Файл: Куpcты Жмыc тaыpыбы Оpындaaн aбылдaaн араанды2021 Жоспар Кіріспе.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оның әңгімелерін оқып отырып жазушы талантының теңіздей тереңдігін, даладай көл-көсір кеңдігін түйсінесің, шұрайлы тілінен сайын даланың таңғы самалынан бұрқыраған жусанның жұпар иісін сезесің. Бұның дәлелі ретінде Рахымжан Отарбаевтың әдебиеттегі орны, шығармаларының ерекшелігі, драматургияға әкелген жаңалығы, адами қасиеттері жайлы қаламгерлер мен ғалымдардың берген бағаларынан алуға болады.
Шетелдегі қазақ ақыны, журналист Сұраған Рақметұлы: «Көркемдік деңгейді өлшейтін табиғи аспап - тәңір текті оқырмандарға тән дедік. Суреткерлік – жазушының жандүниесінің ғарыштық құбылысы. Көркем суреттегі философиялық бояуларды өз зейінімен оқи алатын қауқарлы, тегеуірінділер көп, жетеді, әлемде. Бірақ, оған әр ұлт өкілдері сынақты тәжірибе /эксперимент/ жасайды әрі өз түйсігімен, көз жанарымен сүңгіп, жүрегімен сүзіп өтеді. Тек Рахымжан ғана емес басқа да қазақ жазушылары, тіпті әлемдік гиганттар да сіз тілге тиек еткен ішкі «қуатын» әр еңбектеріне сіңіруді басты мақсат етеді"..."Драматургия - сахналық, ұжымдық классикалық жанр, кіді еңбек. Рахымжан Отарбаевтың «Актрисасын» жуықта ғана Бішкекте өнер оқу ордасының жас шәкірттері қойды. Шынында бұл шығарма қыруар ой, түрлі мінездері мен өз салмағы арқылы Рахымжантанудың тағы бір бетін ашып бергендей еді. Автор әр бір кейіпкердің ғұмырлық кодын, оның психологиялық ерекшеліктерін тас қайрақпен жанып, құрыш қаламымен шыңаса керек. Француздың керемет жазушысы Шарль Перроның «Көк сақал» атты әңгімесі есіңізде ме? Жеке кейіпкердің сұсты бейнесі соншама ерек сомдалған. Енді сізден Рахымжанның «SOR-ын» оқып шығуды сұраймын. Оқиғаның суын сығып, иін қандырған көркем жүйелеуі, қым-қуыт қисындары мүлдем өзгеше реңмен құрылады...", "...Рахымжан Отарбаев өзін Ақжайықтың толқынына лақтырған жазушы. Маған ұнаған шығарма элиталық текті оқырманға ұнай кетпесі анық. Демек, «Аспандағы ақ көбелектердегі» Дәуреннің типі – болашақтың сұранысы. Оқырманды өз өзінен көз жазып қалмауға шақыратын қияметті жұмбақ.
Бір ғана мысал; «...
