Файл: Дипломды Жмыс 5B021000 шетел филологиясы аылшын тілі.docx
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 70
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.2 ЖАСТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУІН ТАЛДАУ
Дипломдық жұмыстың екінші бөліміне келіп тоқталатын болсақ, жалпы жинақталған аудио жазбаларға 4 кестеде көрсетілген схема бойынша аудио материалдарға талдау жасалынады.
Сөйлеу қарым-қатынасының сипаттамасы және қатысушылар саны.
Зерттеуге берілген бірінеше аудио жазба мысалдары, Семей қаласы медициналық университет қабырғасында, үш ер балалардың арасында және олардың жасы 20-22 жас айырмашылықта жазылған. Екінші аудио жазба Семей қаласы медициналық университетте үш дос арасында 20-22 жас ерекшелік арасында жазылған. Зерттеуге ұсынылған үшінші және төртіншікелесі аудио жазба мысалдары, Еуразия ұлттық университетінің жатақханасында, тек екі ер бала арасында жазылған аудио, 19-20 жас айырмашықта жазылған аудио жазба. Соңғы кезекте көрсетілген бесінші аудио жазба Еуразия ұлттық университетінің жатақханасында үш ер бала арасында жазылған, олардың жас айырмашылығы 20-21 жас.
Талқылауға берілген қыз балалардың бірінші, екінші, және үшінші аудио жазбаларжазба мысалдары, Еуразия ұлттық университетінің жатақханасында жазылған. Ауызекі бейресми байланыс қарым-қатынасының қатысушыларының жас ерекшелігі 19-20 жас аралығы. Барлық үш аудио жазбаның уақыты 24 минут 33 секунд. Диалогқа қатысушылар саны екеу. Барлық берілген аудио жазба мысалдарының уақыты 2 сағат 33 минут.
Ауызекі сөйлеу әрекетінің түрлері.
Дискурсивті түр
Бірінші кезекте зерттеуге берілген бірінші, аудио жазбаның бейресми ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті түрге жатады. Себебі, әңгімеге қатысушылар тек өздеріне мәлім тақырыпты талқылау үстінде.
Мысал 1
Е 1 – Сосын не қызық болды?..
Е 2 – Потом тест тапсырдық -
Е 1 – Ебайт: тестты соз:дығой
Е 2 – Көреалмайды ғой 2 адам отырғанын, сразу басқа кабинеттке жиберед
Е 1 – Кетчар, алдыға отырындар деп шакырып йомае сен кімсің?, сен кімсің? деп сұрады
Е 2 - Чересчур ғой/
Е 1 – Бля: мені біл қояма деп ойладым алдыға отырғанда Х
Е 1 – Сен не стедін?
Е 3 – Мен жалғыз отырдым, артта анау: бұрышта орын бос болмай қалд\. Сосын.. бір баланы тұрғызып жиберд ғой: типа неге бірге отырп алғансындар, бар кет деп. Ол басқа кабинетке кетті, сосын соның орына отра салдм. Жанмда Айпара отырды еще: и Айпара барин мықты істедіма білмим әйту мен 14-ке келдим ғо ана 18-де/ жүр ғой. Яғни көрсетілген аудио жазбаның үзіндісіне мән беріп, қарайтын болсақ, қатысушылар өздеріне ғана белгілі қандай да тест түрін тапсырғанын байқаймыз, олар тест тапсырып болғаннан кейін, өз араларында қызу талқылағанын байқаймыз.
Мысал 2
Келесі аудио жазбаның ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті болып есептеледі, себебі, қатысушылырдың диалог арасындағы үзіндісін алып қарайтын болсақ, мысалы: Келесі екінші аудио жазбаның ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті болып есептеледі, себебі, қатысушылырдың диалог арасындағы үзіндісін алып қарайтын болсақ, мысалы:
Айдос – Еркош, келесі жарыс қашан болад енд?
Еркош – Павлодарда, сосын екіншісі сәуір
Айдос – II келесі ай ма?, барасынба?
Еркош – Осы ай ғой/, сәуір осы ай ғой/ уж
Айдос – оны универ бермима не?
Еркош – универ осы Астанаға акеп беред.
Айдос – кетчар:, анда неме турнирлар?
Еркош – Павлодарда тоже СП
Айдос – неше бір жет, неше ай?
Еркош – 15, бересінба?
Айдос – 15 емес неше призы бар?
Еркош – 200 мын ба солай
Айдос – 1-ші орынға ма?
Еркош – ия.
