Файл: 4 сынып Математика Саба Малім Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 99

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


шаңсорғыш болған?

Х-64×9=143

Х-576=143

х=576+143

х=719
4. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Қоймадағы тігін машиналарының 879-ын дүкендерге алып кетті. Сонда қоймада

әр қатарында 42-ден 16 қатар тігін машинасы қалды. Қоймада бастапқыда неше тігін

машинасы болған?

Х-879=42×16

Х-879=672

х=879+672

х=1551
5. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Вагонға тиелген ұнды әрқайсысына 3 тоннадан тиеп, 20 машинамен жөнелткенде

вагонда тағы 10 т ұн қалды. Вагонда барлығы неше тонна ұн болған?

Х-20×3=10

Х-60=10

х=60+10

х=70

6. Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Ауылдан қалаға қарай жаяу адам шыққан уақытта одан 24 км қашықтықтағы

екінші ауылдан сол қалаға қарай велосипедші шықты. Жаяу адам 4 км/сағ, ал

велосипедші 16 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Велосипедші неше сағаттан кейін

жаяу адамды қуып жетеді?

(16-4)×х=24

12×х=24

х=24:12

х=2
7. Тік төртбұрыштың периметрі ауданы 100 см шаршының периметріне тең, ал оның

Ені шаршының қабырғасынан 2 см қысқа. Тік төртбұрыштың ұзындығын тап.

8. Өрнек түрінде жаз және оқы:

а) 97 мен 103-тің қосындысын 6 есе арттыр;

ә) 72-ні 257 мен 43-тің қосындысына көбейт.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 9–тапсырма, шығ. тапсырма.



1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларын әр

жолдағы, әр бағандағы және кез

келген басқа да түзу сызық бойын-

дағы дөңгелектерге орналастырғанда

сол цифрлар арқылы жазылатын

үш таңбалы сан 3-ке бөлінетін

болсын.



4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. (227 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.

Есептер шығару:

1. Жолды жөндеу жұмысына 96 т топырақ жеткізу үшін жүк машинасымен 12 рет

немесе қуатты үлкен машинамен 6 рет қатынау керек. Осы топырақты тасып бітіру

үшін бұл машиналардың екеуі бірге неше рет қатынаса жеткілікті?
Барлығы – 96 т топырақ

Жүк машинасы – 12 рет

Екеуі бірге неше рет қатынайды?

Қуатты машина – 6 рет

1) 96:12=8 (т) - Жүк машинасы

2) 96:6=16 (т) - Қуатты машина

3) 96: (16+8)=4 (рет) - Екеуі бірге

Ж: Екеуі бірге 4 рет қатынайды
2. Ара қашықтығы 237 км екі қаладан бір мезгілде бір–біріне қарама-қарсы велосипедші

мен мотоциклші шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы

19 км/сағ. Мотоциклшінің жылдамдығын тап.
Қашықтық – 237 км

Уақыт – 3 сағат

Велосипед жылд. – 19 км/сағ

Мотоциклшінің жылд. - ? км/сағ

(237-19×3):3=180:3=60 (км/сағ) - Мотоциклшінің жылд.

Ж:
3. Арасы 105 км екі қаладан бір мезгілде екі велосипедші бір-біріне қарама-қарсы

бағытта шықты. Олардың бірі 12 км/сағ, ал екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді.

3 сағаттан соң олардың ара қашықтығы қандай болды?

Қашықтық – 105 км

1-жылд. – 12 км/сағ

2-жылд. – 15 км/сағ

3 сағаттағы арақашықтық - ? км


105-(12+15)×3=105-81=24 (км) - 3 сағаттағы арақашықтық
4. 632 : 79 және 645 : 79 өрнектерін салыстыр.

Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

Бөлу амалын орында. Нәтижелерін салыстыр. Бірінші өрнектің мәнін екінші өрнектегі

амалды орындағанда қалай пайдалануға болады?
5. Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, ені 15 см. Ауданы оның ауданымен бірдей, ал ені

3 см қысқа тік төртбұрыштың ұзындығын тап.

Берілді: 1- тік төртбұрыш

а=20 см

в=15 см

Берілді: 2-тік төртбұрыш

Аудандары бірдей

в - ? см, 3 см қысқа

а - ? см

1) 20×15=300 (см2) - 1- тік төртбұрыштың ауданы

2) 15-3=12 (см) -2-тік төртбұрыштың ені

3) 300:12=25 (см) - 2-тік төртбұрыштың ұзындығы

Ж:
6-тапсырма ауызша орындалады.

36 м × ? = 9 км ? кг × 250 = 6 т 60 дм : 25 = ? см

18 км : ? = 72 м ? кг : 150 = 18 кг ? т : 250 = ? кг
7. Бөлуді орында және көбейту арқылы тексер:

20301 : 67 71400 : 17
8. Теңдеулерді шеш: х + 90 = 860 × 400 42600 : х = 15
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 9, 10–тапсырма, шығ. тапсырма.


4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару (228 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға алған білімдерін тиянақтау. Есепті теңдеу құру арқылы

шығаруды дағдыларын пысықтау.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді тиянақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: Көбейту кестесі.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..

Жаңа сабақ.

