Файл: Дипломды Жмыс 5B021000 шетел филологиясы аылшын тілі.docx
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 71
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Коммуникативті рөлдердің алмасу моделіне сәйкес, келесі ғалымдар Т. Балмер және В. Бренненстул (на анл) дискурстың ішкі ұйымдастырылуының болатын, бір аспектісі ретінде келесі кезеңдер мен зерттеуді ұсынады:
1. сөйлесу ниеті;
2. сөйлесуге рұқсат;
3. репликаның басталуы;
4. репликалардың созылуы мен қысқартылуы;
5. репликалардың үзілуі;
6. репликаларды жалғастыру неме жаңарту;
7. репликаны аяқтау [40].
Келесі кезекте Дементьев В. В. диалогті талдауда төрт бөлікті анықтады:
1) Қарым-қатынасқа қатысушылар (мәртебелік-рөлдік және ситуациялық-коммуникативтік сипаттамалар);
2) Байланыс терминдері (алғышарттар, байланыс саласы, хронотоп, коммуникативті сала);
3) Байланысты ұйымдастыру (мотивтер, мақсаттар мен стратегиялар, сегментация, коммуникацияны бақылау және коммуникативтік құралдардың вариативтілігі);
4) Байланыс құралдары (байланыс арнасы мен режимі, үні, стилі және жанры) [41].
Функционалды модель Дж. Синклер мен М. Кулхард (J.Sinclair M.Coulthard) дискурстың бір түрі ретінде талдаудың иерархиялық бағыныңқы төрт деңгейін қарастырады:
-
акт (ақпараттар, директивалар, сөйлеуге арандату және т. б.) -
қадам (дискурстың басталуы мен аяқталуының белгісі) -
алмасу (қайталау, тексеру) -
мәміле (үлкен тақырыптық бірлік) [40].
Келесі кезекте Хаймс Д. (Hymes Dell) ауызекіні талдауға арнайы SPEAKING схеманы көрсетті:
S – setting (жағдай, сөйлеу оқиғасының қай уақытта, қай жерде болғаны),
P – participants (қатысушылар, сөйлеу оқиғасында кімнің қандай рөлде екіндігін анықтау, мысалы: сұхбаттасушы, сөйлеуші, тыңдаушы),
E – ends ( сөйлеу оқиғасының мақсаты, қандай қорытынды ұсынылады),
A – act ( акт, сөйлеу оқиғасы қандай сөйлеу актілерінен тұрады және олар қандай тәртіппен орындалады),
K – key ( кілт, тон немесе сөйлеу манерасы, байсалды сөйлеу, қалжындап сөйлу немесе шынайы сөйлеу),
I – instrumentalities ( құралдар, сөйлеу кезіндегі байланыс құралдары мысалы, сөйлеу, ән айту, бас изеу немесе ысқыру),
N – norms ( өз ара әрекеттесу нормалары, сөйлесу актілерін құру және түсіндіру ережелері қандай),
G – genres ( жанр, сөйлесу оқиғасы қандай жанрға жатады, қолайлы репликаларды құру үшін сөйлеудің дәстүрлі формалары қандай ретпен қолданылған немесе келтірілген. Мысалы, мифология, поэзия немесе библиялық мәтіндер келтірілген бе) [42].
Сонымен, ғалымдардың ауызекі сөйлеудің әр-түрлі методологиялық анализін қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Спонтанды ауызекі сөйлеуге, әңгіме барысындағы кідірістер мен тежеулер спонтанды сөйлеудің бірден бір ерекшелігі болып табылады. Оған қоса спонтанды әңгіменің бірден-бір ерекшеленіп көзге түсетіні ол, әңгімелесушілердің фонетикалық, лексикалық, синтаксистік ерекшеліктерін Шатилов А. С. нақтылап атап көрсетті. Ауызекі сөйлеу диалогін талдауда Карлинский А. Е. мен Улановский А. М. диалогті талдау үшін оның сипаттамасы, диалогтің түрі және диалогқа қатысушылардың мінез-құлқының семантикалық ерекшеліктері мен сөйлесу дизайны оның қайталанатын үлгілері, ауызекі сөйлеу кезіндегі методологиялық анализде үлкен назарға ие екенін байқадық.
