Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
талаптарына сәйкес жазылса, бұл нәтижелі білім беруге жасалған оң қадам болған болар еді. Оқушы біліміне баға төмендегі талаптарды ескере отырып қойылады


- «қанағаттанарлық» баға Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көрсетілген математикалық даярлықтың міндетті деңгейіндегі үлгідегідей тапсырмаларды шығару біліктілігін қамтамасыз еткенде қойылады.

«жақсы» бағасы көп компоненттілігімен ерекшеленетін тапсырмалар-ды орындағанда, амалдар алгоритмін дұрыс құра білгенде, оқушы өз білімін тұтастай қолданып, іріленген кез келген материалды жүйелеп, реттеп, кері байланысты құбылыстарды орындай білгенде қойылады.

«өте жақсы» бағасы оқушының игерген білімін тереңдету бағытындағы танымдық ізденіс жасап, түрлі логикалық операцияларды дұрыс орындай білгенде, өздігінен графиктер, диаграммалар құрып, программалармен еркін жұмыс істей білгенде қойылады.

Сабақ кезеңінде сыныптағы оқушылар көпшілігінің білімін тексеріп, бағалау мүмкін емес. Ал сұралып, баға алған оқушының келесі кезегі келгенше біршама уақыт өтетіні белгілі. Осы өткен уақыт аралығындағы оқушының меңгерген білімі туралы толықтай мәлімет алу қиындық әкеледі. Бұл қиындықтардан шығуда оқушылардың сыныптан тыс орындайтын тапсырмаларының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа технология бойынша мақсат түзулерде көрсетілген міндетті тақырыптық тапсырмалар (Б1) сәйкесінше болжау жұмысы (Б2) арқылы тексеріліп, бағаланады. Мұндай бірнеше міндетті тақырыптық тапсырмалар жиынтығы (Б12+...) арқылы тарау бойынша оқушының саналық білім дәрежесі анықталып, бақылау жұмыстары арқылы тексеріледі. (Б123=>БЖ1) Оқушылар білімін бақылау мен бағалаудың бұл тәртібі 1-кесте арқылы көрсетілген. Осындай бақылаулар арқылы оқушы білімін тексеру жиілігі артады. Оқушының тапсымаларды орындаудағы жауапкершігі күшейеді.

Тарауға сәйкес

түзілген

мақсаттар



Мақсаттарға сәйкес тақырыптық, санамдық тапсырмаларды болжау және бақылау


«қанағаттанарлық», ( «жақсы», «өте жақсы»)


Тақырыптық болжау


Санамдық бақылау жұмысы


М

М

М


Б1

Б2

Б3

Б123=>БЖ1



Оқушылардың тарау бойынша шығармашылық қабілетін арттыруда қосымша бөлімде танымдық (*), конкурстық (**) тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқушы білімін дұрыс бағалау оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы толық түсіністікті орнатуға жағдай жасайды. Оқушы білімін бағалауда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын орынды қолдану оқушының қабілетінің дамуына және толықтай ашылуына туғызылған қолайлы жағдай болады. Соңғы жылдары жүргізілген педагогикалық зерттеулерде оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғада өзін-өзі басқару білім сапасын тексеру мен бағалаудың педагогикалық технологияларының ғылыми негіздерін жасау мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары еліміздің барлық орта оқу орындарында оқу процестерінде әртүрлі деңгейде оны басқаруға оқушылардың білімін тексеру мен оның сапасын анықтауға бағытталған көп сатылы, көп баллды бақылау жүйелеріне негізделген статистикалық әдістер рейтинг жүйелерімен тестілеу кеңінен қолданылуда. Рейтинг жүйесі дегеніміз – көп баллмен бағаланатын үздіксіз бақыланатын жүйені айтамыз. Бұл әдістің негізгі тиімділігі оқушы білімін тиянақтылығын қамтамасыз ететін жүйелі күнделікті бақылау. Бақылау жүйелері мынадай қағидаларға негізделіп құрылады:

  1. Білім адамның ойлау қабілетінің құрылымдық интегралдық қасиеттерімен сипатталады.

  2. Білім деңгейін сараптауда оның сапасын анықтауда ойдан алынған коэффиценттер енгізілетін, бақылаудың шытырман жүйесін пайдалануға болмайды.

  3. Білім деңгейінің көрсеткіші балл түрінде қойылатын баға бақылаудың әртүрлі формаларына сайланып алынуы керек.
    Тесттік бақылау. Тест сөзін ағылшын тілінен аударғанда «есеп, түйін, сұрақ» деген мағынаны береді. Оқушыға қойылатын тест сұрақтарының саны тексерілетін білімнің көлемін қамтитын және статистикалық заңдылықты қамтамасыз ететіндей мөлшерде шамамен 15 сұрақтан кем емес болуы қажет. Тест құруда мынадай принциптер орындалуы қажет:

  1. Тест сұрақтарының саны статистикалық заңдылықта қамтамасыз етілетіндей болуы керек. Сұрақтар тексерілетін тақырыптың пәннің мазмұнын біркелкі қамтуы, қысқаша тұжырымдалуы тиіс. Әр сұраққа берілетін жауаптардың саны – 5 болуы керек. Дұрыс емес жауаптың формасы дұрысқа ұқсас болуы тиіс.

  2. Тест сұрақтары біркелкі болу керек. Өте қиын, оңай сұрақтар мейлінше аз болу керек. Тесттің 1 сұрағы - 1 баллға бағаланады.

Мұғалімнің әртүрлі іс-әрекеттерімен оқушының бойына сіңірген білімі мен біліктілік дағдысын қалыптастыруда жүргізілген іс-шараларының нәтижесі оқушы білімін бақылап және бағалау нәтижесінде көрінеді. 
Білімді бағалау - берілген теориялық материалды меңгеру оны іс-жүзінде қолдана білу, қажетті жағдайда сызбаларын толық көрсете білу, оқушының өзіндік ой-пікірлері және ізденістері ескеріледі. Бағалану кезінде әрбір оқушының өзінің қабілеті ерекшеліктерімен және бейімділіктерімен де ерекшеленеді.

Бақылау сұрақтар:

  1. АКТ дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер?

  2. Бағалау түрлері?

  3. Тестік форма арқылы тексеру?

  4. Тесттік бақылау?

  5. Білімді бағалау?


8 тақырып
Білім берудегі басқару қызметтерін автоматтандыру. Білім берудегі ақпараттық жүйелер. Білім мен икемділіктерді бағалау жүйелері олардың теориялық негіздері мен практика да іске асыру
Жоспар

  1. Білім беруді автоматтандыру

  2. Компьютерлік оқыту бағдарламалары

  3. Электронды оқулықты қолдану

  4. Компьютерлік сауаттылық

Білім беруді автоматтандыру дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

-оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

-мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

-оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;


- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.