Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 341

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жүйе неғұрлым күрделі болса, солғұрлым оның қалыпты өмір сүру ұғымын анықтау қиын болады. Осыған байланысты жүйенің жұмыс істеу қырына жататын бірнеше жағдайды қарастырайық.

Әуелі жүйенің тиімді жұмыс істеу өлшемдерін қарастырайық. Мұндағы қиындық мақсатты жүйе үшін олар әруақытта күрделі, тиімділік өлшемі көпөлшемді және барлық уақытта көріне бермейді.

Білім беру жүйесінің қызметі туралы айтқанда осы және өзге де ұқсас жүйелерге қатысты айтылатын және жұмыс істеу тиімділігі жалған өлшемді болуы мүмкін деректі қарастырмауға болмайды. Бұған жүйенің тиімділігі көптеген жалған өлшемдерге сүйеніп жұмыс істеген сталиндік социализм мысал бола алады.

Енді жүйенің жұмыс істеуі үшін қажет маңызды элементтері туралы нақты тоқталайық. Бұл көзқарастың компоненттері мәні жағынан өте ауқымды. Күрделі жүйенің тағы бір қасиеті – орнын толтыру қасиеті. Мұның мағынасы жүйенің бір компоненті жойылған кезде бірден кем және кейбір күйзелістік шамаға жетпейтін қызметтік мәнділік коэффициенті орын толтыру қасиетіне ие болады. Компоненттің қызметтік мәнділігінің еселігі кейбір жағдайда жүйенің орнын толтыру мүмкіндігімен байланысты болады. Мысалы, білім беру мазмұнындағы елеулі кемшіліктердің өзі ондағы кейбір компоненттің жетіспеушілігіне байланысты болады. Жүйенің басқа компоненттері жоғалған элементінің қызметін өз мойындарына алуы есебінен белгілі бір дәрежеге дейін толығады.

30-жылдарда жалпы білім беретін мектептерде оқу жоспарынан политехникалық білім беру сияқты маңызды компонентті алып тастағандықтан, халық ағарту ісіне өте үлкен нұқсан келген болатын. Бұл жағдайда орын толтыру қызметі: біріншіден, жалпы еңбек сапасын тәрбиелеу арқылы болса; екіншіден, жалпы техникалық және жалпы технологиялық білімдер физмка, химия, биология, география, математика және т.б. сияқты пәндерге сыйыстырылды.

Білім берудің қызметтік толықтығы мәселесін қозғаған кезде осыған байланысты тағы екі мәселені ескермеуге болмайды, олар шағындау және оңтайлдандыру.

Элементтерді шағындау мәселесі математикалық логикадан белгілі жалпы математикалық өрнектерді шешу жекелеген жағдайда өте күрделі, ал оу пәндерін іріктеуді шағындау туралы айтар болсақ, оларды бұзатын факторлар саны өте көп және олардың әрекетіндегі заңдылықтар өте күрделі. Дегенмен, бұл бағытта қазіргі кезде педагогиканың дамуы көп мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.
3.6. Білім берудің компоненттерін саралау және кіріктіру компоненттері


Білім беру мазмұны үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл үдеріс жекелеген курстар мазмұнын жетілдіру жолымен ғана емес, оларға енетін пәндерді іріктеу барысында да жүреді. Егер осы үдеріске қарасақ, ондағы өзара қарама – қарсы екі үрдісті – жүйенің саралау мен кіріктіру компоненттерін көруге болады. Саралау жекелеген пәндердің педагогикалық мәнділігін арттырумен байланысты. Ол жекелеген пәндердің бұрын өздері бөлініп кеткен оқу курстарына айналу кезінде көрінуі мүмкін.

Бір кезде «химия» пәні органикалық және органикалық емес химия болып бөлініп, жеке оқу курстарына айналды. Сол сияқты оқу курстарында пәндер саны көбейіп кеткен кезде саралаудың басқаша аспектісі кездеседі. Мысалы, бұрын ботаника мен зоологиядан тұрған биологияның мектептік курсының құрамына қазір биологияның жалпы курстары да енеді.

Кері үдеріс – кіріктіру. Кейбір оқу пәндерінің көлемін азайту («меншікті салмақты азайту») мақсатында бірнеше оқу пәндерінің бірігуіне тура келеді. Осыған байланысты жекелеген оқу курстарының пәндері азаяды немесе кейбір курс басқа оқу курсының құрамына еніп, пәнге айналады.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін және арнаулы мектептердің оқу жоспарларына оқу курстарын іріктеу барынша жоғары шегіне жетіп отыр. Сондықтан, жаңа оқу курсын енгізу басқаларды қысқарту арқылы, бірақ ол курсты білім беруден шығарып тастау жолымен емес, жүзеге асады.

Жалпы білім берудегі саралаудың жарқын мысалы информатика және есептеу техникалары негіздері курсының пайда болуы. Оның енгізілуі басқа курстардың уақыттарын қысқарту есебінен жүзеге асады. Бұл, әрине, басқа курстарды кіріктіруге әкелген жоқ, бірақ мұндай қадамдар ақырында осындай кіріктіруге әкеледі. Сонымен, кіріктіруді жасанды түрде жүргізу мүмкін болмайды.

