Файл: Осы масаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тр.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-мысал. 5,25 г азот 26ºС мен 98,9 кПа (742 мм. сын. бағ) қысымда қанша көлем алады?
Шешуі. Азоттың мольдік көлемімен мольдік массасын (28,0 г/моль) біле тұра, 5,25 г азоттың қалыпты жағдайда алатын көлемін анықтаймыз:
28,0 г Ν2 — 22,4 л
5,25 г Ν2 — V0
бұдан
V0 = 5,25 г ∙ 22,4 л / 28,0 г = 4,20 л.
Анықталған көлемді есептің шарты бойынша табамыз:
V = P0V0T / (РТ0) = 101,3 ∙ 4,20 ∙ 299 / (98,9 ∙ 273) = 4,71 л.
4-мысал. Көлемдік құрамы (қ.ж.) 21% болатын 1 л ауада неше моль О2 бар?
Шешуі. 1 л ауада О2 қалыпты жағдайда 0,21 л көлем алады. О2 мольдік көлемін біле тұра, 0,21 л О2 оның моль санын анықтаймыз.
22,4 л. 1 моль О2 — 22,4 л
0,21 л. х моль О2 — 0,21л
х = 0,21 / 22,4 = 0,093 моль О2
Бекіту сұрақтары:
-
Авогадро заңы қалай тұжырымдалады? -
Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі? -
Салыстырмалы тығыздық деген не? -
Ауаның молярлық массасы нешеге тең?
4 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Заттың эквивалентті массасы
Элементтің эквивалентідегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай мольді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшерін айтады.
Элементтің 1 эквивалентінің массасын оның эквиваленттік массасы дейді, ал ол г/моль арқылы көрсетіледі.
1-мысал. Мына қосылыстардағы HBr, H2O және NH3 элементтерінің эквиваленттік массасын және эквивалентін анықта.
Шешуі. Берілген қосылыстардағы сутегі атомының 1 молі, бром атомының 1 молімен, оттегі атомының ½ молі, азот атомының 1/3молімен қосылады. Яғни, соған сәйкес бромның, оттегінің, азоттың эквиваленті 1 мольге, ½ және 1/3 мольге тең.Бұл берілген элемент атомдарының мольдік массасы нәтижесінде бром, оттегі, азот —эквиваленттік массалары — 79,9 г/моль, 16 ∙ ½ = 8 г/моль, 14 ∙ 3/1 = 4,67 г/мольге тең екені анықталды.
Элементтің эквивалентін немесе эквиваленттік массасын анықтағанда, оның сутегімен қосылыс түзуі міндетті емес. Қосылыстағы элементтерді талдау арқылы анықталған массалық мөлшерлері және біреуінің эквиваленті белгілі болса, екінші элементтің эквивалентін табуға болады.
2-мысал. 5,6 г темір күкіртпен қосылғанда 8,8 г темір сульфидін түзеді. Күкірттің эквиваленттік массасы 16 г/мольге тең екені белгілі болса, темірдің эквиваленттік массасын ЭFe және оның эквивалентін есепте.
Шешуі. Берілген есептің шарты бойынша, темір сульфидіндегі 5,6 г темірге 8,8 - 5,6 = 3,2 г күкірт келеді. Эквивалент заңына сәйкес, әрекеттесетін заттардың массалары олардың эквиваленттік массаларына пропорционал болады. Демек,
5,6 г Ғе эквиваленті 3,2 г S
ЭҒе г/моль — 16 г/моль
Бұдан, ЭҒе = 5,6 ∙ 16/3,2 = 28 г/моль
Темір атомының мольдік массасы, санды түрде оның салыстырмалы молекулалық массасы (28 г/моль), оның атомының мольдік массасынан 2 есе кем болғандықтан, 1 моль темірде 2 эквивалент бар. Демек, темірдің эквиваленті ½ мольге тең (1:2).
Эквиваленттер заңы негізінде күделі заттардың эквиваленттік массаларын мына формулалармен өрнектеуге болады:
Эоксид = Моксид / элемент атомының саны ∙ элемент валенттігі;
Эқышқыл = Мқышқыл / қышқыл негізділігі;
Энегіз = Мнегіз / негіз қышқылдығы;
Этұз = Мтұз / металл атомының саны ∙ металл валенттілігі;
мұндағы, М – қосылыстардың мольдік массасы.
