Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 330

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. оқушы жұмысты мұғалімнің қатысуынсыз орындауы керек;

  2. оқушыдан өзіндік ойлау операциялары, оқу материалына өзіндік бағдарлану талап етіледі;

  3. жұмыстың орындалуы қатаң ретті емес, оқушы тапсырманы орындау тәсілі мен мазмұнын еркін талдай алады.

Әдетте, кеңестік педагогикада бұл ұғым бірінші мағынада қолданылады. Осы мәнінде бұл ұғымды да 50 -жылдары М.П. Кашин өз зерттеулерінде қолданды.

Ұғымның екінші мағынасын қолдайтын авторлар оқушылардың мәселені өзбетімен ойлап, шешуін маңызды санайды. Өзіндік жұмыс дәрістерді тыңдауда да қажетті. Ол әсіресе, тарихты оқыту әдістемесі үшін қажет (Дайри,1966).

Ұғымның үшінші мағынасын Р.Г. Лемберг қолданды. Ол оқушылар әрекетінің екі түрін ажыратты: орындаушылық және өзіндік. Іс-әрекеттің бірінші түрі мұғалімнің айтуы бойынша жүргізіледі. Ол берік білімнің, дағдының қалыптасуы үшін қажет.

Оқушылардың ішкі түйсікке сүйеніп әрекет етуі өзіндік әрекет деп аталады.

Эстондық дидактикада өзіндік жұмыс – маңызды мәселелердің бірі. Бұл саладағы басты педогог Й.Кяйс екі ұғымды өзіндік әрекет және өзіндік жұмыс деп ажыратты.

Өзіндік әрекет – бұл кең ауқымды ұғым, ал өзіндік жұмыс – белсенділіктің бірінші деңгейі. Оқушылар мұғалімнің көмегінсіз тапсырмаларды орындайды. Өзіндік жұмыстың екінші кезеңі – мұғалім ұсынған тапсырмаларды өз таңдауы бойынша орындау тәртібі. Үшінші кезең бұл – еркін әрекет, яғни оқушының өзі жұмыстың мақсатын анықтап, тапсырмаларды таңдайды. (Кяйс,1946) екінші мен үшінші кезең оқу жұмысының даралануын іске асырды.

Шетел педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмысты белгілеу үшін бірқатар терминдер пайдаланылады.

ГДР-да «өзіндік жұмыс» термині өз мағынасында (selbstsandige Atbeit), ал ФРГ-да «жанама оқыту» (mittelbarer Unterricht) термині қолданылады. Австрияның, Швецарияның педагогикалық әдебиеттерінде «тыныш жұмыс» (Stillarbeit) термині қолданылады. Ал француз және ағылшын әдебиеттерінде, «дара жұмыс» (letravail individual, the individual work) деген терминді кездестіруге болады. Францияның педогогикалық өкілдері «еркін әрекет» (lactivite libre) деген терминді қолданады, яғни оқушылардың қызығушылығы мен бастамасы алға қойылады. Ал, АҚШ-та «тәуелсіз оқыту» (independent study) термині енгізілген. Оның мәні – оқушыларға бағдарламалар таратылады, ал оқушылар меңгеру тәсілі мен материалдарды еркін таңдайды. (Beggs Buffie,1965;Torrance,1966)


Қазіргі уақытта «өзіндік жұмыстың» келесі мағыналары кең қолданылады; Оқушылардың өзіндік жұмысы дегеніміз –

  1. оқушыларға оқу тапсырмалары және орындау негіздері ұсынылады;

  2. жұмыс мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ басшылығымен жүргізіледі;

  3. жұмыстың орындалуы оқушыдан ақыл-ой әрекетін талап етеді.

Ұйымдастырушылық негіздер бойынша өзіндік жұмысты екіге бөлуге болады:

  1. мектептегі өзіндік жұмыс 2) мектептен тыс (үйде) орындалатын жұмыс. Мектептегі өзіндік жұмыс сабақ ретінде жүргізілуі мүмкін. Өзге логикалық жіктеу негізінде өзіндік жұмыстың тағы бір екі түрін ажыратуға болады:

  1. жеке 2) топтық.

