Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 327
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эстондық зерттеуші О.А.Нильсон өзіндік жұмысты ұйымдастырушылық, дидактикалық, әдістемелік, психологиялық-дидактикалық деп ажыратты.
Осылайша өзіндік жұмыстың басты 3 түрін ажыратуға болады.А) Оқу мәліметін негіздейтін тапсырмалар.Оқу тапсырмасында сәйкес мәліметтер шартталып беріледі немесе тапсырма қажетті мәліметті қайдан алуға болатындығын көрсетеді.Тапсырманың бұл түрі оқу материалын алоғашқы қабылдауға арналған.
Б. Оқушының оқу материалымен жұмысын бағыттайтын тапсырмалар; Бұл тапсырмалар оқушыны оқу материалын түсінуге, жүйелеуге бағдарлайды.
В. Оқушыдан шығармашылық әрекетті талап ететін тапсырмалар. Бұл тапсырмалар оқушыны проблеманы шешуге, материалды өзбетімен жинауға, шығарма жазуға т.б. бағыттайды.
Жоғарыда аталған тапсырма түрлерін нақты қарастырайық:
А. Оқу мәліметін негіздейтін тапсырмалар. Тапсырманың бұл түрі жаңа оқу мариалымен жұмыс жасауға тән. Оның басты мақсаты - жаңа оқу материалын оқушының санасына жеткізу. Әдетте оқу материалы мәтін түрінде беріледі (оқу мәтіні, анықтамалық, көркем әдебиет мәтіні, мақала, т.б. ) Мұндай тапсырмаға мысал келтірейік:
«Параграфты, өлеңді, мақаланы, бірінші тарауды оқы». Оқу материалын бейнелік түрде (сурет, кескін,т.б.) беруге болады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыны осы нысандарды бақылауға бағдарлайды (теледидар, радио, фильм, слайд түрінде беру).
Бұл тапсырмаларды оқушының зейінін негізгі, мәнді нәрсеге шоғырлататындай етіп құру керек. Тапсырманың мұндай түрінде болатын басты мәселе - оның көлемі. Оқыту психологиясынан білетініміздей, материалды берудің оңтайлы көлемі болады. Сондықтан қабылдау үшін оны толығымен беру қажет. Материалдың шағын көлемі оны қабылдаудың үзіндісін шарттайды, мәтінді толықтай меңгеруге және жүйелеуге кедергі келтіреді. Керісінше, көлем шамадан тыс көп болса, оқушылар материал туралы жалпы түсінікті ала алмайды.
Бихевиористік теорияның негізін салушылардың бірі Б.Ф.Скиннерге сәйкес материал көлемі шағын болу керек (небары 1-2 сөйлем). Мұндай жағдайда оқушылар тапсырманы қатесіз орындай алады.
Өзіндік жұмыста көлемді анықтауға оқулық көмектеседі. Өйткені онда материалдар параграф пен бөлімдерге бөлініп берілген.
Б. Оқушының оқу материалымен жұмысын бағыттайтын тапсырмалар. Тапсырмалардың бұл түрі әртүрлілігімен айрықшаланады. Оқушының жұмысын бағыттайтын келесі тапсырмалар ажыратылады: 1) байқау; 2) оқулық мәтінімен жұмыс; 3) жаттығулар; 4) практикалық және зертхханалық жұмыстар. Соңғы аталғандар сурет салудағы, сызудағы негізгі әдістер. Олар физикада,химияда,география мен биологияда маңызды орынға ие. Көрсетілген пәндер бойынша практикалық және зертханалық жұмыстың орындалуы әдістемелік сұрақтарға байланысты.
1.Бақылау. Тапсырмалардың бұл тобына сезімдік қабылдауға негізэделген тапсырмалар кіреді. Кейде оған пәндерді қосады. Бақылаудың нысаны ретінде кез-келген бейнелік зат алынады: шынайы зат, карта, сызба, сурет, модельдер, оқулық иллюстрациясы, фильм, т.б. Бейнелік құралға негізделген тапсырмалардың түрлі қиындық деңгейі болуы мүмкін.Пәндер қатары бойынша (тарих, география, биология,т.б.) оқулықтың иллюстрациялық материалы жиі қолданылады.Сызбалардың негізінде оқушылар қорытынды жасап, кестелер құрады. Заттарды сурет бойынша атау, сөйлемдер мен әнгіме құру орыс және шетел тілдерін оқуға тән.
