Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№ 1 қосымша



Сабақта балалармен ойнауға болатын ойын түрлері

Ұсынылып отырған ойын түрлері балалардың шығармашылық, логикалық, кеңістіктік, көзбен өлшеу, сөйлеу, түс, сызық жəне пішінді сезіп, қоршаған ортаны қабылдау, қол машығы мен ойлай білу қабілеттерін дамытады.
«Ақылды заттар» ойыны

Мұғалім сабаққа ерекше заттарды əкеліп, олар АҚЫЛДЫ екенін айтады. Əдемі қобдишаның ішінен бірінші ақылды затты – түймені шығарады.

– Таңғалып тұрсыңдар ма? Бұл ақылды зат екеніне сенбейсіңдер ме? Мен оны сендерге дəлелдей аламын!

Сендер ақылды түйме болмаса, қыста тондарыңды қалай түймелейтін едіңдер? Егер оның тесігі болмаса, қалай тігетін едіңдер?

Ал егер ол өте үлкен болса не істер едіңдер? Ауыр болса ше?

Əлсіз болса не істер едіңдер?

Ал ол біздің қалағанымыздай – жеңіл əрі берік, өлшемі ілмегіне сəйкес келеді, түсі мен пішіні де кез келген киімге үйлеседі.

Енді түйменің ақылды екеніне көздерің жетті, əрине, оны ақылды адам ойлап тапты.

Ал енді ойын ойнаймыз. Мен сиқырлы қобдишаның ішінен ақылды заттарды шығарамын, ал сиқырлы əмиянымның ішінде жетондар бар. Мен көрсеткен заттардың ақылды екенін дəлелдеген адамға жетон беремін. Кім көп жинаса, сол жеңімпаз атанады.

Əрбір жауапқа жетон беру керек, мысалы, бір бала шай ішетін ыдысты ақылды деп санайды, өйткені оның пішіні дөңгелек, шай ішкен кезде өте ыңғайлы (жетон алады), екіншісі оның

құлағы бар екенін, онымен ыстық кесені ұстаған ыңғайлы (жетон алады)н,шүішсіі ол су

болмайтын материалдан жасалғанын айтады, төртіншісі ол денсаулыққа зияны жоқ материал екенін, бесіншісі оны жуу оңай екенін, жетіншісі – ол əдемі екенін, сонысымен біздің өмірімізді көріктендіре түсетінін айтады. Бастапқыда қарапайым заттарды таңдаған дұрыс. Олар: жай қарындаш, қалам, кесе, шəйнек, бəтеңкенің бауы, көзілдірік.

Бұл ойын дизайн туралы сабақтың бір бөлігі бола алады.

«Сезімтал саусақтар» ойыны
1-нұсқа.

Ойынға қатысқысы келетін бала тақтаға шығады. Оның көзін байлап, кез келген затты ұстатады. Тек саусағының ұшын ғана тигізеді. Ол ыдыстағы тұқым, бақалшақ, тарақ, ағаш қабығы, жіп, сым, щетка, жүн болуы мүмкін. Одан кейін затты алып тастап, баланың көзін ашады. Ол тақтаға сызық жəне штрихтармен ұстаған затын бейнелеп көрсетуі тиіс. Одан кейін оның не екенін табады.


2-нұсқа.

Екі баланың көзін байлап, олар тапсырма бойынша қаптың ішінен заттарды тезірек алу керек

(бұршақ, жүзік, шеге, өшіргіш). Олардың өлшемі бірдей болу керек. Тапсырманы жылдам орындаған бала жеңеді.

3-нұсқа.

Екі баланың көзін байлап, олар қаптағы заттарды ұстап көру арқылы табуы керек. Одан кейін оларды қағазға жазады. Заттарды көбірек тапқан бала жеңеді.

Жылдам саусақтар
Екі оқушыға екі ыдыс беріледі, бірі бос, екіншісі ұсақ заттармен толтырылған (түйме, моншақ, қыстырғыш). Заттардың саны екі оқушыда да бірдей болады. Кім заттарды бір- бірден екінші ыдысқа тезірек салса, сол жеңеді.

