Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 319

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тұлғаның рухани дамуы негізінде еркіндік теориясын жақтаушылар жеткіншектің жыныстық өмірінің еркіндігі мен аға ұрпақпен қарым-қатынасының шиеленуі арқылы жастарды әлеуметтік мәселелерге назар аудармаудың тәсілі ретінде пайдаланады.

Басқа да буржуазиялық педагогикалық теориялардың маңыздылығын қарастыра отырып Т.Ф.Яркина: «Тәрбиенің міндеті... – баланың жалпы дамуына бағытталуы керек, оның өзін-өзі көрсетуіне, белсенділігі мен еркіндігіне қоғамдық өмірдің объективті күштері кері әсерін тигізбеу қажет» - деп жазады.

Капиталистік Батыс елдерінде тәрбиенің әлеуметтік-топтық бағыттағы экзистенциалистік тұжырымдардың діни-педагогикалық теориясы кеңінен таралып, жастарды рухани адамгершілік көздерін тек діннен ғана табуға болады деп үгіттеді. Аталған теория бойынша Ж.Маритен, У.Каннигем, М.Казоттилардың діни мораль арқылы ғана тәрбие өз жемісін береді барлық адамзат құдайда тану үшін қызмет етуі керек деп есептейді.

Діни тәрбие жастарды топтың дау-дамайлардан қоғамдық өмірге белсене араласудан алшақ ұстауға бағытталған болады.

Осы жоғарыда көрсетілген теорияларды жоққа шығаратын социализм қоғамында мектеп-тұлғаның мақсатты-бағдарлы қалыптастырудың алтын бесігі. Кеңестік мектептердегі тәрбие балалардың бойында ұлтына, табына, дініне қарамастан адами қасиеттерді қалыптастыра білді. Басқа сөзбен айтқанда кеңестік үкіметтің тәрбие процесі өзінің мақсаты мен міндеті, мазмұны мен түрі бойынша қоғамның барлық мүшесі үшін әр баланың жан-жақты дамыту қызметін атқарды. Өйткені қоғамның әрбір азаматы буржуазиялық идеологияларға қарсы тұрып, оларға белсенді түрде шабуыл жасап коммунистік мақсатты насихаттай білуі қажет еді.

Кез келген заманның білім мазмұнын анықтайтын тәсілі тәрбие процесі мазмұнының негізгі бір бөлшегі болып саналады. Капиталистік өндіріс құралдарының даму жағдайында ғылыми жаңалықтар легі балаға керекті білімді шамадан тыс қамтамсыз етуде. Және бұл жағдай тәрбиенің жаңа теориясының пайда болуына негіз болып отыр.

Орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинский 19 ғасырда білім мен бала тәрбиесінің егіз екендігі туралы өзінің ғұлама ойлары арқылы айтып кеткен болатын.

Қазіргі таңда жинақтаған ғылыми білім негізінде өндіріс пен техника әлемінде революциялық өзгерістер болуда. Өндірісті өркендету үшін ғылыми-техникалық білімді игеру аздық етеді. Сондықтан да іске шығармашылық көзқараспен қарай отырып, өзіндік ақпараттар іздестіріп өндірісті дамытудың жаңа да өзіндік жолдарын іздестіру қажет. Жылдан жылға қоғамдық өмірге материалдық өндіріске белсенді қатысу үшін көбейіп жатқан жаңашыл ақпараттарды тек мектеп қабырғасында игеру мүмкін емес. Сондықтан да Қазақстанның мектептерде оқытудың мазмұны мен сипат оқушының зерделік білімділігіне бағытталып отыр. Ал, баланың зерделі, дарынды болудыңа тек қана мектеп емес, сонымен қатар мектеп ішіндегі әртүрлі ұйымдар мектептен тыс мекемелер, отбасы және қоғам болып ат салысуымыз қажет.


Мысалы қоғамтану, тарих, әдебиет, т.б. сабақтарда халқымыздың ұлттық қалыптасуынан бастап өткерген тарихи саяси оқиғаларын, ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан әдеби мұраларын бірізділікпен түсіндіре білсек оқушы қоғамымыздың даму заңдалақтарын, әртүрлі тарихи кезеңде қалай өмір сүргендігін біліп таниды.

Өмірдің өзекті мәселелерін белсенді түрде тану, әлемде болып жатқан оқиғалар легінде өзіндік ойымен көзқарасын жоғалтпаудың қалыптастыру, жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеудің негізі болып табылады.

Қазақстанның егемендік алғаннан бері оқу-тәрбие жүйесіне де көптеген өзгерістер енді. Негізгі мақсат - тәуелсіз елдің өркениетті әлемге танылатын басқа елдермен қатар терезесі тең етіп жаңа күш – білім мен білімді ұрпақ. Сондықтан да Отанымыздың келешегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – жас буынды заманның ағымына сай технологияларды жетік меңгерген, жан-жақты білімді азамат етіп тәрбиелеу аса маңызды істің бірі. Дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларға бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды ізгілікті, құзырлы, тұлғалық қасиетке бейімдеу өмір талабы. Дегенмен елімізде болып жатқан нарықтық жағдайға байланысты мектеп оқушыларында, әсіресе жоғары сынып оқушыларының арасында адамгершілік, ізгілік сезімдері азайып кеткені, көп оқушылардың мінез-құлқының өзгеруі, өзінің жеке басы үшін өмір сүру мақсаттарының туындауы мектеп мұғалімдері мен ата-аналар арасында да үлкен алаңдаушылық туғызуда. Осы тұрғыдан қарағанда бүгінгі мектепте ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру қазіргі таңдағы педагогиканың ең көкейкесті мәселесі. Бүгінгі білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өмірлікке білім жүзімен ашылған саналы ақыл сөзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы!».

Қазақстан мектебінің оқу-тәрбие үрдісі осы бағытта жұмыс істеуі қажет.

Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу.

Екіншіден жеке тұлғаның бойындағы адами құндылықтарды қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.

Үшіншіден білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның адамда адам ете түсетін қасиеттерін ашып көрсету, яғни руханиятын дмыту заман талабы.



«Қазақстан Респуликасы жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында» білім беру жүйесінің негізгі міндеттері төмендегідей көрсетілген:

  • жеке тұлғаның рухани қабілет мүмкіншіліктерін ашу, адамгершілікпен сауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • жеке адамның қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеу, дамыту.

Қай халықтың да тәлім-тірбие мазмұны өзінің көпфакторлы, көпсалалы, дәстүрлі құрылыуымен ерекшеленеді. Ол көпғасырлық тарихына сүйене отырып, жан-жақты ұдайы жетіліп, толысып отыратын динамикалық үрдіс. Қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық қарым-қатынастарының өзгеріп отыруына байланысты тәрбиеде де жаңа қоғамдық көзқарас талаптары пайда болады. Қоғамдық көзқарастардың ықпал арқылы тәрбие мазмұны да белгілі тарихи толымдылық ерекшелігіне ие болады.

Тәрбиенің мазмұны қоғамдық өмірдің көпқырлы тәжірибелік негізінен, яғни әдет, құқық, мәдениеттен сонымен қатар ғылыми білім, политехникалық, зерделік білім мен дағдыдан тұрады. Өйткені олар бала өмірде белгілі бір салада жетіліп, дамуының бірден-бір көрсеткіші.

Әр түрлі қоғамдық экономикалық формацияларда тәрбие жүйесінің мазмұнына қойылатын талаптар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Жалпы тәрбие мазмұны ғылым мен мәдениеттің өндірістік тәжірибенің, өндірістік күштің дамуына байланысты нақты бір жағдайларға байланысты анықталып отырады.