2.Оқулық мәтінімен жұмыс. Өзіндік жұмыс үшін оқушыларға түрлі жазбалардан материал береді. Әдетте бұл оқулық. Мүнда материал оқушының жас ерекшелігіне және оқу бағдарламасына сәйкес беріледі. Мысалы:
а) сұрақтар түріндегі тпапсырмалар, оқу мәтінінің бірінші сөйлемін сөзбе-сөз қайталайтын;оқушы берілген сөйлемнен сәйкес сөзді іздеуі керек;
б) сол тапсырма, тек қажетті сөйлем тараудың ортасында немесе соңында орналасқан (жасырын);
в) сөйлемдегі бос орынды толықтыру,сөздердің реттілігі оқулықтың сөйлемдеріне сәйкес келмейді.
г) мәтіннен сөздерді, атауларды, ұғымдарды, сандарды, т.б. табуды талап ететін тапсырмалар;
д) оқулықта сөзбе-сөз келтірілген анықтамаларды табуға арналған тапсырмалар;
е) үзіндіден сұрақтың көмегімен негізгі ойды табу;
ж) осындай тапсырма, тек бағыттаушы сұрақ болмайды;
з) оқылғанммәтін бойынша жоспар құру;
и) материалды бұрын оқығандармен салыстыру;
к) осындай тапсырма,тек салыстыру материалын өз бетімен табу керек;
л) салыстырмалы кестелерді, диаграммаларды,сызбаларды құру;
м) конспектіні құру;
Жоғарыда аталған тапсырма түрлерін оқу материалын қайталау үшін де қолдануға болады. Әсіресе, салыстыруды, жалпылауды, жүйелеуді талап ететін тапсырмалар тиімді. Қайталауда кестелерді құру жиі қолданылады. Сөздікпен жұмыс жасау үшін де әртүрлі тапсырмалар құрылған (орфографиялық сөздік, орыс және шетел тілдері сөздігі,т.б.). Сөздіктен оқулық материалын толықтыратын мәліметтердің, сөздердің, ұғымдардың мағынасы ізделінеді. Әдебиет сабағында, өзге де пәндерде иллюстрциялық материал (тарихи роман, ғалымдардың мемуары,т.б.) ретінде көркем әдебиетпен жұмыс жасау үшін тапсырмалар беруге болады.
3. Жаттығулар
. Жаттығу икемдер мен дағдылардың қалыптасуының негізгі әдісі ретінде оқушылардың өзіндік жұмысының ауқымды бөлігін құрайды, әсіресе тілдер мен математика бойынша жаттығулардың әртүрлілігі шексіз. Жаттығулар жинағы мен оқулықтар әдетте пәнді меңгеруге қажетті материалдардан тұрады. Мұндағы жаттығуларды өзіндік жұмыс үшін қолдануға болады. Алайда жаттығулардың көптеген жинақтары монотондылығымен, әртүрлілігімен ерекшеленеді. Кейде өзіндік ойлау әрекетін күшейтпейтін тренингтік тапсырмалар басым келеді. Мұндай жағдайда мұғалім шығармашылық тапсырмаларды қосымша беруі керек.
В. Шығармашылық тапсырмалар. Бұл тапсырма түріне оқушылардан шыармашылық әрекетін талап ететін тапсырмалар кіреді. Оқушы шешімнің тәсілін өзі тауып, білімде жаңа жағдайларға қолдануы керек. Бұған проблемалық оқытуда қолданылатын барлық тапсырмалар кіреді. Мұндай тапсырмалардың қолданыс шеңберін кеңейту мәселесімен И. Я. Лернер көп айналысты. Көптеген зерттеушілер жаппай жұмысты қарастырса, польшалық дидакт В. Оконь топтық жұмысты алға тартты. Бірақ екі жағдайда да дидактикалық құндылық әлсіз, енжар оқушыларға арналған мысалдармен шектеледі. Олар мәселенің шешілуін біледі, бірақ сол үдерісті жүзеге асырмайды. Сондықтан өзіндік жұмысқа шығармашылық тапсырмаларды қолданған тиімді.
Проблемалық оқытуда, қолданылатын тапсырмаларды жүйелеу қиын. Егер проблемалық оқытуды тар мағынада қарастырсақ, онда бұған стандартты тәсілдермен орындау мүмкін емес проблемалық тапсырмалар кіреді.
Проблемалық тапсырмалар тұйық жалғаумен (мысалы, математика бойынша тапсырмалар) немесе ашық жалғаумен (шешімдердің көптеген нұсқалары) болуы мүмкін. Проблемалық оқытудың саласына қатысты тапсырмалардың бір түрі – реферат құру, түпнұсқа материалды жинау мен өңдеу (лингвистикалық, этнографиялық, экономикалық т.б. материалдар), тәжірибе жүргізу. Көріп отырғанымыздай, бұл тапсырмаларда оқу әрекетінің өзіндігі маңызды болады. Мұнда зерттеу жұмысының элементтері көрініс береді. Проблемалық оқытудағы тапсырмалардың үшінші түрі – бұл шығармашылық тапсырмалар. Олар: шығарма, өлеңдер, суреттер, картиналар, т.б. Мысалы, оқушы графикалық парақты дайындағанда немесе көрген кинофильмі бойынша пікір жазғанда проблеманы шешумен қатар жаңа идеялар құрастырадыды.
