ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау -Халыққа қызмет көрсетуде әдептілік сақтау қажеттілігі қаншалықты қажет? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер | ||||||||||||||||||
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Субординацияның жалпы алғанда мағынасы да жолы, қызметі үлкендерге құрмет білдіру дегенге саяды. Белгілі бір адаммен қарым-қатынас жасаған кезде, оның жасы, жынысы, қызметі есепке алынады. Құрбы-құрдасымызбен түрлі тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіп, қалағанымызша қалжыңдаса алсақ, жұмыстағы әріптесімізге келгенде, барынша ресми болуға тура келеді. Түрлі дәрежедегі басшылар мен қатардағы қызметкерлер бір-бірімен өз-өзін ұстаудың ережесіне сүйеніп отырып, араласады. Басшылық тарапынан келген бұйрықтар мен оның есебі қызметтік субординация ережесіне сай жүзеге асуы тиіс. 1-тапсырма Мәтінмен "Борт журналы" тәсілі арқылы жұмыс жасайды.
2-тапсырма GREАT кестесі қызметкерлер бір-бірімен өз-өзін ұстаудың ережесіннің маңыздылығына талдау жасайды
| Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор -мәтін бойынша өызметтік ерелерге ақпарат береді Дескриптор - қызметкерлер бір-бірімен өз-өзін ұстаудың ережесіннің талдау жасайды; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/4123/ Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте | ||||||||||||||||||
Қорытынды | Кері байланыс | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект | ||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Қызметтік әдеп ережелері. Субординация. | | | |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Қонақ күту, тамақтану әдебі. | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Үй иесі мен қонақ қарым-қатынасы. | |
Сабақтың мақсаты | Мәтіннің негізгі ойын анықтай отырып, сұрақтарға жауап береді, диалог құрастырады |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау -Қонақ келгенде қалай қарсы аласыз? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер | ||||
Жаңа сабақ | 1 тапсырма. Мәтін мазмұнын тыңдап, негізгі, қосымша ақпаратты анықтаңыз. Қонақ күту Қонақ күту – қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі. Келген қонаққа қонақжайлылық көрсету мәдениеттің, адамгершіліктің, сыйластықтың белгісі. Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң- ырысың қашады", «Қонақ келсе қой егіз табады» деген мақалдар бар. Қонақтың түрлері: Қыдырма, қылтима, құдайы қонақ, т.б. Қонақ арнайы шақырумен де, шақырусыз да келеді. Келген қонақты жылы шыраймен қарсы алу керек. Арнайы шақырған қонақты үйге жақындағанда күтіп алу керек.. Амандасып, жол сілтеп үйге шақырған. Әр қазақ қонаққа төрден орын беріп, дастарқан басына шақырады. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі ең алдымен сусын, қымыз - қымыран ұсынған. Әлдебір себептермен кешігіп келетіндер де болады. «Неге кешіктің?» деп сөкпеген қазақпыз. Кешіккенге тиісті сыбағасын сақтап қойған. Қонаққа сынық ыдыспен ас бермеген. Үлкен кісілерге ас берерде сол үйдің жасы кіші балалары қонақтардың қолына су құйған. Қонақтардың жасы мен құрметіне қарай мүшелі табақтар тартылады. Тамақтан соң асқа бата береді. Қонақтың талап-тілегін орындап, сый-құрмет көрсетіп, шығарып салған.
