Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 305

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Политехникалық білімнің қызмет атқарушылық табиғаты туралы тұжырымдама еңбектің әртүрлі саласындағы әрекетке (жұмысшының, мұғалімнің, мектеп оқушысының және т.б.) белгілі бір айқындылық енгізеді. Политехникалық іс-әрекет тазартылған күйде өмір сүрмейді – ол техникамен және технологиямен байланысты адамның еңбек әрекетіне дендеп енеді.

Бүгінгі таңда тек жалпы ғана емес, кәсіптік білім беруде де политехникалық бағыттылықты күшейту үдерісі белең алып отыр. Бұл қағида «Коммунизмнің зияттылық әлеуеті» кітабында жақсы дәлелденіп, жеткілікті түрде ашып көрсетілген. Автор политехникалық білім бастауыш сыныптардан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі халықтық білім берудің барлық жүйесіне тереңдеп ену керектігін атап көрсетеді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, политехникалық білім мазмұны заманауи техника саласындағы еңбек әрекетінің жалпы теориясын өзіне кіргізуі керек сияқты. Орта мектепте осы теорияның жалпы ережелері оқытылуы тиіс, өйткені еңбек әрекеті саласындағы ғылыми зерттеу пәні өндіріс субъектісі ретіндегі адам мен өз бетінше әрекет ететін техника емес, адами дене қуаты қасиетттері мен психикалық мүмкіндіктердің, эстетикалық талғамдар мен басқа әлеуметтік қасиеттердің заманауи техникалық жүйелер сапасымен сайма-сай келуі болып табылады.

Соңғы жылдары еңбек әрекетінің жалпы теориясын қалыптастырумен қатар іргелі ғылым ретіндегі жалпы техника теориясының қалыптасу үдерісі жүріп жатыр. Оның пайда болуы өндіріске ғылымның енуімен, оның тікелей өндірістік күшке айналуымен себепші болып отыр. «Табиғат – қоғам» жүйесіндегі техника мен технология қоғамның өзінің белгілі бір даму деңгейіне, табиғат туралы оның біліміне, оны игеру демек, әлеуметтік жүйеге табиғи заңдылықтарды енгізу дәрежесіне сәйкес келетін заңды қарым-қатынастарды білдіреді. Қарастырылатын жүйеде байланыстар мен қарым-қатынастардың өздерінің координациясы мен субординациясының болуы, оларды айқындау жалпы техника мен технология теориясының ерекше объектісі туралы пайымдауға мүмкіндік береді.

Оқуды өндірістік еңбекпен ұштастыру жеке тұлғалардың жан-жақты дамуының қалыптасуына мүмкіндік береді, ол кеңестік мектеппен жүзеге асырылған оқушылардың еңбек даярлығының барлық жүйесінің жетекші қағидаларына сүйенеді. Идеялық-саяси, тәлімдік, ақыл-ой, эстетикалық, дене қуаты тәрбиесі еңбек, әрекет, пәндік іс-әрекет негізінде біршама табысты түрде жүзеге асырылады. Оқушылардың еңбек даярлығы көптеген факторлармен анықталып, оқу-тәрбие жұмысының барлық буынын, сонымен қатар мектептен тыс жұмысты, алдыңғы қатарлы өндіріс ұжымдарындағы қоғамдық пайдалы, өндірістік еңбекті қамтитын құралдар жүйесімен жүзеге асырылады. Кешенді тұрғыдан келу коммунистік қоғам құрылысшысы үшін сипатты болып келетін жеке тұлғалардың қасиеттерін тәрбиелеудің барлық факторларына тигізер әсерін талап етеді.


Оқушыларды әр түрлі өндірістік еңбек түрлеріне жүйелі түрде баулу педагогикалық, сонымен қатар қоғамдық-экономикалық мәселелерді – қазіргі заман талаптарына сай жастарды еңбекке даярлау мәселелерін шешудің дұрыс жолын табуға көмектеседі.

