Файл: 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 117

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Бақылау сұрақтары Күртқұлама тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Жазық жатысты тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма? Бос жыныстар бойынша арналық штректерді жүргізіледі ме? Ұсақ бөліктерге қазу горизонтын бөледі ме? Горизонт шегінде тазартпа жұмыстарын жүргізудің кері тәртібін қолдануға рұқсат етіледі ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда шақты алабын дайындау кезінде оқыс лақтырысқа бейімді емес жыныстарда қазбаларды толтыру талап етіледі? Әр түрлі қазу горизонттарының шегінде түрлі дайындау тәсілдерінің қолданылуы мүмкін бе? Қазу горизонтының шегінде диагональдық тәсілдердің қолданылуы мүмкін бе? Горизонттың шегінде тазартпа кендарларының жылжу бағытын таңдауға төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағыты әсер етеді ме? Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда даярлаушы қазбаларды жүргізу мүмкін бе? Қазу горизонтын қандай бөліктерге бөледі? Неге төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағытына тазартпа кенжарының жылжу бағыты тәуелді? Қорлары. Панелдер мен этаждарда тақтаны өрлеме (құлама) бағыты бойынша лавалармен қазымдайтын шақтыларды атаңыз? Қандай жағдайларда жазық даярлау қазбаларын далалық жүргізу талап етіледі? [3, пп. 6. I, 6.2, 6.7]. Магистральдық бейкендік қуақаздарды қорғау үшін қандай тәсілдерді қолданады? [3, пп. 6.3, 6.8]. Далалық арналық штректерді лаваның артындағы кен алынған кеңістікке орналастыратын шақтыны атаңыз? Қандай жағдайларда бітеме жолақтарын қолданған даярлау қазбаларын кен кенжатмен жүргізу ұсынылады? [3, п. 6.12]. Неге далалық арналық штректерді учаскені (панелді, блокты) қазымдағаннан кейін кен алынған кеңістікте орналастыру керек? [3, п. 6.3] Қандай далалық штректерді көмір тақтасы бойынша жүргізуге рұқсат етіледі? [3, п. 6.2]. Шақты алабын дайындаудың горизонттық тәсілі панелдік тәсілден қандай айырмашылығы бар? Қандай мақсаттарда қазу горизонтының еңістік бөлігінде қосалқы еңіс жүргізіледі? Қазу горизонтының еңістік бөлігінің өлшемі 1 км қандай жағдайларда аспауы керек? [1, § 197], Горизонтты қазымдау ұзақтылығын көрсетіңіз [6, с. 47]. Горизонтты қазымдау ұзақтылығы неге технологиялық жобалау нормаларында көрсетілгеннен кем болмауы керек? [7, п. 2; 6, c. 47]. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі1. Правила безопасности в угольных и сланцевых шахтах: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 18.08.86 и Госгортехнадзором СССР 12.09.86. - М. : Недра, 1986. - 447 с.2. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной промышленности СССР 5.01.75. - М. : Недра, 1976. - 152 с.3. Указания по рациональному расположению, охране и поддержанию горных выработок на угольных шахтах СССР: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 26.12.84. - Л.: Недра, 1986. - 222 с.4. Технологические схемы разработки пластов, склонных к самовозгоранию: Утв. М-вом угольной пром-сти УССР. - Донецк, 1972. – 33 с.5. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. - 158 с.6. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /Под общ. ред. проф., д-ра тех. наук А.С.Бурчакова. - М. : Недра, 1983. - 487 с.7. Основные направления и нормы технологического проектирования угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 13.09.66. - М. : Недра, 1986. - 62с.8. Руководство по проектированию вентиляции угольных шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 10.04.74. - М. : Недра, 1975. - 237 с.9. Государственные стандарты СССР. Горная графическая документация: ГОСТ 2.850-75 - 2.857-75. - Введ 1.01.80. – М. : Недра 1983. – 200 с.10. Методические положения по оценке и выбору способов подготовки шахтных полей по фактору горного давления /ИГД им. А.А. Скочинского. – М.: Недра 1985. - 19 с. 11. Разработка пологих и наклонных пластов /С.А. Саратикянц, А.Ш. Зельвянский, А.А. Лещинский, Ю.К. Батманов. - М.: Недра, 1977. - 187 с.12. Дополнения к "Руководству по проектированию вентиляции угольных шахт / МАКНИИ. - М. : Недра, 1981. - 72 с.№ 3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Екі жақын тұрған тақталарды бірге қазудың технологиялық варианттарын жобалауТапсырма: берілген жағдайлар үшін (11.3 - кесте) тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау.Жұмыстың мақсаты: тақталар қабаттарын бір уақытта бірге алу немесе әр қабатты әр уақытта жеке-жеке тақта түрінде алуды дұрыс жобалауды үйрену.Практикалық оқу объектілері: тау-кен қазбаларының бірлескен жоспарларынан көшірмелерге тақталарды қазымдаудың кен-геологиялық жағдайларын (ұстынды құрлымдарын, тақтаның және жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін, олардың қуаттылығымен қаттылықтарын (бекемділіктерін),тақталардың арақашықтығын және т.