Ал шет ел ғалымдарының талдауында Хенне Г. мен Ребок (Henne H., Rehbock H.) үш деңгейге бөліп және диалогқа тән белгілерді нақтылап көрсетті. Ауызекі сөйлеу диалогінің түрі оның қашықтық байланысы, диалогтің дәрежесі және қатысушылардың жас ерекшеліктері, таныстық дәрежелері мен вербалды және вебралды емес әрекеттер сияқты ерекшеліктерін көрсетті.
Келесіде В. Бреннестул, Т. Балмер және Дж. Синклер (Ballmer T.T., Brennenstuhl W. Sinclair J.) өздерінің зерттеулерінде диалогтің басталуы оның үзілуі, диалогті әрі қарай жалғастыру немесе бірден жаңа тақырыпқа ауысуы мен диалогтің аяқталуы деген сияқты маңызды талдауларын ұсынды.
Ал Хаймс Д. (Hymes Dell) арнайы SPEAKING схемасы арқылы диалогтің жағдайы мен сөйлеу оқиғасының мақсаты мен оның аяқталуы, сөйлеу манерасы, бас изеу, сөйлеудің жанры сияқты ерекшеліктермен зерттеуге болатынын көрсетті.
Қорытындылай келе, ғалымдардың жазған еңбектері мен олардың ауыз екі сөйлеудің талдау үлгілерін қарастыра отырып, ауызекі сөйлеу қарым-қатынасына анализ жасау мақсатында, ауызекі сөйлеудің талдау моделін құрастырдық:
4-кесте
Ауызекі сөйлеудің талдау моделі
1 | 2 | 3 |
№ | Модель элементтері | Элементтер мазмұны |
1 | Сөйлеу қарым-қатынасының сипаттамасы және қатысушылардың саны. | Сөйлеу қарым-қатынасына қатысушылардың жағдайы, уақыты, диалогтің орын алған жері, олардың жасы, саны және жынысы |
2 | Ауызекі сөйлеу әрекетінің түрлері. | Директивті, Нарративті, Дискурсивті түрлерін анықтау. Ауызекі сөйлеудің нарративті түрі – күнделікті тұрмыстық әңгіме арасындағы байланыс. Дискурсивті – әңгімелесушілердің өздерін қызықтыратын тақырып жайында ғана әңгімелесуі. Мысалы, футбол матчы т.б. Директивті – ауызекі сөйлеудің бұл түріне, нұсқау мен сипатталатын сөйлеу жағдайы жатады. Мысалы, мұғалім мен студент арасындағы бейресми сөйлеу байланысы жатады |
3 | Ауызекі сөйлеуге қатысушалардың сөйлеу манерасы және екі коммуниканттың сөйлеу стратегиялары мен тактикалары. | Сөйлеу манерасының түрлері – сөйлеу тоны (сабырлы, жоғары тон т.б.) Сөйлеу тәртібі – қарым-қатынастағы мінез-құлық (ұстамды, сенімді, байсалды) қарым-қатынастағы қашықтық (интимдік, жеке, әлеуметтік, қоғамдық) Сөйлеу тактикасы мен сөйлеу стратегиялары жүзеге асыру әдістерінің функциясын орындайды: Сөйлеу тактикасы – құттықтау, алғыс айту т.б. Сөйлеу стратегиясы – балағаттау, мазақ қылу т.б. |
4 | Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың симметриялы және асимметриялы формалары. | Ауызекі сөйлеу әрекетіндегі қатысушылардың сөйлеу жиілігі, яғни 2 қатысушының сөйлеу жиілігі тең болмайды, қатысушының біреуі әңгімені көп мөлшерде айтып, өзінің |
4-кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 |
| | сұхбаттасушысына сұрақ қойып, жауап күтеді. Ал екінші қатысушы сол сұрақтарға өте қысқа жауап береді. |
5 | Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу кезіндегі қиындықтары. | Сөйлеушілердің сөйлеу барысындағы қиындықтары, қойылған сұрақтарға жауап айтудан бас тарту немесе әңгіме кезіндегі үнсіздік. |
6 | Ауызекі тілдің лексика-грамматикалық ерекшеліктері | Лексикалық ерекшелік – боқауыз сөздер. Грамматикалық ерекшелік – сөйлемнің ереже бойынша дұрыс құрылмауы. |