Оқушылардың халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы өндірістік еңбекке қатысуы жеке тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды факторы болып табылады. Объективтік шындықты танып-білу қоғамдық-өндірістік практика негізінде жүзеге асырылады. Оның барысында тек материалдық және рухани құндылықтар ғана жасалып қоймай, заттар мен құбылыстардың ара қатынастарының қасиеттері, байланыстары, заңдылықтары да ашылады. өндірістік еңбекке қатысу мектеп оқушыларының алдында әлеуметтік тәжірибені меңгеруде, оның теориялық және саяси дүние танымын кеңейтуде жаңа мүмкіндіктер ашып береді. Еңбек әрекетінің барысында ғылыми білім алу оқушылардың тек жалпы, политехникалық білімін көтеруге әсер етіп қоймай, олардың дүниетанымының қалыптасуына да ықпал етеді. Оларда заттардың, құбылыстардың мәніне дейін қазбалап іздестіру, екінші дәрежелі, кездейсоқ нәрседен бастысын бөліп алу, әртүрлі құбылыстардың себептерін ашу, заңдылықтарын көру шеберлігі дамитын болады. Осының барлығы да ғылыми дүниетанымның берік негізін жасап береді.

Оқушылар алған білімдерін практикалық іс-әрекетке белсенді түрде қолдана отырып, қоршаған шындықты түрлендіре білуге үйренеді. Қоршаған ортаға белсенді, шығармашылық және ұқыпты қарым-қатынас, құбылыстар мен фактілерді ғылыми тұрғыда түсіндіре білу – диалектикалық-материалистік дүниетанымның маңызды жақтары. Осы қасиеттерді қалыптастырудың қажетті шарты өндіріспен, еңбек сабағының оқу пәні бойынша білім байланысы қызмет етеді. Оқуды өндірістік еңбекпен ұштастыру негізінде оқушылардың дүниетанымы сәтті қалыптасып, өмірге деген дұрыс, материалистік көзқарас тәрбиеленеді.

Әрбір мектептегі кәсіптік бағдарлық жұмыс мазмұны едәуір шамада өндірістік орта, табиғи жағдай ерекшеліктерімен, халық шаруашылығының дамуы және аталмыш экономикалық аудан мәдениеті бағыттарымен анықталады.

Педагогикалық және өндірістік ұжымдарда оқушылардың кәсіптік бағдарларының қызықты тәжірибесі жинақталған. Ол ғылым негіздерінің, еңбекке баулудың, қоғамдық пайдалы еңбектің, оқушылардың мамандық таңдауға бағытталған сыныптан тыс және сынып ішіндегі іс-әрекеттерінің рөлін талдап қорытады. Оқушылардың кәсіптік бағдарлары балалар бақшасынан бастап, ОӨК, оқу цехтары, оқу өндірістік бригадаларына дейінгі оқу-тәрбие үдерісінің барлық буындарында жүзеге асырылады.



Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 5-10 сынып оқушыларында мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтың қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайлар мыналар:

  • пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

  • ғылым негіздерін, еңбек сабағы мен факультативтік сабақтарды оқытудың политехникалық және кәсіптік бағдар бағыттылығының сабақтастығы;

  • жеке-дара және саралау тәсілдерін жүзеге асыру;

  • политехникалық білім, еңбек сабағы және кәсіптік бағдар бойынша оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегімен өзара байланыстарын қамтамасыз ету;

  • оқушылардың оқу-өндірістік тапсырмаларды орындауы; оқушылардың кәсіптік бағдарлар бойынша мектеп мұғалімдері мен өндіріс ұжымдарының бірлескен жұмысы;

  • өнеркәсіптік және ауылшаруашылық мамандықтарын жаппай насихаттау.

Оқушылардың өздерінің кәсіби ынта-ықыласын іс жүзінде тексерудің біршама ұтымды түрі олардың өздерінің материалдық өндіріс саласындағы еңбегі болып табылады. Осыған байланысты, еңбекке тәрбиелеуде оқудың өндірістік еңбекпен қосылысында шешілмеген мәселелердің бар екендігін атап өтуіміз керек. Сонымен, өндірістік еңбекті ұйымдастыруда педагогикалық талаптар әрдайым орындала бермейді. Кейде бұл оқушылардың өздерінің еңбегімен теориялық білімінің жеткіліксіз байланысынан көрініс тауып, мектеп оқушыларының тәрбиесі мен білім сапасын арттырудағы оның мүмкіндіктерін азайтады. Оқушылардың еңбегін ұйымдастыру барысында тәрбиелік міндеттерді жете бағаламау еңбектің материалдық нәтижесіне барынша назар аударуына келіп тіреледі. Бұл, сөз жоқ, маңызды фактор, бірақ оның артында тұрған оқушыны, олардың қарым-қатынастарын ұйымдастыруды, біздің қоғамға ауадай қажет тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеуді көрмей қоюға болмайды. Кей кезде оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру барысында оларға бір мамандықтың көлемінде, шеберлік дағдыларды тезірек беруге тырысып бағады. Мектеп оқушыларының еңбегіне ақы төлеу мәселесін педагогикалық негіздеу, сонымен қатар оларды механикаландырылған көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру өзінің шешімін күтіп жатқан мәселенің бірі деуге болады.

