ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 75
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Қарым-қатынас әдебі | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | «Бар» мен «Жоқ» әдебі. Парасаттылық мектебі. | |
Сабақтың мақсаты | Оқушылар бойына парасаттылық қасиеттерді дарыту |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Ұйымдастыру кезеңі | Қызығушылықты ояту "Бар" мен "Жоқ", "Ал" менен "Бер" бірге туған, "Ал" мен "Бар" ажал жетіп өлген удан. "Жоқ" пен "Бер" жұрт біткенді жүр аралап Жанына жолдас ертіп ылғи қудан. "Жоқ-жоқ" деп жұрттан асқан байлар - дағы Құтылар қолға түспей қалың дудан. "Бер - бер" деп бір пара қу бойыңды ертіп, Май алар ас қатықтық ұрттам судан. Көзіңе кейпім күйкі көрінгенмен, Құтқармас қуған аңын мен бір бұдан! Дамолла Тұрмағамбет қолым қойдым, Әулеті Кіші жүздің Кете рудан. -Оқушылар Тұрмағамбет Ізтілеуұлы ақынның өлең жолдарында «бар» мен «жоқ» мағынасын қалай түсінік береді?Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер | ||||
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс «Жоқ» сөзін пайдалану Қандай жағдайда «жоқ» деу керегін мақсаттар айқын болғанда ғана айтуға болады. Алдағы 5 жылдық жоспарды жазып, солар бойынша бағыт ұстап отыру керек. Түпкілікті мақсаттар белгілі болғанда таңдау жасау жеңіл болады 1 тапсырма Бейне көрініс https://youtu.be/HoTutSHJcNY Бейне көрініс бойынша SWOT-талдау «Бар» және «жоқ» сөзінің қолданылуына талдау жасау
2 тапсырма «Жақсы сөз –жан азығы»Эссе 3 тапсырма «Неге? Неге? Неге?» әдісі «Неге? «Бар» сөзі қолданылуы маңызды? Неге? «Жоқ» сөзіның тиімсіз жақтары басым? Неге?» «Бар» мен «жоқ» сөзінің маңыналары әр түрлі 4 тапсырма Мақал-мәтелдердің мағынасын анықта 1.Бармын деп аспа, Жоқпын деп саспа. 2.Барым әзір, жоғым жай. 3.Жоқтан бары артық. 4.Бар – балпаң, Жоқ – жалтаң. 5.Базар барға – балдай, Жоққа – зәрдей. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор -«Бар» және «жоқ» сөзінің қолданудың мықты жақтарын анықтау; -«Бар» және «жоқ» сөзінің қолданудың әлсіз жақтарын анықтау;-«Бар» және «жоқ» сөзінің қолданудың мүмкіндіктерін анықтау;-«Бар» және «жоқ» сөзінің қолданудың Келеңсіз жақтарын ажырату; Дескриптор- бар мен жоқ сөзінің маңынасын ажыратады; сипаттама береді; Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын ашады | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте | ||||
Қорытынды | Кері байланыс 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект | ||||
Үй тапсырмасы | «Жақсы сөз-жан азыңы» Еркін жазу | | | |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Қарым-қатынас әдебі | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | «Сыйлық» қабылдау және сыйңа тарту әдебі. | |
Сабақтың мақсаты | тақырып көлемінде оқушылардың коммуникативтік компетенцияларын; ой-өрістерін, сөздік қорын молайту арқылы, күнделікте және ауыз-екі сөйлеуде пайдалануын дамыту, тапсырмалар арқылы адамгершілік, ізгілік, парасаттылыққа тәрбиелеу, уақытымен және орынды сыйлық жасап, қуаныш білдіруге тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау 1.Суреттерде не көріп отырсыздар? 2.Не ерекше болды? 3.Қалай ойлайсыңдар, сыйлық қашан беріледі? 4.Қай кезде сыйлықты сыйлауға болады? Қандай сыйлық түрлері орынды болып саналады?» 5.Тақырыпты болжап көріңіз.... Болжамдарын негіздейді Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер | ||||||||