б. қасиеттерді) көрсете. Бұл айтылғандар тақталарды жеке-жеке немесе топтастыра қазу варианттарын анықтауға көмек жасайдыЖұмысты ұйымдастыру: әрбір студент тау-кен жұмыстарының жоспарынан көшірмені алады.Қазуды жобалау кезінде сала мен бассейнде жұмыс істейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алған дұрыс.Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауларЖұмысты кезең-кезеңімен орындаған дұрыс.№ 1-кезең. Кестеде және тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмеде берілген тақталардың қасиеттерін оқып білу. Тақталардың терең меңгерілген қасиеттерінің негізінде төменгі материалдарды қабылдау және дәйектеу: - берілген тақтаның құлау бұрышын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын [2, § 22];- әрбір тақтаның суландырылуын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын;- тақтаның оқыс лақтырысқа және өздігінен жануға бейімділігін ескере топты тақталардың реттік қазымдалуын [2, § 157, 186-188; 3, п. 39; 6, пп. 7.4, 7.6-7.8];- тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін және тақталар арасындағы қашықтықты нормалар бойынша ескерумен қазылатын тақталардың лавалар арасындағы созылымы бойынша қашықтығын [2, § I9I; 3, п. 120; 6, п. 7.6];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша ярустарды (этаждарды) қазымдау тәртібін [2, 187, в; 4, п. 2; 5, п I.3];- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [3, пп. 38 е., 44; 4, п. 2; 5, п. 1.3.];7. Метан газының бөлініс көздерінің үлес салмағын ескере тақталар бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [7, с. 27-28];8. Нормаль бойынша тақталардың арасындағы қашықтықты және тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере тақталарды топты немесе жеке-жеке қазымдауын [2 § 186; 6, п.7.6];- қазылатын тақталардың қуаттылығын және тақталардың оқыс лақтырыcқа бейімділігін ескере ярустың (этаждың) бір қанатының шетінде қазылатын тақталарда лавалардың орналасуы кезінде тақталардың бір мезгілде топты қазымдалуын;- m1¹m2 болған кезде және әр түрлі ярустарда (этаждарда) лавалардың орналасуы кезінде, топты тақталарды кезектікпен қазуда, созылым бойынша лавалар арасындағы қашықтық панел қанатының ұзындығынан үлкен;- тақталар арасындағы қашықтықты, тақталардың қуаттылығын және олардың қасиеттерін ескере қазылатын тақталарға қатысты топты штректердің орналастыру орындарын [6, пп. 6.3, 7,4; 3, п. 45];Ескерту. Қабылданған шешімдерді ескере топты тақталарды қазудың схема сызу ұсынылады.№ 2-кезең. Қазылатын тақталардың төбесі мен табан қасиеттерін оқып білу. Төбе және табан жыныстарының қасиеттерін терең меңгеруде төмендегі материялдарды қабылдау және дәйектеу қажет:- қазылатын тақталардың қазбаларын қорғау тәсілін таңдау үшін төбенің құлағыштығы бойынша негізгі төбені кластарға бөледі [6, п 3.I4];- топтық штректерді орналастыру орнын таңдауға арналған Hр/ Rcn көрсеткіші бойынша тақталардың табан жыныстарының ісінуге бейімділігін [6, п.7.44]; - топталған үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты топтық қазбалардың орналасуын [6, пп. 6.3, 7.6, 7.7];- кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты қазылатын тақталар бойынша топтық қазбалардың орналасуын [3, пп. 6,3, 7.12];- қазбаларды қабылданған қорғау тәсілдеріне сәйкес жасанды қоршауыштардың типтері мен шамашарттарын [3, пп. 7.14, 7.15, 7. 17];- негізгі төбе жыныстарының құлағыштыққа бейімділігін ескере қазбаларды қайтадан қолдану мақсатымен топтық қазбаларды қорғау тәсілдерін [3, пп. 7.36, 7.60].- тақталардың құлау бұрыштарын ескере топтық штректерді көршілес тақталардың қазбалары мен қосатын квершлагтардың ара қашықтықтарын және бірікткретін қазбалардың типтерін [1, § 197];- қазбалардың көлденең қимасының ең аз аудандарын [I, § 49; 2, § 116].№ 3 кезең. Графикалық бөлікГрафикалық бөлімде тақтаның құлама сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі, егерде көмір тақтасын жазылым бағыты бойынша қазып алатын болса немесе тақтаның жазылым сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі. Егерде көмір тақтасы өрлеме-құлама бағыты бойынша қазып алатын болса (М 1:5000; 1:2000). Сызбада, сондай-ақ даярлық және тазартпа қазбаларының кесінділері көрсетіледі.Сызбада шартты белгілермен тақталық және топтық қазбалар бойынша таза және шықпа желдетпе ағындарының, сондай-ақ жүктердің толассыз жеткізілу бағыттары көрсетіледі.Бақылау сұрақтары Топты тақталарды лавалармен тақтаның өрлеме немесе құлама бағыты бойынша қазып алуға бола ма? Өрлей алу тәртібінде жақын орналаспаған тақталарды қазып алуға бола ма? Жақын оналаспаған тақталарды өрлей алу тәртібі мен қазып алуға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? Үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістігінде топтық штректерді орналастыруға бола ма? Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма? 11.3 – кесте– Берілген жағдайлар үшін тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау

№ 6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Варианттар әдісімен шақты алабын ашу тәсілін таңдау

алғашқы жұмыстар кешені



Даярлау тәсілдері келесідей жіктеледі:

даярлау үңгілері атқаратын тақталар сандары бойынша – жекелеп және топтап даярлау;

негізгі даярлау үңгілердің орналасуына сәйкес – тақталық және далалық даярлау. Ал бұларға қатысты үңгілерді тақталық және далалық даярлау үңгілері дейді.

Тақталы даярлауда - үңгілердің барлығы көмір өндірілетін тақталар бойынша өткізіліп, қорғалады. Ұзақ мерзімге арналған даярлау үңгілерін бүйір жыныстары тұрақсыздығы мен басқа факторлар әсерінен тақта ішінде қорғау үлкен қиындыққа түсуі мүмкін. Ондай үңгілердің қатарына күрделі және панелдік бремсбергтер мен еңістер, негізгі және магистралді тасыма штректері жатады. Осындай себепті ескере отырып оларды жыныстар арасында өткізген дұрыс. Бұл далалық даярлау тәсілі деп аталады. Далалық даярлау үңгілерін қатты жыныстар бойынша, тазартпа жұмыстары ықпалынан тыс аймақтарда орналастырған ұтымды.

Далалық даярлаудың кемшіліктері: шақты үстіне шығарылатын бос жыныстар көлемінің өсуі; тақта жатысын алдынан ала зерттелуінің болмауы; ақша қаражат шығынының артуы.

Жекелей даярлауда әр тақта сайын үңгілер өткізіледі. Олар тақта немесе жыныстар бойынша өткізілуі мүмкін. Топтап даярлауда, негізгі даярлау үңгілері бірнеше тақталарға топтастырылып ортақтаса өткізіледі. Тақталарды топтастыруда бүкіл ұзындық бойынша топты үңгілер ғана сақталып тұрады.

Топтап даярлаудың артықшылықтары: қорғалып сақталуға тиісті үңгілердің саны мен көлемінің азаюы; көлік жұмысы тиімділігінің өсуі; желдету жағдайының жақсарылуы.

Топты үңгілер тақта тобының жатыс бүйірі жағында - төменгі тақта бойында немесе жыныстар ішінде орналасуы мүмкін. Ал, ол үңгілер, топты тақталар аралығында орналастырылатын болса, онда оларды астынан қазып алудан сақтау қажет. Аралық квершлагтар немесе гезенктер мен топтастыру әдісі тіке аралықтары 40 метрден аспайтын жақын жатқан жазық және көлбеу тақталарда қолданылады. Одан жоғары аралықтағы тақталарды топтастыру мәселесі техникалық-экономикалық есеп арқылы дәлелденеді.

Шақты алабын даярлау және кен қазу жұмыстарын біркелкі тәртіппен ұйымдастыру үшін шақты алабы қанаттар, бремсберг - еңіс алабтарымен қоса этаждарға, панелдерге, құлама бағаналарға, блоктарға бөлінеді.

Осы бөлшектердің аттарына сай даярлау тәсілдер түрлері пайда болады (3.3-сурет).



3.3-сурет. Шақты алабын даярлау тәсілдері: а - этаждық; б - горизонттық; в - панелдік; г - блоктік; 1 - басты (скиптік) оқпан {оның жанында 1' - қосалқы (клеттік) оқпан}; 2 - желдетпе оқпан (шурф); 3 - тазартпа кенжар; 4 - күрделі бремсберг (оның жанында 4' - адамдар жүретін жол); 5 - этаждық тасыма штрек; 6 - этаждық желдетпе штрек; 7 - күрделі еңіс; 8 - басты (магистралді) штрек; 9 - желдетпе бремсберг; 10 - конвейрлік бремсберг; 11 - ярустық тасыма штрек; 12 - ярустық желдетпе штрек; 13 - панелдік бремсберг; 14 - блоктік ауажібергіш оқпан



Шақты алабын горизонттық даярлау тәсілi. Бұл тәсілді қолдануға себепкер мәселе - көмір тақталарын құлама немесе өрлеу бағытпен қазып алу. Осымен байланысты, шақты алабы құлама бағыт бойынша көлбеу биіктіктері 800 - 1200 м, тасыма квершлагтармен шектелінген, горизонт деп аталатын ірі бөлшектерге бөлінеді. Сонымен қатар, горизонттар жазылым бойынша ені біркелкі (120 - 250 м), көлбеу бремсбертермен әлде еңістермен шектелінген құлама бағытты ұзынша бағаналарға бөлінеді. Шақты алабының ортасына жақын орналасқан - конвейер бремсбергі (еңісі), алыстауы - желдетпе бремсбергі (еңісі) деп аталады. Таугеологиялық жағдайларға байланысты, ұзынша бағаналар құлама немесе өрлеу бағытпен қазылып алынуы мүмкін.

3.3,в-суретте көрсетілгендей, бремсберг алабындағы құлама бағаналар тіке бағытпен (I→II→III→IV→V), еңіс алабы бағаналары керіс бағытпен (VI→VII→VIII→IX→X) қазылып алынады. Дайындау жұмыстар, екі қанаттағы қазылатын бағаналарға қарай шақты алабы ортасынан магистральды штрек (8) өткізуден басталады, содан кейін ол штректен желдетпе (9) және конвейер (10) бремсбергтері өткізіледі (еңіс алабында желдетпе еңіс және конвейерлік еңіс).

Бремсберг алабындағы тазартпа кенжарлардың пайдалы кені келесідей жолмен тасымалданады: тазартпа кенжарлардан (3) конвейерлік бремсбергке (10), одан магистральды штрекке (8) одан тасыма квершлагқа, одан оқпан албарына, одан басты оқпанға (1). Еңіс алабындағы кен: тазартпа кенжарлардан конвейерлік еңіске түседі, одан магистральды штрекке (8), әрі қарай жоғарыда айтылған жолмен тасымалданады. Бремсберг алабына ауа жіберу жолы: қосалқы оқпаннан (1') (бұл қазба суретте нақты көрсетілмеген) желдетпе квершлагқа (тасыма кверлагтан 20 метрдей параллелді), одан желдетпе штрекке (тасыма штректен 20 метрдей параллелді), одан конвейер бремсбергіне (10), одан тазартпа кенжарға (3), одан желдетпе бремсбергке (9), одан желдетпе оқпанға (2). Еңіс алабын желдеткенде, ауа, желдетпе квершлагтан, конвейерлік еңіске кіреді, одан тазартпа кенжарға, одан желдетпе еңіске, одан желдетпе штрекке, одан шақты алабы ортасынан арнайы өткізілген желдетпе оқпанға.

Тәсілдің пайдалану саласы.Бұл тәсілді өте газды, құлама бұрышы 0 - 12о жазық, бүйiр жыныстары сулы, құлама бағытына сәйкес жататын геологиялық бұзылыстары бар көмір тақталарда пайдаланылады. Тәсіл, механикаландырылған комплекстердi қолдануға өте қолайлы, өйткені, тазартпа кенжарлардың ұзындықтары бағана басынан аяғына дейін тұрақты түрде сақталады, оған қоса комплекстердi, кенжар жабдықтарын құрастыру, жинау, бөлшектеу жұмыстарының көлемі төмен.


Тәсілдің артықшылықтары - басқа тәсілдермен салыстырғанда дайындау үңгілерді өткізу жұмыстарының үлес салмағы төмен, басқа дайындау тәсілдерден төмен, жоғарыда айтылғандай тазартпа кенжарлардың ұзындықтары тұрақты өлшемді.

Тәсілдің кемшіліктері - ұзын көлбеу үңгілерда (бремсберг пен еңістердің ұзындықтары 800 - 1200 м) тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру ауырлығы, бір горизонт бойында тау-кен жұмыстарын шоғырландыру қиындығы.

Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13

Қосымша әдебиеттер: 14-21

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (7-тақырып) /1-5, 6-13/


  1. Шақты алабын бөліктерге бөлу принциптері.

  2. Шақты алабын горизонттық даярлау тәсілiнің маңызы.

  3. Тақталарды топтастырудың сипаттамасы.

  4. Даярлау тәсілдерін топтастыру.


8-тақырып Шақты алабын панелдік, этаждық және блоктық даярлау тәсілдері (4 сағат)
Дәрістер жоспары

1. Шақты алабын панелдік тәсілімен даярлау. Панелдік тәсілімен

даярлаудың принципиальдық маңызы және шамашарттары.

2. Шақты алабын этаждық тәсілімен даярлау. Этаждық тәсілімен

даярлаудың принципиальдық маңызы және шамашарттары.

3. Шақты алабын блоктік даярлау тәсілі. Блоктік даярлау тәсілінің

принципиальдық маңызы және шамашарттары.
Дәрістің қысқаша мазмұңы.

Шақты алабын панелдік тәсілімен даярлау. Панелдік тәсілімен даярлауда шақты алабының қанаттары, тақтаның құлама сызығы бойынша - ұзындығы 800 - 1200 м, жазылым бағытында - 1500 - 2000 м мөлшердегі панелдерге бөлінедi.

Әр панел, құлама бағыт бойынша штректермен шектелінген, биіктігі біркелкі, жазылым бойынша ұзын бағаналы ярустарға бөлінеді. Ярустың сыртқы жағы панел шекарасына, ішкі жағы панелдік бремсбергке (еңіске) тіреледі. Ярустың жоғарғы шекарасы - ярустық желдетпе штрегі, төменгі шекарасы - ярустық тасыма штрегі деп аталады. Ярустарда бiр немесе екі кенжардан орналасуы мүмкін (соған орай ярус-кенжар немесе ярусты аралық ярустарға бөліп қазу жүйелері деген ұғымдар пайда болады.

3.3,в-суреттегі шақты алабында әр қанатта төрт панел орналасады. Шақты алабының ортасынан (суретте шартты түрде оқпан (1) ізі белгіленеді) қанаттарда бірінші кезекпен алынатын панелдердің ортасына дейін басты штректер (8) өткізіледі. Басты штректерден, панелдер ортасынан, панелдік бремсбергтер (13) мен жүріс жолдары (13') өткізіледі (бұл қазба панелдік бремсберке параллел келеді, бірақта суретте жоқ). Әр панел құлама бағыт бойынша биіктігі бірдей ярустарға бөлінеді, Ярустар, жоғарғы жақта - ярустық желдетпе (12), ал төменгі жақта - ярустық тасыма (11) штректерімен шектеледі. Панелдердің қазылу тәртібі суретте көрсетілгендей болады (I→II→III→IV), ярустар да этаждар сияқты жоғарыдан төмен қарай қазылып алынады. Пайдалы кен тасымалдау және желдету жолдары этаждық тәсілдегіндей.


Ярустар мен этаждар тіке немесе керіс бағытпен алынады. Этаждар, ярустар, кез келген қазба алабтар мен бағаналар шақты алабы орта жағынан шетіне қарай қазылып алынатын болса - тіке бағыт, ал керісінше шет жағынан орта жағына қарай алынса - керіс бағыт деп түсініледі.

Панелдік тәсілдің пайдалану саласы - көбiнесе жазық, кейде көлбеу (16 - 180 дейін) жатқан көмiр тақталары (қарқынды алу үшiн), геологиялық бұзылыстары мол шақты алабтары.

Тәсілдің артықшылықтары. Этаждық тәсілмен салыстырғандағы негізгі мүмкіншілігі - пайдалы кен алу жұмыстарын шоғырландыруда және қарқындатуда болатын (тазартпа кенжарлар санын бір тақтада 8 дейін жеткізуге мүмкіншілік береді). Қазіргі күні, шақты-кенжар немесе шақты-тақта моделдері ұлғая бастағандық жағдайда, панелдік тәсілдің бұл қасиеті жоққа шығайын деп тұр. Қазіргі сұранысқа қарағанда ярустардағы қазба алабтардың ұзындықтары 1000 - 2000 метрден төмен болмау үшін, панелдерге бөлінетін шақты алабтарының жазылым бойынша ұзындықтары кем дегенде 8 - 10 километрден аз болмау керек. Өйтпесе қазба алабтар өлшемдері қазіргі талаптарға сай болмай қалады.

Сондықтан, жаңа шақтылар немесе горизонттар жобаланатын жағдай туса, жоғарыөнімді кенжарлар құрылу үшін панелдер мынандай өлшемдермен алыну керек: жазылым бағыты бойынша – 3000 - 4000 м, құлама бойынша 800 - 1200 м қалуы мүмкін. Тағы айта кетсек: жазылым бағыт бойынша шақты алабын панелге бөлу қажетсіз, ал құлама бойынша 2 - 3 горизонттың бойында панелдер құруға болады. Сонда панелдік тәсілдің пайдалы қасиеті сақталады.

Панелдік тәсілдің ерекше айтпай кетуге болмайтын артықшылықтары - ярустық штректерді қысқа уақытта жақсы жағдайда ұстау және үздіксіз жұмыс істейтін конвейер транспортын толық пайдалануда.

Тәсілдің кемістіктері- күрделі желдету жүйесі, көлбеу үңгілердің көптігі (панел бремсбергтері мен еңістері, адамдар жүрер жолақтары).


Шақты алабын этаждық тәсілімен даярлау. Бұл тәсілде (3.3,а-сурет), шақты алабы, құлама бағытта штректермен шектелген, бойлары біркелкі, жазылым бойынша ұзын бағаналы этаждарға бөлінеді. Этаждың жоғарғы шекарасы - этаждық желдетпе штрегi, төменгi шекарасы - этаждық тасыма штрегi болады, ал екi жақтары шақты алабы шекарасына тiреледi. Этаж штректері күрделі бремсбергтен (еңістен) әлде этаждық квершлагтардан өткізіледі. Этаждық дайындық тәсілдері, шақты алабы өлшемдері және тақта құлама бұрыштарымен байланысты болғандықтан, әртүрлі конструктивтік амалдармен орындалу мүмкін. Мысалы: этаж бойында бір тазартпа кенжар немесе 2 - 3 тазартпа кенжар істе болу мүмкін, соған орай этаж біртұтасты немесе құлама бойынша биіктіктері бірдей 2 - 3 аралық этаждарға бөлшектенуі мүмкін (бірінші жағдайда - кенжар-этаж, екіншісінде этажды аралық этаждарға бөліп алу қазу жүйелеріне сәйкес дайындалады).

Штректер арасындағы арақашықты - этаждың құлама биiктiгi деп атайды. Ол төмендегiдей формуламен есептелінеді
hЭ= АЖ / 2Lmγс, м,(3.2)
мұнда АЖ - шақтының жылдық өндірістік өнімділігі (қуаты), млн.тонн жылында; hЭ - этаждың көлбеу биiктiгi (120-дан 200 - 250 метрге дейін, АҚШ-та 400 метрге дейін болады), м; L - тазартпа жұмыстарының жылдық жылжу мөлшерi, м; γ - пайдалы қазбаның (кеннің) тығыздығы, т/м3; m - тақтаның орташа қалыңдығы (қуаты), м; с - этаждың көмiр алымының толықтығын көрсететiн коэффициент; 2 - қос қанатты шақты жұмыс бағытының саны; Sр = mγ - тақтаның өнiмдiлiгiн (т/м2) сипаттайтын көбейтiндi.

Көп тақталы шақты алабында этаждың құлама биiктiгi келесі формуламен анықталады
hЭ = АЖ / 2LSрс, м,(3.3)
тақталардың қосынды өнiмдiлiктері тақталар санына қарай алынады
Sp = р1+р2+ р3+ .... + рn , т/м3.(3.4)
Этаж құлама бетiнiң тiк беткейге проекциясы - тiктеме биiктiгi болады
hВ =hЭsina ,
мұнда a - тақтаның құлама бұрышы, град.