Сыңғыр етіп күліп жіберген. Жай күлкі емес, шыны ыдыс сынып, ауаға тарап кеткендей. Содан бастап су емес, сынған ыдыстың құлағыңды қуантар дыбысын іздейтін. Сыңғыр! Әне көзге көрінбей шашырап барады, ...үркектеу жанарының түбінен ылғи да бір үміт сығалайтын...» Мұнда мазмұннан бұрын кескін, кейіп-кеспір көрінеді. Мұны өзінен-өзі сөйлеп беретін құбылыс деуге болады. Соцреализм ғұламалары оны «образ» деп атап жүр ме? Әлемде 4 құбыла, 8 түстік қаншама мүйістер мен қалтарыстар болса – оны түрлендіретін қасиет тек кең тынысты жазушыда ғана болады. » [4]
Журналист, «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы қаламгерге мынадай баға берген: "Қазақ әдебиеті жаңа арнаға бет бұрды. Ауызды қу шөппен сүртуге, құрына беруге болмайды. Әлемдік жауһарлармен иық тіресе алар талай таңғажайып шығармалар өмірге келді. Өзге дүниені ұмыттырар, өзінен екі елі ажыратпайтын туындылар қаншама? Ойлау жүйесі бүтіндей өзгерген бірінен-бірі өткен жас ақындар шоғыры күн өткен сайын молыға түсуде. Өте қуанышты жағдай. Солардың арасынан оқ бойы озық, өзін жеке даралаған бірден-бір жазушы ол – Рахымжан Отарбаев. Смағұл Елубаевтың: «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Ғабит Мүсіреповтен кейінгі бірден-бір суреткер жазушы, ол - Рахымжан Отарбаев» деуімен кім-кімде келісуі керек. Біздегі қалыптасып қалған бір жаман әдет әркімнің өз шамасын білмеуі, өзінен озықтарды мойындағысы келмей, дұрысырағы іштарлықпен соңынан неше түрлі ғайбат сөз – қиқу ілестіруі. Айтпағанды оның аузымен айтқызып, басын пәлеге қалдырғысы келіп жанталаса, жұмыла кірісуі. Ол дара туған сирек дарындардың бірі де бірігейі. Жағымпаздықты жанына жуытпаған азат ойлы суреткер. Ағынан жарылып айта қалса шындықты негіздейді, ал онымен келісу-келіспеу әркімнің өз шаруасы. Рахымжан Отарбаевтың мемлекеттік сыйлық алу мәселесінде де біраз шу көтеріліп барып , басылды. Сол бір сыйлығы түскірді алмаса да оның шығармалары әлемнің сан тілдеріне үлкен сұраныспен аударылып, атағы алысқа жетті. Оны өзімізден гөрі өзге жұрт алақанына салып әлпештейді. Қырғыз бауырлардың оны ақ киізге орап хан көтергендей, салтанатпен ұлылағанын өз көзіміз көрді. Рахымжан Отарбаевтың театр фестивалін ұйымдастыруға қомақты қаржы шығындады. Ширек ғасыр бойы оның пьесалары қырғыз сахнасынан түспеуі, кезінде Шыңғыс Айтматовтың өзі: «Жаңа театрды менің Жәмиләммен емес, қазақ жазушысы Рахымжан Отарбаевтың пьесасымен ашыңдар!», - деуі оның талантын мойындағандық емес пе? Келер жылы өзбек ағайындар: «Сенің театр фестивальіңді енді біз ұйымдастырамыз!», - деп екі алақанын ысқылап, қайтасын-қайта шақырып отырса, Р.Отарбавтың қандай жазушы екенін шамалауға болатын шығар. Мәскеу 60 жасқа толу мерейтойында кеудесіне алтын медаль тақса, бұл кім көрінген жазушыға көрсетілер құрмет емес. Мыңның біріне! Дарындар өздерінде де жетеді. Ерте ме, кеш пе Рахымжан Отарбаев иә түріктің, немесе қырғыздың, болмаса сол Ресейдің мемлекеттік деңгейдегі үлкен бір сыйлығын олжалайтыны кәміл. Әлем жұртшылығына мойындалған біртуар қаламгер қазақ әдебиетіне үлкен олжа салып, зор мәртебе әкелуде. Ол сондай қазақ жазушысы.»