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Сыйлық ол - ілтипат. Бір адамның екінші адамға деген шынайы ықылас көпірі. Сыйлықтың қатқан жүректі жібітіп, оны жұмсартатын ерекше қасиеті бар. Қайнаған ашу-ызаны сейілтіп оның орнына сүйіспеншілік сезімін оятатын ерекше күшке ие. «Ат құйрығын шорт кесісіп» байланысы үзілген талай ағайындардың, бауырлардың арасын қосқан да осы сыйластық, бірінші болып сый тарту. Сыйлық алу əркімнің-ақ ұнататын ісі. Өйткені сыйлық алғанда, адамның жаны жадырап, көңілі көтеріліп, іштей бір марқайып қалады. Ислами құндылықтармен біте қайнасқан қазақи салт-дәстүрімізде сый тарту ежелден бар үрдіс. Сыйлы қонақтың иығына шапан жабу, астына ат мінгізу, алдына қоралап қой, үйірлеп жылқы салып айдату, сəлемдеме ретінде азын- аулақ сый-сыяпатын беріп жіберу – о бастан қазақ дəстүрінің нышандары. 1 тапсырма Позиция «Сый жасау құрметтілік белгісі деп санауға болады/болмайды?» Түсіндіру(себебі...) Мысал (мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....) Салдар(қорытынды жасаймын....) 2 тапсырма PETT формуласы. Сыйлық сыйлау мәдениеті адамдар қарым-қатынасына әсеріндегі өзгерісі мен сабақтастығын талдайық!
| Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор - ақпарат береді - анықтайды; Дескриптор- ажыратады; сипаттама береді; Дескриптор - Сыйлық сыйлау мәдениеті адамдар қарым-қатынасына әсеріне талдау жасайды; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте | ||||||||
Қорытынды | Кері байланыс Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект | ||||||||
Үй тапсырмасы | «Сыйлық ол-ілтипат» Ой түйін | | | |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Жеке адамның өзін-өзі ұстау әдебі. | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Адамның киіну мәдениеті. Киіну стилі мен тазалық. | |
Сабақтың мақсаты | киімнің пайда болуы, қолданылуы, қоғамдағы рөлі туралы түсінігін молайту,арнайы киімге қойылатын қолданымдық және эстетикалық талаптар, киім туралы эстетикалық талғамын қалыптастыру.,әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | «Шаттық шеңбері» әдісі негізінде бір-біріне жақсы тілектер айтады. Тақырыпты ашу мақсатында «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша слайдта көрсетілген киім үлгілері мен түрлері бар суреттерге қарап сұрақтарға жауап беріп, болжау арқылы тақырыпты ашады. «Қағаз қиындылары» әдісі бойынша қағазға жазылған киім стильдерінің түрлері бойынша топқа бөлінеді.
| Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер | ||||||||||||||
Жаңа сабақ | Ақпараттық мәтінмен жұмыс 1-тапсырма. Инсерт әдісі Аудио тыңдалым арқылы «Түртіп алу» әдісі бойынша мәтінді мұқият тыңдап, негізгі ақпаратты Мазмұнын қысқаша айтып береді.
2-тапсырма . «Бекроним» әдісі бойынша кестеге негізгі ойды айту.
3-тапсырма. «Жылдам дебат» әдісі бойынша мәтіндегі тірек сөздерді пайдалана отырып, «Сән маңызды емес, бастысы киім қонымды болу керек» деген тақырыптарында пікірталасқа түсіріңіз | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор-Мазмұнын түсінеді; -Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; Дескриптор 1.Мәтіннен тірек сөздерді табады 2.Жетекші сұрақтарға жауап береді |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Дескриптор
1.Мәтін бойынша еркін пікірталасқа түсе алады.
2.Тірек сөздерді тиімді пайдалана алады.
3.Жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыра алады