Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 316
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әрбір ұжымда олардың алдарына қойған мақсат-мүдделеріне қарап, олардың бет-бейнесін, құндылықтарының қаншалықты екенін айқындай аламыз.
Келісілген, не болмаса өз бетінше ұйымдасқан топтардың арасында тіл табыса алмаушылық болып жатады.
Педагогтар ұжымға, әр түрлі топтарға өз бағаларын беріп жатады. Бұл заңды да. Психологтар да өз сөздерін айтуда.
Мектеп – аса күрделі мекеме. Онда сыныптар, үйірмелер тағы да басқа түрлі-түрлі ұйымдар жеткілікті. Кейбір сыныптар өз бетінше оқшаулануы мүмкін. Жақсы жағынан, немесе нашар жағынан көзге көрініп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл іске үлкендердің араласуына тура келеді. Үлкеннің аты- үлкен. Олар өз орындыарына сай, ағалық жол көрсетеді. Жөн сілтейді.
Балалар ұжымының жұмысын жандандырып, дамыту үдерісі
Балалар ұжымы өзгеріп отырады. Ұжым мүшелері де өзгеріске ұшырайды. Бұл заңдылық.
Белгісіз бір ұжымды, оған қатысты мүшелерін баулу, бір жөнге келтіру оңай шаруа емес. Көпшіліктің аты- көпшілік. Оны сен әп-сәтте жөнге келтіре алмайсың. Оны бір күнде жөнге сала алмасың да белгілі. Тәрбие жұмысы асғыстықты көтермейді. Оқу-тәрбие жұмысы дегеніміз өте күрделі нәрсе. Тым қажырлы жұмысты қажет ететін аса күрделі іс. Олай болса, желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақпен жұмыс жасау өте қиын десек артық айтқандық болмас деп білеміз.
Балалар ұжымының жұмысын жандандыру, оны ретке келтіру, дамытып өрістету – алда тұрған мақсатымыз. әр ұрпақ өзінен кейінгі толқынды өсіріп жетілдіреді емес пе?
Біз де сол үрдістен асып қайда барамыз? Ұрпақ – менің ертеңім. Сол ертеңімнің желкілдеп әдемі өсуі үшін, мен тер төгемін. әрбір азамат, әрбір жан осындай ойда емес пе?
Ұжым жөнінде философияда да өзіндік ой-пікір қалыптасқан. Психологияда да солай. Оның да өз айтары бар.
А.С. Макаренко балалар ұжымы, оның ерекшеліктері, қызығы мен қиыны жөнінде аз ой толғаған жоқ. Бір, мен деген педагог сол кібідей-ақ болсын ол балаларды қалай тәрбиелеудің үлкен бір жүйесін жасап кетті десек те болады?
Педагогикада балалар ұжымы жөнінде айтылған ойлар, сан қилы пікірлер шаш-етектен. Бірақ оның бізге сеңімдісі бар, сеңімсізі бар емес пе? Шығыс тәрбиесі ібір бөлек. Батыс тәрбиесі бір басқа. Олай болса, біз өзімізге қажеттісін аламыз.
Шәкірттермен жұмыс жасау дегеніңіз көп іс-әрекетті, көп шаруаны талап етеді екен. Бірнеше топтардың арасында келіспеушілік, талас-тартыс туындауы ғажап емес. Мұндай-мұндайлар арагідік болып тұратыны жасырын емес. Балаларды алдандырудың жолы көп. Оларды қызықтыратын істе жетерлік. Оларды ортақ қызықты бір іске жұмылдыруға да болады. Бүкіл топ мүшелері ортақ бір қызықты нәрсеге ден қойса, басқа майда-шүйдені ұмытады. Көңілдері жақсы бір игі іске ауады.
Мұндай істердің нәтижесі өте зор. Осындай жақсы істерді ұйымдастырып өткізу арқылы біз балаларды жақсылыққа жетелейміз. әдемі нәрсеге, үлкен бір іске қарай жетелейміз. Жақсы болуға итермелейміз. Бұл жаман ба? Ойлап көріңізші. Осындай жұмыстардың нәтижесінде әр түрлі топтар бір-бірімен етене жақындаса түсіп, өзара тіл табысып, бір келісімге келеді.
Өз бетінше ұйымдасқан топтар өз бет-бейнесін бірте-бірте айқындайды. Күндердің-күнінде өз бет-жүзін көрсетеді. Қандай топ, ұжым екендігін әйгілейді. Әрине, бұл игі жұмыстарға ұстаздар араласады. Онсыз нәтижеге жету мүмкін еместігі белгілі жәйт.
Келе-келе балалар ұжымы қалыптасады. Олардың өздерінің де алға қойған мақсаты, ұстанымы болады. Осы топтың аясындағы, оған мүше жеткіншектер осы топтың әсерімен, ықпалымен бірте-бірте қалыптасады. Азаматтық дәрежеге жетеді.
Бұл жолда ұстаздардың рөлі жоғары. Балаларды, олардың түзу болып өсуіне де, қисық-қыңыр болуына да олардың тигізетін үлесі ас емес. «Тез қасында қисық ағаш өспейді» деген сөз бар қазақта. Бұл сөз – тегінен-тегін айтылмаған шығар. Қисық-қыңырды жөндейтін кім? Ол – ұстаз. Балалар ұжымын жақсылыққа бастап, тәрбиелей отырып, ол өз бетінше ұйымдасқан топтардың да жұмыстарын бір жолға қоюы тиіс. Ұстаз әр түрлі топтарды жақындастыруы қажет. Оларды ынтымаққа шақырып , бірімен-бірін етене бітігуге, келісімге келуге, сөйтіп бір ел болуға, жұмылған жұдырықтай бір ұйысқан ұжым болуға итермелеуі қажет. Сол жолда ол аянбай тер төгуге тиіс.
Өмір өзгеріс үстінде. Олай болса, оқыту жүйесі өзгеріске ұшырамай тұрмайды. Балалар да өседі. Ержетеді. Олардың да ақыл-ойында, ой-өрісінде түрлі-түрлі ауытқушылықтар, өзгерістер болып жатады. Мұны заңды құбылыс деп ұқсақ болады. Жарасады. Балаларда өзі өмір сүріп, мүшесі болып жүрген ұжымға деген көзқарасы да қалыптасады. Өз ұжымына сәйкес адамы да бой түзейді. Қалыптасады. Қазақта «сен жолдасыңды айт, сосын мен сенің кім екеніңді айтамын» деген бір ұлағатты сөз бар, осы бір әңгіме педагогикаға да келеді?
Белгілі бір топ өз қатарындағыларға әсер етеді. Сол сияқты, бір бала сол топқа әсер етіп, ықпал жасауы бек мүмкін нәрсе. әйтпесе, қазақ неге «бір құмалақ бір қарын майды шіртеді» деген? Әр мағынасы, мәні бар екені бесенеден белгілі.
Ұжым белгілі бір дәрежеде, өз тобындағы балаларға, мүшелеріне ықпал етеді. Оған әйтеуір бір тәлім-тәрбие береді?
Олай демей көріңізші. Осылайша өз ықпал-дәрежесін көрсете отырып ұжым белгілі бір жағдайда өз беделін де арттырады десе де болады. Ұжым осылайша балаға әсер етуі арқылы балалрды өз ойлағанындай белгілі бір қалыпқа түсіреді. Ұжым өз қарауындағы көпшілікті де, сондай-ақ жекелеген өз мүшелерін де тәрбиелейді.
Бұл жолда ұстаздардың атқаратын рөлі айта қаларлықтай десе де болады. Ұстаздар балаларды көпшілік мәдени шараларға тартады. Игі іс істейді. Балаларды жеке адам ретінде қалыптастыруға ұш салады. әрбір баланың өз ортасынан орнын табуға қол ұшын береді. Бұл дегеніңіз игілікті шаруа емес пе?
Ұстаз белгілі бір дәрежеде балалар ұжымын жасақтай отырып оларды өміршен ұйым ете отырып, ұжымнын әрбір мүшесін, әр баланы адам ретінде қалыптасуына көмектеседі. Бұл игілікті іс жаман шаруа болмаса керек.
Балалар ұжымын жасақтамай тұрып, олармен жақсы да нәтижелі жұмыс жассасаймын деу бос әурешілік екені бесенеден белгілі. Ұжым ойдағыдай қалыптасқан ұжым болған кезде ғана қолға алған жұмысын алға жылжып, өз жемісін бере бастайды.