Білім беру тарихы жалған кіріктірудің талайын басынан өткерді. Жалпы білім беретін мектептерді дамыту барысында «кешенді» оқу курстарын жасауға талпыныс жасалды. Кіріктіру негізіне математика, физика, химия, биология т.б. сияқты пәндерді негізге алатын өлшемдермен салыстырғанда маңызы төмен өлшемдер алынды. Бұл мысалдар жүйе жасау үшін оқу курстарын іріктеуді айқындайтын сенімді өлшемдер жасау қажеттігін білдіреді.
3.7. Білім беру сатыларының сабақтастық ұстанымдары


Қарастырылып отырған құбылыс пен ұстанымның мәні көзге көрініп тұрғандықтан, оларды кең түрде түсіндіруді қажет етпейді. Сондықтан тек сатылау ұстанымының кейбір толықтыруды және нақтылауды қажет ететін аспектілеріне ғана тоқталамыз.

Жалпы білім беруде төмендегі негізгі жүйелі сатылар айқындалған: 1) жалпы мектептің бастауыш сыныптары, 2) орта сыныптар, 3) жалпы білім берудің жоғары сатысы, ОКТУ (СПТУ) және техникумдар, 4) жалпы жоғары білім беру сатысы. Бұлармен қатар мектептке дейінгі пропедевтикалық саты, жоғары оқу орнынан кейінгі, перманенттік айырықша білім беруді айтуға болады. Жалпы білім беруге қатысты сабақтастық ұстанымын сақтау әдетте осы сатылардың үйлесімділігі ретінде түсіндіріледі. Мектеп педагогикасында жалпы орта білім беру мазмұны дәстүрлі түрде біртұтас жүйе ретінде қарастырылып келді. Жалпы білім беруде сабақтастық ұстанымы жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер қиылысына қойылған. Бұл сабақтастық үшін өте маңызды ұстаным.

Политехникалық білім беру сатысында сабақтастық жайына тоқталайық. Жоғары және орта арнайы мектептерде бұрыннан қалыптасқан дәстүр нәтижесінде политехникалық білім берудің осы деңгейінде жүйе жасалды және әлі жалғасуда. Оған дейін политехникалық білім беру басқаша болып, 20-шы және 60-шы жылдардағы қысқа мерзімді шарықтауға қарамастан, политехникалық білім беру жалпы мектепте төменгі деңгейге түсіп кеткен еді. Сонымен бірге арнайы және жоғары мектеп тәжірибесінен алынған көптеген жақсы идеялар назарға алынбады.

Политехникалық білім беру сатыларындағы сабақтастық мәселесі өте күрделі жағдайда екені бұдан бұрынғы тармақшада айтылған болатын. Бұл мәселені оңды шешу эксперименттік тексеруден кейін әкімшіліктің шешімін күтуде. Мұндай экспериментке теориялық база туралы келесі тарауларда айтылады.
3.8. Білім беру мазмұны құрылымының детерминанттары

Білім беру мазмұны құрылымының детерминанттары бұл жұмыста білім берудің құрылымдық компоненттерін бақылауға, оның ішінде олардың өзара байланысына ықпал ететін факторлар аталады. Білім беру мазмұнының детерминдеу факторлары мәселесі тұтас және құрылымдарымен педагогиканың маңызды әдіснамалық мәселелеріне жатады.

Бәрінен бұрын білім беру мазмұны құрылымының детерминанттары білім беру мазмұнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ретінде есептеледі.

Білім беру мазмұнын тұтас айқындайтын көптеген факторлардың ішінен оның құрылымына нақты ықпал ететіндерін таңдап алу керек. Факторларды іріктеуде тек қажеттісін ғана емес, сонымен қатар білім беру мазмұнының құрылымын анықтауға жеткіліктісін де іріктеуге тырысу керек. Басқаша айтқанда, негізгі топ детерминанттарымен бірдей детерминанттарды алып тастау керек.


Білім беру құрылымы иерархиялық болып табылады. Оның деңгейлерінің әрқайсысының өзіндік факторлар жүйесі бар. Сонымен бірге деңгейлік, оқшау факторларды жалпы заңдылықтардың пайда болуы ретінде қарастыруға негіз бар. Детерминанттардың келесі білім беру мазмұнының архитектурасын айқындайтын негізгі топтарын атап көрсетуге болады:

  • жалпы, политехникалық және арнайы білім беру мазмұнының құрылымын теориялық және практикалық оқытуға басқыштылығын есептей отырып анықтайтын детерминанттар;

  • жалпы мектептерде білім беру мазмұнының детерминанттары;

  • арнаулы оқу орындарындағы – кәсіби – техникалық училищелердегі, орта және жоғары оқу орындарындағы білім беру мазмұнының детерминанттары;

  • кейбір оқу курстарындағы, практикалар мен оқу жобаларындағы білім беру мазмұнын анықтайтын детерминанттар.

