты, оқу материалдарын іріктеуге мейілінше көңіл бөлінді, әрбір білімді адамға оның таңдайтын мамандығына қарамастан, қажетті білімді меңгерту көзделді. Жоғары оқу орындарына түсетін оқушыларға мектептерде арнайы факультатив сабақтар мен жоғары оқу орындарында дайындық курстары ашылды. Бұл қосымша материалдарды жалпы білім беретін мектептің бағдарламаларына қосу міндетті болмауы тиіс, сөйтіп оқушылардың оқу жүктемелерін жеңілдетіліп, барлық оқушыларға білім мазмұны түсінікті болуын ескеру қажет болды.


Өмірдің жаңа талаптарына сәйкес оқушыларды дамыта оқыту мен тәрбиелеу қызметі күшейтіліп, оның білім мазмұнында, оқыту әдістері мен оқыту формаларында және оны бағалау өлшемдерінде орын алуы белгіленді. Дидактика осы мәселелерді шешуді қолға алды.


Білім мазмұнын жетілдірудің кейбір мәселелері. Оқу жүктемесінің күрделілігі педагог, психолог, дәрігерлердің зерттеулерінде толықтай ашылып көрсетілді. Ол оқушылардың уақытын шектеп, таза ауада болуын, спортпен, дене еңбегімен шұғылдануына, ұйқысын қандыруға нұқсан келтірді. КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының және КСРО Медицина ғылымдарының академиясы, Латвия ССР-нің (1971) денсаулық сақтау және оқу-ағарту министрліктерінің біріккен сессиясындағы баяндамада оқушы денсаулығының функционалдық ауытқуы, әсіресе жүрек және қан тамыры мен жүйке жүйелерінде байқалатыны айтылды.

Оқу жүктемесінің ауырлығынан, оқушылар берілген оқу материалдарын меңгере алмағандықтан, үй тапсырмасын орындамайды, соның салдарынан білімдерінде кемшіліктер көп кездеседі. Сонымен бірге баланың дүниетанымын дамытатын, сыныптан тыс уақытта кітап оқуына да мүмкіндіктері болмайды. Сабақтың қиындығы оқушыларды өзіне деген сенімнен айырып, оқуға ынтасын төмендетеді.

Оқудың қиындығынан оқушылар өздірінің ұнатқан істерімен, техника, спорт, өнер, үйдегі және қоғамдық жұмыспен айналысуға уақыттары жетпейді.

Оқудың қиындығы түрлі себептерге байланысты, соның бірі - білім мазмұнындағы кемшіліктер. Коммунистік партияның Орталық Комитетінің және КСРО Министрлер Кеңесінің (1977) қаулысында «мектептің оқу бағдарламалары мен оқулықтарында артық ақпарат пен онша маңызды емес материалдар орын алғандықтарын, олардың оқушылардың өздігінен шығармашылық жұмыспен айналысуына кедергі келтіретіні» көрсетілді.

Үнемі баспа беттері мен педагогикалық жиналыстарда басқа да кемшіліктер көрсетілді, олар: еңбек, дене шынықтыру, эстетикалық тәрбиеге аз мөлшерде уақыт бөлінетіні туралы, пәндер арасында байланыстардың болмауы, әр пәнде бір тақырыптың бірнеше рет қайтадан қайталаудың кездесетіні, жеткілікті деңгейде мектеп курстарында политехникалық және тәрбиелік бағыттардың және оқушының өзбетінше дамуына және шығармашылығын дамытуға түрткі тудыратын сұрақ-тапсырмалардың аздығы және т.б.

Білім мазмұнындағы басты кемшіліктердің бірі – орта білім және политехникалық білім беру теорияларының зерттелу деңгейінің төмендігінен болды.


КСРО Педагогикалық академиясының жалпы жиналысындағы мектептің жаңа білім мазмұнына көшуге арналған қорытынды баяндамасында КСРО Педагогика ғылымдар академиясының академигі И.Д.Зверев былай деді: «Ғылыми-педагогикалық мәселелерді зерттеудің біраз жетістіктеріне тоқтала отырып және мектеп практикасында жаңа мазмұнға өтуде әлі де болса шешімін таппаған мәселелер мен қиындықтар бар екенін мойындауға тура келеді. Бізді қазіргі педагогикалық теория толық қанағаттандырмайды, сонымен қатар оған прогностикалық қызмет пен мектеп дамуының болашағын негіздеу жүктеледі».

Мектептегі пәндердің оқу материалдарын іріктеу эмпирикалық деңгейде жүргізілетінін кеңес авторларымен бірге, социалистік елдің педагогтары да көрсетіп отыр.

Білім мазмұнындағы кемшіліктерді жою екі бағытта жүргізілді: біріншіден, оқу жүктемесі, оқу жоспары, бағдарламалары мен оқулықтарына жартылай өзгерістер ендірілді, екіншіден, орта және политехникалық білім берудің теориясын зерттеп, келешекте білім мазмұнын жаңарту көзделді..

Соңғы жылдары оқу жүктемелері азайтылып, еңбекті оқытуға IX –X (XI) сыныптарда аптасына 2 сағаттан 4 сағатқа көбейтіліп, барлық сыныптарға арналған еңбек пәнінің оқу бағдарламасы жасалып, артық материалдар бағдарламалар мен оқулықтардан алынып тасталды.