Кейбір ұжымдарға жаңадан кеіп қосылған топтың ұжыммен оңайлықпен тіл табыса алмауы да мүмкін нәрсе. Өйткені жаңаның аты-жаңа. Ескінің аты-ескі. Мысалы жаңа сыныпқа басқа бір мектептен жаңа бір бала келсе, ол да оңайлықпен бірден тосым ұжымға бірден ірігіп-бірігіп кете алмайды емес пе? Оған да біраз уақыт керек. Бір-бірін түсінісу үшін, оң, солын білу үшін, аз-кем мезгіл қажетсінеді. Сол сияқты, дүние ғой.
Әрбір ұжым, әрқилы топ әр түрлі. Бірі біріне ұқсамайды. Бұл-заңды десек те болады. Дегенмен сол жаңасы бар, ескісі бар, бірте-бірте өзара тіл табысып, ортақ мәмілеге келері-басы ашық мәселе. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген ежелден келе жатқан қағида бар емес пе? Осы сөз-сөз. Оған алып қосарымыз шамалы.
Өмір-өмір емес пе? Олай болса, өмірде ұжым мен ұжым да келіспей қалатын жағдайлар болып жатады. Кейбір балалар арасында да келіспеушілік болып жатады. Өйткені әр бала әр түрлі. Әрбір ұжым, әрбір топ әр қилы. Егер бұлай болатын болса келіспеушіліктің болуы да заңды нәрсе деп есептеуге болады емес пе?
Балалар ұжымында болып жататын мұндай келіспеушіліктің де өз заңдылығы бар шығар деп есептейміз. Бала өседі. Ержетеді. Олардың талап-тілегі де өзгереді. Бойы өскен баланың ойы да өседі. өзгереді. Сол себепті де түрлі-түрлі хикаяттар болып жатуы ғажап емес. Тек, оған түсінікпен қарауға тиіспіз. Жеті рет өлшеп, екі рет кесуге тиіспіз. Бала тәрбиесі оңай шаруа емесі түсінікті. Олай дейтін болсақ, ақылға салып, тон пішуге тура келеді емес пе?
Балалар ұжымында кездесетін, тіпті күн сайын көзге көрініп кезігіп қалатын келеңсңздңктер ақылға салып барып шешуді қажет етеді. Онсыз еш болмайды-дүр. Асығыс шешім жасау, аңғырт істеудің арты үлкен өкінішке жетелеуі де мүмкін емес пе?
Егер балалар арасындағы азын-аулақ қарама-қайшылықты, талас-тартысты бір ізге қоя алмасақ оны реттей алмасақ, біз қандай ұстазбыз? Қандай педагогпіз? Ойлап көріңізші.
Балалар ұжымы бетімен кекен ұжым емес. Оны бір қалыпқа салып ізгі келдтіруге, әбден болады. Түзелмейтін қисық шыбық жоқ. Оны, тек, дер кезінде, белгілі бір уақытында қолға алу керек. Уақытты жіберіп алсаңыз, үлкен өкінішке қалуыңыз да мүмкін нәрсе. Ал уақытында іске кіріссеңіз шаруаңыз жемісті болуы мүмкін нәрсе. Баланың тағдырына жанашырлықпен қарап, ізгілікпен, аса ымыралықпен қарап, жаныңыз ашып, жүрегіңіз жібіп жұмыс жасамасаңыз – ол ісіңіз құмға сепкен судай болуы мүмкін. Істің нәтижесі болуы үшін ниет керек. Онсыз ешқандай іс, қолға алған шаруа қолайын таппайды. Жетер жеріне жетпейді.
Балалар дүниесі де оңай дүние емес. Үлкендер өмірі сияқты олар да өзінше бір өмір сүріп жатады. Олардың өмірінде де кішігірім оқиғалар болып жатады. Бұл – соншалықты жасырын дүние емес.