Тәрбие мазмұны адамгершілік қасиеттерді дамыту мақсатында құқық және құқытық қатынастар тәжірибесімен тығыз байланысты. Бала қоғамның өсіп келе жатқан бір мүшесі, өз мемлекетінің азаматы. Мемлекет заңдарында қоғамның өмір сүру нормалары бекітілген. Заңда көрсетілген нормалармен таныса отырып жасөспірімдер тек қана құқықтық қарым-қатынаста ғана сауатты болып қоймай, оларды бұлжытпай орындайтын патриоттар болып тәрбиеленеді. Тәрбиенің адамгершілік идеясының мазмұнының маңызды құралы болып мораль мен құқықтың өзара байланысы және олардың өзара тәуелсіздігін атап көрсетуге болады. Мораль қоғамдық ойларға сүйенсе, құқық – мемлекеттік күшке сүйенеді. Сондықтан да адамгершілігі жоғары тәрбиелі адамға оның моральдық ұстанымдары құқықтық нормаларды бұзуға жібермейді. Демек, өсіп келе жатқан ұрпаққа адамгершілік және құқықтық тәрбие берудің маңызды бір түрі - өнер. Өнер – қоғамдық сананы белгілі бір бейне арқылы көрсетеді. Ол адамның өмірге деген эстетикалық көзқарас қалыптастыра шығармашылық қызметінің нәтижесі. Балалар қоршаған ортаға шығармашылық қатынас орната, өзін өзі жетілдіре отырып өнер арқылы тани біледі.


Тәрбие мазмұны қоғамдық құбылыс ретінде қарастыра отырып адам денсаулығын нығайту және сақтау арқылы физикалық жетілуінің негізінде жинақталған адамзаттың тәжірибесіне тоқталсақ. Білім мен дағдының бұл аясы бүгінгі таңда өте маңызды болып отыр. Тек өзінің тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіре, дамыта отырып, адам қоғамының белсенді мүшесі бола алады.

Өмірге жаңа аяқ басқан бала қоғамдық қатынастың белгілі бір жүйесіне тап болды. Баланың өзіндік қызметі физикалық және рухани күші ретінде қалыптасса, оның басқа да белсенділік қабілеті, дағдысы жетіліп, оның қоғамға деген көзқарасы мен сеніді саяси және эстетикалық бағыт бағдары қалыптасады.

Тәрбиенің саяси адамгершілік, құқықтық, эстетикалық сенім үрдісі – бұл бала санасындағы отбасы, мектеп, көше, жалпы қоршаған ортадағы қоғамдық қарым-қатынас көрнісі. Егерде біз баланың көзқарасын қалыптастыру үрдісін басқарғымыз келсе, алдыменен қоғамдық тәжірибені игеруді басқара білуіміз керек.

Тәрбие үрдісінде балалар өзіне рухани жақын қоғамдық қарым-қатынастарды таңдай білуі, белгілі бір ортада өзін толыққанды сезінуі, алдына қойған мақсат-міндеттерін айқын білуі олармен тәрбие жұмысын жемісті жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Енді балалардың өмір сүру ортасында қалыптасқан негізгі механизмдерге тоқталсақ. Мұндай механизмдерге тәрбие үрдісіндегі балалардың қарым-қатынасның мәнін білдіретін маңызды түрі – балалардың іс-қимылы мен сөзі.

Егерде балалардың іс-қимыл қызметінің ешқандай тәрбиелік мәні жоқ, тұлғаның қалыптасуына тәрбиенің құралдары тек қана жанама түрде әсер етеді десек, қателесеміз.

Мысалы, дене еңбегі немесе ақыл-ой еңбегін алайық. Еңбек үрдісінде аданың дене күші мен ақыл-ойы дамиды, сонымен қатар алға қойған мақсатқа жету, шыдамдылық істегі нақтылық сияқты қасиеттері де жетіле түседі. А.С.Макаренко еңбек бұл «бейтарап үрдіс» деген сөзінде еңбектен баланың өмірлік көзқарасы мен сеніміне қатысты бейтараптық танытатынын атап өткендігін түсінеміз. Еңбек қатынасын тәрбиедегі тұлға қалыптастыратын бірден бір жағдай десек тағыда қателесеміз. Бірақта баланың өмірге деген көзқарасын адамгершілік тұрғыда қалыптастыруда еңбек шешуші рольдердің бірін атқарады. Сонымен іс-қимыл тұлғаның қалыптасуына біден бір әсер етуші күш. Бала іс-қимыл үрдісі арқылы адами қасиеттерге ие бола бастайды. Саяси-қоғамдық және адамгершілік-эстетикалық бағыттарды таңдай отырып қоғамдық қарым-қатынас орнатуда өзіндік бір орынға ие болады.