Сондай-ақ, Т. Дәрелұлы "Рахымжан Отарбаевтың шығармаларының ерекшелігі неде?" деген сұраққа осындай жауап берді: «Дұрысында бұл сұраққа біршама қабырғалы қаламгер көптеп жауап берді. «Қазақ әдебиетінен» бастап «Айқын», «Ана тілі» т.б. бірқатар газеттерде, «Жұлдыз», «Жалын» басқа да журналдарда белгілі әдебиет өкілдері лайықты бағасын берді. Олардың көбісін өзі де оқымаған шығар. Филология ғылымдарының кандидаты, ақын, сыншы Гүлзада Ниетқалиева «Дара» атауымен бүтіндей кітап арнап оның шығармашылығының ешкімді қайталамайтын озық үлгілерін тайға таңба басқандай дәлелдеді. Алғашқы кітабы «Құпия түн» ұмытпасам 1987 жылы Алматының «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Ондағы «Із» әңгімесі Жұмекен ағаға арналған. «Қайнағдан қалған көз», «Тербелді гүлдер далада», «Күй – кербез», «Айсырға» т.б. әңгімелерден бастап осы күнгі әбден кемелденіп, толысқан шағындағы әрбір әңгімесі, әрбір драмалық шығармасы мен үшін, менің отбасым үшін ғажайып асыл қазына! «Моно Лиза», «Актриса», «Біздің ауылдың амазонкалары», «Нобельден қалған мұра», «Көрген-баққан», «Тәркі дүние», «Аспандағы ақ көбелектер», «Қытайдан жеткен сәлемдеме», «Американың ұлттық байлығы», «Жайық жыры», «Махамбет пен Пушкин», «Шыңғыс ханның көз жасы», қайсыбірін айтарсың... Бір-бір әңгімесі бір-бір романның салмағын ұстап тұр. Несімен ұнайды? Әрине жазылу стилінің соншалықты сонылығы, сыршылдығы, әсерлілігінен. Оқиға желісіне бірден ілестіріп, ажырап кетуге шамаңды келтірмейтін қуаттылығынан. Әрбір сөйлемі тың тіркеске толы, бірде-бір артық сөз жоқ, бәрі бір-бірімен қабысып, жымдасып тұтас ажырағысыз дүние құрап тұрады. Жылатып отырып күлдіреді, күлдіріп отырып мұңайтады, ызаңды келтіреді, сүйінішіңді туғызады. Дүниеге өзіндік көзқарасымен табындырады, иландырады. Әңгімелерінің бастауы, аяқтауы бас шайқатады, таңдай қаққызады. Бұрын-соңды кезікпегенге кезіктіреді. Сонысымен Рахымжан қаламгер құдіретті, «Дара» деуге әбден лайық, халқының іздеп жүріп оқитын жазушысы, халық ақымақ емес, әлем жұртын оясыз дегеннің өзі ақымақ. Қысқасы, Рахымжан ең бақытты жазушы, егер Алласы көрер жарықтан таршылық қылмаса, ол әлі талай таңғажайып туындыларымен есімізді алары, пендешіліктің не екенін кәлләмызға кіргізіп, ойландырары анық.
Біз туып өскен Құрманғазы топырағында Ұлы Еділдің үлкен бір саласы Қиғаш деген өзен бар. Махамбеттің «Қиғаш үшін қырылдық» дейтін сол Қиғаштан қаз-қатар бірнеше арналар туған жер төсімен толқыны бүлк-бүлк ойнап, тарамдала ағады. Бірінен-бірі өткен соншалықты әдемі. Сол сияқты Рахымжанның драматургиясы мен әңгімелерін мынаусы озық, мынаусы төменірек деп қарауға келмейтін сияқты. Әңгімелері бір кездегі орыстың әйгілі жазушысы А.П.Чеховтың әңгімелері сияқты дүниені дүбірге бөлеп, оқырман біткеннің жүрегін жаулап тұрса, драматургиясын одан кем еді деп ешкім айта алмаса керек. Ал, романы туралы айтсақ «Бас» деп аталатын соңғысының өзі неге тұрады? Түріктер бірнеше мың данамен аударып үлгерген бұл романда үлкен саясат жатыр. Махамбеттен бастап әлем елдеріндегі үлкен-үлкен мұсылман тұлғалардың кесілген, асылған бастарының тағдыры сөз болады. Қазір Р.Отарбаев ел мен елдердің шақыруына барып, шығармаларын аудартумен аяғы жерге сирек тиіп жүр. Оның айлар бойы жылға ұластырып жазатын уақыты енді келе жатқан сияқты. Сонда романын да басқасын да көретін боламыз. Қазіргісінің өзіне оқырманы өте жоғары баға беріп, әбден бауыр басып қалды.