Бұл заттардан не істеуге болады?
Оқушылар 5 адамнан екі топқа бөлінеді. Топ басшысы жеребені алады, онда бір сөз не сөз тіркесі жазылады (мысалы, қағаз, құрақ, сым, қақпақ, бөтелкенің қақпағы, бір рет қолданылатын ыдыс жəне т.б.). Топ заттарды қай жерге қолдануға болатынын айтады. Мысалы, қағазға сурет салып, одан оригами, аппликация, конверт жасауға болады, хат жазып, альбом жасауға, қабырға газетін дайындап, от тұтандыруға пайдалануға болады. Қағазға кітап басып шығарады. Мата қиындысынан қуыршаққа көйлек, аппликация жасап, ұзынынан қиып, ұшын байласа, жіп пайда болады. Мата қиындысынан əдемі гүл мен бант жасауға болады. Оны əртүрлі орындарға пайдаланады. Заттарды қолдануға болатын орындарды көбірек айтқан топ жеңеді.

«Қай түстер бір-бірін жақсы көреді?» ойыны
Балаларға «Қай түстер бір-бірін жақсы көреді? Неліктен?» деген сұраққа жауап беру тапсырылады.

Балалардың жауабы əртүрлі болуы мүмкін.

Мысалы, көк түс сары түсті жақсы көреді, өйткені онымен жасыл түстің əртүрлі реңктерін шығарып, ойнауға болады.

Немесе көк түс сары түсті жақсы көреді, өйткені ол аспан мен Күннің түсі, оларға бір- бірінсіз көңілсіз болады.

Немесе көк түс қызғылт түсті жақсы көредіе, уөійткені ек бірге армандағанды жақсы көреді.

де нəзік əрі қиялшыл түстер, олар

Одан əрі келесі түсті таңдайды. Мысалы, жасыл түс қандай түстерді жақсы көреді? Балалар бірнеше жауап нұсқаларын беруі керек.

  • Жасыл түс көкті жақсы көреді, өйткені онсыз жасыл түс болмайтын еді.

  • Жасыл түс сарыны жақсы көреді, өйткені онсыз жасыл тыснболмай еді.

  • Жасыл түс қызылды жақсы көреді, өйткені көктемде жерді қызыл көкнəр гүлі көмкереді

(өйткені піскен қарбыздың сырты жасыл да, іші қызыл).

Мұғалім жауаптары əртүрлі болу үшін оларды ынталандыру керек. Басында балалар еркін жауап бере алмаса, мұғалім өзі бірнеше жауап нұсқасын айту керек. Ол балалардың ойын жинақтауға көмектеседі. Əйтпесе балалардың жауабы нақты болмауы мүмкін.

«Түс нені жақсы көреді?» ойыны
Жүргізуші: «Жасыл түс нені жақсы көреді?» деген сұрақ қояды.

Жауаптар əртүрлі болады: бірінші нұсқада жасыл түсті заттың бəрін атап шығады. Бұл ең оңай жауап нұсқасы.

  • Шыршаны (қолтырауын, құрбақа, ағаш, тотықұс), сондықтан оған өз түсін сыйлаған. Басқа жауап түрлері:

  • Күнді, өйткені өсімдік атаулының бəрі Күннің астында өседі.


  • Құстардың сайрағанын, өйткені құстар бұтақтарда тұрып əн салады, жасыл түс оларды тыңдап тұрады.

  • Гүлдерді, өйткені олар əрдайым жасыл түстің жанында, оларға көрік беріп, көңіл күйін көтереді.

  • Тыныштықты, өйткені табиғатта – орманда, егістікте тыныштық орнайды.

  • Өз реңктеріне сүйсіне қарайды жəне т.б. Кім көбірек жауап берсе, сол жеңеді.



«Заттардың түсі қандай?» ойыны
1-нұсқа.

Мұғалім сынып ішін аралап жүріп, оқушының иығынан қағып (жүргізуші болатын оқушыны), бір түсті атайды (қызыл).

Оқушы сондай түсті заттарды атайды (көкнəр). Сыныптағы қалған балалар өз нұсқаларын атайды (бір оқушы бір затты айтады). Жүргізуші өзінің жауабын айтады (батқан күн). Келесі оқушы тағы бір затты атайды (қызанақ), жүргізуші тағы да басқа затты атайды (күзгі жапырақ) жəне т.б. Егер соңғы нұсқаны жүргізуші айтса, ол жеңеді. Мұғалімнің орнына барады. Одан кейін басқа түспен ойынды жалғастырады.

2-нұсқа.

Жүргізуші бір түсті жасырады (қызыл). Балалар тек сол түсті заттарға сұрақ қояды. Жүргізуші «иə» немесе «жоқ» деп жауап береді. «Жоқ» деген жауап алған бала сұрақ қоя алмайды. Мысалы:

  • Шыршаның түсі сондай ма?

  • Жоқ. (Сұраған бала ойыннан шығады.)

  • Күннің түсі сондай ма?

  • Иə. (Сұраған бала ойында қалады.)

  • Сары түс пе?

  • Жоқ. (Сұраған бала ойыннан шығады.)

  • Қызанақтың түсі ме?

  • Иə. (Сұраған бала ойында қалады.)

  • Қызыл түс пе?

  • Иə!

Тапқан бала жүргізуші болады.

Бастапқыда мұғалімнің өзі жүргізуші болғаны дұрыс. Ол балалардың сұрағына нақты жауап бере алады (мысалы, бала «Күннің түсі қандай?» деген сұраққа қате жауап беруі мүмкін).

«Түсті тап» ойыны
1-нұсқа.

Жүргізуші түсті жасырады. Балалар қай түс екенін табады (оған жүргізуші тек «иə» немесе

«жоқ» деп жауап береді). Мысалы, сары түсті жасырады, оқушылар сұрақ қояды.

  • Ол кемпірқосақтың түстерінің бірі ме?

  • Иə.

  • Ол суық түс пе?

  • Жоқ.

  • Жылы ма?

  • Иə.

  • Құрама ма?

  • Жоқ. (Демек, бізде тек екі түс қалды – қызыл жəне сары, дəл жауап беру үшін тағы бір қосымша сұрақ қойған дұрыс.)

  • Қарбыздың ішінің түсі сондай ма?

  • Жоқ.

  • Бұл қызыл түс пе?

  • Жоқ.

Демек, сары түс. 2-нұсқа.

Жүргізуші түсті жасырып, оны ым-ишарамен білдіреді. Мысалы, қызыл түсті жасырып, күйіп қалғанын немесе саусағын кесіп алғанын не алма жеп жатқанын көрсетеді. Көк түс – аспанға қарап не жүзіп жатқанын бейнелейді. Балалар түстерді атауы
тиіс.

Ойында екі жеңімпаз болуы мүмкін: біріншісі – түсті жақсы бейнелеген оқушы, екіншісі –

дұрыс тапқан бала.

«Менің көңіл күйім» ойыны
Жүргізуші бала тақтаға шығып, мимика арқылы көңіл күйін көрсетеді.

Балалар жауап ретінде сəйкес түс үйлесімін көрсетеді. Жүргізуші кім жылдам əрі дəл тапқанын анықтайды. Сол бала жүргізуші болады.

«Шатысу» ойыны
Балаларға табиғат патшалығындағы түстерге бірдеңе болған деген хабар келеді. Онда тəртіпсіздік жайлаған: шыршаның түсі күлгін, аспандағы Күн жасыл түсті, алмаағашындағы алмалар көк, саваннадағы арыстандар ашық көк түсті, теңіз суы қызғылт сары түсті жəне т.б. Егер балалар не болғаны туралы қызықты оқиғалар тауып айтса, бəрі де орнына келеді (əрқайсысы ертегі ойлап табады): «Алмалар неге көк түсті?», «Сары түсті Күн қалай жасылға айналды?», «Теңізге қызғылт су қайдан келді?» жəне т.б.

Осы оқиғалар бойынша сурет салып, оларды кейін альбомға жинап қоюға болады.

«Айту бойынша сурет саламыз» ойыны
Мұғалім оқушыларға:

  • Қағаздың ортасына үшбұрышты саламыз, оның үстіне шеңберді, шеңбердің ішіне тағы бір үшбұрышты, үшбұрыштың астына екі тік төртбұрыш сызамыз,– дейді.

Одан кейін балаларға суретке анықтап қарап, неге ұқсайтынын айтуды тапсырады. Одан соң суретті салып аяқтайды.

Балалар алуан түрлі сурет салады, оған өздері де таңғалады. Олар суреттері бірдей шығады деп ойлаған, өйткені алдында бірдей пішіндерді салды емес пе?! Бірі мысықты, бірі клоунды, бірі айдаһарды, енді бірі сарайды салды. Олай болған себебі, олардың салған үшбұрыштары əртүрлі болды, шеңберлері əртүрлі орналасты. Балалар суреттерінен əртүрлі бейнелерді көрді.

Өнер туындысына музыкалық үзінділер мен тақпақтарды таңдаңдар
Мұндай эстетикалық жағдаяттар оқушылардың ой-өрісінің дамуына септігін тигізеді. Мысалы, тақтада К. Юонның «Қыстың соңы. Талтүс», И. Грабарьдың «Ақпан айы», И. Шишкиннің «Жабайы солтүстікте...», «Қыс», «Ақпан» картиналарының репродукциялары ілінеді. Оқушылар тақпақ не музыкалық үзіндіге қысқы пейзадың бірін сəйкестендіруі керек. Таңдауларын түсіндіреді. Басқа жыл мезгілдерімен де осылай жұмыс істейді.