Қорыта айтсақ, 5-8 сыныптар үшін келесі шығармашылық тапсырмалар тиімді: проблемалық сұрақтарға жауап беру, оқылған материалдар бойынша сұрақ қою, қарастырылған мәселеге мысалдар келтіру, жаттығулар мен тапсырмалар құру; материал жинау, сыныптастардың жұмысын түзету мен пікір беру.
4.2. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
4.2.1. Оқушылардың өзіндік жұмысына басшылық ету
Өзіндік жұмыс кезінде оқушылардың әрекетіне жанама түрде басшылық еткендіктен, осы басшылықтың қалай жүретіндігіне назар аудару қажет. Өзіндік жұмыста оқушылар оқу үдерісінің психологиялық заңдылықтарына сәйкес түрлі тапсырмаларды орындайды. Мұндай жұмысты жүргізу үшін оқушыға нұсқау керек. Орысша «басшылық», ағылшынша – assignment, французша – teahe деген сөздермен белгіленеді. Өзіндік жұмыстың нәтижелері дидактикалық ұстанымдарға байланысты. Сондықтан, жұмыс басшылығының ұстанымдарын жжасау – бұл өзіндік жұмыс әдістемесінің бір мәселесі.
Өзіндік жұмысқа арналған зерттеулерде негізінен тапсырмалардың жеке түрі қарастырылды,жұмысқа басшылық ету мәселесінекөңіл бөлінбеді. Кеңістік дидактикада бұл мәселені И. Н. Исаев зерттеді. Ол түрлі сынып үшін және түрлі пән бойынша жұмыс басшылығының үш нұсқасын қолданды: 1) сұрақ немесе мәселе түріндегі танымдық тапсырмалар; 2) қосымша сұрақтары бар танымдық тапсырмалар; 3) орындау әдісі мен реті көрсетілген танымдық тапсырмалар. Автордың қорытындысына сәйкес нұсқаны таңдау оқу материалының сипатына тәуелді. (Исаев,1965).
АҚШ-та бұл мәселе Дальтон-жоспарға байланысты туындады. Ал Англияда бұл мәселе Л.И.Линчтің (Lynch,1925) зерттеуінде жете қарастырылды.
Өзіндік жұмысқа басшылық бағдарламалық оқытуда арнайы зерттеудің нысаны болды. Бағдарламалық оқыту өзіндік жұмыстың басшылығына жаңа талаптар енгізді: оқу материалын қатаң құру; оқу үдерісін нақты, дәл бағдарламалау, әрбір тапсырманы орындағаннан кейін кері байланысты қамту, әрбір оқушыны жұмыс нәтижесіне бейімдеу.
Жетілдірілген жұмыс басшылығының бір түрі ретінде алгоритмдік жұмыс басшылығын (математикалық талап ескерілуі қажет) ұсынды.
5. Жұмысқа нұсқау оқушыны өзіндік бақылауға бағыттауы керек. Ол үшін оқулық мәтіні, анықтамалықты, сөздікті, атласты, т.б.қолдану ұсынылады.
6. Жұмысқа нұсқауды құруда оқушылардың жылдамдығын ескеру керек, барлық оқушыға міндетті материал нұсқаудың негізгі бөлімінде, ал қосымша материал соңында берілуі керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1.Жұмысқа нұсқау бір ретпен берілуі керек. Әдетте, олар нөмірленеді. Осы арқылы оқу үдерісін нақты басқаруға болады. Оқушыларға жұмыс уақыты (мерзімі) хабарланады.
2. Әрбір тапсырмада қажетті материал қандай деректен алынатындығы көрсетілуі керек. Мысалы, оқулықтың параграфы, парақ нөмірі көрсетіледі, сөздіктерге, карталарға, қосымша әдебиетке сілтеме беріледі, зертханалық тәсілдердің қолданылуы көрсетіледі.
3. Әрбір тапсырманы қандай формада орындауды, жауапты қайда жазуды хабарлау керек (жазбаша, ауызша, жоспар немесе сурет түрінде,т.б.).
4.Тапсырмалар нақты, анық және қысқа берілуі керек. Жұмыс нұсқауын мұғалімнің өзі немесе орталық береді. Егер жұмыс дәптері болмаса, оқушыларға нұсқауды үш тәсілмен хабарлайды: 1) әрбір оқушыға жеке таратылады; 2) тақтаға жазылады; 3) оқушыларға оқылады.