  • Ең ірі, яғни ең жоғары иерархиялық деңгейдің детерминантына тоқталайық. Бұл детерминанттар тұлға тәжірибесінің негізгі контурын және оның қалыптасуының заңдылықтарын айқындайтын заңдылықтардан шығатын факторлар болып табылады. Мұндай детерминанттар бесеу. Олардың біріншісі білім берудің жалпы және арнаулы ерекше салалары - политехникалық білім беру бөлімдерін айқындайтын заңдылықтар болып табылады. Бұл детерминантты қысқаша әлеуметтік тәжірибенің бөлшектелуі мен қызметтің әртүрін оның жалпылығының дәрежесіне байланысты дербес, жеке орындау факторы ретінде анықтауға болады. Бұл факторға: барлық адам орындайтын әрекет және арнайы қызмет түрлері бөлінеді.

Екінші детерминант - білім беру сатыларының негізгі бірізділігін анықтайтын заңдылықтар жиынтығы: жалпы мектеп – кәсіби-техникалық білім беру – орта арнаулы білім беру – жоғары білім беру – аспирантура – докторантура.

Бұл детерминантты қысқаша білім берудің сатылылығы факторы деп атауға болады.

Үшінші детерминант тұлғаға білім беруді ұйымдастырудың ең жоғарғы, иерархиялық деңгейі білім берудің теориялық және практикалық оқытуының барлық үдерісінің алдын ала бөлінуін анықтайтын заңдылықтар жиынтығы болып табылады. Бұл детерминантты қысқаша әлеуметтік және адамның жеке тәжірибесінің теориялық және практикалық болып бөлінуінің факторы ретінде белгілеуге болады.

Төртінші детерминант тәжірибе мен адамның сапаларының шығармашылықтың пайда болуына қарай бірнеше деңгейге бөлінуіне байланысты. Бұл заңдылықтар мен білім беру элементтерінің тұлғаның көркемөнер, жобалаушылық, зерттеушілік және т.б., сонымен қатар оқытудың дидактикалық жүйесін ерекше етіп құру сияқты шығармашылық сапаларын дамытуды қамтамасыз етуге бөлінуі байланысты.


Бесінші детерминант – адамның жеке дамуының ерекшелігі. Бұл детерминант міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына, қабілетіне және икемділігіне қарай таңдауына байланысты.

Аталған бес детерминанттың артықшылықтары олар білім беру басқыштарын алдын – ала жалпы деңгейде анықтай отырып, басқа иерархиялық деңгейде пайда болады.

Келесі (иерархиялық мағынада) детерминанттың екінші тобы білім берудің әрбір - жалпы, арнаулы және политехникалық – салаларының оны құратын компоненттерге бөлінуіне байланысты. Бұлар теориялық курстар, практика мен оқу жобалауларының түрлері. Басқаша айтқанда, жалпы, политехникалық және арнаулы білім беру мазмұнын «өзгермейтін» сала ретінде құрылымдау деген сөз.

Жүргізілген зерттеу білім берудің кезкелген өзгермейтін саласы үшін жалпы детерминанттар болатынын көрсетті. Сөйтіп, міндетті теориялық пәндерді таңдау екі негізгі фактор бойынша анықталады:

а) ақиқаттың зерттелу аумағының құрылымымен;

б) іс - әрекет құрылымымен.

Осыдан ақиқаттың зерттелу аумағы және іс - әрекеттің құрылымдық бөлігі жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру үшін әртүрлі екенін көреміз. Мысалы, жалпы білім беру үшін ақиқаттың зерттелу аумағы барлық ақиқат шындық; іс - әрекеттің құрылымы ең жалпылама құрылым.

Детерминанттың келесі тобын оқу орындарында – жалпы мектепте, АКТУ (СПТУ), орта және жоғары арнаулы оқу орындарында - білім беру мазмұнының жалпы құрылымын анықтайтын факторлар жүйесі құрайды.

Бұл детерминанттың тұрақты бөлігі келесі түрде айқындалған: кезкелген оқу орнында білім беру мазмұны жалпы, политехникалық және арнаулы білім беруден, сонымен қатар оқушылардың таңдауы бойынша жеке қабілеттерін дамыту мақсатындағы, олардың қызығушылығын, икемділігін қанағаттандыратындай, шығармашылығына бағытталған оқу жобаларынан (жоғары оқу орындары мен техникумдарда), студенттердің оқу –зерттеу және ғылыми – зерттеу жұмыстарынан тұрады.

Бұл жалпы заңдылық оқу орнының типіне қарай былайша тасымалданады. Оқу орнының ерекшелігін есепке ала отырып, білім беру мазмұнының негізгі бөлігі жалпы, политехникалық және арнаулы білім беру сатыларында салынады:

жалпы мектептің бастауыш сыныптарында жалпы және политехникалық білім беру мазмұнының бірінші сатысынан;

жалпы мектептің орта сыныптарында жалпы және политехникалық білім беру мазмұнының екінші сатысынан, сонымен қатар арнаулы білім берудің пропедевтикалық курсынан;