Осыған дейінгі кезеңде мектептің білім мазмұны оқу пәнінің автономды бөліктерінен құралды, оның әр қайсысы ғылым негіздеріне немесе жоғары білім курсына сәйкес шақталған болатын.

Білім мазмұнын анықтау көп жағдайда ғалымдарға тапсырылғандықтан, олар мектептің мақсатын, оқушының жас ерекшелігін, оқыту заңдылықтарын ескермей келді. Әр бағдарлама мен оқулықтың авторлары пәннің ғылыми мазмұнын түрлі мысалдар арқылы беруді көздеді. Соның нәтижесінде оқулық мазмұны ұлғайды.

Оқулық – қарапайым деректер жиынтығы емес, белгілі ғылым саласының энциклопедиясы да емес. Ол оқыту үдерісінің сценарийі. Мұндай сценарий педагогикалық талаптарға сай – білім беру мақсатына, балалардың жас ерекшеліктері мен оқудың заңдылықтарын ескеруі тиіс. Тек осы талаптар сақталғанда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттерін бағыттауға болады, сонымен қатар, оқыту үдерісі үш маңызды қызметті жүзеге асырады: білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Осы педагогикалық міндеттерді шешу үшін, тек арнайы ғылыми саланы ғана білу, кемшілік саналады.

Әрине, ғалымдарды әр ғылым саласына сай, мектеп курстарының мазмұныны құруға қосуға болады. Оларды ғылым негіздерін іріктеуге, оны дидактикалық тұрғыдан өңдеуге, оны тым қарапайым етпеуге және т.б. пайдалануға болады. Мұндай жағдайда әрі ғалым, әрі әдіскер, мектептің қоятын талаптарын білетіндер де кездеседі. Сонымен қатар әдеби дарындылары да болады. Бір адамның бойында барлық қажетті сапалардың жинақталуы, әрине жиі кездесе бермейтіні аян. Ал, осындай қабілеттері бар мамандар болмаса, онда оқулық жазуды тек қана бір ғалымға тапсыру арқылы, біз онан құнды бағдарлама мен оқулық талап ете алмайтынымыз анық. Осылайша біз ғалым-мамандарды өзіміз жалған жолға қойып, оқулықты «дұрыс жазбады» деп сынға аламыз.


Осындай жағдайлар мектеп курсын құрастыруда американдық педагогтар арасында да кездеседі. В.В.Краевскийдің «Оқытуды ғылыми негіздеу мәселесі» монографиясында М.Клайнның мақаласында математика бағдарламасының жобасын жасаған профессорларға сын пікір білдіргені көрсетілген. «М.Клайн былай дейді, математика бағдарламасының жобасын жазған профессорлар, педагогикалық мәселелерді ескермеген. Ғалымдар өздері ізденген ғылым саласында зерттеулер жүргізіп, профессор дәрежесін алғандарымен, олардың сол ғылыми дәрежелері олардың педагогикалық қабілеттерін көрсетпейді, сондықтан бағдарлама жазуда педагогикалық білім керек; көптеген ғалымдар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, орта мектеп туралыі мүлде ештеңе білмейді. Автордың пікірінше, олардың педагогикалық біліктілігі жоқ. Олардың өзі математиканы ұзақ жылдар түсіну үшін ізденеді, сөйте тұра өздерінің түсініктерін жас балаларға тез беруді көздеп, өздеріне жақсы таныс дедуктивтік сипаттағы әдісті қолданбақшы болады, ал балалардың математикалық ойлауын дамыту және математикалық анықтамаларды түсініп, оны шеше білуге оқытуды ойламайды».

Мектептегі білім мазмұнының жалпы мақсатын анықтағанда, мектеп коммунистік қоғам құрлысшыларын жан-жақты дамытып, өмір мен еңбекке дайындайтынын ескеруі қажет.

Мектептің оқу жоспарын жетілдіруде, тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы бірізділікпен жүзеге асырылып, оқушыларды өмірге және еңбекке тәрбиелеуі тиіс.

Адамды зерттеген ғалымдардың анықтаған іргелі заңдылықтары: адамның дамуы әрекет және қарым-қатынас барысында жүзеге асады. Оқушыларды дамыту үшін оларды түрлі іс-әрекеттерге араластыру керек, мектеп ішінде және мектептен тыс уақытта олардың қарым-қатынастарын тереңдетіп, оларды өндірістік ұйымдар мен ересектердің ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастарына дейін кеңейтуді жүзеге асыруға болады.

Оқушыларды жан-жақты дамытудың іс-әрекет түрлерін өз кезінде көрнекі кеңес педагогтары С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлин ский және т.б. анықтап, тәжірибеде тексерген: ол ақыл-ой еңбегі (оқу қызметі), дене еңбегі және өнідірістік еңбек; дене күшін дамытуға бағытталған іс-әрекет және денсаулықты нығайту (қимылды ойындар, спорт, туризм); өнерді игеру; әлеуметтік әрекетке баулу (оқушылардың өзін-өзі басқару органы, октябрят, пионер, комсомол ұйымдарының жұмысы және т.б.).

Осы іс-әрекеттердің бәрі болашақ оқу-тәрбие жоспарында жүзеге асырылады. Мұндай жоспар тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытты да жүргізілуі қажет. Бүгінгі оқу-тәрбие жоспарының ерекшелік тері осындай. Бұрынғы оқу жоспарында бұлардың ескерілмеуінің себептері болды, өткені оқу екі немесе үш ауысымда жүретін еді.