Бірінші бөлім бойынша тұжырым жасайтын болсақ, ауызекі сөйлеу лингвистикалық категорияда экстралингвистикалық екі ерекшелікпен ерекшеленеді оның бірі бірліктерді еркін құру, екіншісі дайын сөйлеу формулаларын қолдану. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу лингвистикалық категорияда үш компонентке бөлінеді:
1) сөйлеушілер арасындағы бейресми қатынастар;
2) сөйлеушілерде ресми сипаттағы хабарлама;
3) қарым-қатынастың сипатын бұзатын элементтер. Ауызекі сөйлеу кезінде әңгімелесушілердің ең маңыздысы, олардың бет-әлпеті, ым-ишараты мен мимикасы. Ал стилистикалық бағытта Қазақстандық және ресейлік ғалымдардың жазған жұмыстарында ауызекі тілдің әдеби тілмен тығыз өзара байланысын көруге болады, атап айтқанда, бұл әдеби ауызекі тіл және ауызекі стилі сияқты тілдік негізінде пайда болған, қазақ тілі үшін өзекті болып табылады. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеудің негізгі белгілері-дайындықсыздық және ситуациялық жағдай. Американдық ғалымдардың зерттеуінде ауызекі сөйлеудің бірнеше ерекшеліктерін ажыратады: нақты құрылым, спонтандық, бейресмилік, кездейсоқтық, мәлімдеменің толық аяқталмауы. Сөйлесу нақты уақытта коммуниканттардың жеке байланысы жағдайында ауызша және ауызша емес қарым-қатынас құралдарын қолдана отырып жүзеге асырылады. Қазақстандық жазушылар мен американдық жазушылардың арасында біраз айырмашылық бар екенін көруге болады. Мысалы, американдық ауызекі сөйлеуде оларға коммуникацияның арасындағы мазмұны емес фактісі маңызды, ал қазақ ғалымдарының жазуынша керісінше оларға сөйлесушілер арасындағы диалог емес сол диалогтің мағынасы мен мазмұны маңызды деп есептелінеді.
Сонымен қатар жастар арасындағы ауызекі тілдегі ерекшеліктерді қорытындылайтын болсақ, жастардың өзіндік сөйлеу тілі бар және қарым-қатынас барысында синонимдік кедейлік пен дисфемизм байқалады. Жастар көбінесе жаргон мен сленгтерді жиі қолданатын тілдік орта қалыптастырады. Жастардың ауызекі сөйлеу байланысын достық дискурс яғни тек достар арасындағы ғана ауызекі сөйлеу әрекеті орын алады деген тұжырымға келдік. Жастардың ауызекі сөйлеу процесінде қолданылатын басты құралдар ретінде біз осыларды атап өте аламыз: ащы қалжын, сарказм, боқауыз сөздер, сленг және де жаргондар.
Зерттеу барысында 6 тармақтан жасалған кестемізге сүйене отырып, бірнеше тұжырымға келуге болады. Сөйлеу қарым-қатынасында ескерілген элементтер тізбесі жасалды, яғни, біріншіден, оларға бейресми ауызекі сөйлеу қарым-қатынасы орын алған жері, уақыты, қатысушылар саны, жасы мен жынысы жатады. Екіншіден, ауызекі сөйлеудің үш түрі анықталғанымен біздің зерттеуде тек нарративті және дискурсивті түрлері қолданылды. Үшіншіден, бейресми байланысқа қатысушылардың сөйлеу манерасы мен олардың мінез-құлқы, қарым-қатынсатағы ұстаған қашықтықтары, қолданған сөйлеу тактикалары (құттықтау, алғыс айту және т.б.) және сөйлеу стратегиялары (балағаттау, мазақ қылу т.б.) ескерілді. Келесі тармақтарға бейресми ауызекі тілдің лексикалық ерекшеліктері (боқауыз сөздер) және грамматикалық ерекшеліктері (сөйлем құрылымының әдеби нормаға сәйкес болмауы) сияқты факторлар зерттеу барысында белсенді қолданылып, жоғарыда айтылған тұжырымдарды жасауда үлкен рөл атқарды.