Қоғамның табиғатпен өзара әсерлесуінің тәлімдік аспектісі адамның өзінің дамуынан көрініс табады. Адам әлемі – бұл оны қоршаған ортасы; «адам – орта» қарым-қатынасы тәлімдік мазмұнға ие болған категория. Әсіресе бұл –табиғаттың барлық байлығы, оның барлық ресурсы қоғам игілігіне айналған кезде, жаңа тәлімділікті қалыптастыру үдерісінде адамдардың өмірге кең ізгілікті көзқарасын қалыптастыру үшін барлық объективтік алғышарттар жасалған кезде айдан анық көрінбек.


Оқушыларды экологиялық тәрбиелеуде еңбек сабағы мен өндірістік еңбекке үлкен орын беріледі. Кеңестік мектептерде оқушылардың табиғи ортаны жақсарту бойынша еңбек әрекетінің әр түрлі нысандары (формалары) кең таралды. Еңбек ету барысында жалпы халықтық игілік, жалпы мемлекеттік құндылық, бүкіл адамзаттың тіршілік көзі ретіндегі табиғатқа коммунистік қарым-қатынас белсенді түрде қалыптасады.

Мектептердің өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындармен тығыз байланысы еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, белгілі бір өндіріс салаларында техника-экономикалық және технологиялық білім мен шеберлікті қалыптастыру, саналы түрде мамандық таңдауға даярлық сияқты маңызды міндеттерді нәтижелі шешуге мүмкіндік береді. Оқушылар арнайы маман жұмысшылармен және жаңалық жаршыларымен әңгіме-дүкен құрып, өндірістік еңбекке қатысады, материалдық құндылықтар жасайды, техникалық үйірмелерде жұмыс істейді. Ауылдық орта мектепте оқитын оқушылар трактор, комбайн және басқа да ауылшаруашылық машиналарында жұмыс істеуге үйреніп, агротехника мен мал шаруашылығының, ауылшаруашылық тәжірибесінің негіздерін оқып-зерттейтін болады.

Оқушы жастарды еңбекке тәрбиелеу тиімділігін арттыруда мектеп, отбасы және өндіріс ұжымдарының бірлескен жұмысы елеулі рөл атқарады. Алайда, өндіріс ұжымдарымен және ата-аналар қоғамдастығымен тығыз байланыстағы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барлық буындарын бір ой-пікірмен қамтитын еңбек тәрбиесінің проблемаларын кешенді шешуге әлі де болса жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Еңбек тәрбиесін оқшауланған үдеріс түрінде қарауға болмайды. Адамды тәрбиелеудің басты аспектісіне кешенді тұрғыдан келу тұжырымы қазіргі мектеп оқушыларында жалпы еңбекке қатысты өндірістік білім мен дағдыны, шеберлікті қалыптастыруға бағытталып, олардың біртұтас политехникалық түсініктерін дамытуды көздейді.


3.1.23 Кондаков М.И. Мектепшілік немесе мектептанудың теориялық негіздері
111 бөлім.

Революцияға дейін педагогика мазмұнында мектеп жұмысы, әдістемелік және дидактикалық оқу, мектептің халықпен байланысы жолдары және түрлері, мектепшілік тәртіп ережесі және нормалары, мұғалімдердің нақты жұмыстары болды. Әлеуметтік-экономикалық жетістіктер, ғылыми-техникалық даму мектеп алдына жаңа міндеттер қойды, Мұның бәрі мектепті зерттеу жұмыстарының кеңеюіне әсер етті.