» [4]
Әдебиет сыншысы Анар Қабдуллина: «Алдымен, өзіндік стиль ерекшелігі назар аудартады. Ешкімге ұқсамайтын Отарбаев стилінен теңіздің тұзды, ылғалды ауасы, құмның сусылы, жел табиғаты, тарих қойнауынан сыр тартқан балбал тастардың алақанға білінетін бедері, сол жақтан талықсып жететін жаңғырық дауыстар, пойыз доңғалағының біркелкі соғысы, т.б. алуан дүние сырлары білінеді.
Бірде Несіпбек Дəутайұлының Құмға қашқан құйын шығармасын оқып отырып, Рахаң елес беріп өткендей болды. Мəнісін сұрағанда, бұл шығарма сюжетін Несағаға Рахымжан аға айтып беріп, жазыңыз деп қолқалаған екен. Екі жазушының арасында əдемі сыйластық, достық бар екенін артынан біліп, тəнті болдым.
Отарбаев диалогтерінде полифония бар жəне кейіпкерлерінің дабырлап сөйлескен дауыстары анық естіліп тұрғандай болады жəне сол ерекшелігінен шығарманы бірмезгілде сахнадан да тамашалап отырғандай сезінесің.
Дабырлап сөйлесуде - қалтқысыз тазалық бар. Бір замандарда жаһандану идеологиясының апандай көмекейіне, ол болмаса, жалғыздыққа жұтылып кетер болсақ, келер ұрпақ қазақы қалтқысыз қарым-қатынасқа тəн осынау ерекшелікті Отарбаев кейіпкерлерінің бойынан көріп, таңдай қағатын шығар.
Өзіме Отарбаев əңгімелері постмодернистік бояу араласқан мұңдылығы үшін, драматургиясы адам жанына терең үңілетін ерекшелігі үшін, романдары үлкен ізденістің жемісі екендігі білінетіндігі үшін ұнайды.» - деп бағалады. [4]
1.2 Р.Отарбаевтың шығармаларындағы өмірлік проблемасының көрінісі
Тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілікті ұштастыра отырып, адам мен қоғам, тұлға мен тобыр тартысқан мына заманда замана шындығын бүкпесіз суреттеген жазушының әр туындыдағы айтар ойы ойлы оқырманның ойына ой салары сөзсіз. Рахымжан Отарбаев – прозаның не екенін білген, керемет меңгерген хас суреткер.Ол шындықты жалаңаш түрде айтпайды, үлкен ойдың астарында, жасырып, көміп бірақ адам санасына түсінікті етіп,керемет жеткізе біледі. Өзінің оқырманы бар, шығармашылығын, стилін, өрнегін сыйлайтын,құрметтейтін жазушы.
Рахымжан ағаның өзіне байланысты туған жер,ұстаз жөнінде сұрақ қойса:
Теңіздің қуысында,
Құдайдың уысында... - деп өзін таныстыруы,
Әбіш Кекілбаев - ұстазым,
Шерхан аға – жұмысқа алды,
Оралхан ағаның шапағатына бөлендім,
Тұтқабай Иманбеков туған аға болды,
Фариза апа-алғашқы шығармамды басты, Әбіш аға маңдайымнан сипады,арқамнан қақты,
Әбдіжамал аға – Мәскеуге танытып, кітабымды шет елге шығуына ықпал етті.
Шерхан ағаның шекпенінен шықтық, солар қолдан жетектеді, жолымызды ашты.
Ізгілік сапарына сол жерден іліктік қой, - деп өзінің оқу-тәлім алған ортасын да ерекше, көркем сөзбен айтуы бір бөлек.
Жазушының бағасы айтқан сөзінен ғана емес, келтірген немесе өзінше қажаған, я болмаса өзгеше айшығынан білінеді. Оның кім екені қаламынан шыққан қуатты ойдан, соны өрнегінен де танылмақ. Отарбаевтың қай шығармасына үңілсеңіз де қоғамды ірітіп-шірітіп, жегідей жеп жатқан былық-шылықты әшкерелегенін көруге болады.
Бұл үзінділерде ақшақұмарларды тоғышарлық дәрежесіне жеткізген нәрсе – азғындық. Кәдімгі Абай айтқан «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласының» өзі. Содан барып ол «санасыз, ойсыз, жарым ес» болып шығады да, адамдық ізгі қасиеттен толық айырылады. [6, 2б. ]
Бәрі Абайдың ескерткішінің алдына келеді. Қыз бен жігіт тағзым етеді. Гүл шоғын қояды.
БІР ТОП ЖАС:Абай атамыз бен Әйгерімдей болыңдар!
-Бақтарың ашылсын!
-Давай, сол үшін ішеміз!
-Шампан ашыңдар, шампан!
ЖІГІТ: Ұлымыз болса, атын Абай қоямыз.
ҚЫЗ: Қыз болса - Әйгерім...
БІР ТОПЖАС: Горько! Горько!
-Ащы! Ащы!
АБАЙ: Ұлымыз болса атын Абай қоямыз дейді мына заманның жастары. Абай емес есімін Абайла деп қой, А-бай- ла! Абайла,бауырым, Абайла!
«Кер кеткеннің сақалы кеңірдегіне бітеді» деген. Ынтық болған ғашығын аузынан сүйеді екен... кенедей жабысып. Біздің кезімізде, ой-хой, дәурен (ойланып, мұңданып), Тоғ-жан, Сал-та-нат... (Басын шайқайды) Ақ бетінен аялап өбіп, ақ тамақтан иіскеп... Қалқам деп, қарағым деп... [42 , 43б] АБАЙ: СОТ
Ойланып қарасақ, оқырманды шошытқан жаңа әрекеттерді істейтін адамдар бүгінгі заманда өркениетке жеткен, демократиялық елдерде өмір сүреді. Демократия дегенді «бәрін өзім білем, не істеймін десем – өз еркім» деп түсінген олар – аш емес, жалаңаш емес, бірақ гомосексуалистер, көшеде тыр жалаңаш жүретіндер, ішіп, қалай болса солай жыныстық қатынасқа ашық түсетіндер… Олар неге бұлай болды? Себебі – өзімшілдік, жауапсыздық, қоғамда тежегіш күштің жоқтығы. Дәл осыған ұқсас жағдай бізде де көрініс беруде. Бірақ біздегінің себебі сәл басқаша. Дамыған елдегілер «тойып секірсе», біздегілер «тоңып секіруде». Нарықтық экономикаға көшкен сәттен бастап, бұқара халық орасан қиыншылыққа тап болды: жұмыссыздық, баспанасыздық, аштық – бұлардың бәрі қосыла келіп, адамдардың біраз бөлігін рухани азғындыққа әкелді. Соның салдарынан олар есірткіге, ішкілікке, әйелдер жезөкшелікке салынды, еркектер, әсіресе, жастар рэкеттік әрекеттер мен зорлық-зомбылық жасауға көшті. Рухани азғындау, түптеп келгенде, оларды адамгершіліктен жұрдай қылды, не құдайдан, не адамнан қорықпаған олар өз әкесін, шешесін, баласын, әйелін өлтіруде, қызын, қарындасын зорлады, жазықсыз жандарды жайратты… «Ашынғанның тілі шығады, ашыққанның қолы шығады» демекші, кедейшілік, жоқшылық адамдарды ессіздікке, тағылыққа апаруда. Сонымен бірге мұндай хайуандыққа тек ашыққандар ғана емес, «тамағы тоқ, көйлегі көктер» де барып жатқаны елге аян. Бұның себебі – «аттылыға ілесіп, жаяудың таңы айырылыптының» кері. «Демократиялық елміз» дегенді желеу етіп, бас-көз жоқ Батысқа еліктеудің салдары. Ебін тауып, екі асап, тез арада байып алғандардың бір бөлігі дамыған елдердің «рахат өмірін» өздерінше түсініп, игеріп алған сыңайлы.