ІІ БӨЛІМ СТУДЕНТТІК ОРТАДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУІН ТАЛДАУ
2.1 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНІҢ БЕЙРЕСМИ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУІНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бейресми байланыс ауызекі сөйлеуді зерттеуді бастамас бұрын ағылшын тілі мен қазақ тілінің ауызекі сөйлеу байланысының қалай жинақталғанын айта кету керек. Бұл кезеңде ағылшын тілінің бейресми ауызекі сөйлеу байланысын зерттеу үшін арнайы американдық корпус қолданылды. Корпус дегеніміз – ағылшын тілінің бейресми, дайын емес сөйлеудің транскрипцияланған аудио жазбалары. Ағылшын тілінің ауызекі сөйлеуіне зерттеу жүргізу үшін біз арнайы Santa Barbara Corpus of Spoken American English [43] атты корпустарды қолданып зерттеу жүргізілді.
Қазақ тілінде бейресми ауызекі сөйлеуге зерттеу жүргізу үшін, студенттер арасындағы байланысқа құпия түрде аудиожазбалар жүргізілді. Ауызекі сөйлеуді зерттеуге 17-21 жастағы жоғарғы оқу орындарындағы ерлер мен әйелдер қатысты. Аудиожазбалар Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Медициналық университет, Ақмола обылысы Астана қаласындағы Еуразиялық ұлттық университетіндегі жастар жатақханасы мен университет қабырғасында аудиоиатериалдар жазылып, жинақталды. Сондай-ақ қазақ тілінің ауызекі сөйлеуі бойынша зерттеу жұмысы барысында керекті материалдар Iphone XR смартфонының диктофонына оқу орындағы және күнделікті тұрмыста қолданылатын студенттер арасындағы бейресми байланыс аудиожазбалары жазылды.
Сондай-ақ бейресми байланыс ауызекі сөйлеудің методологиялық талдауында жазылған аудио жазбаларды егжей-тегжейлі транскрипциялау өте маңызды. Методологиялық талдауда аудиожазбаларды декодтау үшін тек лингвистикалық ерекшеліктермен ғана тоқталмайды сонымен қатар әңгіме кезіндегі интонация, сөйлесушілердің күлкісі, үнсіздігі, олардың кідірістері, сөз тіркестерін қолдануы, айтылған репликалардың түсініксіздіге сияқты паралингвистикалық сипаттамаларды декодтау маңызды болып есептеледі.
Транскрипция дегеніміз – белгілі бір тілдің дыбысын анық бейнелеп көрсететін шартты белгі.
Диалогты жазбаларда транскрипцияны қолдану үлгісі астыңғы кестеде көрсетілген.
5-кесте
Ауызекі сөйлеуді зерттеуге арналған транскрипция
Ер бала | Е |
Қыз бала | Қ |
Сөздердің үзілуі | - |
Фразалардың үзілуі | -- |
Үзіліссіз әңгіменің жалғасуы | = |
2 немесе ондан көп адамдардың сөйлесіп қабаттасуы | [] |
Бір уақытта репликалардың басталуы | [[ |
Сөйлесушілердің алмасуы | II сол жақтан |
Сөйлемнің аяқталуы | . |
Сөйлемнің жалғасуы | , |
Сұраулы сөйлем | ? |
Эмоционалды тон | ! |
Интонацияның төмендеуі | \ |
Бірқалыпты интонация | - |
Интонацияный жоғарлауы | / |
Жоғары-төмен Интонация | ^ |
Әлсіз және күшті ұзартулар | I: know:: |
Қысқа паузалар | .. |
Ұзақ пауза | ... |
Күлкі, күлкі және оның ұзақтығы | Х, ХХХ |
Сөздердің созылуы | : |
Репликаның түсініксіздігі | (-) |
Репликаның анық естілмеуі | (сөз) |
Макаров М. Л [33] |