Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 309

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қандай жаңа әдет-ғұрыптар дәстүрге айналып, өмірге ене алады? Адамдардың күнделікті еңбек пен демалысы туралы материалдарды сұрыптап, зерттеу арқылы белгілі дәрежеде бұған жауап алуға болады. Этнопедагогика қазіргі жағдайларға сәйкестенген ескі дәстүрлер мен жаңа әдет-ғұрыптардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтап, оның жаңа адам тәрбиесіндегі алатын орнын белгілейді. Этнопедагогика эмприканың ұжымдық тәжірибеге мен ұжымдық ой-санаға, ғылымға айналуына ықпал ете отырып (салыстырмалы сараптама жасау педагогикалық жетістіктерді неғұрлым ұтымды, неғұрлым әділдікпен педагогикалық теория мен оның тәжірибесіне қажетті құндылықтарды сұрыптауға мүмкіндік береді), көптеген елдер мен халықтардың интернационалдық тәжірибелерін педагогикалық игілікке айналдырады. Осылайша этнопедагогика тәжірибеге бет бұрып, оған қызмет етеді, ұстаздарды - халықтық педагогика амалдарын пайдаланудың ұстанымдырымен, ата-аналарды - отбасы тұрмысын тиімді «педагогикаландыру» тәжірибелерімен, жас ұрпақты – жалпы адамзаттық өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибелерімен қаруландырады. Осыған байланысты чуваш отбасының этнопедагогикасын жан жақты зерттеудің маңыздылығы туындайды (Э.И.Сокольникова).

Этнопедагогиканың өзіне тән әлі де тереңдете зерттеп сараптауды қажет ететін мәселелері баршылық, олардың шешімі педагогика, әлеуметтану, мәдениеттану және этнология ғылымдарына тиімді де мазмұнды қызмет атқарған болар еді. Бірқатар этнопедагогикалық мәселелердің пән ретінде ғылыми мән-мағынасын неғұрлым кеңейтіп, анықтай түсу қажет. Оған төмендегі мәселелерді жатқызуға болады: отбасы тұрмысының педагогикасы; адамгершілік тәжірибелерінің жас ұрпаққа берілуінде маңызды орын алатын әлем халықтарының мақал - мәтелдері, ақыл-ой тәрбиесінің амал-құралы - жұмбақтар; халықтық педагогиканың данышпандық мектебі - халық ертегілері; балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық тәрбиесінде маңызды роль атқарушы халық әндері, қолдан жасалған ойыншықтар мен балалар шығармашылығы; балалар мен жастар ортасы, оның атқаратын қызматы; ана мектебінің, ана педагогикасының, ана поэзиясының үздік жетістігі болып саналатын әлем халықтарының бесік жырлары т.б.

Тәрбие туралы, тәрбие өнері мен тәрбие мәдениеті туралы халықтық түсініктерді үйренудің теориялық, саяси-идеялық маңызы зор. Педагогикалық мәдениеттер бірлігі мәселесі әртүрлі халықтар мен ұлттардың өзіндік ерекшелігіне қарамастан олардың өзара тығыз қарым-қатнасына байланысты болып отыр. Педагогикалық мәдениет бірлігі мәселесі төмендегі факторлармен түсіндіріледі:


а/ тарихи шарттардың ортақтығы;

б/ жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтардың, барлық

елдер еңбекшілерінің мақсат, мүддерінің ортақтығы;

в/ халықтық психология негіздерінің бірлігі;

г/ географиялық шарттардың ортақтығы;

д/ әртүрлі халықтар дәстүрлерінің өзара әсері;

е/ халықтық педагогиканың педагогика ғылымдарымен өзара әсері.

Бұларды ішінара талдап көрелік. Мысалы: еңбекшілер бірлігі мәселесі. «Күш – бірлікте» мақалы көптеген халықтарда афоризмге айналған. Еңбекшілерді бірлесуге шақыратын мақал-мәтелдер әр халықта әртүрлі айтылғанымен мәні мен мазмұны бірдей болып келеді.