Сабақ мақсатымен таныстыру.
1. Мектептің 180 есігін сырлау керек. Бір сырлаушы оны 15 күнде, ал екіншісі 10 күнле сырлап бітіре алады. Егер екеуі бірігіп істесе, олар бұл жұмысты неше күнде бітірер еді?
Барлығы – 180 есік


1-сырлаушы – 15 күнде

Екеуі бірге неше күнде бітірер еді?

2-сырлаушы – 10 күнде

180: (180:15+180:10)=180:30=6 (күнде) - Екеуі бірге

Ж: Екеуі бірге 6 күнде бітірер еді
2. Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан жылдамдығы 19 км/сағ

велосипедші мен жылдамдығы 76 км/сағ мотоциклші 6 сағаттан кейін кездесті.

Екі қаланың арасы неше километр?
Велосипед жылд. – 19 км/сағ

Мотоцикл жылд. – 76 км/сағ

Кездесті – 6 сағатта

Екі қаланың арасы неше километр?

(19+76)×6=95×6=570 (км) – қашықтық

Ж: Екі қаланың арасы 570 километр
3. Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі велосипедшінің ара қашықтығы 3 сағаттан соң 186 км болды. Олардың бірі 12 км/сағ, ал екіншісі 15 км/сағ

жылдамдықпен жүрді. Екі қаланың арасы неше километр?
Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс

3 сағаттан кейінгі қашықтық – 186 км

1-жылд. – 12 км/сағ

2-жылд. – 15 км/сағ

Екі қаланың арасы неше километр?

(15+12)×3+186=81+186=267(км) - қашықтық

Ж: Екі қаланың арасы 267 километр
4. 567 : 63 және 572 : 63 өрнектерін салыстыр.

Олардың ұқсастығы неде?

Айырмашылығы неде?

Бөлулерді орында.

Нәтижелерді салыстыр.

Бірінші өрнектің мәнін екінші өрнектегі амалды орындағанда қалай пайдалануға болады?

5. Тік төртбұрыштың ұзындығы 40 см, ені 15 см. Ауданы оның ауданымен бірдей, ал ені

5 см ұзын тік төртбұрыштың ұзындығын тап.
Берілді: 1- тік төртбұрыш

а=40 см

в=15 см

Берілді: 2-тік төртбұрыш

Аудандары бірдей

в - ? см, 5 см ұзын

а - ? см

1) 40×15=600 (см2) - 1- тік төртбұрыштың ауданы

2) 15+5=20 (см) -2-тік төртбұрыштың ені

3) 600:20=30 (см) - 2-тік төртбұрыштың ұзындығы

Ж:
6. ? тиын × 25 = 7 теңге 8 кг × ? = 2 ц ? км : 250 = ? м

14 теңге : ? = 56 тиын 4 ц : ? = 16 кг 250 × ? кг = ? т

8. Теңдеулерді шеш:

х × 709 = 20353 + 41330 х – 2020 = 16800 : 700

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: 7, 9–тапсырма, шығ. тапсырма.

4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Балалардың игерген білім деңгейін анықтау, оқу материалын қалай меңгергендігін бақылау.

Дамытушылық: Өзара кері есептер тобын шығару дағдыларын және ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамту. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру жайлы білімдерін бекіте түсу. Өзіндік жұмыс дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.


Әдіс-тәсілдері: Өзіндік жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Сабақ мақсатымен таныстыру.
Бақылау жұмысы



І нұсқа


ІІ нұсқа

1. Есепті шығар.

Бір машина жолда 12 сағат, ал екінші машина 8 сағат болды. 1-машина 2-машинаға қарағанда 400 км артық жүрді.Олардың жылдамдықтары бірдей болса, әрқайсысы неше км жол жүрді?

1. Есепті шығар.

Автобус жолда 5 сағат, жүк машинасы 9 сағат болды. Автобус жүк машинасынан 240 км кем жүрді. Олардың жылдамдықтары бірдей болса, әрқайсысы неше км жол жүрді?


2. Амалдарды орында.

5×15-60:12×11+80

(99:33+76:4)×4-26×3

4×20:5-(88:22+6)

66:22×20+80:20

2. Амалдарды орында.

95:5+27×3-54:3

96:16+6×12+92:23

92:23×20-72:12×10

98:7×5-20×3

3. Өрнекте

* дм=80 см

* м=1000 мм

7 дм2= * см2

*см2=800 мм2

3. Өрнекте

* мм2=4 см2

9 м2= * дм2

80 мм = * см

40000 см2= * м2

4. Теңдеуді шеш.

Х:7=10025

Х×9=9009

В:5=125

4. Теңдеуді шеш.

Х×6=14790

Х×9=12501

333:а=3

5.

Ұзындығы а см, ені 4 м тік төртбұрыштың ұзындығын 3 есе арттырғанда алынған жаңа тік төртбұрыштың периметрін тап.

5.

Ұзындығы а см, ені 4 см тік төртбұрыштың ұзындығын 3 см кеміткенде пайда болған жаңа тік төртбұрыштың ауданын өрнек түрінде жазып көрсет.


Сабақты қорыту: Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

4 сынып

Математика Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Микрокалькуляторды пайдаланып есептеулер жүргізу. (229 бет)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларға микрокалькуляторды пайдаланып есептеулер жүргізуді үйрету.

Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік: