Файл: 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 115

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Бақылау сұрақтары Күртқұлама тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Жазық жатысты тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Бос жыныстар бойынша арналық штректерді жүргізіледі ме? Ұсақ бөліктерге қазу горизонтын бөледі ме? Горизонт шегінде тазартпа жұмыстарын жүргізудің кері тәртібін қолдануға рұқсат етіледі ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда шақты алабын дайындау кезінде оқыс лақтырысқа бейімді емес жыныстарда қазбаларды толтыру талап етіледі? Әр түрлі қазу горизонттарының шегінде түрлі дайындау тәсілдерінің қолданылуы мүмкін бе? Қазу горизонтының шегінде диагональдық тәсілдердің қолданылуы мүмкін бе? Горизонттың шегінде тазартпа кендарларының жылжу бағытын таңдауға төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағыты әсер етеді ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда даярлаушы қазбаларды жүргізу мүмкін бе? Қазу горизонтын қандай бөліктерге бөледі? Неге төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағытына тазартпа кенжарының жылжу бағыты тәуелді? Қорлары. Панелдер мен этаждарда тақтаны өрлеме (құлама) бағыты бойынша лавалармен қазымдайтын шақтыларды атаңыз? Қандай жағдайларда жазық даярлау қазбаларын далалық жүргізу талап етіледі? [3, пп. 6. I, 6.2, 6.7]. Магистральдық бейкендік қуақаздарды қорғау үшін қандай тәсілдерді қолданады? [3, пп. 6.3, 6.8]. Далалық арналық штректерді лаваның артындағы кен алынған кеңістікке орналастыратын шақтыны атаңыз? Қандай жағдайларда бітеме жолақтарын қолданған даярлау қазбаларын кен кенжатмен жүргізу ұсынылады? [3, п. 6.12]. Неге далалық арналық штректерді учаскені (панелді, блокты) қазымдағаннан кейін кен алынған кеңістікте орналастыру керек? [3, п. 6.3] Қандай далалық штректерді көмір тақтасы бойынша жүргізуге рұқсат етіледі? [3, п. 6.2]. Шақты алабын дайындаудың горизонттық тәсілі панелдік тәсілден қандай айырмашылығы бар? Қандай мақсаттарда қазу горизонтының еңістік бөлігінде қосалқы еңіс жүргізіледі? Қазу горизонтының еңістік бөлігінің өлшемі 1 км қандай жағдайларда аспауы керек? [1, § 197], Горизонтты қазымдау ұзақтылығын көрсетіңіз [6, с. 47]. Горизонтты қазымдау ұзақтылығы неге технологиялық жобалау нормаларында көрсетілгеннен кем болмауы керек? [7, п. 2; 6, c. 47]. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі1. Правила безопасности в угольных и сланцевых шахтах: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 18.08.86 и Госгортехнадзором СССР 12.09.86. - М. : Недра, 1986. - 447 с.2. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной промышленности СССР 5.01.75. - М. : Недра, 1976. - 152 с.3. Указания по рациональному расположению, охране и поддержанию горных выработок на угольных шахтах СССР: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 26.12.84. - Л.: Недра, 1986. - 222 с.4. Технологические схемы разработки пластов, склонных к самовозгоранию: Утв. М-вом угольной пром-сти УССР. - Донецк, 1972. – 33 с.5. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. - 158 с.6. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /Под общ. ред. проф., д-ра тех. наук А.С.Бурчакова. - М. : Недра, 1983. - 487 с.7. Основные направления и нормы технологического проектирования угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 13.09.66. - М. : Недра, 1986. - 62с.8. Руководство по проектированию вентиляции угольных шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 10.04.74. - М. : Недра, 1975. - 237 с.9. Государственные стандарты СССР. Горная графическая документация: ГОСТ 2.850-75 - 2.857-75. - Введ 1.01.80. – М. : Недра 1983. – 200 с.10. Методические положения по оценке и выбору способов подготовки шахтных полей по фактору горного давления /ИГД им. А.А. Скочинского. – М.: Недра 1985. - 19 с. 11. Разработка пологих и наклонных пластов /С.А. Саратикянц, А.Ш. Зельвянский, А.А. Лещинский, Ю.К. Батманов. - М.: Недра, 1977. - 187 с.12. Дополнения к "Руководству по проектированию вентиляции угольных шахт / МАКНИИ. - М. : Недра, 1981. - 72 с.№ 3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Екі жақын тұрған тақталарды бірге қазудың технологиялық варианттарын жобалауТапсырма: берілген жағдайлар үшін (11.3 - кесте) тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау.Жұмыстың мақсаты: тақталар қабаттарын бір уақытта бірге алу немесе әр қабатты әр уақытта жеке-жеке тақта түрінде алуды дұрыс жобалауды үйрену.Практикалық оқу объектілері: тау-кен қазбаларының бірлескен жоспарларынан көшірмелерге тақталарды қазымдаудың кен-геологиялық жағдайларын (ұстынды құрлымдарын, тақтаның және жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін, олардың қуаттылығымен қаттылықтарын (бекемділіктерін),тақталардың арақашықтығын және т.б. қасиеттерді) көрсете. Бұл айтылғандар тақталарды жеке-жеке немесе топтастыра қазу варианттарын анықтауға көмек жасайдыЖұмысты ұйымдастыру: әрбір студент тау-кен жұмыстарының жоспарынан көшірмені алады.Қазуды жобалау кезінде сала мен бассейнде жұмыс істейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алған дұрыс.Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауларЖұмысты кезең-кезеңімен орындаған дұрыс.№ 1-кезең. Кестеде және тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмеде берілген тақталардың қасиеттерін оқып білу. Тақталардың терең меңгерілген қасиеттерінің негізінде төменгі материалдарды қабылдау және дәйектеу: - берілген тақтаның құлау бұрышын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын [2, § 22];- әрбір тақтаның суландырылуын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын;- тақтаның оқыс лақтырысқа және өздігінен жануға бейімділігін ескере топты тақталардың реттік қазымдалуын [2, § 157, 186-188; 3, п. 39; 6, пп. 7.4, 7.6-7.8];- тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін және тақталар арасындағы қашықтықты нормалар бойынша ескерумен қазылатын тақталардың лавалар арасындағы созылымы бойынша қашықтығын [2, § I9I; 3, п. 120; 6, п. 7.6];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша ярустарды (этаждарды) қазымдау тәртібін [2, 187, в; 4, п. 2; 5, п I.3];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [3, пп. 38 е., 44; 4, п. 2; 5, п. 1.3.];7. Метан газының бөлініс көздерінің үлес салмағын ескере тақталар бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [7, с. 27-28];8. Нормаль бойынша тақталардың арасындағы қашықтықты және тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере тақталарды топты немесе жеке-жеке қазымдауын [2 § 186; 6, п.7.6];- қазылатын тақталардың қуаттылығын және тақталардың оқыс лақтырыcқа бейімділігін ескере ярустың (этаждың) бір қанатының шетінде қазылатын тақталарда лавалардың орналасуы кезінде тақталардың бір мезгілде топты қазымдалуын;- m1¹m2 болған кезде және әр түрлі ярустарда (этаждарда) лавалардың орналасуы кезінде, топты тақталарды кезектікпен қазуда, созылым бойынша лавалар арасындағы қашықтық панел қанатының ұзындығынан үлкен;- тақталар арасындағы қашықтықты, тақталардың қуаттылығын және олардың қасиеттерін ескере қазылатын тақталарға қатысты топты штректердің орналастыру орындарын [6, пп. 6.3, 7,4; 3, п. 45];Ескерту. Қабылданған шешімдерді ескере топты тақталарды қазудың схема сызу ұсынылады.№ 2-кезең. Қазылатын тақталардың төбесі мен табан қасиеттерін оқып білу. Төбе және табан жыныстарының қасиеттерін терең меңгеруде төмендегі материялдарды қабылдау және дәйектеу қажет:- қазылатын тақталардың қазбаларын қорғау тәсілін таңдау үшін төбенің құлағыштығы бойынша негізгі төбені кластарға бөледі [6, п 3.I4];- топтық штректерді орналастыру орнын таңдауға арналған Hр/ Rcn көрсеткіші бойынша тақталардың табан жыныстарының ісінуге бейімділігін [6, п.7.44]; - топталған үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты топтық қазбалардың орналасуын [6, пп. 6.3, 7.6, 7.7];- кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты қазылатын тақталар бойынша топтық қазбалардың орналасуын [3, пп. 6,3, 7.12];- қазбаларды қабылданған қорғау тәсілдеріне сәйкес жасанды қоршауыштардың типтері мен шамашарттарын [3, пп. 7.14, 7.15, 7. 17];- негізгі төбе жыныстарының құлағыштыққа бейімділігін ескере қазбаларды қайтадан қолдану мақсатымен топтық қазбаларды қорғау тәсілдерін [3, пп. 7.36, 7.60].- тақталардың құлау бұрыштарын ескере топтық штректерді көршілес тақталардың қазбалары мен қосатын квершлагтардың ара қашықтықтарын және бірікткретін қазбалардың типтерін [1, § 197];- қазбалардың көлденең қимасының ең аз аудандарын [I, § 49; 2, § 116].№ 3 кезең. Графикалық бөлікГрафикалық бөлімде тақтаның құлама сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі, егерде көмір тақтасын жазылым бағыты бойынша қазып алатын болса немесе тақтаның жазылым сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі. Егерде көмір тақтасы өрлеме-құлама бағыты бойынша қазып алатын болса (М 1:5000; 1:2000). Сызбада, сондай-ақ даярлық және тазартпа қазбаларының кесінділері көрсетіледі.Сызбада шартты белгілермен тақталық және топтық қазбалар бойынша таза және шықпа желдетпе ағындарының, сондай-ақ жүктердің толассыз жеткізілу бағыттары көрсетіледі.Бақылау сұрақтары Топты тақталарды лавалармен тақтаның өрлеме немесе құлама бағыты бойынша қазып алуға бола ма? Өрлей алу тәртібінде жақын орналаспаған тақталарды қазып алуға бола ма? Жақын оналаспаған тақталарды өрлей алу тәртібі мен қазып алуға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? Үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістігінде топтық штректерді орналастыруға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? 11.3 – кесте– Берілген жағдайлар үшін тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау

№ 6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Варианттар әдісімен шақты алабын ашу тәсілін таңдау

алғашқы жұмыстар кешені


Бақылау сұрақтары

1. Қандай тақталар қорғаушы тақта деп аталады?

2. Лақтырыс қауіпті тақта қорғаушы тақта есебінде қабылдануы мүмкін бе?

3. Кен алынған кеңістіктің еңі қорғалған тақтаның табаны мен төбесіндегі қорғалған аймақтың өлшеміне әсер етеді ме? (Иә немесе жоқ, неге?).

4. Қорғалған аймақтың өлшеміне қазу тереңдігі қалай және неге әсер етеді?

5. Қорғалған қаттың қуаттылығы қорғалған аймақтың өлшеміне әсер етеді ме? (Иә немесе жоқ, неге?).

6. Қорғалған тақтаның тиімді және белгілі қуаттылығы арасында қандай айырмашылық бар?

7. Төбені басқарудың қандай тәсілінде – гидравликалық немесе пневматикалық толтырымда – қорғалған тақтада қорғау әрекеті аймағының өлшемі көп болады және неге?

8. Егер тақталар арасындағы қашықтық 30 м; 17 м; 52 м болса, онда шала қазымдалған және даярланған кезде лақтырыс қауіпті тақтада кенжарларға забойларға қатынасы бойынша қорғалған тақтаның аз озықтылығы шамасын көрсетіңіз.

9. Қорғалған тақтаны қауіптіге қатынасы бойынша қазуда озықтықтың рұқсат шамасы шектеледі ме, соны түсіндіріңіз?

10. Егер а>L1+ L2 ; егер а≤L1+ L2 болса, қауіптіге қатынасы бойынша қорғалған тақтаны қазу ісін қалай жүргізуге болады? Және неліктен?
11.4-кесте– Берілген жағдайлар үшін тақтаны қазу кезінде лақтырыс қауіпті тақтаның қорғалған аймағының шекарасын график түрінде көрсетіп және есептеу


№р/р



Қорғалған тақта туралы мәліметтер

Қазу тереңді-гі

H, м

Этажд-ың көлбеу биіктігі

Hэт, м

Этажаралық кендің-гектің өлшемі

hц, м

Қорғалған тақтада төбені басқару-дың тәсілі

Тақта арасынд-ағы жыныстарда құмдақтардың болуы

ή,%

Қауіптіге қатысты орналас-

қан

Қауіп

тіге hi,м дейінгі қашықтық


Қуатты m, м

Құлау бұ-

рышы

ά, град


А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

И

К

1

төбеде

18

0,8

15

400

150

-

төбенің

толық құлауы

50

2

төбеде

35

1,2

40

500

130

8

пневматикалық толтырым

60

3

табанда

42

0,65

52

600

I8O

6

төбенің

толық құлауы

18

4

төбедее

25

0,7

60

700

144

-

гидравликалық толтырым

28

5

табанда

48

1.4

34

750

138

10

төбенің

толық құлауы

32

6

төбеде

34

0,6

65

800

160

-

төбенің

толық құлауы

55




Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. - 158 с.
№ 5-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Тау-кен жұмыстарының жоспарлары бойынша шақты алабтарын ашу тәсілдерін зерделеу

Жұмысты орындауға арналған тапсырмалар

Тау-кен жұмыстарының жоспары бойынша анықтау:

1. Шақты алабының шегінде оқпандардың орналасқан орны.