«Серпілген сауалдар» 1. Қонақ күту қандай салт-дәстүр? 2. Қонақ қай орынға отырады? 3. Қонақты қалай күтеді? 4. Қонақтың қандай түрлері бар? 5. Қонақты қалай шығарып салған? 2 тапсырма.Фотосуреттер бойынша әңгіме құрастыр. Фотосуреттер бойынша тапсырманы деңгейлерге бөлемін. «Сипаттамалы жазба» әдісі І деңгей Фотосуретті пайдаланып әңгіме құрастыр. ІІ деңгей Фотосуреттер бойынша сөйлем құрастыр. ІІІ деңгей Фотосуреттеді бойынша әңгіме жаз. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор Мәтін мазмұнын түсінеді. Тақырып туралы мәліметтерді біледі. Мәтінге сай ақпаратты анықтайды. Мәтін арқылы қосымша ақпарат анықтайды. Дискриптор: Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырып жазады. Фотосуретті пайдаланып, әңгіме желісін қызықты құрастырады. Суреттер бойынша кейіпкерлерді қатыстыра отырып, әңгіме жазады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте | ||||
Қорытынды | Кері байланыс «Шолиер табақшасы» Жасыл табақша – «Маған сабақ өте ұнады» Сары табақша – «Маған сабақ ұнады, бірақ 1-2 сұрағым бар»; Қызыл табақша – «Мен сабақта қиналдым» | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект | ||||
Үй тапсырмасы | «Үй иесі мен қонақ» тақырыбында шығарма жазу | | | |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Қонақ күту, тамақтану әдебі. | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Дастархан заңдылығы. | |
Сабақтың мақсаты | «Дәм татыру» мәтінінің алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | Қызығушылықты ояту Оқушылар көңіл-күйін реттеу мақсатында «Бір шаңырақтың астында» әдісі бойынша шеңбер құрып,есімдерінің басқы әріптеріне байланыстырып,1 сөзден айтады, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Бейне көрініс https://youtu.be/fQan1gxoQc8 Бейнеден не көріп отырсыздар? Тақырыпты болжап көріңіз.... Болжамдарын негіздейді Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер https://youtu.be/fQan1gxoQc8 | ||||||||||
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Дәмету – ас-тағамға, дәмге қатысты жоралғы. Дәстүрлі ортада, әдетте конаққа тартылған сый табақтан, не үлкен адамдар алдынан қайтқан табақтан кейінгі жастарға «сыбаға» қалдырылады. Оны астан кейін қалыптасқан үрдіс бойынша жігіттерге асатады және дастарқан жасаған келіндерге ризашылықтың белгісі ретінде атап береді. Ақсақалдар қолынан ет асау жас жігіт үшін мәртебе саналады. 1 тапсырма «Сен маған, мен саған» әдісі Сұрақтар:
2-тапсырма. «Алдын-ала берілген атаулар» әдісі Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Мысалы: дастархан,тағам терминдері
3 тапсырма Мәтін бойынша дастархан жабдықтаудың жалпы тәртібін кестег жазады
4- тапсырма «Суреттер сөйлейді» Бейнеленген суреттерге ортақ тақырып қоя отырып,сипаттама беруді ұсыныңыз | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Оқушылар тақтаға бірнеше атау жазылған, осы атаулардың мағы насы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ақпарат береді; |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Дескриптор
ой шақырып, ойларын жинақтап айтады
сөздің мағынасын , өзара байланысын түсіндіреді,
салт-дәстүрге байланысты сөздер екенін айтады
-суреттер бойынша сипатама береді;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой қозғау Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер? • Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме? • Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады? • Әдептілікті бізге кім үйретеді? М Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының,жүріс-тұрысыныңережесі,осы әдептілік ережесін сақтай білу керек Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау» | Тақырыптық суреттер |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Әдептілік —адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. «Әдептілік ережелері» • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. «Жалғастыр» ойыны. « Не істеуге болмайды?» Үлкендердің алдынан.... ( жолын кесіп өтуге болмайды ) Кішкене баланы .... ( жылатуға болмайды ) Құстарды .... ( атуға болмайды ) Сабақтан .... ( кешігуге болмайды ) Сыныпта .... ( айғайлауға болмайды ) «Не істеу керек» ойыны. Үлкен кісіні .... ( сыйлау керек ) Үлкеннің тілін .... ( алу керек ) Үлкендерге .... ( сәлем беру керек ) Кішілерге .... ( көмектесу керек ) Оқу құралдарын .... ( күтіп ұстау керек ) Суретке қарап әңгіме құра Жақсылық пен жамандық арасындағы күрес туралы шағын мәтінді оқып танысуға ұсыну. Мәтінмен жұмыс. Адам ішіндегі екі қасқыр. Талқылау сұрақтары: • Неліктен екі қасқыр арасында күрес жүрді? • Сен қай қасқырды асыраған дұрыс деп ойлайсың? Неліктен? «Домино» ойыны. Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатады? Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатпайды? Ой қорытындысын жасау. | Ақпараттық мәтінмен жұмыс Дескриптор- жақсылық пен жамандықтыажыратады; жақсы әдеп пен жамандыққа сипаттама береді; Дескриптор - әдептіліктің маңыздылығына талдау жасайды; -мәтін бойынша әдептіліктің ерекшеліктерін ажыратады; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Ең үздік жауап» ҚБ «Алақан-жұлдыз» ҚБ «Ең ұтымды жауап» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте |
Қорытынды | Кері байланыс –«Бақылау картасы» Мен бүгін не білдім? Не үйрендім? Менің байқағаным... | Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады | Оқушылар бағалайды | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | | | | |