Файл: Iii триместр і модуль Клік жне логистика лексикалы таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 65

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


тілдік құзыреттілік – языковая компетентность

кәсіби шеберлік – профессиональное мастерство

теориялық және практикалық дайындық – теоретическая и практическая подготовка

ақпараттық құзыреттілік – информационная компетентность

регулятивтік құзыреттілік – регулятивная компетенция

жалпы құзыреттілік – общая компетентность
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Тіл құзыреттілігіқұрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді: 1. Грамматикалық құзіреттілік; 2. Социолингвистикалық құзіреттілік; 3. Дискурсивті құзіреттілік; 4. Стратегиялық құзіреттілік; 5. Социомәдениеттік құзіреттілік.

Стратегиялық құзіреттілік – әңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.

Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білуін анықтау және қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді.

Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.Бірақ бұл құзыреттіліктің түрі жоғарғы оқу орындарында кездеспейді.

Дискурсивті құзіреттілік – айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен, яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.


Құзыреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.

ЖОО-да бұл өте маңызды болып табылады, себебі қандай да мамандық болмасын, студент ғылыми өз тілінде сөйлей және ұға білуі тиіс. Бұл оның мамандықты жетік меңгеруіне мүмкіндік жасайды (Rizabek Nurtayev).
АЙТЫЛЫМ


3-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, жұбыңызбен болашақ маманның тілдік құзыреттілігі жайлы сұқбаттасыңыз.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті болашақ мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасындағы білім саласына қатысты тапсырмаларын жүзеге асырушы тұлғалардың әрқайсысы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі мен ерекшеленуі тиіс.

Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі екені белгілі. Қоғамға ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт нық әрі сенімді болу үшін бәсекеге қабілетті маман дайындау орта арнаулы және жоғары оқу орындарынан бастау алмақ.
ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, мамандық туралы шағын мақала жазыңыз.
2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Мәтінмен оқып танысыңыз. Мәтінге сұрақты жоспар құрыңыз
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТҮСІНІГІ

Бiлiм берудi реформалауды жүзеге асырудың және бiр маңызды сипаты, қазiргi уақыттағы оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға мәлім.

Мектептерде білім беру сапасы мен мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және олардың педагогикалық шеберліктерін дамыту үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған айқын жұмыс жүйесі қалыптасқан. Жалпы құзыреттілік дегеніміз – белгілі бір заттар мен үрдістер және оларға деген қатынастар бойынша әрекет ету үшін қажетті тұлға бойында бар өзара байланыстағы қасиеттердің (білім, білік, дағды, іс-әрекет тәсілдері) жиынтығы.


Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Педагогикалық құзыреттілікке жаңаша көзқараспен қарап, заманауи электрондық оқыту жүйесіне де көшу талабы білім беру ұйымдарына зор міндеттер жүктейді. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мақсатында құзыреттілікті дамыту мен кәсіби шеберлікті жетілдіріп отыру білім беру ұйымы ұжымының нәтижелі қызметтерінің бірі болып саналады.

Жалпы білім беру саласындағы «құзыреттілік» түсінігі 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңындағы отандық әдебиеттерде кездесе бастады.

3-сабақ

Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктер
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

тіл – язык

қарым-қатынас– общение

тілдік қатынас– языковое общение

болашақ мамандардың кәсіби білім деңгейі– уровень профессионального образования будущих специалистов

тілді өз мамандығына сай меңгеру– владение языком в соответствии со своей специальностью

танымдық белсенділік– познавательная активность

сөздік қор– словарный запас

мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату –установление языкового общения в соответствии с специальностью

кәсіби коммуникацияның формалары –формы профессиональной коммуникации

сөйлеу тәртібінің стратегиясы мен тактикасы– стратегия и тактика речевой дисциплины

кәсіби сөйлеу мәдениеті – культура профессиональной речи
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Қазір республикамызда қазақ тілін мамандыққа бейімдей оқыту даму сатысында. Қазақ тілін кәсіби салада оқыту мәселесін қоғам өміріндегі қажеттіліктер туындатып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі нығая түскен сайын, келешекте де түрлі салалардағы кәсіби қазақ тілінің маңызы арта түсері сөзсіз. Себебі, жақсы маман болумен қатар, тілдік білімі толысқан, бірнеше тілде соның ішінде мемлекеттік тілде кәсіби сөйлей алатын маманның компания, мекеме, мелекеттік қызмет және қоғам үшін де алар орны, көтерер абыройы бөлек.


Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі. ЖОО-да қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгертудің мақсаты – студенттердің әр түрлі салада еркін қарым-қатынас жасай білуін қамтамасыз ету. Студенттер үшін мұндай маңызды салалардың бірі – келешектегі кәсіби қызметі. Студенттерге бұл орайда мемлекеттік тіл – қазақ тілін кәсіби тұрғыдан оқыту мақсатында жоғары білім беру жүйесіне базалық пәндердің міндетті компоненті ретінде кәсіби қазақ тілі пәні енгізілген. Пәнді оқытудағы басты мақсат – озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін пайдалана отырып: мамандыққа қатысты кәсіби тақырыптарға арналған мәтіндерді түсіне білуге үйрету;кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру;мамандық тілінің терминологиясын үйрету;кәсіптік терминдерді пайдалана отырып, мәтін құрата білуге үйрету;cөйлеу мәдениетін дамыту;сабақтыңтанымдық, тәрбиелік мазмұнда ұйымдасуын ескеру;термин-ұғымдарды көркем шығарма, ауыз әдебиеті үлгілерімен ұштастыру.
АЙТЫЛЫМ

3- тапсырма. Топпен талқылаңыздар.

1. «Кәсіби тілді шебер меңгеру – бәсекеге қабілеттіліктің ең басты шарты» дегенге келісесіз бе?

4-тапсырма. Мәтінмен танысып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Студент өз саласы бойынша кәсіби бағдарлы білім алады. Мамандығына сай сөйлеуге, тілдесуге бір-бірімен ойын ашық жеткізуге үйренеді. Қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтардар хабардар болып, өзара пікір таластыра алатын дәрежеге жетеді. Қазақ тілін ЖОО-да үйретуде тілдің қатынас құралы ретінде құзіреттілігін арттыру керек. Ол үшін тілді кәсіби бағытта оқытатындықтан әр топтың ерекшелігіне қарай мәтіндерді, тапсырмаларды ыңғайлап беру керек. Ол тапсырмалар студентті тілдік қатынасқа түсіріп қана қоймай, оның ой-өрісін кеңейтіп, өмірге көзқарасына жағымды әсер етуі тиіс. Бұл оқытушының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Оқытушының оқу материалдарын бағдарламаға сүйене отырып, шеберлікпен таңдап алуы және жобалауы, материалдың күрделілігін бағалауы және оны нақты мақсатта, демек, белгілі бір мамандыққа сәйкес бейімдеуі арқылы бекітіледі. Осыған орай, кәсіби қазақ тілін коммуникативтік-танымдық бағытта үйрету ерекше маңызды орын алады. ЖОО студенттеріне тілді қатысымдық тұрғыдан оның болашақ мамандығына сәйкестендіріп оқыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру шарт.