Балалардың қарым-қатынас сипаты негізінен олардың іс-қимылдарының мазмұнына байланысты. Іс-қимыл мазмұны неғұрлым әлеуми бағасы және құнды болса, соғұрлым педагогикалық ұйымның деңгей жоғары болады. Жоғары адамгершілік және эстетикалық іс-қимылдың әлеуметтік мазмұнын тереңдете отырып тұлға қалыптастыруда үлкен бір рөл атқарады.

Балалардың заттық-сезімдік іс-қимыл және сөзі, тілі, қарым-қатынасы тәрбиелік мәнге ие. Өйткені ол қарым-қатынас құралы ретінде көп ғасырлар бойы жинақталған адамның дүниені тану үрдісін көрсетеді. Еңбектің дамуына байланысты, адамдардың бірігіп іс-қимыл жасауын олардың бір-біріне бірдеңе айтып түсіндіру қажеттілгі туындады деп көрсетті. Ф.Энгельс тәрбие үрдісінің механизмін айқындай отырып қалыптасып келе жатқан адамның сөзін заттық сезімдік іс-қимылынан бөліп жаруға болмайды. Сөз еңбек үрдісінде туындады, ол қашанда адамның қоғамдық өміріндегі қарым-қатынасына қызмет етеді.

Сондақтан да сөз әрқашан тәрбие үрдісінде үлкен бір рөл атқарады. Сөз адамның мінез-құлқы және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын көп уақыт бойы бағыттап отырады. (И.И.Павлов).

Тәжірибе көрсеткендей белгілі бір жағдайларда сөздің тәрбиемен жағымды әсері көп болмауы да мүмкін. Өйткені балалар үшін тәрбиеші педагогтың өзі моральға толы, бітпейтін ақыл-кеңес сөздері қызықсыз болып, олардың өз өнерін қызықты етіп ұйымдастыруына кері әсерін тигізеді.

Тәрбие үрдісінде сөз жағымда әсер етуші және педагогтармен оқушылар арасындағы тәрбиелік қарым-қатынастың дамуын қадағалайтын күш болу үшін не істеу керек? Ол үшін сөз тәрбие үрдісінде 3 негізгі мағынады:

Біріншіден, сөз балалардың өздеріне қоршаған өмірмен және өзіндік ортадағы қарым-қатынасы нығайту және қадағалау құралы болуы керек.

Екіншіден, қарым-қатынасын саяси-құқықтық, адамгершілік және эстетикалық маңыздылық айқындайтын құрал болуы керек.

Үшіншіден, балалар ортасы және олардың қоршаған дүниедегі қарым-қатынасы деңгейін, әлеуметтік маңыздылығын, адамгершілік құндылық пен эстетикалық қарым-қатынасты көрсету формасы болып табылады.

Сөздің тәрбиелік мәні кез-келген педагогиканың мақсатты қызметтің басымдылығын көрсете отырып ұйымдастыру. Сөз іс-қимыл қызметін ұйымдастырып қоймай оны мазмұны мен бағыты бойынша қызықты тартымды етуге, сондай-ақ еңбектің адамгершілік эстетикалық мәні мен әлеуметтік мәнін шынайы ашу арқылы тәрбиеге қоғамдық қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз тәрбие үрдісін, іс-қимылды ұйымдастырушы қызметін атқара отырып, басқа да өтініш, кеңес, талап сияқты қарым-қатынас формасы болып табылады. Сөз оқушының тәрбие ұжымында алдыңғы қатарлы қарым-қатынас орнатуында елеулі рөл атқарады.