3-мысал. Құрамында 8г NaOH бар ертіндімен күкірт қышқылын бейтараптағанда түзілген натрий гидросульфатының массасын анықта.
Шешуі. Натрий гидроксидінің эквиваленттік массасын табамыз:
ЭNaOH = MNaOH/1 = 40 г/моль. Демек, 8г NaOH 8/40 = 0,2 г/моль NaOH эквиваленттік массасын құрайды. Эквиваленттер заңына сәйкес, түзілген тұз массасы да 0,2 тең. Кейін тұздың эквиваленттік массасын анықтаймыз:
ЭNаНSО4 = MNаНSО4 / 1 = 120 г/моль. Натрий гидросульфатын түзген масса 120 ∙ 0,2 = 24 г тең.
Кейбір есептерді шығарғанда, мысалы, газ күйіндегі заттардың реакцияға түсуі, көлемді анықтау және оған есептерде міндетті түрде “эквиваленттік көлемді„ қолданған жөн.
Эквиваленттік көлем деп осы жағдайда заттың 1 эквивалентіне сәйкес келетін көлемді айтады. Мысалы, қалыпты жағдайда сутегінің 1 эквиваленті 22,4/2 = 11,2 л тең, оттегінің 1 эквиваленті 5,6 л көлем алады.
4-мысал. Эквиваленттік массасы 28 г/мольге тең, металдың біршама мөлшері қалыпты жағдайда қышқылдан 0,7 л сутегіні ығыстырып шығарады. Металдың массасын анықта.
Шешуі. Сутектің эквиваленттік көлемі 11,2 г/мольге тең екенін біле тұра, пропорция құраймыз:
28 г металл эквиваленті —11,2 л сутегі
хг — 0,7 л
х = 0,7 ∙ 28/11,2 = 1,75 г.
5 – сабақ
Тақырыбы: Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер әдістемесі
Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.
Дамытушылық: Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Сабақ барысы: Өзіндік жұмыс орындау арқылы реакция теңдеулерін теңестіруді еске түсіру, оны орындатуғатүрлі тәсілдерді ұсыну:
1-тапсырма: Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер.
Ca + CI2 =
Na + O2 =
P + O2 =
AI + CI2 =
K + S =
Zn + O2 =
Ca + S =
AI + S =
H2 + O2 =
Жаңа сабақ: Зат массасының сақталу заңын қайталай отырып, реакция теңдеулеріне сүйеніп сан есептерін орындау заңды іске асырудың бір жолы екеніноқушылар есіне салу.
Оның практикалық мәні зор. Ең алдымен оңайырақ теңдеулерді пайдаланып, есеп шығаруды дағдыландырады. Одан әрі күрделірек есептерді беруге болады.
Оқушыларға теңдеуге сүйеніп зат мөлшерін, содан соң массасын табуға арналған есепті талдап, кітаппен жұмыс жасауды ұсынуға болады.
Есеп: 1 моль магний реакцияға түсу үшін қанша моль оттек қажет және қанша магний оксидінің зат мөлшері түзілетінін есептеңдер.
Берілгені:
Мұндағы басты мақсат реакция теңдеуіне сүйеніп, есептеулер жасау.
ν(Mg)=1моль
Т/к: ν(О2)-? 1 моль х моль у моль
ν(MgO)-? 2Mg + O2 = 2MgO
2 моль 1 моль 2 моль
Енді есепті ауызша шығаруға болады. Жауап: 1 моль магний жану үшін 0,5 моль оттек қажет болса, 1 моль MgO түзіледі. Енді оның массасын табу үшін m=Mν формуласын пайдаланып, m(O2)= 32г/моль • 0,5 моль=16г; m(MgO)= 40г/моль • 1моль = 40 г.
Есептерді екінші сабақта жалғастыру.
Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу және ол бойынша есептер шығаруды қорытын- дылап жүйеге келтіру.
Сабақты бекіту мақсатында шығарылатын есептер:
1) 8г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?
2) Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?
3) Массасы 6,5г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?
4) 1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?
5) Оттегінде 54г алюминий жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?
6) Массасы 360г алюминий сульфидін алу үшін, оған жұмсалған алюминий мен күкірттің массасын есептеп шығар.
7) 8г мыс(ІІ) оксидінен мысты жеке бөліп алу үшін, қанша грамм сутегі жұмсалады?
