Файл: 4 сынып Математика Саба Малім Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 98

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.
1. Өрнектерді оқы:

800×20+300×40 а×20+30×40 60:20+50:10 60:а+50:10

800×20–300×40 80×20–300×а 80:20–40:20 80:20–а:20
10 км/сағ х км/сағ





320 км
2. Сурет бойынша мына өрнектер нені білдіретінін анықта:

(х=10) км/сағ; (10 ×4) км және (х×4) км; (х+10)×4 (км);

320: (х+10) (сағ); (320:4) км/сағ; (х×4+10×4) км.
3. Әр бағанның өрнектерін бір-бірімен салыстыр:
800: (8–18:6) 300×(3+4×5) 500×5+80:20

800 :8–18:6 300×3+4×5 (500×5+80):20

(800:8–18):6 (300×3+4)×5 500×(2+80:20)

Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

4. Есептер шығару:

а) 20 қапта - 1 т құм шекер

10 қапта қанша құм шекер бар?

1 т =1000 кг

1000:20×10=500 (кг)

Ж: 10 қапта 500 кг (жарты тонна) құм шекер бар

ә) 25 қапта - 1 т күріш

10 қапта қанша күріш бар?

1 т =1000 кг

1000:25×10=400 (кг)

Ж: 10 қапта 400 кг күріш бар
5. Бір шаруашылықта 112 сиыр, ал екіншісінде 95 сиыр бар. Екінші шаруашылық біріншісіне қарағанда тәулігіне 272 кг шөп кем пайдаланады. Әр шаруашылық тәулігіне қанша шөп жұмсайды?

1-шаруашылықта – 112 сиыр

2-шаруашылықта – 95 сиыр және біріншіден 272 кг шөп кем пайдаланады

Әр шаруашылық тәулігіне қанша шөп жұмсайды?

1) 272: (112-95)=272:17=16 (кг) - әр сиырға жұмсалады

2) 112×16=1792 (кг) - 1-шаруашылықта

3) 95×16=1520 (кг) - 2-шаруашылықта

Ж:
6. Шаруашылықта күніне 1968 л сүт сауылып алынады. Оның 464 литрін дүкенге түсіреді, ал қалғанын 32 литрлік бидондарға құйып қалаға жібереді. Қалаға неше бидон сүт жіберіледі?

Барлығы – 1968 л сүт

Дүкенге – 464 л

Қалаға жібереді - 32 литрлік бидондармен

Қалаға неше бидон сүт жіберіледі?

(1968-464) : 32=1504:32=47 (б.) – қалаға

Ж:
7.

Тік

Төртбұрыштың

ұзындығы

Тік

Төртбұрыштың

ені

Тік

Төртбұрыштың

ауданы

20 дм

8 дм

160 дм

40 дм

8 дм

320 дм

80 дм

8 дм

640 дм


Кестенің бағандарын салыстыр. Не өзгерді? Не тұрақты болды?

Тік төртбұрыштың ұзындығының өзгерісі туралы не айтуға болады?

Тік төртбұрыштың ауданының өзгерісі туралы ше?

Тік төртбұрыштың ені тұрақты болып, ұзындығы артса, оның ауданы қалай өзгереді?

Ал ұзындығы кемісе ше?
8. Көбейтуді орында және оны бөлу арқылы тексер:

50027 × 4 52007 × 4
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 9–тапсырма, шығ. тапсырма.

4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. (223 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға есепті теңдеу құру арқылы шығаруды үйрету.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі. Баған түріндегі көбейту мен бөлу үлгісі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

1. 1 кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты килограмм сары май қанша тұрады?

200 г сары май ше?

360:2=180 (тг) – жарты килограмм

1 кг =1000 г

360: (1000:200)=360:5=72 (тг) – 200 г май бағасы

Ж:
2. Оқушы кітаптың 18 бетін оқыды. Бұл кітаптың барлық бетінің бестен бір бөлігі.

Кітапта барлығы неше бет болғаны?

Оқыды – 18 бет, бұл кітаптың 1/5 –і

Кітапта барлығы неше бет болғаны?

18×5=90 (бет) – барлық беті

Ж:

Пысықтау жұмысы:

Теңдеулер, оларды шешу жолдарын пысықтау.
3. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Қоймада 1706 қап ұн болды. Бірнеше қап ұнды асханаларға жөнелткеннен кейін онда

1009 қап ұн қалды. Асханаларға неше қап ұн жөнелтілген?

1706 – х=1009

х=1706-1009

х=697

4. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Көкөніс қоймасында 548 т қызылша болды. Қоймадан бірнеше тонна қызылшаны тиеп


жібергеннен кейін онда 399 т қызылша қалды. Қоймадан қанша тонна қызылша

тиеліп жіберілді?

548-х=399

х=549-399

х=150
5. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Көктемде бақшаның орта тұсына әр қатарына 8 көшеттен 5 қатар және бақша қоршауын

жиектей бірнеше көшет отырғызылды. Барлығы 63 көшет отырғызылған болса,

қоршауды жиектеп неше көшет отырғызылды?

8×5+х=63

40+х=63

х=63-40

х=23
6. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Арасы 18 км екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі жаяу адам

2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығы

қандай?

(4+х)×2=18

4+х=18:2

4+х=9

х=9-4

х=5
9. (1502–309)×48 600 : (112–87) 62000–705×35

386×84–9603 4930:34+852 1025+3159:27

5356:52×428 7332:39×840 675×102:45

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 7,8–тапсырма, шығ. тапсырма.

4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. (224 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға ауызша жауап алу.

1. Жолаушы жолда 2 тәулік 6 сағат болды. Ол жолда барлығы неше сағат болды?

24×2+6=54 (сағ) – барлығы
2. Адам тәулігіне 8 сағат ұйықтайды. Адам тәуліктің қандай бөлігін ұйқымен өткізеді?

24:8=3 - тәуліктің 1/3 –ін
Пысықтау жұмысы:

Теңдеулер, оларды шешу жолдарын пысықтау.
3. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Баққа бірнеше түп сары және 6 түп қара өрік отырғызу керек. Сонда бақтың әр

Қатарында 9-дан 3 қатар өрік болады. Баққа неше түп сары өрік отырғызылады?

Х+6=9×3

Х+6=27

х=27-6

х=21

4. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Баққа бірнеше алмұрт ағашын және әр қатарына 5-тен 3 қатар алма ағашын отырғызу

керек. Сонда бақта барлығы 22 ағаш отырғызылады. Баққа неше алмұрт ағашы

отырғызылады?

Х+5×3=22

Х+15=22

х=22-15

х=7

5. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Қоймаға кір жуатын машиналар әр қатарына 125-тен 7 қатар етіп қойылды. Олардың

біразын дүкендерге алып кеткенде қоймада 340 кір машина қалды. Дүкендерге неше

кір жуатын машина жөнелтілді?


125×7-х=340

875-х=340

х=875-340

х=535
6. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Ауылдан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта шыққан екі адамның бірі

4 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүргенде, екіншісі одан 27 км қашықтықта болды.

Екінші адам қандай жылдамдықпен жүрген?

(4+х)×3=27

4+х=27:3

4+х=9

х=9-4

х=5
7. Тік төртбұрыштың ауданы 64 мм . Оның ені ауданы тік төртбұрыш ауданының

төрттен бір бөлігіндей шаршының қабырғасына тең. Тік төртбұрыштың ұзындығын тап.
8. Өрнек түрінде жаз және оқы:

2800 санын 14 пен 5-тің көбейтіндісіне бөл;

2800 санын 14 пен 5-тің көбейтіндісіне көбейт.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 9–тапсырма, шығ. тапсырма.

4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. (225 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

1,2 . Есептер шығару:

5 кг бидайдан - 4 кг ұн, ал 2 кг ұннан 3 кг нан алынады.

300 кг бидайдан қанша килограмм нан алынады?

4:2×3=6 (кг нан) – 5 кг бидайдан

300:5 ×6=360 (кг нан) - 300 кг бидайдан

Ж:

1 ц бидай - 100 л су керек.

Күріш алаңына - ? л, бұдан 4 есе артық су кетеді.

1 ц күріш өсіру үшін қанша литр су қажет?

100×4=400 (л) - 1 ц күріш өсіру

Ж:
3. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Қоймадан түске дейін әр машинаға 64 шаңсорғыштан тиеп, 9 машинамен дүкендерге

алып кетті. Сонда қоймада 143 шаңсорғыш қалды. Түске дейін қоймада неше