Файл: центральноазиатский инновационный университет международный гуманитарнотехнический.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
орнықты модельдер бөлінеді.

Модельденуші объектіге түрлі кездейсоқ әсерлердің ықпалын ескеріп, объект күйінің ықтимал (стохастикалық, индетерминациялық) моделін құру қажет. Ықтимал модельдің сандық бағасын ықтималдық теориясы мен математикалық статистика негізінде алуға болады.

Индетерминациялық модельдер орта мән (математикалық күтім), орта мәннің орташа ауытқуы (дисперсия) сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Модельдерді келесі параметрлер бойынша сандық бағалауға болады:

объектінің сыртқы түрін модельдеуде:

- физика-химиялық сипаттамалардан (өлшемі, салмағы, түсі т.с.с.) берілетін дәлдік (өлшеу қателігі);

- пропорцияны, масштабты сақтау;

объект құрылымын модельдеуде:

нақты көрсеткіштер:

-бейнеленетін элементтер мен олардың өзара байланыстарының үлесі (пайыз);

- элементтер салмағы мен олардың арасындағы байланысты бейнелеу дәлдігі (дөңгелектеу қателігі);

объект құрылымын деталдау (ірілендіру);

ықтимал көрсеткіштер:

- элементтер санының орташа мәні мен бұл мәннен орташа ауытқуы (дисперсия);

орта бағалардың дәлдігі (сенімділік аралығы);

объект күйін модельдеуде:

нақты көрсеткіштер:

- объект қатысатын себеп-салдарлық байланыстарды ескеру дәлдігі

(есептеу қателігі);

- дискретті модельдер (дербес жағдайда сандық) көмегімен үзіліссіз процестерді модельдеуде дискреттеу қадамдары (кванттық уақыт периоды);

  • модельдеу процесінің уақыт параметрі бойынша бейнеленуінің пропорционалдылығы (теңөлшемділігі);


ықтимал көрсеткіштер:

- модельденуші объект күйі параметрлері таратылымының ықтимал заңдары;

  • объектінің бақыланатын күйі мен оның моделі арасындағы айырымның статистикалық мәнділік деңгейі.

Модельдерді келесі параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады:

  • модель мен объектінің ұқсастық алмасу дәрежесі (жоғары, орта, ұқсастықтың төменгі дәрежесі);

  • модель бойынша объектіні тану дәрежесі (танылды, тануға болады, танылмайды);

  • модель бойынша объект күйін алдын-ала болжау дәрежесі.

Компьютерде есептеу

Егер біз математикалық модельдеуді компьютерде атқаратын болсақ, машина есептеу барысында зерттеушіні қызықтыратын кез –келген мәліметті бере алады. Бұл мәліметтердің сенімділігі құрылған модельмен анықталады. Осы себеппен қолданбалы зерттеулерде ешқандай толық түрдегі, басқа сөзбен айтсақ, өндірістік есептеулерді құрылған программа көмегімен бірден орындауға болмайды. Ол үшін алдымен тесттік есептеулер кезеңін өткізу керек. Олар программаны түзету үшін ғана емес, алгоритмді құру мен оны программалық іске қосу барысында жіберілген қателерді тауып, түзетуге арналған.


Бұл алдын –ала есептеулерде математикалық модель де сынақтан өтеді, оның құбылысты қаншалықты дұрыс сипаттайтынын, шын өмірдегі жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды. Ол үшін бір қатар сенімді өлшеу нәтижелері бар бақылау тәжірибелерін қайта есептеп, жауабын алынған нәтижелермен салыстырады.

Бұл жағдайлар параметрлерінің кіші шамалары үшін орындалады, яғни, толыққанды зерттеулер жүргізген кезде пайда болатын қиындықтар тумайды. Осы нәтижелерді есептеу, нәтижелерімен салыстыру арқылы математикалық модельді анықтауға, модель көмегімен алынатын болжамның дұрыстығына көз жеткізуге болады.

Нәтижелерді талдау

Бұл кезде модельде алынған нәтижелердің зерттелуші объектіге сәйкестігі талданады. Модель негізінде зерттеуші есептеу тәжірибелері көмегімен модель негізінде қойылған сұрақтарға жауап алып, тиісті талдаулар жасайды. Талдау барысында гипотезалық модель мен есептеу алгоритмі сәтті таңдап алынады ма деген сұраққа жауап беріледі. Егер модель зерттелетін объектіге сәйкес келмесе, модель құрудың бастапқы сатысында –ақ маңызды нәрселерді елемей кеткетніміз. Бұл жағдайға модельді анықтап, жетілдіруге тура келеді. Егер оның негізіндегі мүмкіншілігі жоқтығы анықталса, алғашқы берілген жағдайлар қайта қаралып, жаңа модель құрылады. Мысалы, алынған модель таңдалатын параметрлерді болса да анықталған параметрді есепке алу үшін барлық кезеңдерді қайталау керек. Зерттелетін объектіні жеткілікті дәрежеде толық және таңдап алынған критерийлер бойынша қажет етілген дәлдікпен сипаттаса, модеь құрылып, аяқталады деп есептеуге болады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерде есептеу беруді қалай түсінесіз?

  2. Ақпараттық модель?

  3. Модельдерді қай параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады?

  4. Білім берудің ұлттық моделі дегеніміз не?

  5. Модельдеу деген не?



6 тақырып

Білім беру мақсатында телекоммуникациялық құралдарды пайдалану.
Жоспары:

1. Білім беру мақсатында қолданылатын телекоммуникациялық технологиялардың түрлері

2. Білім берудегі телекоммуникациялық технологияларды қолдану бағыттары
Білім беру мақсатында қолданылатын телекоммуникациялық технологиялардың келесі түрлеріне тоқталып өтейік: видеоконференциялар, электронды пошта, электронды конференциялар (text-basedconferencing),
 электронды дискуссиялар (text-baseddiscussions), факс, кабельді ТВ (cableTV), интерактивті ТВ (iTV). Қазіргі таңдағы тұрақталған түрлеріне келесілер жатады: электронды пошта; электронды конференция; реттелген ақпараттық ресурстарды қолданытан Web-беттер мен Интернет сайттары; лазерлі компакт-дисктер, сонымен қоса оларға Интернет арқылы кіру мүмкіндігі; видеоконференциялар; кабельді ТВ.

Жаппай қолданылмайтын, бірақ білім саласында қолданылатын технологияларға интеграцияланған оқыту жүйелері жатады. Тәжірибелік технологияларға оқыту құндылығы әлі анықталмаған электронды дискуссиялар, интерактивті ТВ (iTV) жатады. Әрине, уақыт ағымына қарай бұл көрсеткіштер өзгереді, тіпті «тұрақталған» деген категорияларға да ауысуы мүмкін. Білім беру саласында өз орынын алады.

Білім берудегі телекоммуникациялық технологияларды қолдану бағыттары

Негізгі 3 бағытты қарастырайық: Электронды байланыс құралдары арқылы қарым-қатынас жасау (электрон­ды пошта, электронды конференциялар мен дискуссиялар, жіберілімдер тізімі, видеоконференциялар, факс). Интернет ресурстарындағы ақпараттарға, CD-ROM мәліметтеріне, кабельді немесе интерактивті ТВ ақпараттарына қашықтатылған қатынас құру.

Электронды байланыс құралдары арқылы қарым-қатынас жасау. Оны екіге бөлуге болады: 1-топ асинхронды қарым-қатынас. Бұл жағдайда жіберілген ақпаратты алуыш өзіне ыңғайлы уақытта қарай алады. 2-топ синхронды қатынас. Ақпарат алмасу шынайы уақыт мезетінде болады: видеоконференциялар, электронды сұхбат, т.б.

Асинхронды қатынас:

  • Факсті қолдану;

  • Электронды поштаны (e-mailқолдану. (text-basedconfer­encing), (text-baseddiscussions), факс, (cableTV),(iTV).


Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) — негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады. Телекоммуникациялардың арқасында абоненттік жүйелер қосу орталықтары арқылы бір-біріне деректер таратады. Бұл жүйелердің байланысы коммуникациялық желілер құрумен жүзеге асады. Телекоммуникациялар аймағындағы стандартты Халықаралық Электр Байланысы Одағы және Халықаралық Стандарттар Ұйымы анықтайды. Телеграф желілері технологиясын пайдаланудан бастап телекоммуникациялар әрбір мемлекеттің даму деңгейін айқындайтын маңызды салалардың біріне жылдам айналды. Олардың негізін РТТ (пошта, телефон, телеграф) деректер таратудың қоғамдық желілері қүрады. Ұлттық желілер бір-бірімен қосылып, глобальдік байланыс желісін жасайды. Бастапқыда телекоммуникациялар сөзді ғана таратты, сондықтан, негізінен электрлік аналогтік сигналдарды пайдаланды. Компьютерлердің пайда болуы және оларды байланыста кеңінен қолдану дискретті сигналдарға ауысуға алып келеді. Ауқымды ақпарат ағындарын тарату қажеттігі оптикалық арналарды пайдалануға және жарық сигналдары көмегімен деректер таратуға қол жеткізді. Телекоммуникацияны қамтамасыз ететін негізгі объектілер — аймақты желілер. Солар арқылы жекелеген абоненттік жүйелер мен төңіректік желілердің өзара әрекеті жүзеге асады. Бұл жүйелердің пайдаланылатын типтерінің спектрі орындайтын функцияларына байланысты радиошақыру құрылғыларынан, телефон аппараттарынан,
дербес компьютерлерден, жұмыс станцияларынан, т.б. тұрады. Осы заманғы телекоммуникациялар дерекгер таратуды ғана емес, желілік қызметтерді, абонент қажеттері үшін деректер өңдеуді жүзеге асыратын қосымша қызметтерді де қамтамасыз етеді.

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіруезі Шартараптандыру – әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.


Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Классикалық менеджменттің ірге тасын қалаушылар

  2. ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі

  3. Әлеуметтік-технолологиялық шеңберінде 5 негізгі зерттеу бағыттарына бөліп қарастырады

  4. Ағылшын тіліндегі Оксфорт сөздігінде менеджмент ұғымғы қандайтүсінік беріледі


7 тақырып

 

Білім берудегі АКТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер.
Жоспар

  1. АКТ дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер

  2. Бағалау түрлері

  3. Тестік форма арқылы тексеру

  4. Тесттік бақылау

  5. Білімді бағалау

Мектептер дамуының барлық кезеңдерінде оқытушының оқушы білімін бағалаудың тиімді жолдарын іздестіруі бірінші орынға қойылып отыр. Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін өз бетімен анықтап, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқушылардың білімін бағалау жүйесінде де жаңаша өзгерістерді де енгізу қажетті. Мұндай жаңа формалардың қатарына әр түрлі деңгейде саралап оқыту технологиясына сәйкес қарастырылған рейтинг жүйесімен бағалауды жатқызуға болады.

Бүгінгі дәстүрлі мектептерде қалданылып жүрген «5» балдық бағалау жүйесі оқушы білімінің толық көрсеткіші бола ала ма? Бұл сұрақ кез келген оқушылар қауымының толғанысын туғызады. Бес балдық жүйесі деп айтылғанымен оқушылар біліміне «1», «2» балдық бағалары өте сирек қолданылады. Бұл балалар білімінің деңгейін емес, баланың «үрейін» ұшыратын, «қорқыныш» туғызатын құралға айналғаны баршаға мәлім. Осының әсерінен «халықаралық» деп аталған «3»-тің, алдыңғы қатарлылар санынан көрсететін «4», «5» бағаларының дәрежесі төмендеді. Осылайша оқушы біліміне қойылатын бағалар бір-бірімен байланысын жоғалтты. Оқу процесіне бағалар салыстырмалы түрде қойылып, оларға қойылатын талаптар сақталмады. Оқушы білімі мен оны бағалау арасында алшақтықтар пайда болды. Бұл жалпы оқу процесінің сапалық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ал бағалар қойылатын талаптар қателердің санын және оқушының дұрыс емес іс-әрекетін көрсетуге бағытталады. Осыдан келіп «оқушы білімінің өлшемі, көрсеткіші болған бағаның бағасын қалай арттыруға болады?» деген заңды сұрақ туады. Осындай сұраққа шешуші қадамдарды оқытудың жаңа педагогикалық технологияларынан іздестірейік. Дәстүрлі оқыту кезеңдерінде оқушыға қойылған баға тапсырманың орындалуының дұрыстығымен өлшенеді. Сондай-ақ оқушылар тарауға бөлінген сабақтардың әр түрлі сағаттарында сұралып, жауабына сәйкес бағаланды. Алайда оқушы білімін бұлайша бағалауда тапсырманың қиындығы ескерілмеді, белгілі-бір кезеңдерге бөлінген нақты мақсаттардың орындалуын айқындау мүмкін болмады. Сондықтан оқушы білімін нақты бағалауда жаңа педагогикалық технология өз басымдылығын танытады. Мысалы, күнделікті тәжірибеде информатика сабағына арналған әр түрлі педагогикалық технология бойынша тапсырмалардың картасын, кезең- кезеңнен тұратын мақсаттары түзілген кітаптарын қолданған пайдалы. Осыған орай мақсаттардың орындалуын бақылауда жүргізілетін болжау жұмыстары оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда берілген тапсырмалар олардың білім деңгейін анықтайды. Тапсырмалардың деңгейлік бағаланушы оқушылардың өзіне белгілі болғандықтан, олар алдын-ала өз мүмкіндігін, білімін анықтап, бағалай алады, ал мұғалім оқушының білім деңгейін көтеруде қандай талаптарды қосымша орындау керектігін ажыратып, түзетулер жүргізе алады. Пән бойынша оқушылар білімін бағалау мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес деңгейлік талаптарды толық меңгеріп, ажырата білуін талап етеді. Осыған сәйкес күнделікті оқу процесіндегі орындалатын тапсырмаларды қиындық дәрежесіне қарай деңгейлеп, оқушыларға ұсыну қажет. Қазіргі жағдайда оқу құралдары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкестендіріліп жазылмағандықтан мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауын қажет етеді. «Білім туралы» заңға сәйкес, мұғалім оқушының білім игеру деңгейінің мемлекеттік стандарттан төмен түспеуіне кепіл болу керек. Мұндай деңгейге оқыту технологиясы жан-жақты шыңдалу арқылы ғана қол жеткізуге болады – делінген, орта білім беру стандартының жалпы тұжырымдамасында. Стандарт белгілеп берген білім мазмұнының міндетті минимумын оқушының оқу жүктемесінің шетіне жеткен (максимум) көлемін оқушы дайындығына қойылатын талап деңгейін ескере отырып, жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне қолдану оқушы білімін бағалауда тиімді нәтижелерге қол жекізеді. Сондай-ақ жаңа буын оқулықтары жаңа педагогикалық технология