2. Оқпандардың саны, олардың технологиялық міндеті.

3. Ашу схемасы бойынша (егер ол сызбада тау-кен жұмыстарының жоспарымен келтірілген болса] белгілеу:

3.1. Ашылатын тақталардың саны.

3.2. Ашылатын қазба бойынша тақталар арасындағы қашықтық.

3.3. Басты және қосымша ашу қазбаларының атауы.

3.4. Жұмыс горизонттарының саны.

3.5.Тік және тақтаның жазықтығы бойынша көтерме горизонттардың арасындағы қашықтық.

4. Шақты алабын ашу схемасын сызу.

5. Шақты алабын ашу тәсілінің толық атауын беру.

Жұмыстың мақсаты: жұмыс шақтыларының үлгісімен шақты алабтарын ашу тәсілдері жөнінде білімді тексеру; тау-кен жұмыстарының жоспарлары бойынша шақты алабтарын ашу тәсілдерінің класы мен шамашарттарын анықтау дағдыларына ие болу.

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Практикалық жұмысқа дайындалу барысында студент жұмыстың орындалу үлгісін зерделеп [l, II бөлім] және мұқият талқылауы керек.

2. Әрбір студентке тау-кен жұмыстарының жоспары беріледі.

3. Тау-кен жұмыстарының жоспарымен және ашу схемаларымен толық танысқаннан кейін шақты алабын ашу тәсілін жан-жақты талдап зерделеуге көшуге болады.

4. Белгілеу:

4.1. Негізгі ашу қазбаларының типін.

4.2. Қосымша ашу қазбаларының санын, типін және пайдаланудағысын.

4.3. Жұмыс горизонттарының санын.

4.4. Горизонттарды іске қосудың реттілігін.

4.5. Негізгі және қосымша ашу қазбаларының технологиялық міндетін.

5. Өлшеу:

5.1. Жұмыс горизонттарының арасындағы қашықтықты.

5.2. Көтерме горизонттары мен тақталар жазықтығы арасындағы құлама қашықтықты.

5.3. Негізгі және қосымша ашу қазбаларының ұзындығын.

6. Егер сызбада тау-кен жұмыстарының жоспарымен бірге шақты алабын ашу схемасы келтірілген болса, онда ашылатын тақталардың саны, олардың индекстері, тақталар арасындағы қашықтықтар суреттен айтылады.

7. Егер сызбада тек қана тау-кен жұмыстарының жоспары ғана келтірілген болса, онда шақты алабын ашу тәсілі бір тақта үшін ғана келтіріледі.


8. Белгіленген мәліметтер бойынша шақты алабын ашу тәсілінің атауын тұлғалау және шақты алабын ашу схемасын сызу (тілігін, сызылғысын), барлық тән өлшемдерді көрсету; стрелкалармен жүк тасқындарының, ауа ағындарының қозғалысы бағытын көрсету.

Жұмыстың орындалу үлгісі

1. К.И.Поченков атындағы шақтының m3 тақтасы бойынша тау-кен жұмыстарының жоспары мен шақты алабын ашу схемасы берілген.

2. Шақты алабының шегі бойынша оның орталық бөлігінде екі тік оқпандар, ал жоғарғы техникалық шекара бойынша бір тік оқпан жүргізілген.

3. Ашу схемасы бойынша қосымша ашу қазбаларымен (квершлагтармен) үш тақта ашылғандығы белгіленген: K1, l1, m3.

4. Шақтының жер бетінен 915 м тереңдікте бір жұмыс горизонты бар.

5. Оқпандардың функциялары келесідей: бір оқпан - клеттік, шақтыға адамдарды түсіру және таза ауаны беру үшін арналған; басқа оқпан – скиптік, пайдалы кенді жер бетіне көтеру үшін арналған.

6. 915 м горизонтта тақталар жазық квершлагтармен ашылған, солтүстікте m3 тақтасы, ал оңтүстікте - l1 және К8 тақталары ашылды.

7. Екі орталық оқпандардың тереңдігі 915 м, желдетпе оқпанның тереңдігі 720 м. Квершлагтардың ұзындығы: солтүстіктегі - 900 м, оңтүстік тегі- 860 м.

8. Шақты алабында негізгі оқпандар орталық бөлікте жүргізілгендіктен, сонымен қатар шақты алабын құлама бойынша шамамен екі тең бөліктерге бөлетін бремсберг және еңіс алабтары,

сондай-ақ бір ғана горизонт болғандықтан, мынадай қорытынды жасаймыз: К.И.Поченков атындағы шақтының шақты алабы орталық қос тік оқпандармен және 915 және 720 м горизонттарда жүргізілген күрделі квершлагтармен ашылған.

