Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10сынып (оамдыгуманитарлы баыт) НрСлтан ., 2019 рметті малім!.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан қ., 2019
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12
«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау 12
«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау 16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 21
«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 21
«Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау 25
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 30
«Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау 30
«Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 34
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселеге сүйеніп негізгі ойын
анықтайды, ғаламдық мәселелермен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
-
ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» – десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», – деген пікірді айтқан.
-
Мәтіндегі ең маңызды 3 мәселені анықтаңыз.
-
_________________________________________________________________________ -
_________________________________________________________________________ -
_________________________________________________________________________
-
Мәселенің маңыздылығын ғаламдық мәселемен байланыстырып талдау жасаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
-
Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4
Бағалау критерийі | № | Дескриптор | Балл |
| тапсырма | Білім алушы | |
Мәтінде көтерілген | 1-3 | мәтіннен 3 маңызды мәселені анықтайды; | 1 |
мәселеге сүйеніп негізгі | | | 1 |
ойын анықтайды, | | | 1 |
ғаламдық мәселелермен | | мәселелерді ғаламдық мәселемен | 1 |
байланыстырады | | байланыстырады; | 1 |
| | | 1 |
| | негізгі ойды анықтайды; | 1 |
Барлығы | | | 7 |
5
«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі | | | | | | | Оқу жетістігі деңгейі | | | | | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | | Төмен | | | | | Орта | | | | | Жоғары | | | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мәтінде | көтерілген | Негізгі | мәселені | анықтауда, | Мәтінде | көтерілгені | мәселені | Мәтінде | көтерілген | мәселені | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
мәселеге | сүйеніп | мәселені | ғаламдық | мәселемен | анықтайды, | мәселені | ғаламдық | анықтап, | ғаламдық | мәселемен | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
негізгі | ойын | байланыстырып | талдауда және | мәселемен байланыстырып талдауда | байланыстырып талдайды, негізгі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
анықтайды, | ғаламдық | мәтіннің | негізгі | ойын | анықтауда | ой алшақтығы байқалады, негізгі | ойды анықтайды | | | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
мәселелермен | қиналады | | | | | | ойды анықтайды | | | | | | | | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
байланыстырады | | | | | | | | | | | | | | | | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
БАҚ, | | Қосымша | ресурс | көздерінен | Қосымша ресурс көздерінен деректер | Қосымша | ресурс | көздерінен | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
энциклопедиялық, | деректерді алуда, оған сілтеме | алады, бірақ сілтеме жасамайды, | деректерді | алады, | деректерге | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ғылыми-көпшілік | жасауда , ойын жинақы жеткізуде | ойын шашыраңқы жеткізеді | | | | сілтеме жасайды, ойын жүйелі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
еңбектерден деректерді | қиналады | | | | | | | | | | | жеткізеді | | | | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
тауып, | сілтеме | | | | | | | | | | | | | | | | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| | | | | | | | | | | | | | | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
жасайды | | | | | | | | | | | | | | | | | | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| | | | | | | | | | | | | | | | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | | | | | | | | | | | | | | | |
6
«Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» | | ||||
| бөлімі бойынша жиынтық бағалау | | | ||
Оқу мақсаты | 10.2.6.1 Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын | ||||
| жүйелі қолдана білу | | | | |
| 10.3.4.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды | ||||
| қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе | ||||
| жазу (дискуссивті эссе) | | | | |
| 10.4.1.1 | Мәнмәтін | бойынша | тілдік | бірліктерді |
| орфографиялық нормаға сай жазу | | | ||
Бағалау критерийі | Білім алушы | | | |
-
Оқылым стратегияларын қолданады
-
Клишелер мен лексикалық құрылымды қолданып, эссе жазады (дискуссивті эссе)
-
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
Ойлау дағдыларының
Жоғарғы деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
-
Мәтінді оқып, тақырып ұсыныңыз және ақпараттар негізінде қорытынды ойды шығарыңыз.
Бұл таңдамалы суреттер данышпан авторлардың ең керемет өнер туындылары ретінде әлдеқашан тарихқа енген. Әлемге әйгілі бұл суреттер несімен ерекше, несімен құнды және неге оны әр адам білуі тиіс. Жауабын іздеп көрейік...
Леонардо да Винчи, «Мона Лиза». 1503 - 1505 Танымалдылығы жағынан да Винчидің осы
қылқалам туындысына әлемде ешбір картина жете алмас. Бұл суретті өмірде көргеннен, интернеттен көру оңайырақ. Өйткені Лувр мұражайына туристерден түзілген кезектен тарихи игілікке тек ең шыдамдылары
ғана жетеді. Картинада флоренциялық жібек сатушысының әйелі Лиза Герардини бейнеленген деп есептеледі, алайда кейіпкердің кім екені нақты анықталмаған. Ол суретшінің анасы болуы мүмкін, қыздың келбетіндегі жігіт немесе суретшінің өзі деген де қауесеттер бар.
7
Пабло Пикассо, «Шар үстіндегі қыз». 1905
Бұл картинаның түпнұсқасы Мәскеу қаласындағы Пушкин мұражайында сақталған. Автор цирк әртістері арқылы жабыңқы пейзаж бен қуанышты суреттеп, кереғарлықты көрсеткісі келген. Шардың үстінде билеп жүрген ширақ және икемді гимнаст қыз бен монолитті текшеде тұнжырап, қимылсыз отырған атлет. Кереғар өмірді көрсететін бірден-бір портрет деуге болады.
Винсент ван Гог, «Жұлдызды түн». 1889
Ван Гог жұлдызды түнді салуға ұзақ уақыт бойы дайындалған. Ол тіпті алдын-ала «Рона аспанындағы жұлдызды түн» картинасын да салып көрген, алайда нәтиже көңіл көншітпегенге ұқсайды. Бұл «Жұлдызды түннің» ең бір ерекшелігі, суретші оны есінде қалған элементтерден салған. Дәл сол сәтте автор есінен адасып, Сен-Реми ауруханасында жатқан екен.
Рафаэль, «Сикстиндік Мадонна». 1512
Картинаның астындағы екі кішкентай періштені көптеген хаттар мен плакаттардың сыртынан көрген боларсыз? Картинаның сүйкімділігі оның фонында. Бір қарағанда ол бұлт сияқты көрінгенімен, жақындап қарасақ, фон жүздеген кішкентай періштелердің басынан құралғанын байқаймыз. Суреттің өлшемі де таң қаларлық: 3-те 2 метрге жуық.