Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 273

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мектеп жетекшілері көрсеткеніндей, бастауыш мұғалімдерінің 33 пайызы жоғары дайындық деңгейлерінің жеткіліксіз екендігін дәлелдеп отыр. Ал, 25 пайызы жас мұғалімдер өз таңдауларына сәйкес емес, олар мамандықтарын таңдау мүмкіндігі тағы бір берілсе деп үміттенеді. Бұл дегеніміз, мамандардың еңбекке бейімделудегі қиыншылықтарына сәйкес, олардың дайындық деңгейлерінің жеткіліксіздігі. Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі көрсеткеніндей, бұрынғыдай мұғалімдер үлкен қиындықтарды сезінуде (білім беру деңгейі мен қатар еңбекке ептілігін қалыптастыру), оқыту үрдісінде тәрбиелік міндеттерді анықтау және жүзеге асыру, оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу, оқу пәні бойынша кластан тыс жұмыстар, ата-аналармен, қоғамдық жұмыстармен айналысу т.б. Жас мұғалімдердің көпшілік бөлігінің 58 пайызы нақты мақсаты, міндеті мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеуде жас және сынып ерекшелігін есепке алмайтындарын көрсетті.

Педагогикалық оқу орындарын бітіруші түлектердің көпшілігі (зерттелгендердің жалпы санының 60 пайызы) балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты тығыз қарым-қатынас орната алмайтындықтарын көрсетті.

Көптеген мұғалімдер балалардың кез-келген жеке тұлғада болатын қызығушылығы мен қуанышы, уайым-қайғысы т.б болмайды деп есептейді.

Мектептердің арасында жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, оқушылардың көпшілік бөлігі мұғалімдер үшін ескерусіз, көңіл аударылмай қалады екен. Олар мұғалім үшін тек қана оқушылар, яғни тек сабақ оқитын немесе сабақ оқымайтындары бар, мектеп ішілік және мектептен тыс іс-шаралар мен кештерді ұйымдастыруға ат салысып және қатыспайтындар болып саналады.

Педагогикалық оқу орындарының (83 пайызы) әр түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыра алады, сондай-ақ нақты жағдай мен өткізетін уақыт пен орынды, оқушылар құрамын есепке ала бермейді. Ал, кейбір жас мұғалімдер ата-аналармен жұмыс жоспарын құрған кезде педагогикалық жүйені құру жағдайы мен ата-ана, отбасы ерекшелігін ескере бермейді.

Педагогикалық институттардың түлектері (А,В,С,Д әріптерімен белгіленген) әр түрлі топтың рөліне байланысты жалпы педагогикалық дайындықтарын 5 баллдық шкалада бағаланды. Осы және басқа да зерттеулерден алынған мәліметтер педагогикалық оқу орындары түлектері үшін педагогика басты ғылым болып есептелмеген. 4-кесте. Түлектердің тек 27 пайызы ғана педагогикалық пәндер қызықты деп есептейді. Ал, 30 пайызы өзінің кәсіби іс-әрекетінде педагогикалық теорияның рөлін қолданатындықтарын көрсетеді. Бұл дегеніміз, студенттердің педагогикалық пәндерге деген қызығушылығының төмен болуының басты себебі «теорияның практикамен байланыста болмауы» болып отыр. Көпшілік студенттер (63 пайызы) оқу сабақтарының практикамен байланысын күшейтудің керектігін айтады. Оқу-танымдық үрдіс бойынша (педагогикалық пәндерді оқытуда) білімді қалыптастыру міндеті қойылып, шешіледі, ал практикалық оқыту кезінде (педагогикалық практика кезеңінде) дағды мен қабілетін ояту міндеті қоса қойылады. Педагогикалық оқу орындары тәжірибесінде оқу сабақтары мен педагоикалық практика арасында байланыс орнамаған.


Педагогикалық практиканың мазмұны әлі күнге қызметтік сипатқа ие: кіші курстарда – кластан тыс тәрбиелік жұмыс, жоғары және бітіруші курстарда – кешенді, оқу-тәрбиелік жұмыс жүреді. Зерттеу нәтижесі педагогикалық мамандығына көңіл толу, қанағаттануы мен жас мұғалімдердің өз жұмысына көңіл толуы төмен екендігін көрсетеді. Мұғалімдердің «көбіне өз жұмысыңызға қандай жағдайларда қанағаттанбайсыз?», деген сұраққа «жұмыс көлемінің шектен тыс көп болуы», «мұғалім мен класс жетекшінің жұмыс сағатының жиі өсуі», «уақыттың жетіспеуі», «өз жұмысын ұғынуға мүмкіндіктің болмауы» т.б жауаптарынан білуге болады.
3. Қазіргі мектеп мұғаліміне қажет жалпыпедагогикалық білім, дағды мен қабілеттер жүйесі

Қазіргі мектеп мұғалімі терең, әрі жан-жақты біліммен қатар практикалық дағды және қабілетке бай болуы керек.

Жалпы педагогикалық білім құрылымын мынадай элементтер қатарына бөлуге болады:

1. Педагогикалық құбылыстың даму заңы мен заңдылықтары, іргелі білімдер идеясы мен концепциясы;

2. Жетекші педагогикалық білімдер теориясы, негізгі ұғымдары мен категориялары;

3. Педагогикалық дәлелдерді негіздейтін білім;

4. Оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың және қолданбалы білімнің жалпы әдістемесі.

Бірінші топтың білімдер жүйесі, педагогика ғылым қоғам талабына сай оқыту мен тәрбиелеу мазмұны мен әдістерінің байланыста болуы; Мектеп практикасы мен педагогикалық теориялардың диалектикалық өзара байланысы; оқу-тәрбиелік үрдістердің мақсатын оқыту мазмұны және әдістерін байланыстыра қарастыру; оқушыларды тәрбиелеудің кешенді бағытын көрсету; балаларды жеке және жас ерекшелігіне қарап, дамыту заңдылықтарын сақтау және т.б негізделеді.

Екінші топтың білімдер жүйесі, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің түрі мен әдістерін, мазмұны, ұстанымдары мен заңдылықтарын, мектеп басшылығы мен басқаруын, жеке педагогикалық теорияларын, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктерімен байланысын қарастыруға негізделеді.

Үшінші топтың білімдер жүйесі, мұғалімнің жалпы педагогикалық білімін педагогикалық дәлелдер туралы білімін, педагогикалық практика мен педагогикалық тәжірибенің мазмұнын, теория мен практиканы байланыстырушы құрал ретінде пайдалануға негізделеді.

Педагогикалық дәлелдер мектептің даму заңдылықтары мен негізгі тенденциясы ретінде байқалып отырады. Іс-әрекеттің нақты дәлелі арқылы практика педагогикалық теорияның негізіне бойлап, өз кезегінде педагогикалық практикаға жағымды әсер бере отырып, дамуға жол бастайды. Осыдан соң, педагогикалық теория мен мектеп практикасының диалектикалық бірлігі мен өзара байланысы дамығаны көрінеді.


Дәлел – педагогикалық теорияның эмпирикалық негізі болып табылады. Педагогикалық дәлел – кез-келген педагогикалық үрдіс құбылысы, субъект өмірі мен әрекеті, топ, ұжым, мектеп, отбасы, мұғалімдер, ата-аналардың өмір сүру жағдайындағы өзара әрекеттің нәтижесі.

Төртінші топтың білімдер жүйесі, мұғалім педагогикалық үрдісті қолданбалы біліммен ұйымдастыру әдістерін негіздеуден көрінеді. (оқыту мен тәрбиелеу методикасы туралы, класс жетекшісі жұмысының әдістемесі, отбасы мен қоғамның бала тәрбиесі әдістемесінің біріккен жұмысы туралы) жүзеге асады. Осылайша, жалпы педагогикалық білімдер арқылы мұғалім әрекетінің тиімділігін теортикалық және жалпы әдіснамалық негізде арттыру қажеттігі туындайды.