Өзіндік жұмыс оқушылардың білім мазмұнымен де белсенді етеді.

Өзіндік жұмыс барысында оқушылар нақты тапсырмалар алады. Ол белгілі жазбаша жұмыстың орындалуын болжайды. Бұл жағдайда оқушының тапсырманы орындауға қатысын тексеруге болады. Өзіндік жұмыс жеке темпте және стильде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.Өзіндік жұмыстың артықшылығы – барлық оқушылар (тіпті енжар, жалқау оқушылар) өзгенің көмегін күтпей, берілген тапсырмаларды өзбетімен орындайды.

Осылармен қатар оқу жұмысының ұйымдастырушылық құрылымы, оқытудың даралық формасы оқушылардың белсенділігін толықтай қамтымайды. Ол үшін оқушыларға тек механикалық жаттығулармен шектелмейтін, ақыл-ой әрекетін белсенді ететін материал көбірек берілуі керек.


4.1.2. Өзіндік жұмысты қолданудағы оқушылардың оқу икемділіктері

Оқу формасына байланысты туындаған мәселердің ішінде дидактика саласында оқушылардың білімді өзбетімен меңгеру мәселесі алға шығады. Бұл салада орта мектепті бітірушілер арасында кейбір қиындықтар туындайды. Әрине, оқу икемінің даму деңгейінің бөлек болуы олардың оқуына зиян келтіреді.

Оқу еңбегін орындау икемі – бұл барлық оқыту ұстанымының негізгі кілті. Аталған икемдерді түрлі ұғымдармен белгілеу қабылданған: оқу еңбегін орындау икемі, өзіндік жұмысты орындау икемі, интелектуалдық немесе ақыл-ой икемі, танымдық икем. Осыларға сәйкес дағдылар толықтырылады. Оқу икемі дегеніміз – оқу әрекеті үшін қажетті ақыл-ой тәсілдерін меңгеру. Оған оқу материалын қабылдау, логикалық тұрғыда негізге алу, қажетіне қарай қолдану икемі кіреді. Осы икемдердің қалыптасу нәтижесінде оқытудың дамытушылық мақсаттары жүзеге асады.Оқу икемі кез-келген формада оқу жұмысын (мысалы, мұғалімнің дәрісін тындай білу) талап етеді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқу икемі мәселесімен көптеген ғалымдар айналысты. Педагогика ғылымында, Н.А. Менчинская өз зерттеулері негізінде өзіндік жұмыс икемін төмендегідей топтарға бөледі: 1) өзіндік жұмыстың жалпы икемдері (жоспарлау, кітаппен жұмыс, өзіндік бақылау); 2) өзіндік психикалық әрекетті ұйымдастыру икемі (қабылдау мақсаты, рационалды менгеру, тиімді ойлау); 3) пәннің ерекшелігінен шыгатын нақты арнайы икемдер. ( Менчинская, 1968).

Кеңестік дидактикада оку икемдерін жіктеу мәселесі бірінші орында тұрды. Бұл саладағы келесі жұмыстарды көрейік. Оқушылардың мәтіннен шынайы, түпкі ойды алуы, мәтінді мағыналық бөлімдерге бөлу икемі, құбылыстарды салыстыру икемі (Баринова, Боженова, Козлова,1963) зерттеледі.

А.Концеваның оқулықты қолдану тәсіліне қатысты танымал зерттеуін қарастырайық. Ол3-10 сыныптардың 568 оқушысына оқулық параграфын оқып, келесі тәсілдерді қолдануды талап ететін 4 тапсырманы орындауды ұсынады: 1) негізгі ойды ажырату; 2) жоспар құру; 3) сұрақтарға жауап беру; 4) қысқаша түсінік айту. Бұл тапсырмаларды сыныптарға сәйкес 70,70,59 және оқушылардың 29%-і орындай алды. Барлық 4 тапсырманы 9,7%-і орындаса, 27,6%-і бірде-бір тапсырманы орындай алмады. Ал бір-екі тапсырманы оқушылардың 62,7%-і орындады.