Қатысушылардың арасындағы әңгіме бір-бірін қызықтыратын сұрақтарды қою арқылы өздерін қызықтыратын тақырыпты талқылау үстінде.
Нарративті түр
Келесі кезекте жастардың ауызекі сөйлеуін нарративті түрде қарастырамыз.
Мысал 1
Ерсін – Қарын тоқ болса қаласын онда/. Бля: ана бір қыздын үш мың теңгесін беру керек ед шешен.
Спикер 1 – Бота ма, кімдікі? Ботаның ба?
Ерсін – Алматта бір қыз.
Спикер 1 – Ммм. Ертең сабақ барма?
Ерсін – Жоқ.
Спикер 1 – Өй/, онда ертеңде жұмысқа шығайық ия, әдемі:леп ия? Бүгін көресің ғой, қаз жұмысқа шыққан кезде, оңай нәрсе/. Просто ше/ ананы апарып жүрсен болд та.
Ерсін – Кешкісін: бес мың тау келсек ия
Спикер 1 – Ия, зор/ болатын ед бес мың тау келсек
Ерсін – Сон: полный/ продукты істеп тастасақ
Спикер 1 – Өзіміздің тефальды алу керек ед е:/, Мынау че-та басқаша ия, ар жағынан су шыға берема. Бә: бұл Болаттікі қайтару керек қой.
Ерсін – II Біздікі қайда?
Спикер 1 – Нә/биде ғой біздікі/
Ерсін – Нәбидің өзінікі қайда?
Спикер 1 – Мен қайдан білем/, Нәби өзі бір балаға беріп жіберіпті, сосын біз білмейміз кім екенін, сол балада қалды диді ғой.
Ерсін – Болаттар ваще/ тепалсыз жүрма?
Берілген мысал аудио жазбалардың ауызекі сөйлеу түрі нарративті түрге жатады. Себебі, қатысушылардың арасындағы әңгімелері тек тұрмыстық әңгіме арасындағы байланыс екені бізге мәлім.
Келесі мысалдың ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті түрге жатады. Себебі, диалогқа қатысушылардың ортасындағы тақырыбына мән беріп қарасақ, олар тек өздерін қызықтыратын тақырып аясында ғана әңгіме дүкен құрғанын байқаймыз.
Осыған орай тағы бір мысалға мән беретін болсақ, бұл жерде де нарративті түтүр болады.
Мысал 2
Қ1 – Сен.. ұйқыдан тұрғаннан кейін ба?
Қ2 – Ааа::, бүгін ба - ?
Қ1 – иә.
Қ2 – ммм::, баснан бастап тындасай/, ымм:::, кароче, кеп айтам/, не деп\ понедельник күні.. сабақтан келдім да, ауылдан келдім ғо/ сабаққа, сабаққа келдім.. сосын сабақтан шықтым да--, әдебиеттің лекциясы болған жоқ.., апай командировкаға кет қапты, сосы::н, кароче, шықтым.. 10 кезінде сосын.. келдім\ 10:30 ға қарайқ арай уже.
Қ1 – тоқташ/, сонда:: сен қанша сағатқа келіп кеттің?
Қ2 – 2 сағатқа
Қ1 – сенде әдебиет қана еді ғой/
Қ2 – 2 орыс тілі 1 әдебиет еді ғой
Қ1 – ммм:::, сөйтіп\?
Себебі, ауызекі сөйлеуге қатысушылар тұрмыстық әңгіме дүкенмен қатар сабақ кестесі жайлы да әңгіме болғанын байқаймыз.
Көрсетілген аудио жазбада да, дәл алдыңғы аудио жазбалар сияқты нарративті түрге жатады. Себебі, қатысушылардың арасындағы әңгіме тек күнделікті тұрмыс жағдай аясында ғана болғандықтан, олардың ауызекі сөйлеу байланысы тек нарративті түрге жатады
Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу манерасы. Екі коммуниканттың сөйлеу стратегиясының мен тактикасы.
Зерттеудің үшінші бөлігіне тоқталатын болсақ, бірінші көрсетілген аудио жазбада қатысушылардың сөйлеу манерасы бастапқы кезеңде байсалды болып, басталғанымен олардық интонациясы бірде жоғары бірде төмен болып ауысып отырды. Сонымен қатар сөйлеу тактикасы мақтаулыққа жатады себебі, қатысушылардың бірі сабақ үстінде тест тапсырушылардың біріне оқу озаттығы мен жалдамдығы жағынан мақтау айтқанын көреміз.
Мысал 1
Е1 – кеттік па?
Е 3 – 5 минт отыра тұрайықш
Е 1 – Сосын не қызық болды?
Е 2 – Потом тест тапсырдық
Е 1 – Ебайт: тестты создығой
Е 2 – Көреалмайды ғой 2 адам отырғанын, сразу басқа кабинеттке жиберед
Е 1 – Кетчар, алдыға отырындар деп шакырып йомае сен кімсің?, сен кімсің? деп сұрады
Е 2 - Чересчур ғой/
Е 1 – Бля: мені біл қояма деп ойладым алдыға отырғанда Х
Е 1 – Сен не стедін?
Көрсетілген диалогтың үзіндісіне мән беріп, қарасақ қатысушылардың бастапқы кезеңде сөйлеу интонациясының өте байсалды және тыныш болғанын көреміз, тіпті сөйлеушілірдің арасында белгілі бір паузалардың орын алғанын байқаймыз, олардың семантикалық ерекшеліктерін қарастырсақ, диалогтың бастаушысы ретінде, А коммуниканты яғни Е1 өзінің қойылған сұрақтарына, толыққанды жауап алып, біртіндеп тындаушыға айналғанын көреміз.
Мысал 2
Қ1 – Сен.. ұйқыдан тұрғаннан кейін ба?
Қ2 – Ааа::, бүгін ба?
Қ1 – иә.
Қ2 – ммм::, баснан бастап тындасай/, ымм:::, кароче, кеп айтам/, не деп\ понедельник күні.. сабақтан келдім да, ауылдан келдім ғо/ сабаққа, сабаққа келдім.. сосын сабақтан шықтым да--, әдебиеттің лекциясы болған жоқ.., апай командировкаға кет қапты, сосы::н, кароче, шықтым.. 10 кезінде сосын.. келдім\ 10:30 ға қарайқ арай уже.
Қ1 – тоқташ/, сонда:: сен қанша сағатқа келіп кеттің?
Қ2 – 2 сағатқа
Қ1 – сенде әдебиет қана еді ғой/
Қ2 – 2 орыс тілі 1 әдебиет еді ғой
Қ1 – ммм:::, сөйтіп\?
Келесі аудиожазба мысалында қатысушылардың семантикалық ерекшеліктері дәл бірінші аудио жазба мысалында көрсетілгендей ұқсастықтар байқалады. Сөйлеу әрекетінің бастамасы, ұйымдастырушысы ретінде А коммуникант өзінің қойған сұрағына толыққанды жауап алып, біртіндеп тыңдаушыға айналғанын байқаймыз.
Берілген аудиожазба мысалдарының семантикалық ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, олардың сөйлеу тоны байсалды әрі интонациясы көбінесе төмен және бірқалыпты. Қатысушылардың семантикалық ерекшеліктеріне мән берсек, диалогті бастаушы, ұйымдастырушы ретінде, ол өзінің қойған сұрағына толыққанды жауап ала алмағандықтан, әңгіменің әрмен қарай өршуіне біраз қиындықтарын туғызғанын байқаймыз. Яғни А коммуникант диалогті ұйымдастырушының мақсаты қойған сұрақтарына көбірек жауап алуға тырысқанымен, Б коммуникант қойылған сұрақтарға тек қысқа жауаптар мен жауап қатқанын көреміз.
Сонымен қатар берілген аудиожазба мысалын қарастырсақ, олардың сөйлеу манерасының тоны мен интонациясы өте жоғары және эмоцианалды болып келеді. Аудиожазба мысалында А коммуникант диалогтің ұйымдастырушысы ретінде өзін қызықтыратын сұраққа жауап алу мақсатында, толыққанды жауап ала алды. Яғни бұл дегеніміз сөйлесушілердің арасына барлығын қызықтыратын сұрақты қою арқылы, А коммуникант өзінің сұрағына толық жауап алып қана қоймай оған қоса біртіндеп тыңдаушы айналғанын байқаймыз.
Келесіде қыз балалардың сөйлеу манерасы мен семантикалақ ерекшеліктерін қарастырамыз. Қатысушылардың өте байсалды, шынайы, және бірқалыпты тонмен сөйлескенін байқаймыз. Екі коммуниканттың семантикалық ерекшеліктерін қарастырсақ, бірінші қатысушы әңгімені ұйымдастырушы болып табалыды.
Мысал 3
Қ1 – не стедің демалыста? Қалай барып келдің үйіңе?
Қ2 – катастрофа болып келдім ғо
Қ1- Неге? :::
Қ2 – шықтым остановкада тұрдым, 1 сағаттан кейін бірақ келд автобус, и то айналып толғанып 19 келеді ғой.