Мұғалімнің педагогикалық білімі оның практикалық әрекеті арқылы толықтырылып отырады, өйткені олар жалпы педагогикалық қабілет пен дағдымен тығыз байланыста. Мұғалімнің практикалық қабілеті теоретикалық білімінің жүзеге асу мен қызмет ету түрінен көрінеді.
4. Мұғалімді жалпы педагогикалық дайындаудың қызметтері және оны құрудың әдістемелік принциптері
Педагогикалық институттарда мұғалімді кәсіби-педагогикалық дайындаудың көпжақты, әрі өзара байланысты жүйесі: қоғамдық-саяси, жеке-ғылыми, психологиялық-педагогикалық және жалпы-мәдени түрінде негізделеді.

Педагогикалық оқу орындарында мұғалімді кәсіби-педагогикалық дайындаудың жалпы жүйесінің әрбір компоненті өзіне тиісті міндеттерін орындайды. Болашақ мұғалімді дайындаудағы ерекшелігі: өз мамандығы бойынша терең, әрі жан-жақты білім мен қабілетке негізделген болуы, сол ғылымның мазмұны мен әдістерін зерттеу арқылы білім алу, оқу пәні негізінде мекутепте практикалық қабілеттерін дамытуына бағытталады.

Студенттің психологиялы-педагогикалық және әдістемелік дайындығы педагогика, психология, мектеп гигиенасы мен жас ерекшелік физиология негіздерін игеруі мектептегі оқу-тәрбиелік жұмыстарға дайын болуды қамтамасыз етеді.

Жалпы мәдени дайындық болашақ мұғалімнің жалпы білімі мен физикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық оқу орнындағы мұғалімді оқыту мен тәрбиелеу жүйесіндегі бірден-бір маңызды компонент жалпы педагогикалық дайындығы болып саналады.

Мұғалімді жалпы пеадгогикалық дайындау – объективті үрдіс, яғни белгілі-бір заңдылықтарға негізделеді:

-Жалпы педагогикалық дайындау жүйесі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани даму қажеттілігінің
туындауына байланысты;

-педагогикалық ғылым мен мектеп практикасының дамуы. Педагогикалық еңбек мазмұны мен сипаты, түрі мен әдісінің сәйкес келуі;

-жалпы педагогикалық дайындық үрдісінде болашақ мұғалімді оқыту мен тәрбиелеуді біріктіріп, дамыту;

-педагогикалық оқу орындарында жалпы педагогикалық дайындықтың мазмұны мен әдістері, мақсаты, қызметтерінің өзара байланыстарын қалыптастыру;

-жалпы педагогикалық білім қабілеттері мен дағдыларына сәйкес, сипаты, мазмұны, түрлері мен әдістерін оқу-танымдық, оқу-практикалық және студенттің практикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуі;

-студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес, жалпы педагогикалық дайындаудың әдісі мен мазмұнын қарастыру;

Жоғары педагогикалық мектептің студенттерін педагогикалық дайындаудың мазмұны жалпылық (ядра-түйіні, өзегінің болуы) ерекшелік, факультеттің өзгешеліктерімен толықтырылуы және жекелік (оқыту мен тәрбиелеудің жекелігі мен жіктелуі) ерекшеліктерінің өзара арақатынасын құрайды.

Бірінші құрамдас бөлігінің (компонент) мазмұны, оның - негізгі өзегі (түйіні) – бұл міндетті педагогикалық пәндерді зерттеп, бір жүйеге біріктіретін педагогика саласындағы іргелі білімдер саласы. Бұл бөлімнің құрылымы білім туралы заңдылық, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен принциптері туралы, оқу-тәрбиелік үрдісті ғылыми ұйымдастырудың жолдары туралы, баланы объекті және субъект ретінде тәрбиелеу шарттарын жетекші орынға қояды.