Оқу икемдерін жіктеу түрлі қырынан жүргізіледі. А.В.Усова бұл мәселенің күрделілігін көрсетті;оқу бағдарламасында оқу икемдері жүйесіз, әрі оқушылардың танымдық дамуындағы олардың рөлі көрсетілмейді.Усова танымдық икемді (оқулықпен жұмыс бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарын рационалды қолдану, білімді тәжірибеде қолдану) практикалық сипаттағы икемдерден ( мысалы, өлшеу) ажыратады.


И.Я.Лернер оқу әрекетінің ерекшеліктерін ескеріп, сенсорлық, практикалық, моторлық және ақыл–ой икемін ажыратады ( Лернер, 1984).

Н. А. Лошкарева барлық оқу икемі мен дағдыларын басты төрт түрге бөледі: 1) оқу материалын оқумен, қайта түсінік айтумен байланысты жалпы икемдер мен дағдылар; 2) талдау, синтез, салыстыру, дәлелдеу сияқты тәсілдердің қалыптасуына бағдарланған жалпы логикалық ( интеллектуалды) икемдер; 3) кітапханалық–библиографиялық икем. (кітаптарды өзбетінше қолдана білу). 4) ұйымдастырушылық–танымдық икем.

А. К. Громцева оқу икемдерін жоғарғы сыныптарға қатысты зерттеді. Оларды негізгі екі ққыррынан қарастырады: 1) ақпараттың жеке көздерімен жұмыс жасау икемінің қалыптасуы; 2) танымдық әрекеттің ұйымдастырушылық икемінің қалыптасуы;

Бірінші түрдің мәні – кітаппен жұмыс жасау, күрделі жоспар құру, экранмен жұмыс жасау;

Екінші түрдің мәні – оқу жұмысының мақсатын белгілеу, жүзеге асыру жолдарын анықтау, жұмыс үдерісін жоспарлау, нәтижелерді басқару.

Өзіндік бақылау мәселесі мен әдістемесін А.С. Лында зерттеді. Б. С. Блум оқыту мақсатының таксономиясын қарастырды. Мұнда білімді менгеру және оқу икемдері танымдық мақсаттың бірыңғай жүйесіне келтірілген. Басты категорияның ішінде ( білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау) біріншісі білімді қамтиды, қалғандары оқу икемдерін қамтиды.

Оқу икемдерін жіктеуде жоғарыда аталғандарға қатысы жоқ, бірақ үлкен мәнді базалық икемді назардан тыс қалдырмау керек. Ол-оқу дағдысы (кешенді икем). Қабылдау мен ойлаудың түрлі операцияларын болжайды. Бұл мәселені И.Т.Федоренко кең түрде зерттеді. Ол оқу жылдамдығына ерекше көңіл бөлді.Федоренко анықтағандай, орта сыныпта оқу жылдамдығы қанағаттанарлықсыз, оның өсуі өте баяу. Ол оқу жылдамдығын жоғарылатудың техникалық тәсілдерін құрастырды.(Федоренко,1976,1978).

Оқу дағдылары күрделі кешендік құбылысиболып табылады. В.А.Маансо кеңестік және шетел әдебиеттерін талдау арқылы төмендегілерді анықтады. Оқу икемі тар мағынада: 1) оқу техникасын меңгеру; 2)оқығанды түсіну. Кең мағынада - мәтінді түсінуге байланысты ақыл-ой икемі немесе көркем әдебиеттерді оқу икемі.

Аталған еңбектер көрсеткендей, оқу дағдысының даралық айырмашылықтары өте үлкен. Зерттеуші мұғалім С.А.Вилло 69 оқушы арасындағы бұл айырмашылықты зерттеді. (Бұл мәтінді 1мин.7с және 12мин.28с аралығында оқып,0-20 қателік жіберді).