А.Н.Волковский мектепшілік зерттеу жұмыстарын талдау арқылы төмендегідей қорытынды жасады, яғни мектепшілік пәні, мектеп жұмысын басқару үрдісі, әкімшілік, құқықтық, еңбек, этикалық қарым-қатынас. Соңғы бір кітабында ол: «Совет мектебінің зерттеу мақсаты мектеп жұмысын басқару мазмұнын және әдістері, мектеп басшылығы жүйесінің ерекшеліктерін ашу».Н.И.Соцердотов және Н.В.Черпинский мектепшілікті педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырды. Осындай бағытта мектепшілік педагогика ғылымының бір саласы ретінде зертелуіне байланысты 1960 жылдар педагогикалық әдебиеттер жасалды, біріншіден, мектепшілік пәнін шектеді, өйткені ол мектеп басқару үрдісін зерттейді, екіншіден, тез арада оның ауқымын ұлғайтты, себебі мектепшілік халыққа білім беру жүйесінің барлық бөлігі бойынша басқару заңдары арқылы айқындалады. Мектепшілік дамуы және қалыптасуы көрсеткендей қазіргі кезеңде педагогиканың жеке өзіндік саласы ретінде мектептің көп деңгейлі жүйесін басқару жұмысын, оқу-тәрбие үрдісінде нақты дұрыс пайдалану, өзекті мәселелерді зерттеу бағыттарымен айналысады. Мектепшілік білім жүйесінің өзін сипаттайды, халыққа білім беру және педагогикалық ғылымдардың дамуына үлесін қосады. Совет мектепшілігі мектеп жұмысын басқару және ұйымдастыру үрдісіне мақсатты бағытталған. Ол мектеп басқару жұмысының мазмұныны, мәнін, құрылымын, ұстанымдарын және даму болашағын, мүлтіксіз орындалуын және басқару қызметінің жаңаша ұйымдастыру түрлері, әдістері мен тәсілдерін зерттейді.

Мектепшілік нысаны жалпы білім беру жүйесі және білім беру ұйымдарының көп салалы қызметтері және мектеп жұмысын басқаратын мектеп басшылары болып табылады. Ағарту жүйесіндегі «ғылыми басқару» түсінігі және мазмұнын қарастырсақ М.МүМехти-Заде ағартушылық басқару жүйесінене «іс-шаралар жиынтығы (ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәрбиелілік, жоспарлы, қаржылық, жабдықтау, мамандау т.б.), ағарту жүйесі мекемелерінің қалыптылығын қамтамасыз етеді. Одан әрі оның кеңеюі және дамуы саны мен бірге сапалық қарым-қатынасында» деді. Ағарту жүйесін П.В.Худоминский ғылыми басқару, басқару субъектілерінің әртүрлі деңгейіне мақсатты әсерін, жүйелілік, жоспарлау, саналы және мақсатты әсерін (министрліктен мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер) жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру, балаларды, жасөспірімдерді, салауатты және психикалық тұрғыдан дамыту мақсатында анықтайды. Автордың бұл анықтаған түсінігіне қарсы келместен мектеп басқару жұмысында арнайы маманданған әлеуметтік-педагогикалық жүйе, басқару субъектінің мектеп өміріне жан-жақты саналы, жоспарлы және мақсатты әсер етуі жасөспірімдер тәрбиесінеде және білім беруде әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық-ұйымдастырушылық қызмет үрдісімен қамтамасыз ету үшін қажет. Басқарудың осындай қызметін мектеп жұмысын ұйымдастыру, оның барлық компоненттеріне ерекше байланыс ұсынды, бұл байланыс механизміне әсері, төтенше көп жоспарлылық, оқу-тәрбие үрдісінде күрделі және динамизм. Бұл басқару үрдісін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Жсаөспірімдерге білім беру және тәрбие беру саласындағы басқару субъектісі мекемелер және ұйымдардың жиынтығымен Коммунистік партыя басшылығымен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асырады. Әртүрлі деңгейдегі мектеп жұмысын басқару және басшылық жасау қызметі және міндеттеріне байланысты білім беру саласында «СССР және Одақтас республикалардың халыққа білім берудің негізгі заңдылықтары» бағдарламасы қабылданды. Негізгі бастауы КПСС съезді, СССР Жоғарғы Кеңесі заңдары, КПСС Орталық Комитеті және СССР Министрлер Одағы Қаулыларымен еліміздегі ағарту жұмыстарын дамыту жандандырылды.