8) 8г сутегі жанғанда түзілетін судың массасы және зат мөлшері қанша?
9) Реакцияға 16г оттегі түскенде судың қандай зат мөлшері шығады?
10) Реакциядан 9г су түзіледі. Реакцияға түскен оттегінің массасын және зат мөлшерін табыңдар.
6 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Химиялық типтік есептер
Сабақтың мақсаты:
А) Химиялық реакция типтерін түсіндіру, химиялық реакция типтерін айыра білу икемділіктерін арттыру.
Ә)Зат мөлшері, молекула саны ұғымдары туралы білімімен біліктерін дамыту.
Б)Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Электрондық оқулықтан.№3,№4,№5
Тест(Электрондық оқулықтан) №1, 2,3, 4, 5 ,6, 7, 11, 12, 14, 15, 16, 17.
Эстафеталық есептер.
№1
28г көміртегі(II) оксидінде қанша зат мөлшері бар.(1 моль)
№2.
1 молькөміртегі(ІІ) оксиді мен оттегі реакцияға түсетін болса, жұмсалатын оттегінің зат мөлшерін есептеңіздер.
2СО+О2=2СО2
(0,5 моль)
№3
0,5 моль оттегідегі молекула санын анықта(3,01*1023)
Графикалық диктант
Na2SO4 заты берілген.Сұрақтарға иә жауабын белгімен,жоқ жауабын белгілейміз.
1. Бұл қоспа.
2. 3 заттан тұрады.
3. 3 элемент атомдарынан тұрады.
4. Заттың құрамына оттегінің 4 молекуласы кіреді.
5. Бұл күрделі зат.
6. Берілген затты жай заттарға тек физикалық әдіспен бөліп алуға болады.
7. Берілген затты жай заттарға тек химиялық әдіспен бөліп алуға болады.
8. Қандай әдіспен алынғанына қарамастан заттың құрамы бірдей болады.
9. Заттың құрамында 2 атом О бар.
10. Заттың құрамында 4 атом О бар.
Семантикалық карта
№ Зат М v N m
1 SO2 0,2 моль
2 H2S 3,4г
3 H2 5 моль
4 O2 3,01*1023
5
H2O 27г
6 NaCL 0.25моль
Химиялық диктант.
1.Жай заттар….. …… ….тұрады.
2.Реакцияға кіріскен зат …………..деп аталады.
3.Мольдік массаның өлшем бірлігі- …………..
4.Химиялық реакция-……….
Қазанның 16-ы
Химиялық реакция типтері.
Электрондық оқулықтан.
Тест(Электрондық оқулықтан)
Электрондық оқулықтан(Тапсырма№6, №16 зертханалық №2)
Оқулықпен жұмыс.№5,№7,№8,№9.
Жұмыс дәптері.№75,№76,№77,№78.
Қосылу реакциясы нәтижесінде бірнеше (жай немесе күрделі) заттардан бір күрделі зат түзіледі.
А+В-С
A+B+C-D
Мысалы:
Ғе + S= FeS
жай + жай = күрделі зат
СаО + Н20 = Са(ОН)2
күрделі + күрделі = күрделі зат
СаС03+С02+Н20=Са(НС03)2
күрделі заттар = күрделі зат
2SOa + 02 = 2S03
күрделі + жай = күрделі
Айырылу реакциясы нәтижесінде бір заттан екі немесе одан да көп заттар түзіледі (күрделі немесе жай).
АВ---А+В
АВС--- А+В+С
Мысалы: СаСО3^СаО + С02
бір зат = екі зат
4HN03 = 4N02+2H20+02
күрделі зат = бірнеше зат
Орын басу реакциясы жай және күрделі зат арасында жүреді, жай зат күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басады.
А+ВС - АС+В
Мысалы: Н2+СuО - Н20+Сu
жай зат + күрделі зат - күрделі зат + жай зат
Fe+CuS04 = FeS04+Cu
жай зат + күрделі зат = күрделі зат + жай зат
Алмасу реакциясы кезінде екі күрделі заттың кұрам бөліктері орын алмастырады:
AB+CD = AD+BC
Мысалы: CuO+2HCl = CuCl2+Н20
күрделі заттар = күрделі заттар
AgN03+NaCl = AgCl+NaNO3
күрделі заттар = күрделі заттар