Өзіндік жұмыстың әдістемесін құруда оқу икемдерін жіктеу қажет болды. Осыған орай келесі жіктеме алынды.1) оқу материалын қабылдаумен байланысты икемдер (оқу дағдысы,бақылау, тыңдау икемі); 2)оқу материалын логикалық негзіге алу икемі; 3) шығармашылық икемділіктер (мәселені шешу, шығармашылық жұмыс,т.б.) Осылармен қатар, оқу икемділігін қолдану саласына қарай келесідей жүйелеуге болады: 1) жалпы оқу икемі; 2) белгілі пәндер тобында қолданылатын оқу икемділігі (картографиялық икемдер, графикалық икемділіктер); 3) пәндік оқу икемділіктері (мысалы, нотаны оқу икемі).


Оқу үдерісі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің біртұастығын білдіреді .Алайда олардың әрекетін жеке қараудың негізі бар. Өйткені олардың әрекетінде біршама айырмашылық бар: мұғалім әрекетінің негізгі мазмұны - өздері меңгерген оқу материалын беру және оқушының әрекетін басқару; ал оқушы жұмысының мазмұны - оқу материалын қабылдау, ойластыру, меңгеру және қолдану. Мұғалімнің негізгі әдістері - бұл әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, басшылық ету, ал оқушы тындау, қарау керек, оқу материалымен өзбетінше жұмыс жасап, практикалық тапсырмаларды орындауы керек.

Оқыту үдерісінде оқушы мен мұғалімнің әрекетін қарым-қатынас үдерісі ретінде ғана емес, үйлесәмді үдеріс ретінде қарастыру керек. Әрине, мұғалімнің қолданатын әдістері әрдайым оң нәтиже бермейді. Сондықтан әрбір әдісті үйлесімді қолдана білу қажет. Мысалы: түсіндіру әдісінен кейін оқушының жаттығу әрекетін қамтитын әдістер қолданылуы жөн болады. Осылайша өзіндік жұмыс үдерісінде оқу әдістері дамиды.
4.1.3. Өзіндік жұмыстар үшін оқу тапсырмалары.
Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар әртүрлі болады. Оларды төрт логикалық негізде бөлуге болады: 1) өзіндік жұмыстың әдісі бойынша (мысалы, бақылау, жаттығу, оқу мәтінімен жұмыс); 2) оқу үдерісінің кезеңі бойынша (оқу материалын қабылдауға, жүйелеуге, нығайтуға және қайталауға арналған тапсырмалар); 3) оқушының танымдық әрекетінің сипаты бойынша (репродуктивті және шығармашылық тапсырмалар); 4) басшылыққа алу сипаты бойынша (нақты нұсқау беру). Бұл түрлердің әртүрлі жииынтығы болады.

Дамыта оқыту мәселесі өзекті болғандықтан, оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің әдістерінің дамуына көп көңіл бөліне бастады. Бұл саладағы И. И. Малкиннің зерттеуін атаған жөн. Ол өзіндік жұмысты төрт түрге бөледі: 1) репродуктивті; 2) танымдық-ізденістік (эвристикалық); 3) шығармашылық; 4) танымдық-практикаклық.

П.И.Пидаксистый өзіндік жұмысты келесідей төртке ажыратады: 1) үлгі бойынша; 2) реконструктивті; 3) нұсқалы; 4) шығармашылық.

В.И.Загвязинский тапсырмалардың мынадай типтерін ажыратады: 1) репродуктивті; 2) түсінікті тексеретін сұрақтар; 3) білімді қолдану бойынша жаттығулар; 4) іздністік-танымдық тапсырмалар.

Н.А.Половникова танымдық өзіндіктің келесі деңгейілерін көрсетті: 1) көшіруші өзіндік; 2) репродуктивті өзіндік; 3) шығармашылық өзіндік.

Өзіндік жұмыс үшін шығармашылық тапсырмалар проблемалық оқыту шегінде де зерттеледі. И.Я.Лернер шығармашылық танымдық тапсырмалардың жүйесі мен типологиясын құрды. М.И.Махмутов оқу проблемаларын дидактикалық және психологиялық тұрғыдан жүйеледі.