Этнопедагогика пәнін неғұрлым нақты түсіну ұшін төмендегі өзара байланысты он мәселені атауға болады:

  1. Халықтың негізгі педагогикалық түсініктері (тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қамқорлық жасау, өсиет қалтыру, ақыл беру, уағыздау).

  2. Бала тәрбиенің объектісі, субъектісі.(туған бала, жетім, асыранды бала, құрдас, дос, жолдас, бөтен, бөгде, жат, балалар ортасы)

  3. Тәрбиенің қызметі (еңбекке тәрбиелеу, моральдық - жігерлілік мінез қалыптастыру, ақыл дамыту, денсаулық сақтау, денсаулыққа қамқорлық, сымбаттылық, сұлулыққа махаббаттандыру).

  4. Тәрбие факторлары (табиғат, ойын, еңбек, сөз, тұрмыс, бірлесу, ұжымдасу, ортақтасу, дәстүр, өнер, дін,идеал, тұлғалық)

  5. Тәрбие әдістері (ұқтыру, нандыру, сендіру, түсіндіру, үлгі, бұйрық беру, үйрету, тілектестік, алғыс, бата, жаттықтыру, қарғыс айту, ант беру, жалыну, ақыл беру, емеурін көрсету, қолдау, кіналау, ұрсу, жазғыру, сөгу, сөгіс жариялау, ұнату, ұнатпау, көндіру, жек көру, парыз, өсиет, серт, уәде, мойындау, опық жеу, өкіну, уағыз айту, тиым салу, қорқыту, қарғыс, өтірік айту, балағаттау, жазалау, ұрып-соғу т.б.).

  6. Тәрбие амал-құралдары (күлдіргі,қызықтау, мазақтау, санамақ, жұмбақ, мақал, мәтел, өлең, ән, терме, жыр, эпос, аңыз, т.б.).

  7. Ұлттық тәрбие үрдісінде орындалатын адамды жетілдіру идеялары (тәрбие тараптарының өзара байланысы, ақылдылық пен әдемілік, т.т. ..... бұл жерде қазақ халқының жігіттер мен қыздарға қойылатын талап тілектер жазылуы қажет тәрізді, м: жігіт сыны, қыз сыны, неке салты, жігіттер мен қыздарға қойылатын моральдық, этикалық, тұрмыстық талаптар т.б.).

  8. Тәрбиені ұйымдастыру (балалар мен жастардың еңбек бірлестіктері, жастар мерекесі, жалпыхалықтық мерекелер т.т.).

  9. Адамдардың ұжымдық өміріндегі педагогика (отбасында, әулеттте, руда, ұлтта, халықта, адамзатта).

  10. Халық тәрбиешілері (ата-аналар, ересек балалар, көшедегі қоғамдық тәрбиешілер, еңбек пен кәсіпті ұйымдастырушылар, мемлекеттік қызметкерлер, сауда, транспорт, мәдениет пен өнер саласының тәрбиеге тікелей тартылмаған қызметкерлері, кездейсоқ адамдар, беймәлім тәрбиешілер, т.б.).


Халықтық педагогика өз қызметінде шеше алмаған мәселелерді педагогика ғылымы зерттеп, талдап, сараптап шешіп бере алады. Дейтұрғанмен педагогика ғылымы халықтық педагогиканың таусылмас қорындағы асыл мұраларының кейбіріне ескінің қалдығы ретінде қарап, оларға назар салмай отыр. Этнопедагогика зерттеушілері ескі мұраларды жаңғыртып, халықтың ұлттық санасы мен ескіге деген көзқарасын қайта оятып, оған педагогтардың, ата-аналардың назарын аударса көп мәселелердің түйіні шешілген болар еді.

Нағыз халықтық әдет - ғұрыптар мен салт – дәстүрлер тек демократиялық мемлекетте ғана бүкілхалықтық бола алады, ал өркениеттік дәрежеге жеткендері мемлекеттік дәстүрге айналады. «Русская зима» фестивалі, қысты шығарып салу, ән және еңбек мерекесі-акатуй (чуваштарда), гүлдер мерекесі (марийлерде), сабантуй (татарларда), наурыз (қазақ т.б. шығыс халықтарында) т.б. бүкілхалықтық дәстүрлі мерекелерге айналған және мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Олардың құндылығы - мақсаткерлігінде. Жаңа мазмұнға қаныққан ескі дәстүрлердің жаңа өмірге кірігуі қазіргі мерекелік шараларды ұйымдастыруда өте зор маңызға және мазмұнға, таңқаларлық үйлесімділікке ие болып отыр. Қазіргі таңда оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халықтық педагогика дәстүрлерін тиімді пайдаланудың маңызды орын алатындығы айқын көрініп отыр.

Этнопедагогика пәні туралы неғұрлым кең көлемде түсінік жинау үшін халықтық педагогиканың мазмұнын ашатын және сипаттайтын ең негізгі ерекшеліктерді қарастыру қажет.

3.1.22 Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлаудың

әдіснамалық ұстанымдары
Қоғамдағы ғылыми-техниканың қарқынды дамуы

және жаңа адамды қалыптастыру
Өндіргіш күштердің дамуының әрбір кезеңі халық шаруашылығында жастарды еңбекке даярлаудың белгілі бір талаптарын алға қойып, жұмысшының белгілі бір тұрпатын қалыптастырады. Техникалық базистегі өзгерістер жұмысшының жеке тұлғасындағы өзгерістерге алып келеді. Дегенмен, қазіргі заманғы өндіріс жұмысшысын даярлау деңгейі өз кезегінде, өндірістің өзінің даму қарқынына елеулі ықпал көрсетеді.

Ғылыми-техникалық өзгерістердің жұмысшы еңбегінің мазмұнына әсері ең алдымен оны зияттандырудан тұрады: өндірісті ұйымдастыру бойынша жұмысшы еңбегі, технологиялық үдерістерді реттеу, машиналардың автоматты жүйесін жөндеу басым түрде ақыл-ой еңбегіне негізделеді. Автоматтандырылған өндірістегі жұмысшының ең жетекші сипаты жоғары білім деңгейі, еңбекке шығармашылық қарым-қатынас және кәсіби шапшаңдық болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуына байланысты қазіргі заманғы өндірісте мамандық негіздерін зерттеп қою аздық етеді, өзіңнің кәсіби шеберлігіңді үздіксіз жетілдіріп, өзіңнің политехникалық ой-өрісіңді кеңейтіп отыру керек. Еңбекке байланысты өзгерістер заңымен себепші болған жұмысшының атқарар міндетінің ептілігі, енді бейнелеп айтқанда, бір және сол кәсіпорында (цехта) жұмысын жалғастырып жатқан жұмысшыға жаңа техника, жаңа озық технологиялық үдерістер келеді.

Осылайша, жұмысшының еңбегі инженер-техникалық жұмыскерлердің еңбегіне жақын келеді, шығармашылық түрде болады. Соған сай жұмысшының меңгеріп, еңбек үдерісіне қолдануы тиіс білім көлемі де едәуір ұлғаяды.

Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында өндірістің табысты жұмыс істеуінің қажетті факторы жұмысшылардың өнертапқыштығы мен ұтымдылығы болып табылады. Бұл пайдаланылатын жабдықтардың жоғары күрделілігімен және шығарылатын өнімдердің жиі ауысуымен байланысты болмақ. Жұмысшының өнертапқыштығы және ұтымдылығы болмаса тиімді өндіріс те болмайды. Техника мен технологияның күрделенуі шығармашылық жұмыс мүмкіндіктерін тарылтпайды, керісінше, кеңейтіп отырады. Әрине, күрделі машинаның жұмысын жақсарту қарапайым машинаға қарағанда қиынырақ. Бұл үшін жоғары жалпы техникалық білім деңгейіне, жоғары мәдениетке ие болып, өндірістің даму болашағы мен үрдістерін түсіне білу қажет.