Балалар ұжымы - өте шетін, өте нәзік нәрсе десек артық айтқандық емес. Балалар ұжымы өседі. Алға қарай дамиды. Бұл – дүние заңдылығы. Еш нәрсе бір орнында тұрмайды өйткені дүние қозғалыста. Егер қозғалыс болмаса өмір, өркениет бүгінгі дәрежеге жетпес еді ғой. Бұл – басы ашық нәрсе деп білуге тиіспіз. Балалар ұжымын белгілі бір бағытқа сілтеп, жол көрсетіп, оларға дем беру керек. Мұны қолға алатын ұстаз. Ұстаз қандай болса, бала сондай десе соншалықты қатты айтқандық болмас. Қазақта «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген бар. Бұл сөз – тегінен-тегін айтылмаса керек. Ұстазына қарап ұл-қыз қалыптасады. Солардан шәкірттері тәлім-тәрбие алатыны айдан анық дүние емес пе?
Ұжым арасындағы бала
Бала тәрбиені қайдан алады. Ол өмірден оқып-үйренеді. Өзін қоршаған ортадан, өз отбасынан, мектебінен көп нәрсе үйренеді. Солардың, әрқайсысынан әйтеуір бір нәрсе алады. Тәлім-тәрбие алады. Сол ортаның әрбірінен оған, жақсы болар, жаман болар, бір нәрсе оған дариды.
Мектепте оқушының өзінің тиісті орны бар. Оқушы мектептен көп нәрсе алады десек те болады. Ол одан ең бастысы білім алады. Содан соң тәлім-тәрбие алады. Мұның бәрі аз нәрсе емес. Оқу-білім оқушыны талай жерге жеткізетіні айдан анық. Мектеп оқушыны адам ретінде қалыптастырады. Жан-жақты азамат етеді. Бұл аз нәрсе ме?
Мектеп баланы белгілі бір дәрежеде адам етеді. Оқушы өз қатарластарымен қарым-қатынаста болып олардан жақсыны да, жаманды да үйренеді. Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де тез жұғады.
Мектеп қабырғасында барлық бала, оқушы ең үздік бола бермесі анық нәрсе. Барлық бала оқу үздігі, әр түрлі пәнге орай ұйымдастырылған жарыстардың жүлдегерлері бола бермейді. Бірақ оған қарап түңілуге де болмас. Жерге қарап кетуге де жарамайды. өмірде бәрі де болады. Тек түңілмеу аса қажет нәрсе. Бүгін қол жетпеген дүниеге ертең қол жеткізуің мүмкін емес пе?
Бірден ұжымның белсенді мүшесі болып кетуіде оңай шаруа емес. Оған да біраз қажыр-қайрат керек. Еңбектену қажет.
Кейбір дене мүшесінің кемістігі, оқылығы бар балалар ұжымда өзінің тиісті орнын ала алмауы да мүмкін нәрсе. Мұндай жағдайда ондай балаларға ұжым мүшелері, ұстаздар қауымы көмекке келуі өте қажет-ақ. Олар жығылғанға – жұдырық көрсетпей, қайта ондай қатарластарына қол ұшын берсе, жарасады емес пе? Құлағағанды – тұрғызу, жылағанды – жұбату ақылды адамның игілікті ісі емес деп кім айта алады?
Ізгілік кім-кімнің де әрқашан серігі болса, тіршілігіміз мұнан да жақсара түспей ме? Өмірдің аты - өмір. Өмір адамдардың бір-біріне қол ұшын беруден, қолынан келгенше аз да болса, жақсылық жасаудан тұрады емес пе? Сіз қалай ойлайсыз?
Әрбір бала өзі жүріп – тұрған, біте қайнасып бірге өскен ұжымынан тыс қалмақ емес. Солардан бұл тәлім алады. Солардан өнеге алады. Жақсы мен жаманды, жауыздық пен жақсылықты сол ұжымынан үйренеді. Жақсыны да, жаманды да сол жерден біршама біледі, үйренеді.
Ұжым балаға, әр оқушыға, белгілі дәрежеде әсер, ықпал етеді. Әрбір бала өз ортасынан бір нәрсе алады. Ол жақсы болар, жаман болар, әйтеуір бұл өте анық нәрсе десек те болады. Әйтпесе, «сен жолдасыңның кім екенін айт, сосын мен сенің кім екеніңді айтамын» деп, бұрынғылар неге айтқан? әр сөздің астарында бір мағына бас емес пе?