Өнер түріне туындыны таңда
Жылдам-бақылау жүргізу үшін «сиқырлы текшені» пайдалануға болады. Мұғалімнің үстелінің үстінде жан-жағы боялған текше жатыр. Тақтада текшенің əрбір қырына сəйкес келетін бейнелеу өнері түрлерінің атаулары жазылған кесте бар (сəулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме, графика, дизайн). Жүргізуші текшенің бір жағын оқушыларға көрсетеді, ал оқушылар керек нысанның қағазын көтереді. Тапсырманың əртүрлі нұсқасын пайдалануға болады.


Бір бөлігі бойынша тап
Мұғалім интерактивті тақтада суретшілердің жұмысын көрсетеді (мысалы, егер натюрмортты өтіп жатса, онда натюрморттарды, егер пейзаж болса, пейзаждарды таңдайды). Оларды əңгімелеп, оқушыларға картиналарға мұқият қарауға мүмкіндік береді. Одан кейін жұмыстардың бір бөлігін көрсетеді. Оқушылар олардың қандай жұмысқа тиесілі екенін табады.

«Қырағы көз» ойыны
1-нұсқа. «Қайсысы үлкен?»

Мұғалім көлемі əртүрлі екі геометриялық пішінді кезектестіріп көрсетеді (екеуінің айырмашылықтары тым айқын болмау керек). Балалар олардың қайсысы үлкен екенін табады.

2-нұсқа. «Қайсысы ұзын?»

Ұзындығы əртүрлі екі затты кезекпен көрсетеді – сызғыш, таспа, қаламсауыт, қарындаш, фломастерлер. Балалар заттардың қайсысы ұзын екенін табады.

3-нұсқа. «Қайсысы жылырақ?» Балаларға бір түстің реңктері бар үлестірме қағаздарын көрсетеді (екі-екіден кезектестіріп). Олар екі реңктің қайсысы жылырақ, қайсысы суығырақ екенін табу керек.

4-нұсқа. «Қанша қадам?» (Көшеде ойнайды.) Жүргізуші белгілі бір жерді көрсетіп (мысалы, ағашты), сұрайды: «Ана ағашқа дейін қанша қадам?» Білетіндер жауап береді. Жүргізуші адымдап басып тексереді. Қадам санын дəл айтқан бала жеңеді.

Дұрыс жауапты жетонмен бағалайды. Кім көп жинаса, сол «Қырағы көз» атағына ие болады.

«Жақсы-жаман» ойыны


  1. Мұғалім жақсы, жаман қасиеттерді кезекпен айтады. Оқушылар жақсы қасиеттерді естігенде шапалақтайды, жаман қасиеттерді естігенде тыныш отырады.

Жаман қасиеттер: достарды ренжіту, кітаптарды жырту, анаңмен ұрсысу, біреуге кедергі жасау, төбелесу, сөйлеп тұрған адамды тыңдамау, жаман ат тағу, өкпешіл болу, біреудің сөзін бөлу, партаға сызу, жануарларды қорлау, қоқыс тастау жəне т.б.

Жақсы қасиеттер: əлсізді қорғау, достарға көмектесу, науқас досыңның саулығын сұрап бару, əпкеңе, досыңа, анаңа көмектесу, құстарға қыста жемсалғыш жасау, сөзіңде тұру, құпияны сақтай білу жəне т.б.

  1. Жолды таңдаймыз: оңға жүрсең – анаңа үй жинап көмектесесің, солға жүрсең – атаңды орындыққа дейін жетектеп апарасың, тік жүрсең – армандаған ойыншығыңды табасың.

  2. Мейірім мен зұлым ағашы. Ватман қағазына ағаш бейнеленген. Оның бір жартысы жасыл, екінші жартысы қара. Оқушылар себеттен қағаздан қиылған қызыл алмаларды

шығарады. Олардың теріс жағында жақсы, жаман қасиеттер жазылған. Оқушылар алмаларды сəйкес орнына орналастырулары керек. Жаман қасиеттерді қара түске, жақсы қасиеттерді жасыл түске желімдейді. Соңында қорытынды шығарады: қызыл алмалары бар жасыл ағаш қандай керемет, жақсы қасиеттер өмірімізге сəн беріп тұрғаны қандай жақсы!