Автоматтандырылған өндірісте тар мамандану (тек бір мамандық аясындағы білім) қалыс қалған. Кең тұрғыдағы политехникалық негіздегі мамандану адамға барлық өндірісте оңай бағдар алып, қажет болған жағдайда жаңа жұмыс түрін орындауға дереу арада көшіп, жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік береді.


Осылайша, ғылыми-техникалық прогресс жағдайында политехникалық және кәсіби білім беру салалары шешетін міндеттердің арасындағы алшақтық азаяды. Жаңа тұрпатты жұмысшыны даярлауда оның ауқымды білім көлемін игеруі, еңбекке шығармашылық қатыста тәрбиеленуі, өзгермелі өндіріс жағдайларында алған білімін қолдану, жаңа жұмыс түрлерін тез арада игеру шеберлігін қалыптастыру аса маңызды міндетке айналмақ. Бұл дегеніміз, кәсіптік білім беру міндеттері едәуір шамада политехникалық білім беру міндеттерімен сәйкес келетін болады. Бұл ретте жалпы білім беру деңгейін көтеру кәсіптік оқыту мерзімдерін қысқарту есебінен жүрмейді. Негіздік жалпы білімдік даярлық біршама терең кәсіби білімді, дағды мен шеберлікті беруге мүмкіндік береді. Ал бұл жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізу үшін орасан зор мәнге ие болмақ.

Халық шаруашылығы дамуының көрсетілген үрдістері және кешенді механикаландыру мен автоматтандырудың қол жеткен табыстары бүгінгі күні еңбек сипаты мен мазмұны, білім деңгейі бойынша инженер-техникалық жұмыскерлерге өте жақын зиялы жұмысшылардың – заманауи озық жұмысшылардың жекелеген әлеуметтік топтық жігін бөліп алуға мүмкіндік берді. Зиялы жұмысшылардың еңбегі жұмыстық автоматтандырылған өндірістің барлық негізгі белгілерімен сипатталады: ол жалпы, политехникалық және арнаулы білімнің жоғары деңгейін талап ететін басым түрде ойлы, шығармашылық, кең бейінді болып келеді, өйткені, әдетте, ол өзіне жөндеу, реттеу, бақылау және басқару қызметтерін біріктіреді.

Қазіргі заман жағдайында оқушыларды еңбекке даярлаудың тәлімдік аспектілері туралы айтқанда оқушылардың тәлімгері ретіндегі еңбек ұжымдарының рөлін қайта бағалау қиынға соғады. Мәселен, оқушыларды еңбеке даярлау тәжірибесіндегі ғылыми-техникалық прогресс талаптарын жүзеге асыру үшін маңызды мәнге ие болған осы жұмыстағы көптеген бағыттардың ішінен тек қана біреуін көрсете кетейік.

Базалық кәсіпорындардың өндіріс ұжымдары белсенді түрде атсалысатын оқушыларды еңбекке тәрбиелеу жергілікті өндірістік ортаның даму мысалында жүзеге асырылады. Мәселен, ауыл мектебі оқушыларын еңбек және кәсіптік оқытудың бірден-бір маңызды міндеті – ауыл шаруашылық өндірісін индустрияландырудың негізгі бағыттарымен оқушыларды (олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып) жүйелі түрде таныстырып отыру. Еске салып өтейік, ауылда техникалық прогрестің бірінші дәрежелі міндеттері еңбектің энергиялық қарулануын ұлғайту, ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру, техникалық құралдарды пайдалану, жөндеу, қызмет көрсетудің тиімді түрлерін кеңінен қолдану, монтаждау, іске қосу-жөндеу, көліктік және басқа да көптеген осыған ұқсас жұмыстарды орындау болып табылады.