9. 1:50000 масштаб бойынша шақты алабын ашу схемасын (10-сурет) және m3 тақта (11.2-сурет) бойынша сызамыз.
Бақылау сұрақтары

1. "Шақты алабын ашу тәсілі" түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Шақты алабтарын ашу тәсілдерінің негізгі классификациялық белгілерін атаңыз.

3. Шақты алабтарын ашу тәсілдері практикасында кездесетін әр түрлілік неге байланысты?

4. Шақты алабы бір ғана тау-кен иелігімен ашылуы мүмкін бе? Иә немесе жоқ. Түсіндіріңіз.

5. Ашу тәсілін таңдап алуға созылым және құлама бойынша шақты алабының өлшемдері әсер етеді ме? Егер иә болса, онда қалай және неге?

6. Ашу тәсілі тақталардың қуаттылығына, құлау бұрышына, нормаль бойынша тақталар арасындағы қашықтықтарға тәуелді ме?

7. Басты және қосымша ашу қазбаларын атаңыз және олардың атқаратын қызыметін айтып беріңіз.


11.2 – сурет – Поченков атындағы шақты алабын ашу схемасы

11.3-суретПоченков атындағы шақтының m3 тақтасы бойынша

тау-кен қазбаларының жоспары
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /А.С.Бурчаков, Н.К.Гринько, Д.В.Дорохов и др. - М.: Недра, 1983. - 487 с.

№ 6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Варианттар әдісімен шақты алабын ашу тәсілін таңдау


Жұмысты орындауға арналған тапсырмалар:

- шақты алабын ашудың техникалық варианттарын таңдау және дәйектеу;

- ашу шамашарттарын анықтау және варианттар бойынша жұмыстардың көлемін есептеу;

- қазбаларды жүргізуге және күтіп ұстауға, олар бойынша көмір көлігіне және ашу варианты бойынша сутөкпеге кететін шығындарды анықтау.

Жұмыстың мақсаты – білімдерді нығайту және берілген жеке жағдайлар үшін шақты алабтарын ашудың экономикалық тиімді тәсілдерін таңдай білу шеберлігін дағдыландыру.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

- практикалық жұмысқа өз бетімен дайындалу кезінде студент осы сұрақ бойынша дәрістер тақырыптарын қайталап [1, § 43], жақсылап танысуы және мұқият төменде келтірілген жұмысты орындау үлгісін талқылауы керек;

- әрбір студентке жеке тапсырма беріледі (11.5-кесте);

- бірінші кезеңде ашу схемаларының техникалық тұрғыдан жарамды варианттары таңдалады.

Ол үшін мыналар қажет:

-- мәліметтерді және тапсырмаларды талқылау;

-- 1:20000 масштабында кенорнының геологиялық кесіндісін сызу;

-- кесіндіде шақты алабының шекараларын салу.

-- шақты алабын ярустарға (этаждарға) бөлу;

-- тақталар туралы, оларды қазымдау кезектілігі жөнінде, тақталардың құламасы, құлама бойынша шақты алабының өлшемдері жөнінде мәліметтерге негізделе шақты алабын құлама бойынша горизонттарға және қазу алабына бөлу жөнінде, шешім қабылдау;

-- берілген шарттар үшін екі едәуір жарамды варианттармен шектелген шақты алабын ашудың тәсілдері мен схемаларын таңдау.

- екінші кезеңде ашу шамашарттарын анықтау және варианттар бойынша жұмыстардың көлемін есептеу.

Ол үшін мыналарды қабылдау және дәйектеу қажет:

-- негізгі және қосымша ашу қазбаларының типін, олардың санын, көлденең қимасының ауданының, бекітпенің типін, қазбалар бойынша көліктің түрін;

-- шақты алабын даярлайтын қазбалардың типін, қазбалар бекітплерінің типін, қазбалар бойынша көліктің түрін;

-- сызбаға жеке-жеке шақты алабын ашудың екі варианттарын көрсету және ашу мен даярлау қазбаларының ұзындығын көрсету.

-- оқпан албарының, қабылдау-жөнелту алаңының қажетті сандарын, олардың бектіпелерінің түрін;

-- келтірілген 6, 7, 8 кестелерден анықталатын тұтылымдық ұсталым бойынша қазбаларды жүргізудің көлемін есептеп, кестелерге қажетті мәліметтерді еңгізу;

- үшінші кезеңде шақты алабтарын ашудың салыстырмалы варианттары анықталынады.