Екінші құрамдас бөлігінің мазмұны – таңдау бойынша пәндер, факультативтер, әрбір факультеттің ерекшелігіне арналып жүргізілуін көрсетеді. Педагогикалық оқу орындарында оқыту үрдісі тек болашақ мұғалімдердің шығармашылығын дамытқанда ғана, арнайы курстар мен кәсіби пәнге бағытталған үлкен мүмкіндікке ие болатындығын көрсетеді.

Үшінші құрамдас бөлігінің мазмұны – студенттің қызығушылығына байланысты, жеке шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған, жеке іс-әрекетінің стилін қалыптастыратын студентпен өзіндік жұмыс жүргізілуін көрсетеді. Бұл бағыт студенттің жеке ерекшелігіне сәйкес келетін әр түрлі тапсырмаларды орындауда еркін таңдау мүмкіндігі берілуіне жағдай жасайды.

Педагогикалық теория мен педагогикалық практиканың өзара байланысы бір жағынан, педагогикалық теория таным болса, педагогикалық практиканы тану, түсіндіру, болжамдау құралы болып саналады, екінші жағынан – мектеп практикасын жетілдіру құралы, талдау негізі мен тиімділігін бағалау белгілері болып табылады.


Педагогикалық теория педагогикалық үрдістің жалпы даму заңдылығын ашып отырады, ал оның негізінде жатқан мұғалімнің жеке жұмыс жағдайындағы жетекші ойы, көзқарасы, әрекеті, жұмсайтын күші есепке алына бермейді. Сондықтан практикалық білім берудің дамуы үшін теориялық білімнің практикадан жауап алуына, дәйек пен құбылыстарды негіздеп, олардың нәтижелерінің дамуына көмектесіп отырады. Педагогикалық практика мұғалімнің жеке тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар басқалардың тәжірибесіндегі педагогикалық теорияны негіздеп, түсіндіреді. Яғни, практика тиімділігі, артықшылығы, сол педагогикалық теорияның дамуының қайнар көзі болып табылады. Ғылыми білімдегі мұғалімнің жетістігі практикалық әрекетінен ғана көрініп отырады. Бұл әрекет теория мен тәжірибенің бірігуін және педагогикалық шеберліктің жоғары шыңын көрсетеді.

Мектептегі жұмысты атқара отырып, студенттерді практикада педагогикалық ғылым арқылы оқыту мен тәрбиелеу қажет. Педагогикалық практика үрдісінде студенттер өздерінің ролін саналы түрде сезінеді және теоретикалық білімдерін объективті салада тереңдету, кеңейту қажеттілігін көре түседі. Студенттер шын педагогикалық әрекет дәйектерін теоретикалық білім негізінде ұғынып, талдап және мектеп жұмысының қайта жандануына, білім алуды кеңейтуге, жетілдіруге араласады. Теорияны жетілдіріп, жүзеге асыру жеке тәжірибеде болашақ мұғалімдердің педагогикалық әрекетіне шығармашылық пен саналы қатынас жасауын нығайта түседі.

Педагогикалық ғылымның әдіснамалық аспектісін зерттеуде оның қызметтері қарастырылады. В.И.Загвязинский: педагогикалық оқу орындарындағы педагогикалық оқытудың ақпараттық-танымдық, тәрбиелік-идеологиялық, дамытушылық пен мотивациялы-ынталандырушы қызметтерін көрсетеді.

Әр түрлі бағыттарды ескере отырып, мұғалімді жалпы педагогикалық дайындаудың жоғары педагогикалық білім беру теориясында қызмет түрлері анықталды. Бұл екі топтағы: ішкі (идеялық-тәрбилік, білімдік-дамытушылық) қызметтер жалпы педагогикалық дайындықтың өзіндік мүмкіндіктер жүйесінде көрінуі, жеке бөлімдерінің өзара байланыста, әрі өзара тәуелді болуы және сыртқы (координациялық және интеграциялық) қызметтер кәсіби және педагогикалық дайындық жүйесіндегі жалпыпедагогикалық дайындау барысында өзара әрекет пен заңды байланыстар орнатуға негізделеді.